АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
1.1Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының
солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының
оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры
және Владивосток қалалары орналасқан.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн
сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері
солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың
оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында,
тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі
аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар.
Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында
белгіленген.

Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-
жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен
парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.

Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы
өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен
қамтамасыз етеді. Сурет -1

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.

Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер
өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі
Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан
жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.

Б.з.д. 7 ғ. - б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің
тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар
орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін сақ патшаларының
қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған Алтын
адам, Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық көркемдік қоласы -
шамдар, құрбандық шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы
аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болды.

Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала
мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң даму,
Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба
жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған.
Сурет -2

10-14 ғасырларда Үлкен Алматы аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы
бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне
ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған
13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады -
Алматы.

15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға
ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси
үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу
мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ
мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз
тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай.

1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында
қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі
тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті..

4 ақпан 1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей
империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады.

1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс
салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан
қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды.

1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж.
орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен
Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші
Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар
қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс
аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л.
Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер
Ц. Гумницкий болды.

1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы
аталды. Бірақ сол жылы Дала комиссиясының баяндамасы бойынша бұл атау
өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі
реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының
орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г.А. Калпаковский
болды. Сурет-3

Бірінші қала жоспарының авторы Н. Криштановский болды. Оның жоспары бойынша
қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне қарай Алматы өзенінің маңайы 2 км.;
батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары 4 парктер салынды. Жаңа
қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке бөлінді. Бірінші мен
екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал соңғылары қала
сыртындағы үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды.

Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің жанынан салынды (қазіргі 28-
гвардейшы-панфиловшылар паркі).

Бірінші қала архитекторы Г.Н. Серебряников болды (1839-1883). Сурет-4

1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы сағат
төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен кірпіштен
қаланған үйлер қирады.

1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен
қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады.

Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда
жасалатын шаралар жүргізу үшін профессор И.В. Мушкетов басқарған комиссия
құрылды.

Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе саманнан
жасалынды. Қаланы қалпына келтіруде үлкен үлес қосқан инженер-архитектор А.
П. Зенков болды. Ол бірінші болып жер сілкінісіне қарсы құрылыстың
принциптерінің жоспарын жасады.

1910 ж. жер сілкінісі осы жоспардың дұрыстығын нақтылады. Осы кезеңдегі
қаланы көгертуге үлес қосқан ағайынды Эдуард және Отто Баумдар.

1909 ж. Россия Полное географическое описание нашего Отечества атты
жинағында Верный қаласы былай суреттелді: Верныйда Жетісу ауданының барлық
мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала
халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, доңған, сарт,
татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу
орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика
бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды.

Қаланың екінші және соңғы архитекторы Поль Гурдэ (1846-1914), қала
елтаңбасының авторы.

1917 жылғы көтеріліс қала көркін өзгерткен жоқ. Ескі мекемелерде жаңа
атаулар пайда болды.

1917ж. наурызында әскери губернатор, қала басшысы, әскери басшы орнынан
алынды. Уақытша үкімет өз комиссарларын Шкапский мен Тынышпаевты
тағайындады.

1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы
комитет сайланды. Оның басшысы П.М. Виноградов болды.

1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының
атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп
аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық
шығарды: Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу
әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді.

1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір
теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.

Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.

1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға
көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді
мақұлдады.

Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші
поезында 1929 ж. мамырыда басталды.

1930 ж. 28 сәуірінде Айнабұлақ станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл екі
ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1 мамырда
Түркісіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.

1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе
арқылы байланысқа ие болды.

Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын
үйлердің салынуын қажет етті.

1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы 45
мың адамды құраған.

Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жж. арналған қала
құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. қаржы
бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық
шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.

Тұрғын үй және мектеп құрылысы, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелер
құрылысына бірінші болып беріле бастады.

Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың
архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты
мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша
қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту
негізделді.

1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге
ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және
материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26
мың көшірілегендерді қабылдау үшін жер босатылды. Алматы қаласына майдан
шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік
білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса
мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары
Алматыға ауыстырылды. Сурет-5

Тылдағы ерен еңбектері үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапатқа
ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар
дивизиясы (олардың танымалы 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі
атқыштар бригадасы жіне үш авиациялық полк құрылды.

1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық
шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала
аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты
үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды.

Ленгипрогром жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін
төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер
енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр
мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада
300 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне
қарсы көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.

Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған
Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.

Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі
болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың
қатарында Ленин атындағы Сарай, Қазақстан қонақ үйі, медеу спорттық
кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға,
қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен
жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба
1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза,
қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-
құрылыстық мақсат Алматының бау-бақша қаласы атын сақтау мен дамыту.
Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол
көлігін нығайту, метрополитен енгізу.

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен
ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң
қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және
өндірістік орталық болады.

Алматы – алмалы жер
Біздің қаламыз өзінің негізі қалануынан бері Алматы аталуы тегін емес, яғни
алмалы жер. Бау-бақша технигі С. Иванов өзінің 1916 ж. жазған Алматы
мақаласында Алматы-қырғыз сөзі және орыс тіліне аударғанда алмалы жер
деген мағынаны білдіреді. Бұл атаумен Верный қаласы аумағын атаған,
өйткені жергілікті жерлер жабайы алманың таралуымен өзгешеленді. Мұнда кең
көлемді жасанды бақшалар жинақталғандай. Көпшілік оңтүстік астана –
Алматыны (орысша транскрипциясында) апортпен байланыстырады.
Алайда біздің қаламыздың атына апорт емес, жабайы алма негіз болғанын айта
кетуіміз қажет. Белгілі Жетісулық өлкетанушы И.Л. Брызгаловтың, академик
Н.И. Вавиловтың 1928 ж. Алматыға келіп, және кіші Алматы өзенінің бойында
өскен алмаларды көріп, басқа еш жерде мұншама мол жабайы алмалардың
түрлерін көрмегенің және мүмкін бұл жер шынымен нағыз мәдени алманың отаны
шығар деп айтқанына куә болған. Кең таралған Жетісу тауларының асуларыда
жабайы алманың, алмұрт, шие, өріктің тамыр жайуы мәдени жемістердің өсіп-
өнуіне, алыс жолға алып жүруге шыдамды, қоймаларда сақтауға болатын түрлері
өсірілді. Сонымен қатар ресей нарығына да шыққан өндірістік түрлері атап
айтқанда пармен золотой, кандиль синап, бельфлер желтый, кальвиль красный,
ранеты Ландсберга, Обердика, орлеанский және тағы басқалары. Алайда біздің
бақшаларымыздың мақтанышы және көркі апорт болып қала бермек.
Ол Жетісудың эмблемасы болды. Оны патша-алма, алмалардың әкесі деп әділ
айтылған. Апорт әлемдік жеміс шаруашылығында бір ғана оңжылдықта белгілі
болған жоқ. Оның Қазақстанның оңтүстік Шығысында пайда болуының қызықты
тарихы бар. 1865 жылы жер аударылып келген Егор Васильевич Редько Воронеж
губерниясы Острогожский уезінен Верный қаласына апорттың бірнеше түрін алып
келді. Бұл апорттың түрі жергілікті жердің алмасынан айырмашылығы жоқ еді,
тек өзінің көлемі жағынан, дәмі мен түсін өзгертіп бұл жерге бейімделіп
кетті. 1914 жылы бау-бақшалық аға инспектор С. Перковский былай деген еді:
Жергілікті жердің басшылықтарымен жемістердің түрлерін аклиматизациялаумен
айналысты. Верный қаласымен оның аумағында табиғаттың берген қолайлы
жағдайы апорт пен алмұрттың керемет түрлері осы Верный бақшаларының
негізгілері еді. Воронеждық шаруа Редько өз отанынан апорттың бірнеше
түрлерін алып келді. Бұл алмалар оның бақшасында өсіп, кейіннен генерал
Колпаковскийдің бұйрығымен Редьковский алмасы деп өзгертілген (бірақ бұл
атау сақталынбады). Ол Верный қаласының атағын шығарған еді.
XX ғасыр басында Верный шаруашылығы тек Сібірде ғана емес Ресейдің орталық
бөлігінде де белгілі бола бастады. Ал ең алғаш астаналық саудада апорт
жемісі келгенен бастап-ақ бірінші орынға шықты.
1900 жылдың өзінде Алматының апорт алмасы Париждегі әлемдік көрмеге
шығарылды және де мамандардан жоғарғы баға алды. 1909 ж. Жетісу
губерниясының бақшалары 3770 шаршы мекенді алып жатты оның ішінде Верный
уезіне 2817 шаршы жер тиесілі еді. Бақшаларда алмалардың өзіндік мәдениеті
қалыптасып, ал алма түрлерінен апорт сұрыпталды. Верный басшылықтары
апорттың сұрыпталуына көп көңіл бөлді. Верный бақшалары училищесі аудандық
бөлікке бөлінумен айналысса, кейіңірек жеке жеміс питомнигін Верныйда Н.Т.
Моисеев ашқан болатын.
1908 ж. Германияда Мангейм жеміс жидек көрмесінде Верный бақша училищесімен
шығарып үлкен қошеметке ие болды. Өзінің сыртқы түрімен, ерекше дәмінің
болуы, жолда алып жүруге қолайлы болуы Жетісу өңірінде алдынғы қатардан
көрінді. Оны Сібір жеріне 700 ден астам шақырым жерлерге және оңтүстік
темір жолдар арқылы станцияларға, пошта арқылы жіберіп, кейбірі батыс
Қытайға дейін тасып отырған.
Жетісулық бақшаларды марапаттау мақсатында Верный қаласында көрмелер
ұйымдастырылды. Осылай 1902 ж. Жетісу облысына барлық уездерден экспонаттар
әкелінді. Бір ғана алманың өзінен 39 түрі қойылды. Осындай көрмелердің
бірінде 1905 ж. Алманың 64 түрі шығарылды. Мұнда да ең керемет деп апорт
тандалып, жоғары марапатқа ие болды. Генерал П.И. Краснов өзінің 1910 ж.
Кинематограф очеркінде бұл алма жөнінде былай суреттеген: Ресейде бейне
бір жиналған тастай үйілген, ірі кесектей, баланың басындай көлемде еді, 2
фунт салмағы бар. Олар бүкіл аумақты өзінің жағымды исімен таныттырған.
Оның бағасы 8 жүздік тиын еді. Мұнда Верныйлық алмұрттар да Калифорниялық
алмұрттардан кем түспейтін еді.
Бүгінгі күнде апорттардың сапасы ғана емес, сондай-ақ тіпті қалада алма
бақтары азайып барады. Өлкетанушы В.Проскуриннің айтқанындай бақшалы-қала,
60-шы жылдары жасыл желекке оранған қала еді. Алайда мамандардың айтуынша
өткен бақшалы-қаламыздың орнын қайта қалпына келтіруге болатының айтады
және де болашақта Алматы алмалы жер болатына сенімдіміз.

