Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына қойылатын гигиеналық талаптар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1. Мектеп гигиенасы

3. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына қойылатын гигиеналық талаптар

Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті - жастардың ой
өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап,
денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына
лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу-тәрбие
жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл
маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан
бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғарғы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы
демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп
отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп
тынықтырады.
Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды.
Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу
жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да,
жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден
мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде
қайта жеңілденеді.
Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді.
Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді.
Яғни қыркүйек айында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл
бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан-наурыз айларының арасында
еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі материалдарды, жаңа тақырыптарды
өтеді.
Мектептегі сабақ кестесі. С а б а қ к е с т е л е р і н е қойылатын
талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек
қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары
болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды.
Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс
қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу
үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі
күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу
бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын
азайтып, сейсенбі-бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма-сенбі күндері
сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл
пәндерді көбірек қояды. Жеңіл пәндерге әдебиет, тарих, ән-күй, дене
шынықтыру, сурет-сызу пәндері жатады. Қиын сабақтардың алдында
денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Себебі денешынықтыру сабағында балалар
спорт ойындарын ойнап, жүйкелері қозады да келесі сабаққа зейіні төмен
болады. Мектептегі қиын пәндерге физика, математика, грамматика, химия
пәндері жатады. Дене еңбегі пәндеріне денешынықтыру, еңбек сабақтары
жатады. Әдебиет, тарих физика, астрономия, биология пәндерін ауызша
пәндерге жатқызады. Мұндай бөлу шамамен жасалған.
Әрбір оқу күнінің 2-3-сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді, 5-6-
сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері
3-ші сабақтың соңында басталып, 4-ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып
оқушыларында шаршау белгілері төртінші сабақтың соңында басталады.
Біркелкі еңбек адамды тез қажытып, жылдам шаршатады, сондықтан
оқушылардың еңбегін жеңілдету үшін ауызша пәндер мен жазбаша, қиын пәндер
мен жеңілдерді, ой еңбегі сабақтарын дене еңбегімен кезектестіріп отыру
керек. Еңбектің түрлері ауысып отырғанда, балалардың шаршауы азаяды. Сабақ
кестесін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың шаршауын азайтып, қалжыратпай оқыту
мүмкіндігін тудырады.
Балалардың шаршауын ескере отырып, 1-4-ші сыныптарда күніне 4
сабақтан, 5-7-ші сыныптарда 5-6, жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс.
Бағдарламадан тыс, мамандандыруға байланысты факультативтік сабақтар
апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, мектептегі мұғалімдер кеңесінің шешімі
бойынша арнайы күндері (аптасына 2 реттен асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға
7 сабақ қоюға болады. Бақылау жұмыстарын соңғы сабаққа қалдырмай, қиын
тақырыптарды баланың тың кезінде өтеді, қосарланған сабақты (қатарынан 2
әдебиет немесе математика т.с.с.) күнде қоюға болмайды. Себебі баланың ми
қыртыстарының нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды.
Оқушылардың шаршауын азайту үшін ән-күй, дене шынықтыру пәндерінің маңызы
зор. Бұл пәндерден кейін баланың миы тынығады. 1-ші сынып оқушылары алғаш
мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез
шаршайды. Сондықтан толық сабақ уақытына (45 минөтке) біртіндеп үйрету
керек. Алғашқы 1-2-ші аптада сабақ ұзақтығы 20-25 минөттен басталып,
біраздан соң 30-35 минөт, содан кейін 45 минөтке созуға болады. Сабақты
ұзарту үшін балалардың психикасын алдын ала дайындап, ескертіп қойған жөн.
Дегенмен сабақ ішінде физкультүзілістер жасап, оқушыларды демалдырып отыру
мұғалімнің міндеті.
Мектептегі оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар. М е к т е п
о қ у л ы қ т а р ы тез тозбайтын, ақ немесе сәл сарғыш түсті тегіс
қағаздан жасалады. Мемлекеттік стандарт бойынша 1-ші және 2-ші номерлі А
және Б маркалы қағазды пайдалануға болады. Кітаптың мұқабасы мықты, ұзақ
пайдалануға болатын, салмағы жеңіл, оңай дезинфекцияланатын болуы тиіс.
Кітаптың әріптері мен суреттері анық, біркелкі тегіс типографиялық қара
бояумен басылады, 1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтардың әріптері мен
цифрларының биіктігі 2,8 мм, әліппелерде – 4,5-3,5 мм, 2-4-ші сыныптар үшін
2,1-1,75 мм, 5-11-ші сыныптарға 1,75-1,50 мм. Кітаптардың ішіндегі
суреттері әдемі, әр түсті, көз тартатындай болу керек. Сөздердің аралығы 2
мм, әріптер аралығы 0,5 мм. Оқулықтардағы әріптер тығыздығы гигиеналық
талап бойынша 1 см2 жерде 1,5 әріптен аспау керек. Әріптер жолының
ұзындығы 100-110 мм. Жолдың мұндай ұзындығы сөйлемдердің толық мағынасын
тез түсінуге ыңғайлы.
О қ у ш ы л а р д ә п т е р і 170 х 250 мм. Дәптердің жолдары көк,
көзге анық көрінетіндей, тік сызықтар көлденең сызықтардан сәл жалпақтау
болу керек. Себебі көлденең сызықтар көзге оңай көрінеді. Дәптердің қағазы
өте тегіс, жылтыр, ақ түсті тығыз қағаздан жасалады.
К ө р н е к і о қ у қ ұр а л д а р ы (сызбалар, кестелер, суреттер
т.б.) ашық ақ қағазға жасалады. Әріптерінің биіктігі кемінде 3 см. Суреттер
мен сызбалар әдемі, барлық бөлшектері анық, түрлі түсті, көрнекі болу
керек.
Тарих пен жағрапия карталары мен атластар әріптерінің биіктігі 1 мм,
әріп аралары 2 мм, оңай тазартатын, тез тозбайтын болу керек. Тозған,
жыртылған оқулықтар мен көрнекі оқу құралдарын мезгілімен сұрыптау керек.
Оқушылардың қ а л а м - қ а р ы н д а ш т а р ы н ы ң жуандығы 7-8
мм, ұзындығы 140-170 мм, ұстауға қолайлы, бір келкі тегіс, көп қырлы не
жұмыр дөңгелек болады. Жіңішке қаламмен жазғанда қол тез талады, ал жуан
қалам жазуға қолайсыз келеді. Жазу жазуға көк пасталарды, ал әріптер мен
сөздерді ерекше бөлу үшін не астын сызу үшін жасыл, қызыл, қара пасталарды
пайдалануға болады. Оқушылардың пайдалануына N 2 шамалы қатты қара
қарындаштар қолайлы. Мұғалімдер мен ата-аналар бастауыш сынып оқушыларының
портфелі немесе рюкзагі жеңіл болып, қажетсіз бөтен заттарды салмауын
қадағалап отыруы керек. Ауыр портфельдер балалардың нәзік омыртқа жотасының
қисайып (сколиоз) өсуіне себеп болады, денсаулығына зиян келтіреді,
сондықтан рюкзак өте ыңғайлы.

Оқушылардың күн кестесі мен киіміне қойылатын гигиеналық талаптар

Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың
күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту,
дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй
шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету),
қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі
жатады.
Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне,
денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының
дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс
қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс
кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған
болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата-
ана өз баласының күн кестесін жақсы біліп, оның мезгілімен және дұрыс
орындалуына жағдай тудырып және қадағалап отыруы керек. Күн кестесі дұрыс
болмаса, баланың шаршауы, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, сабақ
үлгерімі нашарлайды.
Үйдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының
қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрғаннан кейін таза
жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас
қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек.
Осыған орай кұн кестесінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан
қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы
гигиеналық гимнастикаға 10-15 минөт уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан соң
оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза
ауада 1,5-2 сағат дем алады, ал 1-2 сынып оқушыларының 1 сағаттай ұйықтап
алып, қалған уақытта ауада дем алғаны жөн.
Баланың е ң б е к қ а б і л е т і күніне 2 рет (8-12 сағ., 16-18
сағ.) жоғары болады. Сондықтан бұл мезгілдерді мектепте сабақ оқуына және
ұйде үй тапсырмаларын орындауға пайдалану керек. Таңертең оқитын оқушылар
16-18 сағат, түстен кейін оқитын оқушылар 8-12 сағат аралығында сабаққа
дайындалғаны жөн. Гигиеналық талапқа сай үй тапсырмаларының мөлшері барлық
пәннен де баланың жасына лайық жоспарланады. Сондықтан 1-ші сынып оқушылары
сабақ дайындауға 1 сағат, ал 8-11 сынып оқушылары 3-4 сағат уақыт жұмсайды.
Сабақ дайындау барысында бастауыш сынып оқушылары әрбір 25-30 минөт
сайын, жоғары сыныптағылар 45 минөт сайын үзіліс жасап, демалуы керек.
Жоғарғы сынып оқушылары 2 сағаттан кейін 20 минөт белсенді түрде дем алғаны
дұрыс болады. Сол кезде баланың таңдауына, отбасының жағдайына сай үй
шаруасына араласуына немесе қозғалысы мол ойын ойнауына болады.
Оқушының сабаққа дайындалатын ж ұ м ы с о р ы н ы таза, бөлмесінің
ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық
талапқа сай болу керек. Бөлменің шаң тозаңын су шүберекпен сүртіп,
терезенің шынысын мезгіл-мезгіл жуып тазартады. Бөлменің тазартуы жеңіл
болу үшін қажетсіз артық заттар, жөнсіз әшекейлер болмауы тиіс. Бөлменің
жылылығы 18-20-22 оС, ылғалдығы 50-70 %, жарығы мол болғанда ғана оқушының
еңбегі гигиеналық тұрғыдан қарағанда дұрыс ұйымдастырылады. Оның жұмыс
орыны (үстелі мен орындығы) жарық мол болу үшін терезеге жақын тұрып,
баланың дене көрсеткіштеріне сай болу керек. Үстелдің үстіндегі заттарды
белгілі тәртіппен орналастырып, дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастырған
жағдайда оқушының еңбегі нәтижелі болады. Сондықтан қағаздар, кітаптар,
қалам-қарындаштардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы орта мен мектеп кешеніне арналған гигиеналық талаптар
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
Мектеп – педагогикалық процестерді басқарудың орталығы
Мектеп өмір қауіпсіздігі
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу формалары
Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының тарихы
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру
Еңбек пәнін оқыту әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал)
Білімнің жаңа мазмұны негізінде ана тілі пәнінің оқыту ерекшеліктер
Пәндер