Мұсылман әлемiнiң философиясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мұсылман әлемiнiң философиясы
 
Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және
мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемiнiң данышпандары ерте грек
ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс
мәдениетi мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлердi онан
ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дiндi
идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негiздеу процесi жүрiп
өтсе, ал мұсылман аймағында, әсiресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым
өзiнiң гүлденген кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде ғылымның мынадай
салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология,
астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы бiлiм
салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б.
ойшылдар өздерiнiң үлкен үлестерiн қосты. Мысалы, әл-Бируни Жердiң өз
осiнен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бiрi
болды, сондай-ақ көптеген өзге әлемдердiң өмiр сүруi туралы идеялар мен
бiрнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы
үшiншi дәрежеге дейiнгi теңдеулердiң шешiмiн жүйелеп, оны тұңғыш рет
геометриямен байланыстырды.
Мұсылман әлемiнiң философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен
философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және  теориялық үлкен ықпалын
тигiздi. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мәдени мұрамен,
сонымен бiрге Шығыс мәдениетiнiң прогрессивтi жетiстiктерiмен танысты. Бұл
ғылыми, теориялық жетiстiктер мен философиялық жаңашылдықтарды,
прогрессивтi рационалистiк философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман
әлемiнiң ойшылдары араб тiлiнде жазғанымен, олардың бiразы этникалық шығу
тегi жағынан араб емес, түркi және парсылар  болды.
Осылай, Батыс әлемi Шығыспен рухани диалогының нәтижесiнде ерте грек
дүниесiмен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға
толы шығыстық мәдениеттiң есiгiн ашты. Шығу тегi түрiк философтар мен
ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари тағы басқалармен қатар әл-Хорезми,
әл-Бируни, ибн Сина, әл-Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар
мен философтардың есiмдерiмен танысты.
Ислам философиясының бастапқы негiзiн қалаушылар қатарына әл-Кинди және
әл-Фараби жатады. Әл-Киндидi ортағасырлық дәуiрде “арабтардың философы” деп
жиi атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебi әл-Кинди мұсылман әлемiнiң
көптеген философтары iшiнде шығу тегi жөнiнен араб. Әбу-Жүсiп Якуб ибн
Исхак әл-Кинди (800-879) Басра қаласынан шыққан, жетiк бiлiм алған, тек
философ ретiнде ғана емес, дәрiгер, математик, астроном ретiнде де белгiлi,
геометрия, оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша
трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерiнен бiздiң заманымызға дейiн аз ғана
бөлiгi  жеттi. Логикалық-гносеологиялық мәселелерге арналған жұмыстарымен
қатар, мынадай трактаты белгiлi: “Аристотель кiтаптарының саны жөнiнде және
философияны меңгерудiң шарты, бастапқы философия туралы бес мәндiлiк туралы
кiтап, пайда болу және жойылудың себептерiн түсiндiру туралы трактаттар”.
Әл-Кинди жұмыстарының қалған бөлiктерi туралы оның замандастары мен
iзбасарларының жекелеген сiлтемелерi, әр түрлi тақырыптар мен үзiндiлер
арқылы бiлемiз. Оның мұрасының осы үлкен бөлiгi Х-ХI ғасырлардағы дiни
реакция тұсында жойылған. Әл-Кинди мынадай мәселелерге үлкен көңiл қояды:
Құдай мәселесi, ақыл-ой мәселесi мен философияның мәнiн анықтау, ғылымдарды
классификациялау. Өзiнiң  шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай
түсiндiрмелерiн бередi: 1. Құдай түп-негiз,   барлық   нәрсенiң   
абсолюттiк   бастауы  ретiнде;
2. Құдай мақсатты себеп ретiнде; 3. Құдай кеңiстiктегi абсолюттiк шексiздiк
және  уақыттағы мәңгiлiк ретiнде. Философтың пiкiрiнше, Құдай материяны,
форманы, қозғалысты, кеңiстiктi және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе
қозғалыстың нәтижесiнде өзгередi және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе
мәңгiлiк емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берiлгендiктен ол өзiн-өзi
танып қана қоймай, өзiн қоршаған дүниенi де  таниды. Ақылдың көмегiмен адам
заттар мен құбылыстардың себептiк байланысын, олардың мәнiн ұға алады.
Адамның әлемдi танудағы ақылдың рөлiн анықтай отырып әл-Кинди ақыл-ойдың
төрт түрiн және танымның үш сатысы туралы идеяны айтады. Әл-Кинди ақыл
ойдың мынадай төрт түрiн ерекшелейдi: активтi, пассивтi, жинақтаушы,
жариялаушы.
Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фараби Х ғасырдағы
Аристотельдiң iзбасары болып саналады. Әбу Насыр Мухаммед ибн Тархан ибн
Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб қаласында түрiк
отбасында дүниеге келдi. Фараби жоғары бiлiмдi оқыған адам едi, ол
медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясатты, психологияны
зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдiң алғашқы
комментаторларының бiрi. Ол Аристотельдiң “Категориялар”, “Герменевтика”,
“Аналитика. Софистика. Поэтика” сияқты шығармаларына түсiнiктеме бердi.
Бiрақ әл-Фарабидiң дара философ ретiндегi даңқы басым болды. Ол философия
мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды,
оның көпшiлiгi қазақ тiлiне әлi аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми
болжамға, әлемдi ғылыми  танып бiлу мүмкiндiгiне сенiп, қоғамдағы зорлық-
зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетiнде қайырымдылық
бастаудың салтанат құратынын  жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және
соғыссыз қоғам идеалын жер бетiндегi халықтардың бейбiт және достық
қатынастарын идеялық теориялық тұрғыда негiздедi. Өзiнiң “Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары”, “Адамдық саясат” еңбектерiнде Фараби саясат
пен мораль мәселелерiн қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси
жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы  қатынастар мәселесiн көтерiп,
аббасидтер халифатындағы әлеуметтiк қайшылықтарды пайымдай отырып, оған
теориялық түсiнiк бередi. Әл-Фарабидiң көптеген философиялық идеялары
батысевропалық философияның идеялары мен концепцияларының  қалыптасуы мен
дамуына, әсiресе Б.Спинозаның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын
тигiздi. Сонымен қатар оның идеялары мұсылман әлемiнiң көптеген
ойшылдарының, мысалы ибн Сина, Ж.Баласағұн және тағы басқаларының
философиялық көзқарастарына да әсер еттi.
Философия мен ғылымның дамуына түркiстандық Бұқарадан  шыққан
энциклопедист-ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037) өзiнiң үлкен үлесiн қосты.
Ибн Сина әл-Фарабидiң кейбiр идеяларын шығармашылық тұрғыда онан ары
жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея және т.б. Шығыста ибн
Синаны аш-Шейх ар Райс деп атаған (аударғанда аш Шейх – рухани ұстаз, ал ар
Раис—басшы дегендi бiлдiредi), ал Батыста атақты “Медицина ғылымының
канондарының авторы” Авиценна деген атпен белгiлi болды. Ибн Синаның
философиялық көзқарастарына әл-Фараби үлкен ықпалын тигiздi. Ибн Сина
надандыққа  қарсы шығып, ақыл-ой үстемдiгi үшiн күрескен жан-жақты ғалым
адам болды. Әр түрлi бiлiм салаларындағы қажырлы еңбегi және орасан зор
шығармашылық әдеби, ғылыми-философиялық мұрасына орай ибн Синаны
энциклопедист ғұлама деп орынды атайды. Ғалымдардың мәлiметi бойынша ибн
Сина 450-ден аса еңбектер жазған, онан бiздiң заманымызға дейiн 240-ы
жеттi. Ибн Синаның тiрi кезiнде-ақ өзiнiң философиялық идеяларын баяндаған
“Шығыс философиясы” және 20 томнан тұратын “Әдiлеттiлiк” деп  аталатын
философиялық энциклопедия жоғалып кеткен болатын.
Шығыста да, Батыста да ең танымал оның “Медицина канондары” деп
аталатын капиталды еңбегiнде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген
анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармакология, профилактика
мәселелерi қарастырылған. Өзiнiң философиялық жүйесiн ибн Сина платондық
iлiмнен бас тарта отырып, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесiндегi
ғылымдар классификациясы өзiнiң ерекшелiгiмен қызықтырады. Әбу Әли
философиялық бiлiмдi екi салаға бөледi: теориялық және практикалық. Оның
ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, ал практикалық
философия – игiлiкке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина
физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы
жатқызады. Бұл ғылымдардың барлығын пысықтайтын логика, сондықтан ол
инструменталды ғылымға жатады. Логика – бұл әлемдi  танудың құралы, ол
барлық ғылымдарға тәсiл бередi. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп
санады (метафизиканы ол бiрде философия, бiрде теология деп түсiндi).
Жильсонның пiкiрiнше теологияның статусы туралы авиценалық шешiм iзгi
хабарға жол ашады, бiрақ әрбiр құндылық туралы мәселеге толық жауап жоқ.
Газалидiң айтуынша ибн Сина “философиялаушы мұсылман” ретiнде өзiнiң
пайымдауларында кейде дiнсiздiкке жақын жағдайларға дейiн барады.
Шындығында, ибн Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келедi: егер
философия ақыл-ойдың мәлiметiне, дәлелге негiзделген шындық туралы бiлiм
берсе, ал теологиялық бiлiм сенiмге негiзделедi. Өзiнiң батыл және ерекше
дара идеялары үшiн ибн Сина үнемi қуғынға ұшырап отырды. Ибн Синаның
философиялық позициясы кезiндегi әл-Фарабидiң философиялық iзденiстерiнен
өзiнiң бастауын  алатын шығыс перипатетизм бағытын онан ары дамытқан оның
заңды жалғасы болды. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теологияның
ара жiгiн ажыратып, олардың статусы туралы идеясын онан ары ибн-Рушд
өзiнiң, қосарланған ақиқат туралы теориясында  жалғастырды.
Орталық Азиялық әлемнiң келесi бiр iнжу-маржаны Баласағұн қаласынан
шыққан түрiк “Құтадғу бiлiк” (“Құтты бiлiм”) деп аталатын атақты шығарманың
авторы Жүсiп Баласағұн (ХI ғасыр). Өлең түрiнде жазылған бұл шығарма 6520
бәйiттен тұрады. Оның негiзгi тақырыбы моральдық-этикалық мәселе. Баласағұн
әл-Фарабидiң iзгi қала-мемлекет туралы идеяларын қолдай отырып, мемлекеттiң
формасы билеушiнiң адамгершiлiк тазалығы мен асқақтығына, билеушi мен
бағыныштылар арасындағы iзгiлiктi қарым-қатынастарға байланысты деп
есептедi. Өзiнiң еңбегiнде философ саяси дағдарыстар тұсындағы Қарахандар
мемлекетi үшiн қажеттi (ол сол заманда өмiр сүрдi) билеушiнiң идеалды
портретiн беруге тырысты. Баласағұн билеушiге мынадай ақыл кеңестер бередi:
“Бiлiп ал: адамдар алдында сенiң үш парызың бар. Соны орында – күшпен
ұзаққа бармассың. Ең алдымен күмiстей тазалықты сақта... Екiншiден –
адамдарға әдiл заң бер... Және үшiншiден – күзетiңдi мықта”. Баласағұнның
түрiк тiлiнде жазылған “Құтты бiлiк” еңбегi сол заман энциклопедиясын
бiлдiредi. Бұл жұмыс этика, саясат мәселелерiне арналып қана қоймай,
философиялық, эстетикалық, ертедегi түрiктердiң дiни наным сенiмдерiне
байланысты материалдарға да толы.
Қарахан қағанатының гүлденген дәуiрiнде өмiр сүрген тағы бiр философ
Махмұт Қашқари. Ол өзiнiң 1072-1083 жылдары жазылған “Дивани лұғат ат-тюрк”
(“Түрiк тiлiнiң сөздiгi”) еңбегiнде түрiк рулары мен тайпаларының тiлi,
әдет-ғұрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмiрiнен де мол мағлұмат
бередi. Ол адамдардың қоғамдық өмiрiндегi адамгершiлiктiң, тәрбиенiң,
бiлiмнiң маңызына назар аударып қана қоймай, рулар арасындағы қарым-
қатынасты реттеу мен бекiтудегi қуатты тетiк ретiндегi тiлдiң рөлiне де
үлкен көңiл қояды. Қоғамдық өмiр мен мемлекеттi нығайтуда түрiк философының
айтуынша ер мiнездiлiк, адалдық, патриотизм және т.б. адамгершiлiк қадiр-
қасиеттер де маңызды орын алады. Сонымен қатар, түрiк халықтарының бiр-
бiрiмен жақындасуы мен қатынасуының негiзгi құралы ретiнде Қашқари ана
тiлiнiң маңызды рөлiн баса көрсетедi.
Философия дамуындағы рационалистiк бағыт әл-Фараби, ибн Сина, Баласағұн
есiмдерiмен қатар, мұсылмандық Шығыстың мынадай танымал ғалымдары мен
философтары арқылы сипатталады: Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн
Абдаллах, ар-Раванди. Бұлардың соңғы екеуi туралы замандастарының қалдырған
кейбiр естелiктерiнен өзге мәлiметтер өте аз. Алайда олардың өмiрiнiң
трагедиялық жағдайда аяқталуы ибн Абдаллах пен ар Раванди өз идеяларын
қорғау жолындағы олардың батылдығынан, рухы мен еркiнiң жоғары күш-
жiгерiнен хабар бередi. Бұл аталғандар 760 жылы халиф әл-Мансұрдың бұйрығы
бойынша еркiн ойлары үшiн жазаланып, бастары кесiлген. Ибн Абдаллах (724-
760) және  Ибн ар-Равани Әбу-л-Хусейн Ахмед ибн Яхия  (827-864) ежелгi грек
тiлiн бiлген бiлiмпаздар едi, сонымен қатар олар ертегрек, ертеүндi,
ертеиран және  еврей философияларын меңгерiп, антикалық және шығыс
философтарының шығармаларын араб тiлiне аударды. Мысалы, Әл-Мукаффа
Абдаллах Аристотельдiң “Категориялары” мен “Аналитикасын” араб тiлiне
аударды. Ибн әл Мукаффа Абдаллах пен ибн ар-Раванди бастапқыда
мутазилиттердiң идеялары мен көзқарастарын мойындаса, кейiнiрек ар-Раванди
шиизмге қызығушылық танытып, ақырында мүлдем дiннен алшақтайды, ал ибн
Абдаллах исламнан бiрте-бiрте түңiлiп, зороастризмге ден қояды. Бұл  екi
философ та исламға күмәнмен қарап, Құранның қасиеттiлiгiне күдiк  келтiрiп,
оның кейбiр жағдайларының қайшылықтары мен әдеби тұрғыда жетiлмегендiгiне
назар аударады.
Ибн  Абдаллахтың қаламынан мынадай шығармалар туды: “Әл-Адаб әл-Кабир”
(“Ұлы iстер үшiн насихат”), “әл-Адаб ал-Сагир” (“Кiшi iстер үшiн насихат”).
Ибн Абдаллахпен салыстырғанда ар-Раванди өзiнiң радикалды көзқарастары мен
идеяларымен  ерекшелендi, ол оның мынадай жұмыстарынан көрiнедi: “Китаб ат-
тадж” (“Тәж кiтабы”), Аз-Зумурдат” (“Маржан тас”), “Ад Дами” (“Төгiлген
жастар”), “Албасирет” (“Алғырлық”).
Әл-Разидiң еңбектерi бiршама көп мөлшерде сақталған және бiздiң
заманымызға дейiн жеткен. Әбу-Бекр Мухаммед ибн Закария әл-Рази (латынша
аты Разес, 865-925934ж) Тегеран маңындағы Рея қаласынан шыққан. Оны
замандастары ғалым энциклопедист ретiнде бағалайды. Жалпы көлемi 184 жұмыс
жазды, оның бiздiң заманымызға дейiн жеткенi 61. Әл-Разидiң шығармашылық
мұрасы философия, медицина мәселелерiне қатысты туындылармен байланысты.
Оның онтология мен гносеология мәселелерi бойынша идеялары ерекше
қызығушылық тудырады. Мысалы, ол онтологияда бес мәңгi бастау туралы идеяны
негiздейдi: жаратушы, жалпы рух, праматерия, абсолюттiк кеңiстiк және
абсолюттiк уақыт, мiне осылар әлемнiң өмiр сүруiнiң қажеттi алғышарттары
болып табылады. Әл-Разидiң пiкiрiнше жан мен тән бiр-бiрiмен ажырамас
байланыста. Және адам ақыл-ойға ие болғандықтан табиғи құбылыстарды танып-
бiлуге қабiлеттi. Адам тiрi мақұлық ретiнде бiлiмнiң қуанышын сезуге
құштар. Адамдар арасында ақиқатқа жетуге қабiлеттiлерi философтар болып
табылады. Разидiң ойынша философ жаратушыға ұқсас болуға тиiс, ол адамдарға
әдiлеттi және олардың қателiктерiне кешiрiмдi болуы тиiс, себебi әркiм
ақиқатқа әртүрлi жолмен жетедi және шамасы келгенше жақындауға тырысады. Әл-
Рази өзiнiң пайымдау процесiнде Алланың рөлiн тек бастапқы түпнегiзге ғана
телiп, оның функциясын барынша азайтады, ал материалдық әлем өзiнiң
қозғалысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Мұсылман әлемінің философиясы
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Ортағасыр мұсылман философиясы
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері
Мұсылман әлемі философиясы
Калам - Ислам дініндегі философиялық ілім
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Мұсылман әлемінің философиясы. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мүламмед ибн
Пәндер