Бюджет жүйесінің мәні және оның құрылымы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 бет

1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Бюджет жүйесі туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ..6.7 бет
1.2 Бюджет жүйесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.11 бет
1.3 Бюджеттік жүйесінің қызмет ету принциптері ... ... ... ...12.15 бет

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Республикалық бюджеттің атқарылуын талдау ... ... ... ... .16.20 бет
2.2 Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау ... ... ... ... ... ... ...21.24 бет
2.3 Қазақстан Республикасының қазіргі бюджет жүйесінің жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.31 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32.33 бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ...34 бет

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5 бет

1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Бюджет жүйесі туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ..6-7 бет
1.2 Бюджет жүйесінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-11 бет
1.3 Бюджеттік жүйесінің қызмет ету
принциптері ... ... ... ...12-15 бет

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Республикалық бюджеттің атқарылуын
талдау ... ... ... ... .16-20 бет
2.2 Жергілікті бюджеттің атқарылуын
талдау ... ... ... ... ... ... ...21 -24 бет
2.3 Қазақстан Республикасының қазіргі бюджет жүйесінің
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..25-31 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 32-33 бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ...34 бет

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі - мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық
қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Бөлгіштік функцияның іс - әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық
шаруашылықтың секторлары, аумақтық, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші
субьектілер арасында бөлінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті – бюджет жүйесінің жұмыс істеу
бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделу және
оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен,
сондай-ақ, Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы
есеппен қамтамасыз ету.
Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде ,
олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде,
бөлудің ұнамсыз барысында ауытқуын анықтау және оларды жою
мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістернің жиынтығы
болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны – Республикалық, жергілікті және
мемлекеттік бюджеттің атқарылулары.
Мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі
болып табылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен
инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін
арттырудың маңызды құралы болып табылады. Бюджет жүйесін ұйымдастыру
мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен
байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет
құрылысын құрайды.
Бюджет жүйесі ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға
негізделген түрлі деңгейлерге бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет
процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан,
9 кестеден, 2 суреттен, мәліметтер көзінен тұрады.

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық - мемлекеттік құрылымымен
анықталады.
Курс әдістемелік-ақпараттық базасы – Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі, Республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік
бюджет және ұлттық қорларды қамтиды.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді.

1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Бюджет жүйесі туралы жалпы түсінік

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын
жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын
бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа
қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды
білдіреді.
Мемлекеттің бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Бөлгіштік функцияның іс - әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық
шаруашылықтың секторлары, аумақтық, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші
субьектілер арасында бөлінеді.
Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде,
олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде,
бөлудің ұнамсыз барысында ауытқуын анықтау және оларды жою
мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістернің жиынтығы
болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді.
Мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі
болып табылады.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен
инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс
тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын әлеуметтік сферасын,
әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы
билікті,басқару аппаратынұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін
олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер
тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің
кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңестіру процесінде
заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар
пайда болды. Осы элементтердің барлығы-бюджет жүйесінұйымдастыру мен
құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен
байланысының ұйымдық нысандары,бюджет құқықтарының жиынтығы- бюджет
құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне
және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты
өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол
экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі
деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен
қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері
өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген үрлерінің саны жағынан түрліше
болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне
байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы
мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық
мемлекеттің бюджеті;
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да-
жерлердің (ландтардың),Канада –провинциялардың, Ресейде-федерация
субъектілерінің бюджеттері)
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады:орталық (республикалық) бюджет және толып жаткан жергілікті
бюджеттер.Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің
түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-
экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты
төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық
бюджетте сақталады.

1.2 Бюджет жүйесінің құрылымы

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының
унитарлық типімен анықталады, өйткені,Қазақстан-федералдық емес,
басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық
мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жұмыс істейді:
Республикалық бюджет;
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеті;
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі
өзгерістерге ұшырады.Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті,
басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның
мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның
ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетіледі. Ол
одақтас бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен
және мемлекеттік сақтандыру бюджетінін тұрды Одақтық бюджетке 1970-
1990 жж мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымынын 52-50% тиді,
оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15 %
жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттің бюджет-аралындағы өзара
өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын
және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық)
бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы
қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет мемлекеттің
қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен
тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары
құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды
қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды.
Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің
қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет- бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен
функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет –(әкімшілдік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті,
аудандардың(облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптасырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті
мемлекеттік органдарды, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен
функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық
бірлікте мемлекеттік іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры
облыс бюджеті, республикалық маңызы барқала, астана бюджеті болып
табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы)
мемлекеттік саясатты іске асыруға арнаған орталықтандырылған ақша қоры
аудан ( облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың
шешімдерімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан
Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.Төтенше
мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс
жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше
мемлекеттік бюджетті енгізу және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып
табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы
жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы
мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы
жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттерді туралы
мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай
енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
Қазақстан Ресбубликасының бірнеше аймақтарының аумақтарында
бір мезгілде төтенше жағдай енғізуге төтенше жағдайдың зардабы
ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне
нақты қатер өндіру мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік
бюджет енгізуге негіз бола алады. Қазақстан Республикасының
ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеу бюжеттердің әр түрлі
деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды
жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен,
сондай-ақ, Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Төменде Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы
көрсетілген :

1сурет Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы
Ескерту-Қ. Қ. Ілиясов Қаржы
оқулық 2007ж

1.3 Бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет
жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірыңғайлығы, толымдылығы,
реалистігі, дәйектілігі, нәтижелілігі және т.б. қағидаттарына
негізделеді.
Бюджеттің транспоренттік принципі – мемлекеттік немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам
мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті
ашықтығын қоспағанда ҚР-ның бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік-
құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және
олардың атқарылуы туралы есептерді стратегиялық жоспарлар мен олардың
іске асырылуы туралы есептерді ҚР-ның Ұлттық қорын қалыптастыру туралы
және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау.
Бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер
арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес
олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру
құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған
кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары
тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды
тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі.
Бюджеттердің уақтылық принципі – республикалық және жергілікті
бюджеттерге, ҚР-сы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына
түсімдерді есептеу және оларды ҚР-ның Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына
аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша
қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті
нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып,
мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару.

Қаз

2 сурет Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінің негізгі
принциптері Ескерту- Қ. Қ.
Ілиясов Қаржы оқулық 2007ж

Бюджеттердің кассалық бірыңғайлық принципі – бюджетке барлық
түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық
шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру.
Бюджеттердің тиімділік принципі – бюджет қаражатының бекітілген
көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін
негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет
қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу.
Бюджеттердің жауапкершілік принципі – тікелей және түпкілікті
нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен
мемлекеттік мекемелер басшыларының ҚР-ның заңнамасына сәйкес келмейтін
шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған
қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы.
Бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі –
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ҚР-ның заңнамасын сақтай отырып,
бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен
көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және
пайдалануы.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар
арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүлдделерін шалады.
Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық
төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары
туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан
Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы
бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен
кезіндегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады.
Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі
түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны
жабудың әдістері (шығындарды қысқарту , кірістерді көбейту, қарыздар,
ақша эмиссиясы жария )етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және Бюджет кодексінде, Жергілікті өкілді және атқарушы органдар
туралы, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару
туралы арнайы заңдарында және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып
көрсетілген.
Нақтылы жағдайда бұл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде
бюджеттің бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені көптеген арнаулы және
бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылық қағидаты да өзінің маңыздын
жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін,
олар арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және
аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге
асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына
негізделген.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Республикалық бюджеттің атқарылуын талдау

Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің бірінші деңгейі болып
республикалық бюджет табылады. Республикалық бюджетте анағұрлым ақша
қаражаттарын орталықтандыру мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру
қажеттілігімен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ақша ресурстарымен маневр
жасау, оларды ел мен аймақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының басымдылық
бағыттарын қаржыландыруға жұмсау, экономикалық дамушылықты ынталандыруға
мүмкіншілік туады. Ақша ресурстарын орталықтандыру мемлекет тарапынан
жылдан жылға ұлғаятын әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, мемлекеттік
заемдар бойынша пайыздар төлеу мен мемлекеттік борышты өтеуге, қорғаныс
қабілеттілігімен қоғамдық тәртіпті бекініс ету мен мемлекеттік басқару
аппаратын ұстау және басқа да шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
Республикалық бюджеттің мазмұны оның құрамындағы ерекше экономикалық
формалар болуымен шарттанады, яғни кірістер және шығындар. Осы формалар
арқылы ақша құралдарының орталықтандарылған қорын қалыптастыру мен
пайдалануы іске асырылады. Кірістер мен шығындардың құрамы мен құрылымы
мемлекеттің нақты әлеуметті экономикалық шартты жүргізіп жатқан орта
мерзімді фискалдық саясатты іске асыру бағыттарына сәйкес. Кірістерді
қалыптастыру мен бюджеттік құралдарды жұмсау формалары мен әдістері де
осыған сәйкес болуы тиіс.
Республикалық бюджет өз алды биліктің бір тарауымен жасалып,
екіншісімен бекітілетін едәуір жеке құжаттар ретінде болғандықтан,
қолданбалы, бірақ маңызды функция орындайды - ол мемлекет таңдаған ел
басқару стильді іске асырады. Республикалық бюджетте мемлекетке қажетті
қаржы ресурстары мен барлық резервтер көлемі саналады, сондықтан осы бюджет
арқылы елдің қаржы ақуалы, қаражаттар жұмсаудың нақты бағыттары, салалар,
аймақтар мен әрекет салалары бойынша шығындар ара-қатынасы анықталады.
Осыған байланысты республикалық бюджеттің экономикалық саясатты іске асыру
құралы ретіндегі мемлекеттік мәні мен экономикалық рөлі білінеді.
Қазіргі кезеңдегі экономиканын дамуына байланысты республикалық
бюджеттің рөліне өте үлкен мән беріледі, себебі ол мемлекеттің экономикалық
және әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі құралы ретінде пайдаланады
және экономиканы қаржылық реттеу мен оның бәсеке қабілеттілігін жетілдіруге
маңызды әсерін тигізеді.
Келесі кестелерде көрсетілгендей жалпы республикалық бюджеттің
атқарылуына талдау жасалды:

1 кесте республикалық бюджеттің жалпы атқарылуы

Атауы 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл 20072009
І желтоқсан Ауытқуы
көлемі көлемі көлемі +;- %
I.Кірістер 2221539,8 3317601,9 2505285,4 283745,6 12,77
II.Шығындар 2068327,9 2703567,1 2739865,6 671537,7 32,47
III.Операциялы153211,9 614034,8 - - -
қ сальдо
IV.Таза -2993,7 42118,8 7304,9 10298,6 -344
бюджеттік
несие беру
V.Қаржылық 368723,4 899394,5 102570,6 -266152,8 -0,72
активтермен
болатын
операциялар
бойынша сальдо
VI.Бюджет -212517,8 -327478,5 -344455,6 -131937,8 62,08
тапшылығы
VII.Бюджет 212517,8 327478,5 344455,6 131937,8 62,08
тапшылығын
қаржыландыру

Ескерту - Республикалық бюджеттің мәліметтері негізінде автордың
есептеуі

Республикалық бюджеттің жалпы атқарылу қорытындыларын талдауда
кірістердің көлемі 2007 жылдан 2009 жылға дейін біркелкі өсуде.2009
жылы кірістердің көлемі 2 505 285,4 млн.тенгені құрап,бұл көрсеткіш
2007 жылы кірістерге қарағанда 283745,6 млн.тенгеге кем,2 есе өскен деп
айтсақ та болады.
Шығындар жалпы сомасы 2007 жылы 2 068 327,9 млн.тенгені құраса,
2009 жылға дейін 32,47%-ға өсіп, 2 739 865,6 млн.тенгені құраған.
Таза бюджеттік несие беру мемлекет тарапынан азайтылып, 2007 жылы
-2993,7 млн.тенгені құраса,бұл сома 2009 жылға дейін -344%-ға азайып,
7304,9 млн.тенге болған.
Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо біркелкі
өсуде.2007-2009 жылдар аралығында -0,72%,2009 жылы 102570,6млн.тенгені
құраған.
Бюджет тапшылығы мен бюджет тапшылығын қаржыландыру бірге өсіп,
2007-2009 жылдар аралығында 344455,6 млн.тенгеге көбейген.

