Керамикалық кірпішті жартылай – құрғақ әдіспен дайындау


Жоспары
Бет
Жобаға берілген тапсырма . . .
I. Кіріспе . . .
II. Бұйымның номенклатурасы . . .
IІІ. Технологиялық бөлім . . .
3. 1. Зауыт орналасқан қаланың климаттық жағдайы . . .
3. 2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау . . .
3. 3. Зауыттың жұмыс істеу режимі . . .
3. 4. Зауыттың қуаттылығын есептеу . . .
3. 5. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . .
3. 6. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу . . .
3. 7. Бункер және қоймаларды есептеу . . .
3. 8. Дайын өнім сапасын және технологиялық процесті қадағалау . . .
ІV. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . .
Қауіпсіздік техникасы . . .
V. Қорытынды . . .
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер . . .
I. Кіріспе
Құрылыстық керамика - бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар - өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен «keramos» деген сөзден шыққан, саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда. Бұл зауыттар қуатты саз өңдейтін және қалыптайтын машиналармен, жаңа кептіргіш қондырғылармен және пештермен жабдықталған. Құрылыстық керамикалық тастар цемент, аз кездесетін металл, сонымен қатар тасымалдау қондырғыларын үнемдеуге септігін тигізетін ең көп тараған қабырғалық материал болып саналады. Тастар өз бойына күннің энергиясын сіңіріп, бірте-бірте оны бөліп отырады, сондықтан да жаз мезгілінде аптап ыстықтан және қыс мезгілінде бөлме ішіндегі жылуды сақтайды. Қабырғалық тастар өзінің қалыңдығы арқылы бу өткізеді. Нәтижесінде ғимарат ішінде ылғалдылықты тепе-теңдікте ұстап тұра алады.
Қазіргі кезде құрылыстық керамикалық тастар өндірісінде басты назар өнімнің сапасын жақсарту мен өндірісте жаңа технологияларды пайдалану болып табылады. Жаңа өндіріс орындарын тұрғызуда автоматтандырылған және жоғарғы механикаландырылған жергілікті және шетелдік қондырғылармен жабдықтау ескерілуде. Сонымен қатар кәдімгі керамикалық тастарды алмастыратын жаңа эффективті ірі қуысты тастар қабырға тұрғызуда қолданылып келеді. Бұл тек шикізатты үнемдетіп қана қоймай, тастардың жылу қорғау қасиетін сақтай отырып қабырғалардың массасы мен қалыңдығын төмендетеді.
Ешқандай материалдар керамикалық материалдардың орнын толық ауыстыра алмайды. Мысалы, еденге арналған плиталар, өзінің беріктілігімен қатар, адамға жақсы әсер береді. Қазіргі уақытта рынокта көптеген дизайндағы материалдар бар. Соның ішінде итальяндық технологиялық әдіспен жасалынған керамикалық тастар да бар. Оның өзі үлкен қолданыста. Оны едендерге, терассаларға, жолдарға, ішкі қабырғаға, баспалдақтарға және т. б. жерлерде қолданады.
Керамикалық бұйымның тағайындалуына байланысты қолданылуы: кірпіш пен керамикалық тастар - аз және көп қабатты ғимараттар мен салулар үшін; керамикалық плита мен беттік кірпіш - ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары кезінде; жолдық кірпіш пен керамикалық трубалар - жол құрылысына және жер асты коммуникацияларына; черепица - жамылтқы құрылғысына; жеңіл керамикалық бұйымдар - жылу оқшаулау үшін.
Құрылыстық керамика - керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй құрылысы, өнеркәсіпті ғимараттың құрылысында және салуларда қолданылады. Керамикалық қабырғалық бұйымдар - ертедегі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл.
Қазіргі уақытта керамикалық құрылыс материал өндірісінде технологияның толық жетілдіруіне, сапа жақсаруына назар аударылған. Автоматтандырылған, жоғары механикаландырылған технологиялық кәсіпорындарды құру көзделіп отыр.
II. Бұйымның номенклатурасы
Керамикалық тастар сыртқы және ішкі қабырғаларды қалау үшін және қабырғалық панельдер мен блоктар дайындау үшін қолданылады. Керамикалық тастарда тік немесе көлденең кеуектер - кеңістіктер бар. Құрылыста қолданылып жүрген керамикалқ тастарда көбіне тік кеңістіктер кездеседі, бірақ қабырғаны осындай тастардан тұрғызу кезінде ерітіндінің шығыны ұлғаяды. Тік қуыстары бар тастардың мынадай маркалары өндіріледі: 150, 120, 100, 75. Олардың тығыздығы 1, 4 г/см 3 көп емес, ал су жұтуы 6, 5%-дан аз емес.
Керамикалық тастан қаланған қабырға қалыңдығы, кәдімгі кірпіштерден салынған қабырға қалыңдығымен салыстырғанда 20-25% көп. Керамикалық тастан қаланған қабырғаның 1 м 3 массасы кәдімгі кірпіштен салынған қабырғаның массасынан шамамен 2 есе аз.
Құрылыста бәрінен көп қолданылатын жеті және он қуысты тастар. Сондай-ақ қаптағыш профильді қабырғалық тастардың басқа да түрлері қолданылады. Тиімді қабырғалық тастарға қажет балшық құрамына диатомит пен трепел сияқты қоспалары бар топырақтар енеді. Тиімді кірпіштің жетістігі сол, оны қолдану кезінде қабырға қалңыдығын 40%-ға кемітуге болады, соның нәтижесінде шикізат пен көлікке жұмсалатын қаражат шығыны үнемделеді. Ең басты жетістігі ғимарат массасының азаюы салдарынан оның зілзала әсеріне шыдамдылығы артады.
Шет елдерде қолданылатын қабырғалық керамикалық материалдар өлшемдерімен, пішінімен және қасиеттерімен ерекшеленеді. Оларда маркасы М125-тен - М600 дейін шектегі тастар өндіріледі. Мысалы, Германияда қарапайым қабырғалық және тиімді керамикалық тастардың өлшемдері бойынша 14 түрі болады. Олар (240×115×52 - 490×300×238 мм), маркалары М140-тан М280 дейін кездеседі. Ішкі қабырғаларды қалауда кеуекті тастар, кірпіштер және өлшемдері 330×170×40 - 945×320×115 мм плиталар қолданылады.
Керамикалық тастар шет елдерде бұрынан кеңінен пайдаланылады. Өз елімізде керамикалық тастарды өндіру соңғы кездері жақсы дамуда және кеңінен қолданылады. Керамикалық тастар - бұл тығыздығы 790 кг/м 3 және габариттік өлшемдері 51×29×22 см болатын керамикадан жасалған қуысденелі кірпіш. Керамикалық тастардың көлемінің жартысын қуыстар құрағандықтан, жылуөткізгіштігі төмен болады да, ал жылуға қарсылығы жоғары болады. Керамикалық тастарда қуыстылығының көлемі 13% болады. Қуыстың формасы мен өлшемдері әр түрлі болады. Көбінесе қуыстары вертикальді түрде орналасады. Керамикалық тастардың өлшемдері әр түрлі болады. Олар дара қабырғалық бұйымдар 250×120×138 мм және мықты қатты тасты бұйымдар 510×260×219 мм болады. Керамикалық тастар қуыстарына байланысты вертикальді және горизонтальді орналасқан қуысты керамикалық тастар болып бөлінеді. Тастар тегіс және рифленді бетті, қуысты немесе жабық болуы мүмкін. Керамикалық тастарда вертикальді орналасқан қуыстарының ені 12 мм-ден аспауы керек. Ал, тастарда горизонтальді орналасқан кладкадағы қуыстардың өлшемі нормаланбайды. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы 15 мм-ден кем болмауы керек. Тастардың су сіңірімділігі 6%-дан кем болмауы тиіс. Керамикалық тастардың беріктігі және аязға төзімділігі бойынша маркасы кәдімгі керамикалық кірпіштердің маркасымен бірдей. Керамикалық тастардың беріктігі бойынша маркалары: М75-300. Аязға төзімділігі бойынша маркалары: Г15, Г25, Г35, Г50, Г75. Керамикалық тастарды бетон қалау үшін, подвал, цоколь және ғимараттың басқа да су өткізетін бөліктеріне қолдануға болмайды. Өйткені олар сумен әрекеттесуі мүмкін және керамикалық тастардың қуыстарында қалып қойған су қатып, ғимараттың бірден бұзылуына әкеліп соқтырады.
Кәдімгі керамикалық кірпіштің екі кемшілігі бар. Олар: 1) өте жоғарғы тығыздық; 2) габариттік өлшемдерінің кіші болуы. Жоғарғы тығыздықтан қабырғалар қалың болады және салмағы ауыр болады. Бұл проблеманың шешудің бірден-бір жолы ірікөлемді, қуысденелі керамикалық бұйымдарды қалыптау арқылы дайындау болып табылады. Қуыстардың болуы тек қана массаны азайтып қана қоймай, сонымен қатар тығыздығын да азайтады және кептіру, күйдіру процестерін жылдамдатады. Қуысденелі кірпіштерді, яғни керамикалық тастарды кептіру кезінде қуыстары арқылы тез кебеді және күйдіру процесі кезінде сыртқы және ішкі беттері бірқалыпты күйеді. Керамикалық тастардың қуыстылығы 45%-ды құрағанына қарамастан, толықденелі кірпіштер сияқты дефектілері аз болады да, беріктігі жоғары болады. Керамикалық тастардың осындай қасиеттеріне байланысты оларды «эффективті керамика» деп атап кеткен.
IІІ. Технологиялық бөлім
3. 1. Алматы қаласының климаттық жағдайы
Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы 223, 9 мың шаршы шақырымды құрайды.
Алматы облысының табиғи жағдайы шөл даладан мәңгі қар жататын аумаққа дейінгі 5 климаттық аймақтан тұрады. Климаты тым континенталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, таулы аймақта - 6-8 С; маусымда сәйкесінше - +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі - 300 мм дейін, аулы аймақтар мен тауда - 500-700-ден 1000 мм дейін.
1-кесте. Орташа айлық және жылдық ауа температурасы, Сº
Керамикалық тастардың физикалық сипаттамасы
Керамикалық тастар
ГОСТ 530-95


Орт. жылд
ішіндегі max қаңтар айына
Штиль
Штиль
Орт. жылд.
ішіндегі min шілде айына
Солтүстік
Сол. шығыс
Шығыс
Оң. шығыс
Оңтүстік
Оң. батыс
Батыс
Сол. батыс
Солтүстік
Сол. шығыс
Шығыс
Оң. шығыс
Оңтүстік
Оң. батыс
Батыс
Сол. батыс
9
__
1, 4
12
__
1, 5
7
__
1, 4
23
__
1, 8
16
__
1, 8
20
__
1, 9
7
__
1, 7
6
__
1, 3
5
__
1, 9
11
__
2
6
__
1, 6
45
__
2, 8
17
__
2, 8
8
__
2, 4
4
__
2, 2
4
__
1, 9
2-кесте. Алматы қаласында желдің бағытының қайталануы (алым) %, бағыт алуы бойынша желдің орташа жылдамдығы (бөлім) м/с, желдің max және min жылдамдығы, м/с.
3-кесте. МСН 2. 04-01-98
Ауа tº (Сº) 0, 94
Абсолюттік минималды ауа tº (Сº)
Суық айлардағы ауа tº орташа тәуліктік камплитудасы
Орташа айлық ылғал ауаның суық айларға қатысы
Орташа айлық 15 сағаттағы ылғал ауаның суық айларға қатынасы
Қараша-наурыз айларындағы желдің соғу бағыты, м/с
Желтоқса-ақпан айындағы желдің соғу бағыты, м/с
Ақпан айындағы желдің орташа жылдамдығының максималдылығы
Жылулық периодтағы желдің орташа жылдамдығы, м/с
Қайталануы
Орташа tº
Қайталануы (жылдық период)
Орташа tº
Қайталануы (жылдық период)
Орташа tº
3. 2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау
Керамикалық бұйымдарды түрлі болуына байланысты әртүрлі технологияық әдістермен дайындайды, бірақ өндірудің негізгі кезеңдері шамамен бірдей. Оларға сазды алу, массаны қалыптау үшін дайындау, шикізатты формалау, бұйымды кептіру мен күйдіру жатады.
Керамикалық материалдар мен бұйымдарды қалыптау әдістері бойынша келесі түрге жіктейді:
1) Иілімділік әдіспен дайындалған материалдар (кірпіштер, қабырғалық тастар, черепица, канлизациялық құбырлар) .
2) Жартылай құрғақ әдісімен дайындалған материалдар (кірпіштер, қабырғалық тастар, едендік плиткалар мен қабырға қаптағыштар) .
3) Сұйық массадан (шликерлі) құйылған материалдар (санитарлы техникалық және күрделі пішінді сәнді көркемдік бұйымдар) .
Негізінен қабырғалық керамикалық материалдарды осы үш әдіспен жасайды. Керамикалық тастарды дайындау кезінде негізінен иілімді және жартылай құрғақ әдіс қолданылады. Технологиялық қондырғыларды қолданылуына байланысты саздарды қопсытатын және сазды массаны 18-22% ылғалдылықпен дайындайтын; сазды брусты қалыптау және кесу үшін; кептіру және күйдіру кезінде бұйымдарды орналастыру, жылжыту және тасымалдауға арналған болып бөлінеді.
Сазды масса қопсыту арқылы дайындалады: негізгі шикізаттың дезинтеграциясы, ылғалдандыру, араластыру, бумен өңдеу, вакуум арқылы және т. б. тәсілдермен дайындау. Шикізатты өңдеу оны зауытқа алып келген сәттен-ақ басталады. Бұл мақсатқа өте ыңғайлы көпожаулы экскаваторлар болып табылады. Көпожаулы экскаваторлар алдын-ала шихтаны орташалау арқылы бір мезгілде сазды жұқа қабаттарға бөледі. Қоспаларды дайындау және жіберу үшін араластырғыш қондырғылар мен арнайы транспортты құрылғылар қолданылады. Барлық компоненттер аяғына дейін екі-валды сазараластырғышта араластырылып, ылғалдандырылады.
Қалыптау. Іс жүзінде таспалы тығыздатқыштардың (шнек) жәрдемімен иілгіштік жағдайдағы балшықты массаны қалыптау кең тараған. Тасымалдап жеткізілген топырақ балшық езетін машиналарда 18-28 % - ға дейін ылғалданып, біртекті иілгіштік құрамдағы масса алынғанша ұқыпты түрде араластырылады. Осындай жолмен дайындалған балшық, бұйымдарға керекті пішін беретін, соңына мундштук орныққан, таспалы тығыздайтын құрылғыға түскен дайын балшық қысымның әсерінен жылжып, мундштуктегі тұрған саңылаулар арқылы қалыпталады. Осы заманғы нығыздайтын машиналар 1, 6-7, 0 МПа аралығында қысым түсіре алады. Мундштуктегі саңылаулар әртүрлі пішіндегі және өлшемдегі бұйымдарға оның ішінде ұзын өлшемділерге бейімделген.
Балшықты ерітіндінің иілімділігін арттыру және оның қуыстығын кеміту үшін, конструкторлар таспалы вакуумды нығыздатқыштың жаңа жетілдірілген түрін ойлап тапты. Осындай машиналарда қалыпталған кірпіштер, балшық массасындағы ауа көпіршіктері мен артық ылғалды, вакуумды қондырғының шығарып жіберуіне орай, көтеріңкі беріктілік пен тығыздыққа ие болады.
Нығыздатқыштан шыққан балшық кірпіш өлшеміне сай машинаға орнықтырылған пышақ немесе жіңішке сым арқылы кесіледі. Вакуумды тығыздатқыштың еңбек өнімділігін сағатына 1000-нан 5000-ға дейін дана кірпіш шығара алады.
Аз иілімді, ылғалдылығы 13-18 % балшықты массадан бұйымды қалыптау - иілімді әдістің бір түрі. Мұндай жағдайда қалыптау жоғарыда көрсетілген әдіспен іске асырылады, бірақ қысымдау жоғарғы дәрежеде 10-20 МПа жүргізіледі.
Жартылай құрғақ әдіс бойынша шикізат материалдарын алдын-ала кептіреді, содан соң ұсақтайды және електен өткізеді, кейіннен қосымша ұнтақтайды, ылғалдандырады және массаны араластырады, шикізатты престейді, қажет болған жағдайда қайтадан кептіреді және күйдіреді. Сумен немесе бумен араластырылып бір масса түріне келтірген кезде керамикалық массасының ылғалдылығы 7 . . . 12 % иілімділігі аз пресстелген ұнтақ түрінде болуы керек. Сондықтан мұндай массалардан бұйымды арнайы пресстерде жоғары қысыммен қалыптау арқылы алады. Керамикалық тастарды өндіруге қажет негізгі шикізаттар ретінде иілімді саздар (60%) және дегидратталған саздар (40%) қолданылады. Барлық шикізаттың компоненттері ұнтақталады, кептіріледі және мұқият араластырылады. Көптеген зауыттарда қайта өңделген шихталар қосымша ретінде сақталады. Сазды массаны сақтау үшін сазсақтағыштар (10 күнге қосымша ретінде есептелген) және силосты-сазқосымшалар қолданылады. Сазараластырғышта дайындалған ұнтақтәрізді массадан алынатын бұйымды гидравликалық престе көпсатылы престеу арқылы өңдейді. Бұйымды гидравликалық немесе механикалық прессте 14, 5 МПа дейінгі қысымда қалыптайды (керамикалық тастар, кірпіш өндірісінде) немесе 19, 5-29, 5 МПа (еденге арналған керамикалық плиткалар өндірісі кезінде) . Престелген шикізат туннельді немесе сақиналы (кольцевой) пеште күйдіріледі. Жартылай құрғақ әдісі аз иіліміді саздарды қолдануға, шикізат кептіргішіне отын шығынын азайтуға, өнімнің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл технологиямен шикізаттты престеу, иілімді престеу әдісінде қолданылатын ленталық преске қарағанда күрделі яғни бұйымның орташа тығыздығы біршама жоғары. Сонымен қатар құрғақ әдістің жартылай құрғақ әдістен айырмашылығы оның пресс - ұнтағының ылғалдылығы 2-6%, шикізат кептіргіштен толық шығарылады. Оны тығыз бұйымдарды дайындауда қолданылады яғни кірпіш клинкері, еденге арналған плиткалар, фаянсты бұйымдар даярлауда.
Керамикалық тастарды кептіру. Иілімді әдіспен қалыпталған тастардың, кірпіштердің құрамында жеткілікті түрде ылғал болады, сондықтан оны күйдірерден бұрын әдейі кептіреді, себебі тастарды күйдіру кезінде қырлары ішкі қабаттарына қарағанда жылдамырақ кебеді, осының салдарынан көптеген сызаттар мен жарықшалар пайда болады. Жаңадан қалыпталған тастар, табиғи жағдайға қарағанда, тастар 3-4 есе жылдамырақ кебетін үздікті және үздіксіз қимылдағы арнайы кептіргіш камераларында кептіріледі. Кірпіш зауыттарында туннельді камераларда, вагонеткаға қаланып, ұзындығы 70 метрлік туннельде, ыстық ауа немесе түтінді газдың бағытына қарсы жылжи отырып, 15-36 сағаттан кейін, туннельдің қарама-қарсы соңынан күйдірілген дайын бұйым алынады.
Керамикалық тастарды күйдіру үш кезеңнен тұрады: материалмен химиялық қосылыс түземеген, бос ылғалдың біртіндеп бұзылуы; тастарды күйдіру, бірте-бірте салқындату. Керамикалық бұйымдарды күйдіру кезінде, балшықтың қасиеттері мен қалыпталған бастапқы бұйымның пішініне орай, температура өзгереді. Туннельді пеште ыстық ауаны жіберетін арнайы қондырғы бар. Төменгі жағына тар табанды теміржол салынған. Онымен жүретін вагонетка өзіне толтыра отырғызылған кірпішпен бір бағытта қозғала отырып, біртіндеп қыздыру, күйдіру және салқындату аймақтары арқылы өтеді. Туннельді пештерде керамикалық тастарды 30-70 сағат бойына күйдіреді. Отын ретінде газды, коксты және сұйық жанғыштарды қолданады.
Керамикалық тастарды дайындаудың технологиялық схемасы
Шикізатты жартылай-құрғақ әдіспен дайындау схемасы
Мөлшерлеу
(жәшікті бергіш)
Майдалау
(дезинтеграторлар, стругачтар, дезинтеграторлы дестелер)
Кептіру (кептіргіш барабан)
Аралық сақтау (бункер)
Тасымалдағыш (жәшікті тәрелкелі)
Жұқа майдалау
(дезинтеграторлар, аэробильді немесе роторлы диірмендер)
Елеу (цито-бурат, шекті торлар)
Сақтау (бункер)
Мөлшерлеу (тарелкелі қоректендіргіш автоматты таразылар)
Араластыру (екі-валды араластырғыш)
3. 3. Зауыттың жұмыс істеу режимі
Қалыптау, кептіру және күйдіру цехтарының жұмыс істеу режимі
1. Уақыттың календарлы фонды 365 күн
2. Мейрам күндерінің саны 11 күн
3. Ауысым 1 тәулік ішінде 3 ауысым
4. Ауысым ұзақтылығы 8 сағат
5. Жоспарлы жөндеу жұмыстары 18 тәулік
6. Төтенше жағдай 1%
7. Қондырғының тазалау және жөндеу 0, 5 сағ/ауысым
Қондырғының жұмыс уақытының жылдық фонды:
сағат
3. 4. Зауыттың қуаттылығын есептеу
Керамикалық тастар зауытының қуаттылығын шикізат базасы және ауданның керамикалық тастарды қажет етуіне байланысты орнатады. Совет Одағы кезіндегі керамикалық тастар зауытының орташа қуаттылығы 2 млн. т құрайтын. Ал, жаңа зауыттарда цемент өндірудің өнімділігі жылына 5 млн. т немесе одан да көп болуы мүмкін. Алматы қаласында орналасқан керамикалық тастар зауытының еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші болып бір жұмысшының 1 жыл ішінде орта есеппен өндіретін керамикалық тастардың көлемі 25 т. болып табылады. Бұл керамикалық тастар зауыты жоғарғы өндіргіш жабдықтармен қамтамасыз етілгендіктен, зауытта әрбір жұмысшыға шаққанда керамикалық тастарды өндіру 1, 5-2, 5 есеге жеңілдейді.
Жылдық өнімділігі 25 млн. шартты дана керамикалық тастар зауытында және басқа да керамикалық заттар мен бұйымдарды өндіретін зауыттарда бір аппараттан екіншісіне үлкен салмақты саздарды, ұнтақтарды және сұйық материалдарды ауыстыруға тура келеді. Оларды тасымалдау үшін көпожаулы экскаватор, шөмішті элеватор; иірліктер; таспалы, табақты қырғыш тасымалдағыштар; тасымалдағыш науаша; сорғылар; грейферлі крандар қолданылады.
Күйдіру кезінде отын шығынын азайту үшін, шикізаттың ылғалдылығын төмеңдетуге тырысады, ал оның тасымалдағыштығын жақсарту үшін, құрамындағы судың көлемін көбейту қажет.
Зауытта шикізат материалдарын карьерден көлемі 1000-1200 мм-ге дейінгі бөлшек түрінде тасымалдайды. Кей кезде шикізат материалдарының бөлімі карьерде орналасады, одан шикізат бірден зауытқа түседі.
Бастапқы берілгендер:
Зауыт қуаттылығы - жылына 25 млн дана кірпіш
Бір бұйымның орташа салмағы - 3, 5 кг
Шығындар:
Артық өлшеу - 2%
Күйдіру кезіндегі шығын- 3%
Күйдіру кезінде бұйымның өзгеріске ұшырауы - 0, 5%
Кептіру кезіндегі шығын-2%
Кептіру кезінде бұйымның өзгеріске ұшырауы- 0, 5%
Қалыптау - 0, 5% ( қайтып оралғаны)
Шихта - 0, 2%
Араластыру - 0, 05%
Майдалау - 1%
Себу (дүрсіл, сито-бурат) - 0, 2%
Майдалау - 0, 8%
Тас бөлетін вальцылар - 0, 1%
Бөлу - 0, 1%
Тасымалдау - 0, 02%
Ағаш жаңқаларды қайта өңдеу - 1%
Бумен өңдеу - 0, 4%
Кептіруден кейін кірпіште қалған ылғалдылық- 6%
Саздың ылғалдылығы - 21%
Шамот ылғалдылығы - 9%
Ағаш жаңқаларының ылғалдылығы - 30%
Қалыптау кезіндегі ылғалдылық - 21%
Сазды қыздыру кезінде кеткен шығын - 6, 94%
Есептеу.
1. Зауыт қуаттылығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz