Қазақстанда ұжымдық инвестициялауды дамытудың негізгі бағыттары туралы


Қазақстанда ұжымдық инвестициялауды дамытудың негізгі бағыттары
Инвестициялық процесс экономика жүйесінің қызмет етуінің негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Дамыған қор рыногын қалыптастыратын әділ инвестициялық саясат қоғамды көптеген әлеуметтік күйзелістерден қорғауға және оны жаңа сапалы даму сатысына шығаруға қабілетті. Жоспар бойынша Қазақстанда ұжымдық инвестициялаудың әртүрлі нысандарының және ең алдымен барлық инвестициялық қорлардың пайда болуы өзекті міндеттер болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қор рыногының кәсіби қатысушыларымен бірлесіп «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа жобасын дайындауда.
Осы заң жобасы Қазақстанда пайлық инвестициялық қорлардың пайда болуын ұсынады. Бұл қорлар басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға берілетін әртүрлі санаттағы азаматтардың және заңды тұлғалардың (пайшылардың) ақшаларын біріктіру нәтижесінде пайда болады.
Пайлық инвестициялық қорлардың қызметі әлемдік практикада кеңінен таратылуда және ұжымдық инвестициялаудың ыңғайлы нысанын білдіреді. Салымшы қаражатын пайлық инвестициялық қорға инвестициялай отырып осы қордың ережелеріне сәйкес басқарушы компания шығаратын пай, яғни атаулы бағалы қағаздар сатып алады. Басқарушы компания салымшылардың біріктірілген қаражатын пайда алу мақсатында әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Салымшы сатып алған пай енгізілген қаражат шегінде оның пайлық инвестициялық қордан пайда алуға қатысуын болжамдайды.
Пайлық инвестициялық қорлар ашық және жабық болып бөлінеді.
Ашық инвестициялық қордың пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзіне тиесілі пайлардың барлығын немесе бір бөлігін сатып алуды талап етуге құқылы. Пай ұстаушыға тиесілі барлық пайды сатып алу сенімгерлік басқару шартының тоқтатылуын білдіреді.
Жабық инвестициялық қордың пай ұстаушысы инвестициялық қордың қызметін тоқтату жағдайларын қоспағанда, басқарушы компаниядан өзіне тиесілі пайлардың барлығын немесе бір бөлігін сатып алуды талап етуге құқылы.
Пайшылар алатын кірістің мөлшері инвестициялық қорлардың пайларын инвестициялау мақсатына тікелей қатысты. Бұл салада әлемдік практикадағы инвестициялық қорларға мақсаттары бойынша бір мағыналы сипаттама берудің үлгілері күрделі екендігін көрсетеді, оның үстіне инвестициялық мақсаттардың мынадай бірнеше негізгі ірі кластары бөліп көрсетіледі:
1) капиталды қоргау - инвестициялаудың осы бағыттары ең алдымен бар қаражатты сақтау қызықтыратын инвесторлар үшін қолайлы. Алынған кірістілік тұрақты коммерциялық банктерде депозиттердің ставкалар деңгейінен төмен болмауы тиіс. Инвестициялардың негізгі объектілері мемлекеттік бағалы қағаздар (негізінен қысқа мерзімді) және бірінші класты эмитенттердің вексельдері болады;
2) консервативтік портфель - инвестициялық портфельді қалыптастыру принциптері көбінесе «Капиталды қорғау» стратегияларына ұқсас инвестициялаудың осы түрлерін қолданатын инвесторларға арналған. Бұл бірінші кезекте портфельдің негізі ретінде мемлекеттік облигацияларға және вексельдерге қатысты. Сонымен қатар, инвестициялаудың осы түрі ірі кәсіпорындардың акцияларын (кемінде портфельдің 20%) сатып алуды болжамдайды. Осы портфельдің негізгі мақсаты капиталдың сатып алу қабілетін және қалыпты тәуекелді сақтай отырып тұрақты кіріс алу болып табылады.
3) қалыпты портфель - осы стратегия акциялар мен борыштық құралдар арасындағы базалық арақатынастарды таңдаудың болуын болжамдайды. Осындай стратегия үшін неғұрлым оңтайлы арақатынастар 50:50. Портфельдің негізгі мақсаты капиталдың сатып алу қабілетінің сақталуын және ұзақ мерзімді өсімге қол жеткізу болып табылады;
4) агрессивті өсім портфелі - ірі кәсіпорындардың неғұрлым өтімді акциялары осы үлгідегі инвестициялық портфельдің негізі болып табылады. Алайда неғұрлым перспективалық акциялар деп аталатын, «көгілдір фишкалар» санына кірмейтін акциялардың өсімін белсенді пайдалану (20% лимит шеңберінде) толық негізделген болуы тиіс. Облигациялар және вексельдер акциялар рыногында қолайлы конъюнктура болмаған кезде капиталды сактау құралдары ретінде пайдаланылады;
5) ұзақ мерзімді өсім портфелі - осы стратегияны қанағаттандыратын инвестициялаудың барлық түрлері, олар рынок жете бағаламаған бағалы қағаздарды іздеумен және сатып алумен байланысты. Осыған орай, сірә, осы сияқты инвестицияларда әлуетті жоғары түсіммен қатар жоғары тәуекелдер де бар. Кәсіпорындардың неғұрлым өтімді. акциялары; жете бағаланбаған «екінші эшелондағы акциялар» және мемлекеттік бағалы қағаздар (акцияларға уақытша инвестицияланбаған қаражатты орналастыру үшін) инвестициялар объектісі болып табылады. Пайлық инвестициялық қорлар қызметінің басты мәселелерінің бірі пайлардың баға белгілеу механизмін белгілеу болып табылады. Инвестициялық қорлардың пайларының бағасын қалыптастыру олардың операциялық құрылымымен белгіленуі тиіс.
Атап айтқанда, ашық үлгідегі кор пайының қүны қордың таза активтерінің құнының айналыстағы пайлардың санына қатынасынан шығара отырып, жүйелі түрде белгіленуі тиіс. Пайлар пай құны негізінде есептелінген баға бойынша сатылуы және сатып алынуы тиіс, осыған орай баға құнмен сәйкес келмеуі мүмкін. Сату (орналастыру) бағасы үстеме мөлшеріне арналған құннан асып кетуі мүмкін. Инвестордан пайды сатып алу (өтемін төлеп алу) бағасы жеңілдік мөлшеріне пайдың кұнынан төмен болуы тиіс. Үстеме және жеңілдіктер сатып алу және өтемін төлеп алу процесін ұйымдастыруға арналған шығынын жабу үшін пайдалануы тиіс. Үстемелер мен жеңілдіктерді пайдаланбайтын қорларда (бұл мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдарды жүзеге асыратын қорлар) пайлар олардың құнына тең баға бойынша сатылуы және өтемін төлеп алынуы мүмкін.
Егер ашық инвестициялық қорлардың пайларды сатып алудың күн сайынғы кезеңдігі белгіленетін болса, онда олар үшін қосымша шығындармен қайталама рынок делдалдар мен биржалардың қызметіне ақы төлеу үшін жеткілікті түрде қымбат болып табылады. Мұндай жағдайларда ашық қорлар пайларының қайталама рынокта айналысы тиімсіз болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz