Тәуке хан - Жәңгір ханның баласы


Тәуке хан (1680-1718) және ақын билері
Тәуке хан - Жәңгір ханның баласы. Ол атақты Төле биге, Қаз дауысты Қазбек би мен Әйтеке билерге арқа сүйеп, феодалдық ақсүйектер- сұлтандарды әлсіретіп, хандық өкіметтің үстем болуын жақтады. Ол жоғарыда аталған бас билермен кеңесе отырып "Жеті жарғы" әдет заңдарын шығарды. Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенімен, жинақ феодалдық құрылысты нығайтуға бағытталған еді. Тәуке ханның бұл әрекетінен нәтиже шықпады, Тәуке хан енді Ресеймен дипломатиялық сауда байланыстарын орната бастады. 1716 жылы Тәуке жоңғарларға қарсы шығу үшін Ресейден әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. Өйткені, 1690 жылдардың аяғында басталған және қазақ хандарының арасындағы қарулы қақтығыстар жиілеп, жау басым болып тұрды. Тәуке хан ел басқаруда беделі зор билер мен батырлардың тобына сүйеніп, феодалдық бытыраңқылыққа бейім тұрған хандар мен сұлтандардың ролін тежеуге тырысты. Ол тұрақты хан кеңесі, билер кеңесін құрып жыл сайын Құлтөбеде (Ташкент түбінде) Үш жүздің шонжарларын шақырып съезд өткізіп тұрды. Билер тобының қатысуымен Үш жүздің арасындағы маңызды мәселелер шешілетін болды. Олар халықты басқаруға арналған заң шығару мен сот істеріне араласты. Бірте-бірте жергілікті басқару істерін де қолдарына алды.
Төле би туралы. Төле би шамамен 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Шымкент облысы, Ленгер ауданы (1991 жылдан Төле би ауданы) Ақбұрхан деген жерде тоқсан жасында дүние салған. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле би оқыған сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле биден ел-жұрт, ағайын-туыс, алыс-жақын, жекжат-жұрағат, тіпті алты алаштың арасындагы хан, сұлтандардан да жоғары, биік болған.
Қаз дауысты Қазыбек би туралы. (1667-1764 ж. ) Қазбек би - Орта жүздің "Төбе биі" атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында "Жеті жарғы әдет-ғұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға. Қазбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, оның мемлекетаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешуде парасатты елші, дипломат екенін бағалап, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.
Қаз дауысты Казбек би - ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен, әділ қазы; үшіншіден, ол- халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.
Қазбек би 1667 жылы туып, шамамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек. Қаз дауысты Қазбек би бабамыздың денесі Түркістандғы Қожа Ахмет Иассауи сағанасына жерленген.
Әйтеке би туралы.
Әйтеке Бәйдібекұлы (1683-1767 ж. ) - артына мол сөз қалдырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрып, жоңғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан Тәуке ханның кеңесшісінің бірі болған. Әйтеке би шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жобасын жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құруға ат салысқан қоғам қайраткері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz