Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар 4
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер 11
Кіріспе
Қазақстанда құрылған партиялардың саны артуымен қатар көптеген
тарихи–ағарту, ұлттық–мәдени, әйелдер, жастар, зейнеткерлер, ардагерлер
көзқарастарын білдіретін көптеген қоғамдық ұйымдар құрылады. Сонымен қатар
табиғат қорғау, соғысқа қарсы, бейбітшілік үшін көптеген мәселелерді
көтеруші ұйымдар да дүниеге келді.
Аталған ұйымдар өздерін саясаттан тыс қоғамдық бірлестіктер деп
жариялағанымен көбінесе саяси қызметпен шұғылданды. Дегенмен олардың
әрқайсысы өзінің дүниеге келуі мен құрылуын өмірде орын алып отырған саяси
қайшылықтың бір көрінісі деп түсіндіруге тырысты. Ал мәселені бұлай қою
саяси наразылықтың ауқымын кеңейтуге әсерін тигізбей қоймады.
Қозғалысқа қатысушылардың кең көлемді мәселелерді шешуге талпынғанын
атап өттік. Соған қарамай халықты көтерген шақта оларды әрекеттері алдын
ала жоспарланған, талқыланған, азаматтардың ой–санасына жеткізілген
тұжырымдармен анықталмай, керісінше, сол көшеге шыққан көпшіліктің көңіл –
күйі, бір сәттік мақат – мүдделерінің жетегінде кетіп отырды. Мұндай
жағдайда әрине асыра сілтеу, орынсыз өкпеге ерік беру, кейбір ашынғандардың
қолшоқпарына айналу сияқты келеңсіз көріністерге бой ұру байқалып отырды.
Соның көрінісі ретінде ресми рұқсатсыз, келісімсіз ереуіл ұйымдастыру,
жиналыстар мен шерулер өткізу, аштық жариялау, әкімшілік ғимараттарын
қоршауға алу, үндеулер мен ұрандар үлестіру (жазба түрде) т.б. атауға
болады.
Төртінші кезең 1995 жылдың тамызына яғни Қазақстан халқы референдум
арқылы жаңа Ата Заңымызды қабылдаған уақыттан басталды. Күшті дамыған
Президенттік биліктің қажеттігінен туған аталған құжат өмірге жаңа әсерін
тигізеді деп күтілуде. Өмірге келген екі палаталы Парламент биліктер
арақатынасының дамуына игі ықпал етуі мүмкін. Жалпы бұл кезең жайлы тұжырым
жасауға ерте. Ол болашақ тарихшылар мен саясатшылардың міндеті.
Қазақстанда көппартиялықтың дамуының негізгі кезеңдерімен танысқан
соң, бірнеше қозғалыстың тарихына тоқталу қажет.
Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды
өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан
қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси
қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне
ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар
себеп болады: 1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей
жеткізе алмайды. Соңдықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2) экономикалық және
әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі
(1989 ж.) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда "Бірлік" деген ұйым
құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта "Парасат" деген
ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда
"Азат", "Желтоқсан" партиялары солай туған болатын.
Мәселен, Қазақстанның азаматтық"Азат" қозғалысы қоғамдық - саяси ұйым
ретінде 1990 жылдың 1 шілдесінде кұрылды. Басты мақсатын "Халықаралық,
Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде
Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп біледі. Бұл
қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм
зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс
орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жөнінде өз
ұсыныстарын жасады, "Желтоқсан", "Алаш" партияларымен бірге сепаратистік
пиғылдағы ұйымдарға (славяндық "Лад", "Русская община", казактар
бірлестіктері) олардың осы тұрғыдағы іс-әрекеттеріне бірнеше рет тойтарыс
беруге белсене кірісті.
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында алғашқы саты болуы
мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы,
басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық,
қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы
ортаны қорғау т.с.с. жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты
мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын
қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды ді
біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар
консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып
бөлінеді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және
мынадай сатылардан тұрады: козғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы;
үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың
өшу сатысы
Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп,
қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде
мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын
адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін
іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар
мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың
мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық,
жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми
сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар,
жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық)
одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-
ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы
миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен
өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси
мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
2. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту,
денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б.).
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні — кәсіподақтар.
Кәсіподақ — бір мамаңдықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін
адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге
тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар
өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің
әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп,
ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың
еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды.
Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық
және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет
ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың
отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси
партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz