Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы баланың іс - әрекетінің дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы баланың іс -
әрекетінің дамуы.
Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып
өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын_ болып
есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі " баланың өзінің көп
уақытын ойынмеи алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем
араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер
туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек
негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде
қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып,
еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да
нақтылап көрсетеді. Ьаланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер
өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда
болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын
объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу
адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра
праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала
сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге
байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда
сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік
ойында роль атқару дегеннің өзі рольде, көрсетілген міндетті орындау және
ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып
саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп
отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді
үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы
өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай,
сонымен бірге баланың өзіндік санасый да жоғары көтереді. Құрдастарына, туа
бастаған коллектив пікіріне қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін:
топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.
Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара
қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас
оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге
үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың осы
тобының талаптарына және өзінің жеке-дара қабілеттеріне сай ұстауға
үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік
мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын,
сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың
ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.
Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі — оның ұжымдық
сипатта болатындығы. Әрине, жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де
түрақсыз болады. Өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ АСПЕКІЛЕРІ
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысында таным процесін дамыту
Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлауы және сөйлеуі
Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділігін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеті
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану
Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі
Пәндер