2 кесте республикалық бюджеттің кірістерінің атқарылуы

Атауы 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл 20072009
I желтоқсан Ауытқуы
көлемі үлесікөлемі үлесікөлемі үлесі+;- %
% % %
I.Кірісте2221539,8 100 3317601,9 100 2505285100 283745,6 12,77
р ,4
1.Салықты1626818,0 73,232071407,3 62,44127875951,04-348058,6-21, 40
қ ,4
түсімдер
2.Салықта170443,1 7,67 72844,1 2,20 66401,52,65 -104041,6-61,04
н тыс
түсімдер
3.Негізгі8231,2 0,37 8575,1 0,26 4519,1 0,18 -3712,1 -45,10
капиталды
сатудан
түскен
түсімдер
4.Трансфе416047,5 18,731164774,9 35,11115560546,13739557,9 177,76
рттердің ,4
түсімдері

Ескерту – Республикалық бюджеттің мәліметтері негізінде автордың
есептеуі

Республикалық бюджеттің кірістерінің атқарылуы бойынша кірістердің
жалпы сомасы 2009 жылы 2505285,4 млн.тенгені құраған,бұл 2007 жылға
қарағанда 283745,6 млн.тенгеге көбейген.Бұл көрсеткіш 12,77%-ға өскенін
көрсетеді. Кірістердің құрамын талдай кетсек,кірістердің 51,04%-ын 2009
жылы салықтық түсімдер құраған.Бұл 1278759,4 млн.тенгені құрайды.2009
жылғы көрсеткіш 2007 жылғы салықтық түсімдерден -21,40%,бұл -348058,6
млн.тенге. Көрсеткіштердің келесі бір маңызды бөлігі салықтан тыс
түсімдер 2007-2009 жылдар аралығында азайып,2007 жылы жалпы кірістердің
7,67%-ын құраса,2009 жылдың І-ші желтоқсанына дейін жалпы кірістердің
2,65%-ын құраған,бұл салықтан тыс түсімдердің -104041,6 млн.тенгеге
азайғанын көрсетеді.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жалпы кірістердің
атқарылуы сомманың 2007 жылы 0,37% болса,2009 жылы 0,18%-ын
құраған.Сомасын қарай кетсек,-3712,1 млн.тенге, -45,10%.
Транферттердің түсімдері кірістердің атқарылуы құрамында 2007
жылдан 2009 жылға дейін соммасы 416047,5млн. теңгеден 1155605,4млн
теңгеге көбейген, ауытқуы +739557,9млн. теңгені құраған, ал бұл
177,76%-ды құрайды.

3 кесте республикалық бюджеттің шығыстарының атқарылуы
Атауы 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл 20072009
І желтоқсан Ауытқуы
көлемі үлесікөлемі үлесі көлемі үлес+;- %
% % і %
II.Шығындар 2 068 327100 2 703 5100 2 739 8100 671537,32,47
,9 67,1 65,6 7
1. Жалпы 120536,3 145929,5,40 102056,3,72-18480,-15,33
сипаттағы 5,83 3 1 2
мемлекеттік
қызметтер
2.Қорғаныс 160 866,17,78 175 6466,50 147 5275,31-13338,-8,29
,3 ,3 8
3.Қоғамдық 196695,6 9,51 219869,8,13 222215,8,1125519,912,97
тәртіп, 2 5
қауіп-сіздік,
құқықтық,
сот,
қылмыс-тық-ат
қару қызметі
4. Білім беру148655,2 7,19 188207,6,96 196005,7,1547350,432,50
9 6
5. Денсаулық 100829,5 4,87 115581,4,28 149329,5,4548500,248,10
сақтау 2 7
6. Әлеуметтік462667,4 22,37566193,20,94 640072,23,3177405,38,34
көмек және 6 7 6 3
әлеуметтік
қамтамасыз
ету
7. Тұрғын 72328,6 3,50 84405,23,12 157400,5,7485072 117,62
үй-коммуналды 6
қ шаруашылық
8. Мәдениет, 62964,3 3,04 87460,63,24 90841,93,3127877,644,28
спорт, туризм
және
ақпарат-тық
кеңістік
9. 50635,4 2,45 59087,82,19 51669,11,891033,7 2,04
Отын-энергети
ка кешені
және жер
қойнауын
пайдалану
10. Ауыл, 4,51 159484,5,90 145955,5,3352723,356,55
су, орман, 5 1
балық
шаруашылығы, 93231,8
ерекше
қорға-латын
табиғи
аумақтар,
қор-шаған
ортаны және
жануар-лар
дүниесін
қорғау, жер
қатынастары
3 кестенің жалғасы
11. 5499,3 0,27 2981,5 0,11 12191,30,446692 121,69
Өнеркәсіп,
саулет, қала
құрылысы және
құрылыс
қызметі
12. Көлік 217271,5 10,50249712,9,24 212 5867,76315,2 0,15
және 4 ,7
коммуникация
13. Өзгелер 149620,4 7,23 142232,5,26 52074,61,90-97545,-65,20
1 8
14. Борышқа 33735,3 1,63 57709,32,13 63624,52,3229889,288,60
қызмет
көрсету
15. 192791,0 9,32 449066,16,61 496314,18,1 157,44
Трансферттер 2 7 1 303523,
7

Ескерту - Республикалық бюджеттің мәліметтері негізінде автордың
есептеуі

Республикалық бюджеттің шығыстарының атқарылуы 2007жылғы жалпы
құрамы 2 068 327,9 млн. теңгені құраса, 2009жылға дейін 2 739 865,6
млн. теңгені құраған немесе 32,47 %-ға артқан.
Шығындардың құрамы 15 пункттен тұрады, бұлардың ішіндегі
маңыздыларының өзгеру динамикасын талдай кетсек.
Қорғаныс саласына 2007жылы 160 866,1 млн. теңгені құраса, бұл
көрсеткіш 2009 жылдың І желтоқсанына дейін 147 527,3 млн. теңгені
құраған. Яғни млн.теңгеге 255,19 артқан немесе 12,97 %-ға артқан.
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару
қызметі бойыша шығындар жалпы шығындар құрамында үлесі 9,50%-дан 8,11%-
ға азайғанымен, сома жағынан -13338,8 млн. теңге, 2009 жылы 222215,5
млн. теңгені құраған.
Әлеуметтік қамсыздандыруға мемлекет 2007 жылы 462667,4 млн.теңгегі
жұмсаса, 2009жылы 640072,7 млн. теңгені жұмсаған немесе әлеуметтік
шығындарды 38,34 %-ға арттырған.
Көлік және коммуникация саласына 2007 жылы 217271,5 млн. теңге
жұмсалса ал 2009 жылы ол 212 586,7 млн. теңгеге артқан, яғни 2,16%-ға
артқан.
Трансферттер 2007 жылы 192791,0 млн. теңгені құраған, бұл жалпы
шығындардың 9,32%-ын құраған. Трансферттер бойынша шығындар 2009 жылға
дейін жалпы шығындар ішінде үлесі артып, 18,11 %-ға көбейген.Бұл 2007-
2009 жылдары аралығында трансферттер сомасы 157,44%-ға артып, 2009 жылы
496314,7 млн. теңгені құраған.

2.2 Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау

Жергілікті бюджеттер жүйесі мемлекеттік құрылымдық пен тиісті
әкімшілік-аумақтық бөлімге негізделеді. Жергілікті бюджеттер
республиканың бюджеттік жүйесінің екінші деңгейі және облыс, республика
маңындағы қала, астана, аудан, облыс маңындағы қала бюджеттерін
құрайды. Бұлардың барлығы тиісті әкімшілік- аумақтық бірлік бойынша
биліктің жергілікті органдары өз функцияларын орындауды қаржылық
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы
Қаржы жүйесі жайлы
Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 - 2006 жылдардағы қызметін талдау
Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Батыс елдердегі жергілікті бюджеттер және салық салу жүйесі
Мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролі, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуы
Пәндер