Маркетинг ортасын зерттеу: макроорта, микроорта және медиаортаның құрылымы мен элементтері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Маркетинг ортасын зерттеу

Маркетинг ортасы дегеніміз -ол фирманың маркетинг бөлімінің клиенттермен тиімді байланыс орнатып, оған әсер ететін белсенді субъектілердің және күштнрдің жиынтығы. Маркетинг ортасы келесі түрлерге бөлінеді: макроорта, микроорта, мелиаорта.

Макроорта кәсіпорынның әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды немесе қолайсыз жақтарын сынайды (кесте) .

Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Солардың қатарындағы аса маңыздылары мыналар: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер.

Жабдықтаушылар дегеніміз -фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үрдісіне қажет материалдық ресурстарымен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың келесі түрлері болады:

  • «эксклюзивті» жабдықтаушылар -тек қана бір фирмамен жұмыс істейді;
  • «адал» жабдықтаушылар -фирмаға және оның бәсекелестеріне бірдей адал қызмет көрсетеді;
  • «сырттағы» жабдықтаушылар -тек қана бәсекелестерге қызмет көрсетеді.

Жабдықтаушыларға әр түрлі маркетингтік талаптар қойылады. Олар:

  • өнім сапасы белгіленген стандартқа сәйкес болуы;
  • келісілген кестеге сәйкес нақты мезгілде өнімді жеткізу;
  • өнімді жеткізу көлемін толығымен орындау;
  • қажет болғанда қосымша қызмет көрсету;
  • тапсырыс берушінің жаңа талаптарын орындау;
  • келісілген бағаны сақтау;
  • тауар сапасына кепілдеме беру.

Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткізуге және таратуға көмектесетін әдетте арнайы компаниялар мамандары. Оларға мыналар жатады:

  • сауда делдалдары -фирма клиенттерін іздеп табуға және оларға тауарды сатуға көмектесетін іскер компаниялары. Олардың мақсаты -сату орнын, сату мерзімін және сатып алу процесінің фирмаға неғұрлым қолайлы болуын қамтамасыз ету;
  • тауар жылжытуды ұйымдастыратын маманданған фирмалары, компаниялары тауар қорларын жинауға және жылжытуға көмектеседі;
  • маркетинг қызметін атқаратын арнайы агентстволар ақылы тапсырыспен маркетинг зерттеулерін жүргізеді және маркетинг кешені туралы түрлі кеңестер береді немесе жарнамалық агентство компаниялары тауарды нарыққа бағыттауға және жылжытуға көмектеседі;
  • қаржы -несие мекемелері келісім әрекеттерді қаржыландыруға және тәуекелден сақтануға көмектеседі.

Микроортаның келесі маңызды құрылымы -бәсекелестер. Бәсекелестер дегеніміз -бір типті тауарларды нарыққа ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялары б. т.

Микроортаның соңғы элементі - клиенттер немесе тауарды тұтынушылар. Фирма нарықтың бес түрінде клиенттерге тауарларын ұсына алады. Олар:

  1. Тұтыну нарығы -тауарлар мен қызметтерді өзі тұтынуы үшін алатын жеке тұлғалар мен үй шаруашылықтары.
  2. Өндіруші нарығы -тауарлар мен қызметтерді өндіріс процесінде қолдану үшін алатын ұйымдар.
  3. Делдалдар нарығы -тауарлар мен қызметтерді өздеріне пайда түсіру үшін қайта сатумен айналысатын сауда бұйымдарының жиынтығы.
  4. Мемлекеттік мекемелер нарығы -тауарлар мен қызметтерді әрі қарай пайдалану үшін алатын мемлекеттік ұйымдар.
  5. Халықаралық нарық -шетел нарықтарында тауарды сатып алушылар.

Медиаорта дегеніміз -фирманың мақсатына жетуіне әсер ететін кез келген топ. Медиаорта фирма әрекетіне көмектесетін немесе кедергі жасайтын топтарға бөлінеді. Жалпы медиаортаның келесі түрлері кездеседі:

  1. Қаржы қоғамдары (банктер, инвестициялық компаниялар, қор биржалары) фирманы қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді.
  2. Ақпарат тарату құралдары (радио, теледидар, газеттер, журналдар т. б. ) кәсіпкерлік жүйесі туралы ақпарат таратады.
  3. Қоғамдар (тұтынушылар тобы, жергілікті тұрғындар) фирманың жұмысын бақылайды.
  4. Фирма қызметкерлері -олардың фирма жайлы қалыптасқан пікірлері жұмысшылардың өз міндеттерін орындау сапасына ықпалын тигізеді.

Макроорта факторлары

Факторлар
Негізгі көрсеткіштер
Факторлар: Демографиялық
Негізгі көрсеткіштер: Тұрғындардың саны. Аумаққа қарай орналасуы. Халық тығыздығы. Өсім құрылымы. Неке және ажырасу саны т. б.
Факторлар: Экономикалық
Негізгі көрсеткіштер: Тұрғындардың сатып алу қабілеті. Инфляция деңгейі. Мемлекеттің қаржы жағдайы. Халықтың тұтыну құрамының өзгеруі т. б.
Факторлар: Табиғи
Негізгі көрсеткіштер: Энергоресурстар мен шикізат көздерін пайдалану жағдайы және болашағы. Қоршаған ортаның ластану деңгейі т. б.
Факторлар: Ғылыми -техникалық
Негізгі көрсеткіштер: Технологиялық өзгерістердің қарқыны. Фирманың және оның бәсекелестерінің инновациялық көрсеткіштері. Технологиялық жаңартулардың қауіпсіздігіне қатал талап қойылуы т. б.
Факторлар: Саяси -құқық
Негізгі көрсеткіштер: Кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық жағдайы. Мемлекеттің экономикалық саясаты. Сыртқы саясаттың нарықтың дамуына әсері. Мемлекет шешімдерінің қоғам өміріне тигізетін әсері т. б.
Факторлар: Мәдени
Негізгі көрсеткіштер: Тұтынушылар бірлестіктерінің мәдени ерекшеліктері мен дәстүрі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг ортасы: макроорта, микроорта және медиаортаның құрылымы мен стратегиялары
Маркетинг ортасын кешенді талдау: макроорта, микроорта, медиаорта және бәсекелестік стратегиялар
Маркетинг ортасының макроорта, микроорта және медиаорта факторлары
Туристік маркетинг: түсінігі, элементтері және кәсіпорындық маркетинг қызметін басқару
Маркетингтік орта: макро- және микроорта факторлары мен кәсіпорынға әсері
LG Electronics Almaty Kazakhstan компаниясының маркетингтік ортасын зерттеу және өндірістік-маркетингтік іс-әрекеттерін талдау
Маркетинг ортасының макро- және микрофакторлары: сипаттары, ықпалдары және маркетинг қызметінің ұйымдастырылуы
Маркетинг бағдарламасы мен маркетинг стратегиясы: функциялар, зерттеу және жоспарлау
Фирманың микроорта факторларын анықтау және талдау
Borland Delphi ортасын зерттеу: құрылымы, компоненттер палитрасы және SpeedButton компоненті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz