Мұсылман әлемінің философиясы. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мүламмед ибн



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мұсылман әлемінің философиясы

Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және
мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек
ғылымы, философиясымен қатар Алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс
мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді онан
әрі жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Еуропада христиандық дінді
идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу үдерісі жүріп
өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VІІ-Х ғасырларда философия мен ғылым
өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай
салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология,
астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім
салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б.
ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл-Бируни Жердің өз
өсінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі
болды, сондай-ақ, көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен
бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы
үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет
геометриямен байланыстырды.
Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен
философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді.
Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен, сонымен
бірге Шығыс мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми,
теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогресшіл
рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман өлемінің ойшылдары
араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб
емес, түркі және парсылар болды.
Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек
дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға
толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түрік философтар мен
ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, тағы басқалармен қатар әл-Хорезми,
әл-Бируни, ибн Сина, әл-Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар
мен философтардың есімдерімен танысты.
Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына әл-Кинди
және әл-Фараби жатады. Әл-Киндиді ортағасырлық дәуірде арабтардың
философы деп жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебі әл-Кинди
мұсылман әлемінің көптеген философтары ішінде шығу тегі жөнінен араб. Әбу-
Жүсіп Якуб ибн Исхак әл-Кинди (800—879) Басра қаласынан шыққан, жетік білім
алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде
де белгілі, геометрия, оптика, метереологая, психология, музыка салалары
бойынша трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерінен біздің заманымызға дейін аз
ғана бөлігі жетті. Логикалық-гносеологиялық мәселелерге арналған
жұмыстарымен қатар, мынадай трактаты белгілі: Аристотель кітаптарының саны
жөнінде және философияны меңгерудің шарты, бастапқы философия туралы бес
мәнділік жайында кітап, пайда болу және жойылу себептерін түсіндіру туралы
трактаттар. Әл-Кинди жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның
замандастары мен ізбасарларының жекелеген сілтемелері, әр түрлі тақырыптар
мен үзінділер арқылы білеміз. Оның мұрасының осы үлкен бөлігі Х-ХІ
ғасырлардағы діни реакция тұсында жойылған. Әл-Кинди мынадай мәселелерге
зор көңіл қояды: Құдай мәселесі, ақыл-ой мәселесі мен философияның мәнін
анықтау, ғылымдарды классификациялау. Өзінің шығармаларында әл-Кинди
Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді: 1. Құдай түсі егіз, барлық
нәрсенің абсолюттік бастауы ретінде; 2. Құдай мақсатты себеп ретінде; 3.
Құдай кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақыттағы мәңгілік ретінде.
Философтың пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістікті және
уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді және
ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-
ой берілгендіктен ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені де
таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстардың себептік
байланысын, олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақыл рөлін
анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы
туралы идеяны айтады. Әл-Кинди ақыл ойдың мынадай төрт түрін ерекшелейді:
активті, пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.
Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фараби X ғасырдағы
Аристотельдің ізбасары болып саналады. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мүламмед ибн
Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб
қаласына түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам
еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясатты, психологияны
зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдің алғашқы
комментаторларының бірі. Ол Аристотельдің Категориялар, Герменевтика,
Аналитика. Софистика. Поэтика сияқты шығармаларына түсініктеме берді.
Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия
мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды,
оның көпшілігі қазақ тіліне әлі аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми
болжамға, әлемді ғылыми таным білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-
зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтық жойылып, жер бетінде қайырымдылық
(ізгілік) бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз
және соғыссыз қоғам идеяларын, жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық
қатынастарын идеялық, теориялық тұрғыда негіздеді. Өзінің Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары, Адамдық саясат ерібектерінде Фараби саясат
пен мораль мәселелерін қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси
жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріл,
аббасидтер халифатындағы әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған
теориялық түсінік береді. Әл-Фарабидің көптеген философиялық идеялары
батысеуропалық философия идеялары мен концепцияларының қалыптасуына,
дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын
тигізді. Сонымен қатар оның идеялары мұсылман әлемінің көптеген
ойшылдарының, мысалы, ибн Сина, Ж.Баласағұн және тағы басқаларының
философиялық көзқарастарына да әсер етті.
Философия мен ғылымның дамуына түркістандық Бұқарадан шыққан
энциклопедист-ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037) өзінің үлкен үлесін қосты.
Ибн Сина әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда онан әрі
жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея және т.б. Шығыста ибн
Синаны аш-Шейх ар Райс деп атаған (аударғанда аш Шейх — рухани ұстаз, ал ар
Раис - басшы дегенді білдіреді), ал Батыста атақты Медицина ғылымы
канондарының авторы Авиценна деген атпен белгілі болды. Ибн Синаның
философиялык көзқарастарына әл-Фараби үлкен ықпалын тигізді. Ибн Сина
надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күрескен жан-жақты ғалым
адам болды. Әр түрлі білім салаларындағы қажырлы еңбегі және орасан зор
шығармашылық әдеби, ғылыми-философиялық мұрасына орай ибн Синаны
энциклопедист ғұлама деп орынды атайды. Ғалымдардың мәліметі бойынша ибн
Сина 450-ден аса еңбек жазған, онан біздің заманымызға дейін 240-ы жетті.
Ибн Синаның тірі кезінде-ақ өзінің философиялық идеяларын баяндаған Шығыс
философиясы және 20 томнан тұратын Әділеттілік деп аталатын философиялық
энциклопедиясы жоғалып кеткен болатын.
Шығыста да, Батыста да ең танымал оның Медицина канондары деп
аталатын капиталды еңбегінде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген
анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармакологая, профилактика
мәселелері қарастырылған. Өзінің философиялық жүйесін ибн Сина платондық
ілімнен бас тарта отырыл, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесіндегі
ғылымдар классификациясы өз ерекшелігімен қызыктырады. Әбу Әли философиялық
білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер
теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия -
игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина физиканы,
математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады.
Бұл ғылымдардың барлы-ғын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды
ғылымға жатады. Логика - бұл әлемді тану кұралы, ол барлық ғылымдарға тәсіл
береді. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп санады (метафизиканы ол
бірде философия, бірде теология деп түсінді). Жильсонның пікірінше
теологияның статусы туралы авиценналық шешім ізгі хабарға жол ашады, бірақ
әрбір құндылық туралы мәселеге толық жауап жоқ.
Газалидің айтуынша ибн Сина философиялаушы мұсылман ретінде өзінің
пайымдауларында кейде дінсіздікке жақын жағдайларға дейін барады.
Шындығында, ибн Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келеді: егер
философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім
берсе, ал теологиялық білім сенімге негіздследі. Өзінің батыл және ерекше
дара идеялары үшін ибн Сина үнемі қуғынға ұшырап отырды. Ибн Синаның
философиялық позициясы кезіндегі әл-Фарабидің философиялық ізденістерінен
өз бастауын алатын шығыс перипатетизм бағытын онан әрі дамытқан заңды
жалғасы болды. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теологияның ара
жігін ажыратқан, олардың статусы туралы идеясын онан әрі ибн-Рушд өзінің
қосарланған ақиқат туралы теориясында жалғастырды.
Орталық Азиялық әлемнің келесі бір інжу-маржаны — Баласағұн қаласынан
шыққан түрік, Құтадғу білік (Құтты білім) деп аталатын атақты
шығарманың авторы Жүсіп Баласағұн (XI ғасыр). Өлең түрінде жазылған бұл
шығарма 6520 бәйіттен тұрады. Оның негізгі тақырыбы моральдық-этикалық
мәселе. Баласағұн әл-Фарабидің ізгі қала-мемлекет туралы идеяларын қолдай
отырып, мемлекеттің формасы билеушінің адамгершілік тазалығы мен
асқақтығына, билеуші мен бағыныштылар арасындағы ізгілкті қарым-
қатынастарға байланысты деп есептеді. Өз еңбегінде философ саяси
дағдарыстар түсындағы Қарахандар мемлекеті үшін қажетті (ол сол заманда
өмір сүрді) билеушінің идеалды портретін беруге тырысты. Баласағұн
билеушіге мынадай ақыл-кеңестер береді: Біліп ал: адамдар алдында сенің үш
парызың бар. Соны орында — күшпен үзаққа бармассың. Ең алдымен күмістей
тазалықты сақта... Екіншіден - адамдарға әділ заң бер... Және үшіншіден —
күзетіңді мықта. Баласағұнның түрік тілінде жазылған Құтты білік еңбегі
сол заман энциклопедиясын білдіреді. Бұл жұмыс этика, саясат мәселелеріне
арналып қана қоймай, философиялык, эстетикалық, ертедегі түріктердің діни
таным-сенімдеріне байланысты материалдарға да толы.
Қарахан қағанатын гүлденген дәуірінде өмір сүрген тағы бір философ
Махмұт Қашқари. Ол өзінің 1072-1083 жылдары жазылған Дивани лұғат ат-
түрік (Түрік тілінің сөздігі) еңбегінде түрік рулары мен тайлаларының
тілі, әдет-ғұрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмірінен де мол
мағлұмат береді. Ол идеалардың қоғамдық өміріндегі адамгершіліктің,
тәрбиенің, білімінің маңызына назар аударып қана қоймай, рулар арасында-ғы
қарым-қатынасты реттеу мен бекітудегі қуатты тетік ретінде тілдің рөліне де
үлкен көңіл қояды. Қоғамдық өмір мен мемлекетті нығайтуда түрік философының
айтуынша ер мінезділік, адалдық, патриотизм және т.б. адамгершілік қадір-
қасиеттер маңызды орын алады. Сонымен қатар, түрік халықтарының бір-бірімен
жақындасуы мен қатынасуының негізгі құралы ретінде Қашқари ана тілінің
маңызды рөлін баса көрсетеді.
Философия дамуындағы рационалистік бағыт әл-Фараби, ибн Сина,
Баласағұн есімдерімен қатар, мұсылмандық Шығыстың мынадай танымал ғалымдары
мен философтары арқылы сипат-талады: Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Философиялық көзқарастары
Ислам мәдениеті
«Арабтардың философы» - әл – Кинди
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Фараби туралы
Мұсылман әлемінің философиясы
Мұсылман философиясы
Пәндер