Алматының тарихи орталықтарына саяхат
 Әр қаланың адамды өзіне тартып тұратын жерлері болады. Ол – тарихи
орталық. 1878 жылы Жетісу өңірінде болған ірі ботаник–ғалым, профессор
А.Э.Регель былай деп жазды: Верный қаласы дұрыс салынған, еуропалық
типтегі үйлердің алдында көптеп алма, шабдалы ағаштары отырғызылған...
Ескі үйлердің көпшілігі, әсіресе, қаланың тарихи орталығында, бүгінгі күнге
дейін сақталған. Солардың бірі – ХХI ғасырдың соңындағы ағаштан салынған
құрылыстың озық үлгісі – Верный қалалық училищесінің ғимараты. Ғимарат
қалалық Думаның тапсырысымен, әскери инженер Андрей Павлович Зенковтың
жобасы бойынша салынды. 1912 жылы училище жоғары бастауыш училище болып
өзгертілді. Мұнда 1895-1896 жылдары М.В.Фрунзе оқыған. 1920 жылдың маусым
айында Д.Фурмановтың ұсынысымен ғимаратта Верный қаласының алғашқы еңбек
мектебі ашылды.
Көпес Шахворостовтың жекежайы өзінің безендірілуімен таң қалдырады. 1890
жылы А.П.Зенковтың жобасымен салынған және стильді классика мен ерте
модерннің элементтерін біріктірген жекежай сәулет өнерінің бірден –бір
ғимараты болып есептеледі.
Жібек жолы көшесі №39 үйдегі, 1911 жылы А.П. Зенковтың жобасымен көпес
Ғабдуалиевтің дүкеніне арнап салынған үй қазіргі заманғы ғимараттарының
арасынан қуыршақтай болып көз тартады.
Верный мектебі ағаш модернінің үлгісі болған бұл үй Жетысу облысының ірі
сауда орталықтарының бірі болды.
Өткен ғасырдың басында бұл көше өзінің дукендерімен даңқы шығып, Сауда
көшесі деп аталған. Жергілікті газетте Ғабдуалиев өзінің сауда үйін
Ғабдуалиев және балалары, Париж сәні әйелдердің әшекейі деп
жарнамалайтын. Саудасы дөңгеленіп тұрған көпестің тапсырысымен А.П.Зенков
оның балаларының біріне де үй жобасын жасаған. Төлебаев көшесіндегі 26 үйде
бүгінгі күнге дейін модерн элементтері бар ескі ғимараттың үлгісі сақталып
қалған.
Абдуллиндер көшесіндегі нөмірі 31үйде болған Бреусовтың жекежайы бой
көтерген. Өткен ғасырдың басында салынған, сәулетшісі белгісіз. Өкінішке
орай үйдің қалпы сақталмаған. Ғимараттың тарихы Дмитрий Фурмановтың
өмірімен байланысты. Азамат Соғысы жылдарында мұнда Түркістан атқыштар
дивизиясының 3-ші саяси бөлімі орналасқан. Осы жерде алғашқы орыс-қазақ
әліппесі мен анықтамалар баспаға дайындалды. Жазушының зайыбы Анна
Фурманова осы ғимаратта гарнизон театрын ұйымдастырды.
Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы үй өзінің қатаңдығымен
таң қалдырады.
Ол 1898 жылғы бас жоспар бойынша оқу орнына бөлінген шаршыда орналасып,
1907 жылы Верный ерлер гимназиясының пансионы салынған. А.П. Зенковтың
қатысуымен жасалған жобаның авторы инженер П.В. Гурдэ. Пансионда ауылдық
жерлерден келген гимназия оқушылары тәрбиеленді. 1919 жылы ғимаратқа Верный
қаласының тұңғыш комсомол ұйымы, кейінірек Жетісу губерниялық көпшілік
кітпханасы орналасты. Бұл қатаң модерн ерекшеліктері мен келбетін сақтап
қалған қаладағы азғана ғимарттардың бірі.
Зенковтың ғажайып үйлерінің бірі – офицерлердің жиналыс үйі. 1908 жылы
салынған. Жоба авторы А.П.Зенков. Алғашқы арналып салынғаны: офицерлердің
жиналыс үйі. 1913 жылы – Жетісу өңірінің тұңғыш ауылшаруашылық және
өнеркәсіп көрмесінің көрме павильоны. 1918 жылы-пошта-телеграф кеңсесі.
Одан кейін Красная звезда кинотеатры. Верный қаласы қоғамдық
құрылыстарының ағаштан жасалған сәулет өнерінің үлгісі болып табылады.
Юрий Домбровский өзінің Көне тарих сақтаушысы романында Кафедральды собор
мен осы біртума туындыны жаратушы Андрей Зенков туралы былай деп жазды:
... Алматы қаласын Зенковтың құрылысынсыз көз алдыңа елестету мүмкін емес.
Оның ғимараттарында әсерлі сәнділік, шын мәніндегі шаттық пен сауықшылдық
бар. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2 – бөлмелі пәтердің нарықтық құнын анықтау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қазақстан астаналарының тарихи кезеңдері
Қазалы қаласының құрылу және даму тарихы
Алматы қаласының тарихы
Қазақстан Республикасында ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасу кезеңі, тарихы
Алматы қаласының даму кезеңі
Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы
Систематикасы мен таралуы
Жергілікті бюджет және жергілікті салық салу жүйесінін құрылымы.
Пәндер