Студент болашақ басшы мемлекет қайраткері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Студент болашақ басшы мемлекет қайраткері

Біздің студенттер жыл сайын 14 ақпанда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Болашақ” бағдарламасымен Ұлыбританияның Кардифф университетінде білім алып, тәкаппар Англияны білімімен, ағылшын тілін шебер білгендігімен таңқалдырған, 2005 жылы әуе апатынан қаза болған магистранттар - Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлейманованы еске алу күнін ұйымдастырып келеді. Болат ізденуші ретінде ғылыми жұмыстармен айналысып, кандидаттық диссертациясын қорғауға дайындалып жүрген еді. Айнұр Лондонда тележүргізушілер конкурсында жеңіп шығып, “Би-би-си” телеарнасының эфиріне шығуға жан-жақты дайындық үстінде болған. Болаттың арманы Ақтауда Ұлыбританияның мұнай астанасы - Абердине қаласындағыдай халықаралық порт салуға өз үлесін қосу, Айнұрдың арманы Астанада ағылшын тілінде мектеп ашып, ауыл балаларын оқыту еді . . . Біз Болаттың Кеңес Одағының Батыры Ағәділ Суханбаевтың ұрпағы, Айнұрдың Әлия Молдағұлованың жиені екендігінен хабардармыз. Үстіміздегі жылдан бастап, колледжде Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлейманова атындағы екі атаулы стипендия тағайындалып, беріле бастады.

“Нұр Отан” ХДП-ның “Жас Отан” жастар қанатының бірінші съезінде күш-жігері тасыған жастардың бас қосып, ұлы істерге ұмтылыс танытуын - аға ұрпақтың игі істерінің жалғасы деп білеміз. Ал осы съезге облысымыздағы 14 делегаттың бірі болып колледж оқытушысы, “Жасыл ел” аймақтық бағдарламасының аудан бойынша төрағасы М. Жарқынбековтің баруы атамыз атындағы колледждің мәртебесі мен мерейін тағы бір көтеріп тастағандай.

Студенттерді мемлекеттік қызметке жас кезінен бейімдеу үшін әр топта старосталар емес, топ әкімдері сайланып отырады.

Колледжде жастардың өзін-өзі басқаруда, қоғамдық жұмыстар мен мәдени шараларға қатысуда белсенділіктерінің айғағы - “Жас Отан” партиясының “Жастар кеңесі” құрылған. Біздің бастауыш партия ұйымы өткен жылы “Нұр Отан” ХДП-ның облыстық филиалы ұйымдастырған байқауда жүлделі 1 орынды жеңіп алды.

Оқу орнында 2005 жылдан бастап Отанға деген мақтаныш сезімдерін арттыру мақсатында “Астана - арман қала” тақырыбында байқау ұйымдастырылып, жеңімпаз мұғалімдер мен студенттер ару қаламызға тегін жолдамамен барып тұрды. Биылғы байқаудың басты шарты - Астана қаласының 10 жылдығына өлең арнау, шығарма жазу болды. Жүзден жүйрік шыққан колледждің 10 студенті мен 4 үздік оқытушысы Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттарының қабылдауында болып, елордамен танысты. Жастарымыз “Нұр Астана” мешітіне соғып, аруақтарға арнап құран бағыштап, мешіт имамының батасын алып қайтты.

Оқу орнында білім алып жатқан жүзі басқа, жүрегі бір, тілі басқа, тілегі бір 18 ұлт өкілдерінің арасында ұлтаралық татулық пен достықты нығайта беру мақсатында Талғар аудандық Ассамблеясының келісімімен Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы құрылды. Үстіміздегі жылы осы Ассамблеяның мүшелері - “ЗОЖ” командасы Алматы қаласы және облысы бойынша өткен колледжаралық “Қазақстан-Түркия достық және бауырластық нышаны” атты тақырыптағы сайысқа қатысып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Біздің оқу орнында өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді дәріптеу жұмыстары да жолға қойылған. 2007 жылы өткен “Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ . . . ” атты облыстық байқауда колледж оқушысы Инесса Шашкова жүлделі 2-ші дәрежелі орынды иеленді.

Елімізде экономикалық дамудың нәтижелері анық байқалған сайын кәсіби мамандардың жетіспеушілігінен шетелдік жұмысшыларға деген сұраныстың артуын күнделікті сезіп отырмыз. Сондықтан, нарық талабын меңгере отырып, колледж базасында қысқа мерзімді 25 әртүрлі жұмысшы курстары ашылды.

Үстіміздегі оқу жылында колледжімізге мемлекет тарапынан бөлінген 360 миллион теңгеге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары да ұжым мен студенттердің көңіліне қуаныш нұрын септі.

Кәсіби мамандарды даярлайтын оқу орнында білім беруді ақпараттандыру үрдісі жүріп жатыр. Колледжде 2 лингафонды, Pentіum компьютерлерімен жабдықталған 8 компьютер кластары, жалпы 160 компьютер (9 балаға - 1 компьютер), оның ішінде екі сынып әлемдік Интернет желісінде жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Ұстаздар “электронды үкіметті” жүзеге асыру мақсатында аудан тұрғындары үшін де қосымша білім беру сабақтарын жүргізуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары және Алаш қозғалысының жетекшілері
Қаныш Сәтпаев - алғашқы геолог
Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметін зерттеу
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
Чжоу Эньлайдың революциялық қызметі
Қоғамдағы инновациялық технологияның педагогикалық шарттары
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Тұрар Рысқұлов өмір дерегі
Қоғам қайраткері Д. Қонаевтің өміржолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz