Ақшаның қажеттілігі, мәні және түрлері
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Ақшаның қажеттілігі, мәні және түрлері 6
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның мәні 6
1.2 Ақшаның қажеттілігі 7
1.3 Ақшаның формалары мен түрлері 9
2 Қазақстандағы ақша жүйесі мен құрылымы 16
2.1 Қазақстандағы ақшаның тарихы және реформасы 16
2.2 Қазақстандағы ақша қызметінің негізгі заңдылықтары 19
2.3 Қазақстанда осы заманғы ақша жүйесі 20
3 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі 22
3.1 Шет елдердің ақшасы 22
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі,
құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.
Яғни ақша – тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан
бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ
балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жалпы күші болады.
Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс жеке адам өзінің қоғамдық билігін де,
қоғаммен байланыстыратын да өзінің қалтасына салып жүреді деген афоризммен
сипатталады. Ол мынадан көрінеді.
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарқоғамдық еңбектің
нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында
делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі анықталып, сандық
есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де
ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы
ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал
екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну
құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының
біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші
жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша
түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өнірушіге түскен
ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын
алуға мүмкіндік туады.
1 Ақшаның қажеттілігі, мәні және түрлері
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның мәні
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау
ұмтылыстрының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар
Аристотель, А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ
қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал,
П.Самуэльсон, Дж.Тобин, Дж.Хикс, Ф.Мишкин, М.Фридмен және т.б. сияқты
қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ.
Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге
болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы
келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауын
тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық
құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың
еркіне тәелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн – бұл олардың салыстырмалы
өрнектелуі немесе сатып алушының құны.
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін
екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді.
Тауар – бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған
зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның
туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны
және құны (оны өндеуге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлыардың
пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар
тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам
еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының
ақырындап алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:
- қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс
кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау кезінде
(1 қой=1 қап бидай) туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне қарама-қарсы
тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті
соңғының құнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар;
- толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың
алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде туындаған айырбастың
дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар ішінен бір немесе
бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) айқындалады, оларды басқа
тауарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым түрінен
жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны
бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен (тұз, мал, астық) өрнектеледі.
Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ форма кезіндегідей өзара жүзеге
асырылады. Алтынның 10 унциясы 10 кг темірге, 1 қойға, 1 қап бидайға
айырбасталады;
- Құнның жалпы формасы. Тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір
тауар алынады (басқаша айтқанда ығыстырылады). Барлық тауарлар осы тауарға
теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы құн салыстырылады. 10 кг
темір, 1 қой, 1 қап астық 10 унция алтынға теңестіріледі.
Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды.
Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал
өсіруші хаықтары – малды, егін егуші халықтар – астықты, қалаларда –
металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б. қолданды.
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған
жағдайда ғана, ол ақшаның баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру
аяталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама
формасы бірігеді де, бұл тауар ақша деген атауды алады:
- Құнның ақшалай формасы ары қарайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама
орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда
алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи
қасиеттеріне (біртектілігі, бөлінбеуі, өз қасиеттерін сақтау қабілеті,
жоғары құны және т.б.) байланысты бөлу жүзеге асты. 1 унция – 1 фунт
стерлинг. Алтын ақшалар өз құнын ақшалай тауардың құндық субстанциясынан
алады, ол алтынды өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез
келген басқа уақытымен анықталады, соның нәтижесінде тауарды ақшаға
айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.
Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен
айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар
бөлініп шығады.
Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:
- Ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен
қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай
шектеусіз қабылдануы тиіс;
- Ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың
бағасы анықталады, ол айырбастыи қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны
бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады;
- Ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып
табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.
1.2 Ақшаның қажеттілігі
Нарқтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіндіру үшін ақшаның
рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның нарық тілі
деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы,
немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының
дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының
міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде
басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның
қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге
асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде ауарды сатып алу – сатуда
делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т)
ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т1) сатып алу қажет.
Жалпыға ортақ балама рөлінде рекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы
сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкссіздігіне байланысты айырбас
жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады. Тауар
мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар.
Ақша – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы
процесінің ұзаққа созылған дамуының объектиті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар
айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді
дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз
тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында
маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол
тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс
аясынан кетпейді.
Ақша – қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді
және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол
жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер
арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның әр түрлі
жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен қсыныс, баға мен
еңбекақы орналасқан.
тауарлар тауарлар
ұлттық өнімнің жиынтық
шығыны
шығын
ресурстардың Ұлттық
төлемі табыс
ресурстар – ақша ресурстар
1.1 сызба - Дж.Долан, Д.Кемпбеллдің сызбасы.
Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй
шаруашылықтары және фирмалар айырбастайды, бұл ағым айырбас кезінде жүзеге
асырылған ақшалай төлемдердің қарама-қарсы ағымымен теңестіріледі. Тауарлар
мен қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша бағытталған; ақшалай
төлемдердің ағымдары сағат тіліне қарсы бағытталған. Осы экономикалық
жүйеде жеке кәсіпкерлер және фирмалар өндіретін тауарлар мен қызметтерді
сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген фирмалар өз өндірістері
үшін қажетті ресурстарды – жұмысшы күшін, капиталды және табиғи ресурстрады
сатып алады.
Осы жағдайда барлық ресурстар үй шаруашылықтарына тиесілі, бұл
шаруашылықтар сәйкес ақша төлемдерін ресурстар үшін фирмаларға сатады; яғни
төлемдер еңбекақы, пайыз, ренталық төлемдер және т.б. түрде қабылдайды.
Ішкі айналымда ел маштабындағы жиыньық айналымдағы ұлттық табыс пен
ресурстар қозғалысы көрсетілген.
Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол
шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша
еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан ақша
еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені
материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны
мен сапасына сәйкес жүзеге асады.
Сонымен қатар ақшаның болуы мынадан туындайды:
- Шаруашылық қызмет нәтижелерін нақты өлшегіштерде ғана емес, сонымен
қатар құндық өлшемдермен есепке алу қажеттілігінен;
- Меншік нысандарының әр түрлі болуымен және оларға сәйкес өндірістік
қатынастардың болуымен, олар тауар – ақша қатынастарына негізделген
коммерциялық есеп негізінде шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуын және
жүргізілуін алдын ала болжайды.
1.3 Ақшаның формалары мен түрлері
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса
болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен
бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның
формасы дегеніміз – ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол
айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы
металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отыпрып, ақша
өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар,
қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және
толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.
Толыққұнды ақша – номиналды қны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін
ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың
(алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар
жатады.
Толыққұнды емес ақша – сатып алушылық құны ақша қатынастарының
тасымалдаушысы ретінде тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнды емес ақшаларға
билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынадай сатыларды өтті:
1. Металдық;
2. Қағаздық;
3. Несиелік;
4. Электрондық ақша.
Металл ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық
құны нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді.
Металл ақшалар әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң
салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.
Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық
құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың қурамын (пробасын), салмағын,
массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета
түрінде біздің дәуірімізге дейінгі III-II ғасырларда Римде пайда болды. Ең
алдымен белгіоенген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен
бекітілген металл құймалар айналымға шықты.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия
мемлекетіндеқұйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде
металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А.Македонский болды.
Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі
ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау
құралы атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да,
сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалды.
Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді.
Ртолыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар
ақшаның барлық қызметін атқарады.
Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады,
олардағы номиналдық құн құрамындағы металл құнынан асып кетеді.
Монеталарды құю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық
emissio сөзінен аударғанда шығару деген мағынаны береді. Ақшаның
эмиссиясы – бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол
айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.
Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа
тауарлар құнын өрнекреу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды.
К.Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға
қоғам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес
келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:
Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи
қасиеттеріне;
Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда,
оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.
Алтынды өндіру – өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг
алтынды алу үшін орташа тереңдігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу
керек.
Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы,
Ресей, Өзбекстан саналады.
Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның
жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.
Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас
операцияларының өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары
шығындарына байланысты шаруашалақтың өскелең сұранысын қанағаттандыра
алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген
сұранысты қамтамасыз ете алмады, сонымен брге жоғары құндылығы бар алтын
ақшалар құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны
өзінің орынбасарларымен алмастыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды
құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болады.
Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз
ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған
күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым
барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын
жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп
мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды
нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың
объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет
тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.
Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса,
онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз
ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын
тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып
алуға болады.
Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту
керек. Олар үнемі аша айналымы арансында жүреді, оларды толтырады және
шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар
массасына сәйкес келмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияға
әкеледі.
Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр
түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын –
доллар, Ресей – рубль, Қазақстан – теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың
кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, бірінішіден, оларды
ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа түседі.
Өндірістің дамуы, коммерциялық және банктік несиелеу саласының кеңеюі
нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін
қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар несиелік
қағаздар пайда болды.
Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың
эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны
және оларды шығару құны арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін
эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады:
айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан
кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.
Қағаз – ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың
ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген
кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.
Несиелік ақшалар – айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және
несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік
құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиелік
ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.
Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банктердің несие беруі
қағаз ақшаларды аламстырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының
қажеттілігін қанағаттандырады.
Несиелік ақшалар өз дамуында мынадай сатылардан өтті: вексель,
банкнота, чек, электронды ақша және олардың соңғы түрі – несиелік және
пластикалық карточка.
Вексель – бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде
онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме.
Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы
ереді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға
белгіленген соманы төлеуі тиіс.
Аудармалы вексель (тратта) – вексель беруші кредитордың (трассант)
қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші
тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль
(вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі
вексельде және аллонжда аваль ретінде есептеу деген жазумен ресімделеді.
Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта мәміле түрі жөніндегі
ақпараттың жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін көрсететін
даусыздығымен; айналымдылығымен, яғни вексельді төлем құралы ретінде басқа
кредиторларға беруге болатындығымен сипатталады.
Демек, вексель несие және ақшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет
етеді. Ол несиеге қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен
төлеуді қамтамасыз етеді.
Вексельдерді пайдалану айналым шығындарын үнемдеуге ықпал етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда вексель астық шаруашылығында қолданылады. Вексель
берушілер ретінде астық егуші шаруашылықтар есептеледі, олар Азық-түлік
корпорациясына жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау
құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару
міндеттемесін өз мойнына алады.
Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды.
Банкнота – бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды
көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель
белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі;
екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша
елдің Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексель жеке кепілдеме
бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.
Қазақстандағы банкноттардың эмитенті болып Ұлттық Банк саналады, олар
Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын
түріндегі материалдық қамсыздандырылмаған, бірақ банкноттардың несиелік
негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне сәйкес айналымға
шығарылады және қарыздық қордың элементі болып табылады.
Банкноттың айналым кеңістіктегі несиелік ақшалардың әрекет етуін
кеңейтуге мүмкіндік берді және де банкноттардың айналыс құралы қызметін
атқаруын қамтамасыз етті.
Несиелік ақшаның келесі түрі чек болып табылады.
Чек – бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты,
онда чек берушінің чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға банктің төлеуі
жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат
ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және
халықаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен чектер ақшалай және
есеп айырысу чегі болып бөлінеді.
Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін: тауарлар
мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша
акдарымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы
ретінде қолданылады.
Есеп айырысу чектері орден сипатында болады. Шот иелеріне арнайы чек
кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітапшаларындағы чектер тауарлар
мен көрсетілген қызметтер үшін қолданылады.
Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, банктік
есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компьютерлерді кең қолдануға өту
электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті, яғни компьтер жадындағы
шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік
карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған
микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады.
Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және қызметтерге
төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсата банктерден қысқа
мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық карточкалардың
бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік және саудалық
карточкалар өте кең таралған.
Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей
ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып
алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу
үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты
қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару
арқылыавтоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар,
ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz