Леонардо да Винчи - итальян кескіндемешісі, мүсінші, архитектор, ғалым әрі инженер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ

Леонардо да Винчи - итальян кескіндемешісі, мүсінші, архитектор, ғалым әрі инженер. Ауқатты нотариус семьясында туған. Көркемсурет тілінің жаңа құралдарын табуды теориялық тұжырымды шығарумен ұштастыра отырып, Леонардо да Винчи гуманизм мұратына сай келетін адам бейнесін жан-жақты шыңдап жасады;

сөйтіп кватроченто тәжірибесін қорытып, қайта өркендеу дәуірі өнерінің негізін салды. 1467-1472 жылы мүсінші Андреа дель Верроккьоден үйрену арқылы шеберлігін қалыптастырады. Көркемсурет саласындағы еңбек пен техникалық саласындағы тәжірибе ұштастырылған Флоренция кварченто шеберханасының жұмыс әдісі, сонымен бірге астроном Тосканеллимен пікірлес болуы жас Леонардо да Винчидің ғылми ынтасының оянуыа көп көмегін тигізді. Леонардо да Винчи алғашқы шығармаларында періштенің бет бейнесі, 1470 жылдан кейін, "Ғибадат ету", 1474 жылда екеуі де Флоренциядағы Уффици галереясында; "Мадонна Бенуа", 1478 жылы кварченто дәстүрлерін дамыта отырып, діни сюжеттерді адамзаттың алуан түрлі сезімдерінің айнасына айналдырды әрі сурет салудың жаңа әдістерін іске асырды. Әр түрлі техникамен салынған нобайларын мұқият зерттей отырып, Леонардо да Винчи бет пішін құбылыстарын тамаша келтірді, ал адам денесінің қимылнақышы мен ерекшеліктерін композицияның рухани сырларына сай жымдастыра білді. 1481 жылы Леонардо да Винчи Милан билеушісі Лодовико Мороның қол астында әскери инженер, гидротехник, сарай салтанатын ұйымдастырушы міндетін атқарды. 10 жылдан астам уақыт Лодовико Мороның әкесі Франческо Сфорцтің салт атты мүсінін жасады. Леонардо да Винчидің кескін-

демеші ретінде шарықтап кемелдену шағы да осы тұсқа саяды. "Құздағы мадонна" картинасында сауле мен көлеңкенің нәзік үйлесімі етене жандардың бір-біріне деген ыстық ықыластарының бастамасын білдіреді. Милан маңындағы Санта-Мария делле Грацие монастырының асхана залына жасаған "Құния атау ас" атты жазбасы бүкіл Европа өнерінің дамуындағы үлкен жетістіктің біріне айналды. Леонардо да Винчи сәулет ісі саласында "ғажайып қала" үлгісінің көптеген варианттарымен қатар қүмбезді ғибадатханалардың үздік түрлерін жасады. Миланда оның төңірегіне шәкірттер көп жиналды. Мұнан кейінгі жылдары Леонардо да Винчи көптеген жерлерде жұмыс істеді. Флоренцияда Веккьо палацосына жазбалар жасады. Бұл жазбаларда атты әскерлердің бір-біріне деген "ақылға сыймайтын айуандық" өшпенділігін баяндау арқылы ұлы суретші бейнелеу өнерінің соғыс жанрына жаңа заманға сай өзіндік қол таңбалы туынды әкелді. 1503 жылы Леонардо да Винчи әйгілі картинасы "Мона Лиза" портретін жасады. Мона Лиза жүзіндегі қуаныш қылаңы оның қөңіл тереңінде шымырлаған іңкәрлік ағынынан елес береді әрі суретте әйел бейнесінің асқан үлгісі адамгершілік мұраттармен етене ұласқан. Леонардо да Винчидің кейінгі творчестволық кезеңіндегі шығарма-

лары: маршал Тривульцио ескерткішінің жобалары, "Әулие Аннаның Мариямен және нәресте Христоспен тұрған кезі", "Шоқындырушы Иоанн" әлемнің апатқа ұшырауын бейнелейтін суреттер сериясы; мұнда аппаттардың құдіретті күші алдында адамның әлсіздігі жайлы ойлар табиғи процестердің қайталанбалығы жайын

дағы рационалистік ұғымдармен ұштасқан.

Леонардо да Винчидің итальян сөйлеу тіліндегі жазылған қойын дәптерлері мен қолжазбалары оның көзқарастарын зерттеу үшін аса маңызды деректер болып табылады. Леонардо да Винчи дүниеден кеткеннен кейін шәкірттері Мельци құрастырып шығарған "Кескіндеме жайлы трактаты" Европа көркемсурет практикасы мен теориялық ой-пікіріне орасан зор ықпал жасады; сонда да бұл еңбек автордың жазып қалдырған еңбектерінің жалпы контексінен бөлініп алынған үзінділерден тұратын еді. Леонардо да Винчидің өз басы үшін өнер мен ғылым бір-бірімен тығыз байланысты болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Қайта жаңғыру дәуірі
Леонардо да Винчи жайында
Кескіндеме жанырлары және оның ерекшеліктері
Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме шығармалары
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы шеберлерi
Қайта жаңғыру мәдениеті
Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйретудің тиімді әдістері. («Күз» өлшемі 80х100 кескіндеме, кенеп майлы бояу)
Қайта өрлеу мәдениеті
Ұлы анатом ғалымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz