Әмір-Темір - ірі мемлекет қайраткері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   


Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті

Шығыстану кафедрасы

Әмір-Темір - ірі мемлекет қайраткері

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ ӘМІР-ТЕМІР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ
1.1. Әмір-Темірдің жастық шағы
1.2. Әмір-Темірдің саяси билік кезеңі және жорықтары

2 ТАРАУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘМІР-ТЕМІРДІҢ РОЛІ МЕН ОРНЫ
2.1. Әмір-Темір – ірі мемлекет қайраткері
2.2. Орталық Азия тарихындағы Әмір-Темірдің орны мен ролі

3 ТАРАУ ТЕМІРДІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ
3.1. Әмір-Темір мемлекет және қоғам қайраткері
3.2. Әмір-Темір дара тұлға

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Әмір-Темірдің өмірі мен қызметі туралы жазбаша және көптеген заттай деректерде мол. Жазбаша деректер негізінен екі жақты болып келеді, біріншіден, Темірдің тірі кезіндегі немесе ол қайтыс болғаннан кейінгі қызметі туралы шығармалар, ал екінші жағынан мемуарлар – оны көрген адамдардың жазып қалдырған жазбалары. Деректер арасында ерекше маңыздылардың қатарына эпиграфиялық ескеркіштер құрлыстар мен өнертуындыларындағы жазбалар. Темірдің атымен тікелей байланысты жазулар. Әмір-Темір туралы жазылған деректердің көпшілігі сол адам туралы тек қана жақсы істерін көрсетуге арналған жақсы істерді ғана баяндайтын шығармалар қатарына жатады. Әмір-Темір туралы тарихнамалық шығармаларға көз жїгірте отырып оның өз жорықтары кезінде арнайы – жеке секретарьларды добиран-и хас және осыған көзі ашық адамдарды фадилан-и аср ұстағандығын көрсетеді. Өзінің жорықтарын жазып отыруы їшін көбіне ұйғыр немесе парсы оқымыстыларын ұстағына көрінеді. Темірдің патшалығымен аяқшегінде оқыған даберлермен қаламынан шыққан шығармалар пайда болған. Соның ішінде ең ірісі жай кїнделіктен шығармаға дейін көтерілген Їнді еліне жорық кїнделігі дневник индийского похода Гияс аддин Алидин1. Гияс аддин Алидин шығармасы В.В. Бортольд зерттеуі бойынша 12 наурыз 1403 жылға дейін жазылған. Онда себебі Темірдің немересі Мұхаммед Сұлтанды тірі кезінде сипаттай отырып және Темір таяу уақытта Египет пен Сирияны жаулап алуы мїмкін деген. Гияс аддин Алидин кїнделігі біздің Темірдің өмірі мен қызметі туралы нақты деректер береді және оның толық саяси портретін жасауға мїмкіндік береді. Осы шығармалардың ішінде бізге келіп жеткен ең алғашқы еңбек Зафар-Нама Книга побед Низам ад-дин Шамидің еңбегі. Ол бойынша Темірдің өмірбаяны бойынша біз ол өз кезіндегі алдыңғы Азиядағы мұсылман елдерінің тарихын жақсы білген оқыған-тоқығаны көп адам ретінде суреттеледі. Темір өз қол астындағы їйде немесе жорық кезінде өзіне қажетті еңбектерді оқытатын жеке оқытушылар – чтецтерді ұстаған. Әмір-Темір тїрік, парсы, тәжік тілдерін жақсы білген және өте қарапайым, тїсінікті тілмен жазылған кітаптарды жақсы көрген. Нияз ад-дин Шами шығармасы бізге келіп жеткен алғашқы еңбектердің бірі.
Әмір-Темір туралы екінші ірі еңбектің қатарына Шефер ад-дин Али Иезди еңбегі Зафар - Нама Книга побед. Шираф ад-дин Али Иезди шығармасы Темір қайтыс болған соң жазылған 828 жылы 1424-1425 жж жазылып біткен. Әмір-Темір туралы жазбаша деректер қатарына дїниежїзілік тарих туралы еңбектер жазған ХЇ ғ. атақты тарихшыларының еңбегі де жатады: Хафиз Абру, Абд ар-Реззак Самарканди және Мирхонда. Хафизи Абру өз шығармасында Низам ад-диннің шығармасын және тїрік тілінде жазылған аты белгісіз еңбектегі Темір туралы деректерді қолданған. Сонымен қатар Темірдің сарайлық қызметіне қатысы жоқ өз ойларын толық еркін жаза білген авторлардың да еңбегі бар. Осы деректер қатарына жататын ірі еңбек Темір туралы ірі тарихи еңбек араб тілінде құрастырылған. Ибн Арабшахтың Аджим Ал-макдур фи наваип ал-Тимур Чудеса предопределения в событиях жизни Тимура Ибн Арабшах – шығу тегі жағынан араб, Дамаскіде туған, 1388 ж. 12 жасында Темірге тұтқынға тїсіп содан Самарқандқа әкетеді. Өзінің көргенімен басынан кешкенін барлығын ол жазып отырған. Темірге ол өзінің жеккөрінішті көзқарасын жасырмайды. Темірдің жорықтарына оның басып алушылық және тонаушылық саясатына қарсы бола отырып, ол оның талантын, ақылдылығын, әскер ұйымдастырушылық қабілетіне таң қала отырып суреттейді. Ибн – Арабшахтың кітабы негізгі деректер ретінде жеке адамның бақылауының нәтижесімен оның естелігі ретінде есептеледі, яғни ол қазіргі Темір туралы әңгімелер мен оның жорығына қатысқан адамдардың, оның патшалығы кезінде өмір сїрген іс-әрекетіне куә болған адамдардың еңбектерінің қатарына жататаны дерек. Ибн-Арабшах білімді адам болған, тұтқында бола отырып ол өте көп саяхат шеккен, Хорезмде, Астраханда, Сарайда, Крымда болған, парсы, моңғол тілін їйренген, ал Адрианапольге, отанына келген соң тїрік тілін їйренген. Ол өзі болған жерлердің тарихын оқып, жазып отырған.
Темір тарихы туралы ірі деректердің қатарына Әмір-Темірдің сарайын жіберілген кастилия королі Генрих Шелшісі Рки Гонзалесде Клавихо жазбалары жатады. Елшілік Испаниядан 1403 жылы шығып, ал қайта 1406 жылы оралған. Самарқандта елшілік 1404 ж көбін өткізеді. Клавико Темірмен бірнеше рет кездеседі, оның серіктерімен әңгімелеседі, өзімен көп сөйлескен, Самарқандта және Темір мемлекетінің басқа да көптеген қалаларында болады. Бїкіл көргендері мен естігендерін ол кїнделік ретінде жазып отырады. Осы екі автордың шығармалары, Темірді өз көздерімен көрген адамдардың еңбегі ретінде оның жас шағы мен балалық шағы туралы құнды дерекке жатады. Ол жеке авторлардың еңбегі.
Әмір-Темірдің жастық шағы туралы деректер қатарына жататын орыс жылнамалары. ХЇ-ХЇІ ғғ. русь жылнамалық тарихнамасы ХІЇ-ХЇ ғғ. Алтын Ордадағы оқиғаларға, Орта Азиядағы саси өмірге, яғни ХІЇ-ХЇ ғғ. патша Темірдің іс-әрекетіне толы болды, сол арқылы Таяу Шығыс туралы тарихи – географиялық ойларын білімін толықтырды2.
Әмір-Темір кезіндегі тарихи кезең туралы саяси және мәдени ескерткіштер қатарына, материалдық мәдениеттің нақты ескерткіші ретінде рөлі зор тимурлық архитектура. Темір дәуіріне жататын құрылыстар, мешіттер, мавзолейлар, сарайлар, кесенелер қалалық және қаласыртындағы сарайлар - Самаркандтағы, Шахрисябэедегі!, Тїркістандағы және тағы басқа жердегі ірі құрылыстар – құрылыстар салудағы жоғары шеберлікті, құрылысты әшекейлеу кезіндегі шеберлікпен нақтылы қиылған, ойылған, жазылған мозаикалық өрнектеулер, ол безендірудің мәнін, оның Мавераннахр және Темір бағындырған басқа мемлекеттердің мәдени мұрасынан көрініс берері сөзсіз, ол сол елдерден Орта Азияға әсересе Самарқандқа көптеген шеберлерді әкелген. Әртїрлі суретшілер мен тїрлі саладағы ғалымдар өте көп әкелінген. Бұл құрлыстарда әсіресе ерекшелігі – ондағы көптеген құран сөздері мен кїнделікті өмірге байланысты жазбалардың көптігі. Екіншісінен біз құрылыстан салынған уақытты, шебердің атымен кімнің салдырғаны туралы жазабалар белгілі бір композициялық шеберлікпен берілген. Осы жазбалар арқылы біз Тимурдың - Әмір-Темірдің їкіметінің маңызы, оның атағын біле аламыз да сақталған, көбісі арзитектурамен байланысты, мысалы, қиылған ағаш есіктер, қола шырақдаңдар, мешіттегі ішкі қабырғалардағы жазбалар, мавзолейдегі ішкі қабырғалардағы жазулар т.б. Осы барлық өнер туындыларының ескерткіштері біріншіден тұрғылықты жерлердегі салт-дәстїрді бейнелесе, екіншіден, көрші елдермен болған мәдени және саяси байланыстарды көрсетеді. Ерекше көңіл беретін естеліктер қоладан жасалған заттардағы жазулар ол заттарда Тесмір сырттан әкелген шеберлердің аттары мен өз белгілері ойылып жазылған. Ол олардың еңбегін көрсетеді. Әр шебердің өзіне тән белгісі болғандығын көрсетеді.
ХІЇ ғ. 70 жылдарындағы Темірдің құрылыстарында сырттан әкелінген шетжерлік – шеберлер қызмет істеген. Көбіне Ургенч, Исфаган, Тебрриз, Шираз, Бұхара мен Қашқадария жерінен келген шеберлер болды. Әртїрлі мозайкалар алғашында Иран мен Азербайджанда белгілі болды. Орта Азияда ола алғашында Хорезмде, ал сосын Мавераннахр қалаларында пайда болды. Оның ескерткіштері қатарына Тюрабек – Ханым мавзолейі – Куня – Ургенчтегі, Шахризябзейдегі Ақ Сарайда, Самарқандтағы Темір және тимуриттер кезіндегі ескерткіштердегі әртїрлі мозайкалар жатады3. ХІЇ-ХЇ ғғ. қабырғаларға салынған суреттердің ең жоғарғы өз даму шағына жеткен кезеңі – Орта Азиядағы көркем сурет өнерінің мәдениеттегі даму шегі. Сюжеттік бейнедеу өнері Самарқандтағы Темірдің атақты сарайларының барлығында безендіруде қолданылды. Қазіргі зерттеушілердің айтуы бойынша сол кездегі қабырғалардағы суреттеп бейнелеу шығыс билеушісінің және оның сарайының өмірінің негізін суреттеген. Ол жерде оның Ирандағы, Дешті-Қыпшақ жеріндегі, Индиядағы шайқастары суреттелген, елшіліктерді, ғалымдарды, билеушілерді қабылдау кезі, әртїрлі мерекелік кештері. Сонымен қатар Темірдің және оның семья мїшелерінің портреттері және оның қоршаған ортаның бейнелері көрсетіле отырып соның ішінде осының барлығының билеушісі Әмірдің бейнесі ерекше суреттелген. Оның ортадағы беделі, оның сол қоғамдағы ерекше рөлін, орнын нақты көрсете нақты көрсетуге тырысқан суреттер.
Темір және Темір ұрпақтары дәуіріне жататын қабырғадағы суреттер ХІЇ-ХЇ ғғ сол кездегі өмірді бейнелеуде атақты ХЇІ ғ. жататын Больших французских хроник тен ірі француз хроникасынан кем болмады. Бірақ көркемдеуі жағынан әртїрлі болды. Тимуриттер өнері бейнелеуі Орталық Шығыс елдерінің ғасырлар бойғы салт-санасына тікелей байланыста болды. Жекелеген жерлерде ғана жаңалықтарды енгізді. Темірде жұмыс істейтін суретшілер Ренессанс өнерімен Византиямен, Франциямен, Англиямен жасалған сауданың нәтижесінде білді, бірақ Батыстың өнері олардың санасымен сезімі арқылы өтіп ал еңбектеріне із қалдырмады. Самарқандтағы қабырғадағы жазулар және оның архитектуралық ескерткіштері иран және басқа да шеберлердің қатысымен жасалды. ХІЇ-ХЇ ғғ. қабырғадағы жазуларға Орта Азиялық миниатюра көп әсер етті. Темір және оның ұрпақтары кезінде Самарқанд шеберлері оған жергілікті халықтың өмірінен көрініс беріп отырды4.
Табиғатты суреттеу Самарқандта тек қана ХІЇ ғ 80 жылдарында пайда болды. Темірдің көптеген жорықтары мен ондағы шетжерлік шеберлердің көптеп келуінен кейін, оған көп әсер еткен Қытайдың декоративтік өнер туындылары, сол жерлерден әкелінген шеберлер болды.
Өнер туындыларының келуі көптеген туындыларда саясатпен байланыста болмайды. Моңғолдардың їстемдігі кезінде Қиыр Шығыс өнерінің әсері Орталық Азия сурет өнерінде көрінбейді. ХІЇ ғ. аяғында, Темір армиясы Қытайға шабуылға даярланып жатқан кезде бұл жерде Қытайдың ақ-көк фарфорына деген қызығушылық кїшейді Кобальт деген. Ол оның ұрпақтары кезінде Қытаймен саяси және сауда қатынасы орнаған кезде де кїшейді. Фарфорлық керамика ескеркіштері Темірдің дәуірінде Самарқандта, Ахсыкентте, Мервте, Нисада, Хазараспада және басқа да көптеген қалаларда кездеседі. Темір дәуірінде және одан соң көк-ақ тїспен қатар ашық көк тїске қарадан безендіру салынған керамикалардағы бейнелер көптеп кездеседі.
Моңғол дәуірінене кейінгі кезде ХІЇ-ХЇ ғғ - металдарды өнерде пайдалану, көркемдеу жекелеген жерлерде пайда болса, темір және оның ұрпақтары кезінде Ортағасырлық Шығысқа тән құбылыс ретінде барлық жерлерде пайдланыла бастайды. Көркемдеуге қолданылатын металдар әуелі тек мавераннахрда қолданылса кейін Темір басып алынған жерлерден келген иран және азербайджан шеберлері оның заказдарын орындай бастады. Ясса-Тїркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіндегі қоладан жасалған утварь жатады. Көптеген шеберлер Темірдің басып алынған жерлерінен келгендіктен өнер туындыларында олардың өз жерлеріндегі өнерді басқа елге апаруы заңды болды. Сондықтан да ХІЇ-ХЇ ғғ. өнер туындыларында әр елдің өнер мектебінің аз болса да әсері болған, ол Темір архитектуралық құрлысындағы өнер туындыларындағы әсемдіктен, ашық тїстерден, сұлулықтан көрініс алған. Ол ескерткіштер темір кезінде жататын заттай деректердің маңызын мағнасы мен көркемдігін, мәдение дамуын көрсететін шындық.
Тїрлі-тїсті маталарды шығары Ортағасырлық шығыста ХІЇ-ХЇ ғғ. таралды, әсіресе Темір және оның ұрпақтары дәуірінде. Мавераннахрға әкелінген матаның әртїрін шығарушы шеберлер бұл жерде оның әрі дамуы їшін мїмкіндік алды, оның техникалық және көркемдік жағын әрі дамытты. басып алынған жерлерден қажетті жұмыс кїші мен шикізаттар әкелініп, мїмкіндік жасалды, дамытылды.

1 тарау. Әмір-Темір және оның дәуірі

1.1. Әмір Темірдің жастық шағы

Темір Сябзада, кешке таяу жерде Трнасоксания қаласының жерінде 7 май 1336 жылы туған. Ол туған қолында жұмылған қолындаға қанмен туған, осындай жағдайды Шыңғысханғада байланысты айтқан5. Оның әкесі Әмір Тарағай Жағатай облысының 21-ханы Қазанға тәуелді ұсақ княздардың бірі болған. бала кезінде Темір өзі сияқты вольмож балаларының арасында тәрбие алып өседі. Ол жас кезінен бастап-ақ билік, басып алушылық, соғыс істері туралы айтқан, сол кезе оның бет пішіні өзгеріп өз жасына сай емес дауыс ырғағымен сөйлеген, ойнаған кездерінде ол жолдастарына әсер еткен, соғыс ойындарын жасы көрген, достарына бұйыра, қарамағындағы тәуелді адамдар ретінде сөйлеген. Ойындары їнемі шайқаста тұрған. Жас кезінен Темір атты жақсы көрген, ол атты жасы отырған, садақтан жақсы атқан. Өз достары арасында беделді болған, ерте кезден бастап көсем-бастаушылық дарыны болған. Темірдің жас кезінен ақ барлас руынан шыққан өзі секілді достары оған келіп оның нөкері болуға ниет өткен. Темірде, оның әкесі секілді жас кезінде тек їш-төрт нөкер болған.
Клавихо: Ол өзінің төрт немесе бес нөкерімен бірген көршілерден бір кїн қойын, екінші кїні сиырларын алып кетіп отырған - дейді6. Біртіндеп жас Темір өзінің аз ғана атты әскерін құрады, жақсы қаруланған, феодалдық анархия кезінде көршілерінің жерінені тамақты пайда їшін, немесе копестердің керуендерін тонау їшін құрылған.
Жеке басының батылдығы, қолының ашықтығы, адам таңдай білу қасиеті және өзіне көмекшілерді таңдаудағы шеберлігі, ерекше көрініп тұратын басқарушылық және көсем болуға лайық қасиеті оны Қашқадарья даласындағы барластар арасынан өз ортасынан ерекшелеп тұрды. Бірде тїрде Темір қой отарына барымтаға барады, сол кезде сеистандықтар келіп қалып оның артынан қуа отырып оның көптеген адамдарын өлтіреді, ал оны аттан құлатады, сөйтіп оның оң жақ аяғынан жаралайды, сонан ол ақсақ болып қалады, оң қолындағы екі кіші саусағынан да айырылады. Сол кезден бастап Темірді – Тимурлен, яғни – Темір – ақсақ, ал Европалық атау бойынша Тамерлан деп атай бастайды7. Ол жасы өскен сайын кїшейіп, шымырланып ауыр істермен айналыса бастайды: бірде қылышпен айналысса, енді бірде атпен жабайы аңдарға аңшылық құрды. 12 жасқа келгенде ол әскери қызметке енеді, ал тарихта ол тек қана 25 жасында белгілі болды. Жас кезінен тїрік және тәжік тілдерін біле отырып ол жапс кезінен тек қана көшпелі өмірді ғана емес, отырықшылық егіншілікпен айналысатын ортамен де байланыста болды. Ол қала өмірімен де жақсы тныс болды, оған себеп Шахрисябзеге көп бауырының арқасында, ол кезде оның билігі барлас бегі Хаджи Барлас қолында болды. Ол кезде мұсылмандар ортасында рухани өмірде мұсылман шейхтері ерекше орын алды. шахрисябзэде сол кезде шейх Шемс ад-дин Фахури ерекшеленеді. Шемс ад-дин темірдің әкесі тарағайдың рухани ұстазы болды, ал Тарағай шейхтің баласынан деген сїйіспеншілігін арттыруды мақсат етті. темір ешқашан діни жағынан ерекшеленбеді, ол өзінің көптеген жетістіктерінен шейх Шемс ад-дин Кулалдын дұғасынан деп тїсінді.
Моңғол ханы Тоқлұғ – Темір 1360 ж. Мавераннахрге келгенде оған қарсы тұрып, билік їшін таласушылардың бірорталыққа біріктіретін билеуші болмады. Толұқ – Темір Қашқадарьяға дейін барды, ол жерге дейін ешқандай ірі қарсылыққа кездеспеді. Қашқадарьядағы Хаджа – Барла Хаджи Барласты Қашқадарьядағы ешқандай қарсылық көрсете алмады.
1361 жылы Тоқлұғ – Темір Мавреннахрға шабуылын қайта бастады. Осы бай елді өзіне толық бағындыру їшін. Бұл жолыда ол жолында ешқандай қарсылыққа кездеспеді. Хаджа Барлас монголдармен кездесуден қорқып Хорасанға қашып кетеді. Осы кїндері Темір саяси аренаға шықты. Ол қазір Тоқлұғ – Темірмен араздасу ешнәрсе бейрмейтінін тїсініп онымен қазір қызметтес болғанын жөндігін тїсінді. Тоқлұғ – Темір оның ұсынысын қабылдай отырып їйіне қайтар кезде Қашақадарьядағы вилайкеттің билеушісі етіп тағайындайды. Сөйтіп Темір 25 жасында азғана, бірақ бай шуменнің басшысы болады, қашқан Хаджи Барластың орнына 1361 жылы Темір Қазағанның немересі Эмир Хусейнмен жақындасады. Бірақ Темір монғол ханында қызметте көп болмайды. Тоқлұғ – Темір өзінің ұлы Ильяс Ходжаны Мавреннахр билеушісі етіп жіберген кезде Темір оған қызмет етуден бас тартып одан байланысын їзіп өз алдына билік етіп кетеді. Бұл жағдай Темірді Хусейннің жақтауынан нәтижесінде болды деген көзқарастар бар. 1361-1365 жж. екі эмир арасындағы қарым-қатынас ұлғайды. Олардың арасындавғы одақтастық туысқандық қатынаспен ұштасты. Хусейннің апасы Улджай Туркан-ага Темірдің сїйікті әйеліне айналады. Осы жылдары екі эмир Мавреннахрдағы ірі кїшке айналды. Бірақ олар өздерінің одағын жеке бастарынан мїддесі їшін пайдаланды, көбінесе байлықтың молаюы їшін басып алу, жаулау, тартып алу саясаттарын жїргізді,
Токлуг-Темір қайтыс болған соң Мавреннахрдан қуылған Ильяс Ходжа қайтадан Мавреннахрға шабуыл жасауға даярланды. Хусейннің мен Темір армия жинақталды. Тарихта грязевой битвы Балшықты урыс деген атпен енген бұл шайқас Чиназ мен Ташкент арасында болды. Ұрыс кезінде қатты жауын болып жабысқақ балшық болып тайғақтан аттар құлады. Темір мен Хусейн жеңіліп екі эмирде ұрыс алаңын тастап қалған әскермен Самарқандқа, сосын оңтїстікке Амударияға қарай тїсіп Балх облысының жеріне келіп тығылды, екі билеушінің мұндай әрекет жаудың Самарқандқа жолын ашып берді. Самарқанд ол кезде не қорғаныс қабырғасы, не цитаделі жоқ жаудан қорғанатын жері жоқ қала болды. Хусейн онда не гарнизон, не әскери басқарушылық қалдырмады. Ежелгі қаща тұрғындары басқарусыз, қорғансыз қалып, жеңімпаз Ильяс Ходжаның тонауына қалдырды. Қалада осы кезде азғана сербедарлар тобы болды. Бұл дәуірде Солтїстік Шығыс Иран жерінде сербедарлық өте кең тараған еді, ал көбінесе Хорасан мен Мавреннахрда. Бұл сол кезде өз алдына ерекше мақсат, туған жерін моңғолдар езгісінен босатуды мақсат еткен ағым болды. Сербарлар қаладағы демократиялық топтардың қолдануына ие болды, әсерісе қолөнершілер мен оқушы жастар, дїкен қызметкерлер, ала қала сыртында шаруалар және орта жер иелері қолданды. Тек қана феодалдық аристократия, мұсылман дін иелері ғана және ірі көпестер моңғолдардың тіртібін жақтап, сербедарлыққа қарсы болды. Бірақ феодалдық аристократия ішінде әсіресе жас оқыған жастар арасында сербедарларды қолдады. Сербедар – ілінетін ағаш, яғни моңғолдардың алдына арқанды төсегенде, оданда ағашқа асылып өлгеніміз артық деді8. Сербедарлар ішінде сол жаққанатты ағым болды. Олар қаладағы және селодағы бұхара халықтың жағдайының тїзетуді, жеңілдетуді армандады.
Ильяс Ходжаның моңғол армиясының Самарқандтқа жақын қалғанын қала тұрғындары естіген кезде онда толқу пайда болды. Сербедарлар моңғол кїшіне қарсы тұруға шақырды. Халықтың қолдауына сїйенген сербедарлар Маулен Задэ мен Абу Бекраның басшылығымен самарқандтық қолөнершілеріге сїйене отырып өздерінің туған қаласын қорғауға даярланды. Бұл мінет өте ауыр болды: Самарқандта не қабырға, не цитадель болмады. Маулен Задэ қаладағы әскери қызметке жарайтын адамдардың барлығының тізімін жасады, қаланың қорғанысын кїшейту їшін тұрғындардың көпшілігін жұмысқа тартты. Сербедарлар қаланың тар көшелерін барриңадалар жасауға пайдаланды. Бос қалған тек негізгі жол ғана болды. Қорғанысқа ыңғайлы жерге садақпен қаруланған адамдарды қойды, олар атты моңғолдарды негізгі жолмен өткеріп жіберіп сосын оны екі жағынан атуға тиісті болды, ал баррикаланған тар көшелерден негізгі соққы беруге тиіс болды. Моңғолдар өздерін Самарқандта не тосып тұрғанын білмеді, олар қаланы тез басып аламыз деп ойлады. Бірақ олар қателескен еді, негізні кїш қалаға кірген кезде Маулен Задэннің бұйрығы бойынша тасада тұрған садақшылар оқ жаудырып, ал қалғандары тастар мен таяқтарды жаудырды. Моңғолдар асығып тез өаша бамтады, бір деректер бойынша мың адамынан, ал екінші дерек бойынша екі мынадай адамынан айырылған9.
Одан соң моңғолдар екінші қырсыққа тап болды: аттардың арасында мор ауруы пайда болып төрт аттан бірақ ат тірі қалады, сондықтан Илья Ходжа әуелі Самарқандтың маңын сосын Мавреннахрды тез тастап кетеді. Қала жеңісін тойлады. Самарқанд бекінісі қала халқы біріккен жағдайда қандай кїш бола алатынын көрсетті, егер оның ұйымдастырушылық, басшылығы адал, сенімді адамның қолында болса.
Сербадарлардың Ильяс Ходжаны жеңгені туралы хабар эмир Хусейнмен Темірге жетеді. Көктемде олар кездесіп сосын Самарқандқа аттанады. Олар қала маңындағы мекенде Кан-и-Гиль деген жерде тоқтайды Екі эмирде сербадарлардың іс-әрекеттерін жақтайтынын айтып оларды көргілері келетінін айтады. Сербедарлар эмирлердің айтқан сөзіне сенеді, шынында да кездесу кезінде оларға көп құрмет көрсетіледі. Келесі кїні олар қайтадан Хусейн мен Темірдің ставкасына-ордасына келгенде оларды ұстап, байлап, Маулен Задэден басқасын өлтіреді. Оны Хусейннен өтініп Темір аман алып қалады. Хусейнмен темірдің арасында сербедарлар мәселесінде келіспеушілік пайда болады. Темір сербедарлар арасында әсіресе белгілері атақтыларының арасында ескіден келе жатқандығы болады. Сербедарларды, әсіресе олардың атақтылары Абу Бекрд жойған соң Хусейнмен Темір Самарқандқа қайта енеді. Бұл 1366 жылғы көктемнің аяқ кезінде болған оқиға еді.
Хусейн 60-жылдардың аяғында өзінің қоласындағы Балх қаласын қорғанысқа айналдырды. Ол онда Хиндуван цитаделін салды және оның қабырғаларын кїшейтті. Балх қорғанысына ол өзінің көптеген мїлкі мен қару-жарақты апарады. Темір бұл әрекеттердің барлығы оған қарсы жасалып жатқанын білді. Ол бірнеше рет Хусейнге Балхта қорғаныс салма деп айтады, бірақ ол оны тыңдамайды. Ақырында Темір Хусейнге өзі шабуыл жасайды. 1370 жылы жақсы қаруланған әскермен Темір Балх қаласын қоршайды және аз уақыттан соғ және көп шығынға ұшырай отырып ол қаланы қабырғасын қиратып алады. Қорыққан және берекесі қашқан Хусейн цитаделге тығылады. Өзінің жағдайының қиындығын тїсінген Хусейн Темірге егер берілсе қандай кепілдік беретінін сұрайды, Темір оған тек өмірін сақтайтынын басқа ешнәрсеге уәде бермейтінін айтады. Содан счоң Хусейн бірнеше нөкерімен цитаделді тастап қаладан шығады. Темірдің ставкасына таяу қалған кезде ол қорқып артқа қашып бірінші жолда кездескен минаретке тығылады. Ол жерге бір адам байқаусызда келіп оны көріп қояды, ол айтпаймын деп уәде бере отырып, оны орындамай Темірдің адамына айтып, ұстап береді. Хусейнге берген сөзін Темір орындамайды, ол өзі өлтірмегенмен, өзінің көмекшісінің бірі Кейхосрауға, Хутталянның билеушісіне, қанға-қан кегіне байланысты өлтіруіне бөгет болмайды. Әмір Хусейн өлген соң Темір өзінің бұрыннан жосарланған істерін жїзеге асыра бастады.

1.2. Әмір Темірдің саяси билік кезеңі және жорықтары.

Әмір Хусейн өлген соң ол енді өз алдына жеке билік ете бастады, ол моңғол тұқымынан сайланған ханның атын жаыла отырып жағатай хандарының бұрынғы иелігіне билік етті. Бұл кезде моңғолдардың салт-дәстїрі өзгере бастаған, олар жергілікті халықпен араласып кетіп солардың арасына сіңісіп кетті, олардың әдеті мен салт-санасын, мәдениеті мен дінін қабылдай бастады. Ол дін өзінің фанатизімімен Темірдің қолындағы саяси кїшке айналды. Оның соғыс-саяси машинасын рычагына айналды, ол оны өзінің басқарушылық қабілетінің нәтижесінде өте қолайлы пайдалана білді. Оның басқарушылық системасы Шыңғысхандікінен өзгеше болды, ол ешқандай дінді ұстамай-ақ өз армиясында басқа елдердің жерін басып алуда фанатизм идеясын қолдана алған. Шыңғысханның заңы бойынша моңғол иелігіндегі жерде оның тұқымынан шықпаған адам ешқашан өзін ханмын деп жариялауға правосы болмаған. бірақ қандай заңның да қалтарыс жақтары болды: Шыңғысханды әлі сыйлап оның заңдары сақталғанмен, Темір елді хан тұқымынан шыққан адамның атымен шығарғанмен, ол өзі бұқаралық билікті қолында ұстады. Өз балаларына патшалықты бөліп берді және өз немерелеріне билік пен мұрагерлікті қалдырды.
Темір өте кїшті, жақсы қаруланған армия құра отырып астананы Сарамқанд етті, бұл ақаланы кїшейтіп онда цитадель салды. Содан соң сол кездегі өзінің нағыз жауы болған өзбектерге шабуыл жасады10. Оларды 1371 жылы жеңіп сосын Хорезмге шабуылға беттейді. Кент қаласын басып алып енді Ургенчке аттанады. Хорезм шахына бейбіт жолмен берілуін талап етіп және өзінің қызын Темірдің їлкен ұлы Жеханширге беруге көндіреді. Одан кейін ол тағыда бірнеше рет өзбектерге шабуыл жасайды, ал 1376 жылы қыпшақтың келуіне мїмкіндік жасайды. Оның ақырғысы Темірдің Тоқтамыспен арадағы шиеленісіне, кїресуіне байланысты болады, ол Алтын Орданың жїргізген саясатына қарсы шығады. Темір кїшті Алтын Орданың жїргізген саясатына қарсы шығады. Темір кїшті Алтын Орданың, сонымен қатар Ақ Орданың Савреннахрдағы кїшті мемлекетке қакіп өткенін біледі. Ол сондықтан өз билігін бірінші кїнінен бастап Жошы ұлысында не болып жатқанын бақылап отырады. Жошы ұлсына оның бөлігі ретінле Алтын Орда және Ақ Орда кірген. Бұлай болу әскерді ұйымдастыруға байланысты болды. Алтын Орда өз қоластындағы адамдардан он қолдық армия, ал Ақ Орда сол қолдық армия шығарып отарды. Кейіннен Ақ Орда өз алдына бөлектеніп өз алдына жеке хан сайлай бастады. 1359 жылы Бердібек қайтыс болған соң Алтын Ордада феодалдық бытыраңқылық басталады. Бірнеше әмірлер, жеке қалалар мен обылыстардың неместниктері енді, өздерін жеке билеуші ретінде ұстады, ханға қарсы шығып, өздерімен өзі таласа бастады. Алтын Ордаға 1360-1380 жылдардың арасы өте ауыр кезең болды. Жиырма жылдың ішінде Алтын Ордада 25 тей хан ауысты, осы кезеңде Алтын Орданың оң жағалауына билік еткен Мамайды қоспағанда. Сол жағалауды Сарайда отырған жылға жетпей билік құрған хандарды көбі Ақ Ордадан шыққан. Сырдария жағасынан шыққандар, немесе ұлыстың сол қанаты Жошы ұлысынан болды. Ақ Орданың ісіне араласуы бұрын артта қалған Жошы ұлысының экономикалық және саяси жағынан кїшті дамуымен қатар жїрді. Әсіресе бұл жағдайда ерекше көзге тїскен Орысхан болды. Ақ Орданы 1377 жвлға дейін билеген. Ұрыс хан тек қана Ақ Орданы билеп қана қоймай Жошы ұлысының екі жағында өз қоластына біріктірмек болды. Темір бұл екі Орданың арасында болып жатқан саяси кїрес пен таласты бақылап отырды, ол олардың бірігуінен қорықты, сесебі оған кїшті біріккен мемлекетпен көршілік ұнамады, сондықтан қандай жағдайда да оған бөгет жасауды ойлады. Ондай жағдай туды. Ақ Орданың әмірлерінің бірі Манғышлақтың билеушісі әмір Туй Ходжы оғлан Алтын Орда мәселсіне байланысты болған бір құрылтай жиналысында Ұрыс ханға қарсы шығады да сол їшін өлтіріледі11. Туй Ходжаның ұлы Тоқтамыш Аоқ Ордадан қашып Темірге келеді, оған өз құрметі мен қызметін ұсынады. Бұл 1376 жылы болған оқиға еді. Темір өз қолының астында Орыс ханға қарсы патшазадны ұстаудың тиімділігін білді, оны өзіне керек кезде оған қарсы пайдалану їшін Темір Тоқтамышқа көп көңіл бөліп тіпті оған силықтар береді. Ол өзінің оны қолдайтынын білдіріп Тоқтамышты армиямен қамтамасыз етіп Ақ Ордаға Орыс ханнан Ақ Орданың тағын басып алуға жібереді. Темір Оқ Ордада өзінің қойған адамының болғанын өте қалады. 1376 жылы екі рет темір Тоқтамышты Ақ Ордаға аттандырады, бірақ ол екі ретте талқандалады. Сосын Темірдің өзі қыста Орыс ханға қарсы өз армиясымен аттанады. Бірақ аяздың қатты болуына байланысты жорықты тоқтатуға тура келеді. Көктемде Темір Сырдарияға қайтып келеді. Орысханмен шайқас болмайды себебі ол қайтыс болып кетеді. Бұл 1377 жылы болған. Тек Ақ Орданың тағына Тоқтамыш 1379 жылы отырады.
Темірге оқиғаның бұлай өзгергені ұнайды, себебі ол өзі Тоқтамышты Жошы ұлысындағы өзінің саясатын қолдаушыға айналдырмақ болады. Бірақ Тоқтамыш Темірдің арманын орындамайды, ол Оқ Орданның ханы болған соң Орысханның саясатын жалғастыра отырып Жошы ұлысының арасында біріктіру жұмысын бастайды. Алтын Орданы қайта кїшейтуді мақсат етеді. Мамайдың Қалқы өзенінде Дмитрий Донссойдан жеңілгенін пайдаланып, оған бас көтертпей қатты соққы береді. Мамайды жеңген соң Тоқтамыш Алтын Ордадағы билікті қолына алып тез Жошы ұлысының екі жағын біріктіреді. Жыл өткен сайын Темір мен оның өзі қойған тақ иесі кїшті, қанқұюлы Тоқтамыш арасындағы шиеленіс кїшейеді. Тоқтамыш Темірдің ішкі саясатына қарсы, я,ни өзін қарсы тұруға їйреткен іс-әрекеттенрді істей бастайды: Алтын Орданы оның кїшті кезі Өзьек хан 1312-1340 жж. туысындағы билігіне жеткізу їшін ол Алтын Орданың территориясын кеңейту їшін бірнеше ұрыстарға шығады, оның ішінде Закавказье, Азербайджан жерлеріне, ал 1385 жылы Тебризді басып алу їшін армия жібереді.
Тоқтамыштың ұлы державалық саясаты өсіп келе жатқан Мавреннахрдағы Темір мемлекетінің саясатына қайшы болды. Тоқтамыш темірдің саясатына қарама-қарсы болып қана қоймай ол Мавреннахрдағы Темірдің мемлекетіне қарсы тұрған мемелекет басшысы болды. Алтын Орда қолдан жасалған мемлекеттік бірлік болды. Ол Қырым Поволжья, Хорезмдегі мәдени тұрғындардың кїшпен ұстап тұрды12. Ол жердегі билік көшпелі билеушілер атақты тїрік-моңғолдардың қолында болды, нақты айтқанда Жошы семьясынан шыққан моңғол династиясының қолында. Олар әскери кїшке сїйене отырып Поволжье, Болгар, Қырым және Солтїстік Кавказ қалалары мен бай облыстарын бай жер шаруашылығы мен мәдени орталықтарды езді, өздеріне бағындырды. Бұл жердегі халықтар моңғол бтлігінің жойылып тегіс бостандыққа қолдары жететін кїнді армандады. Ао Мавреннахрдағы жағлай керісінше болды. Бұл жердегі халықтар феодалдық бытыраңқылықтан шығу їшін бірорталыққа біріккен кїшті їлкен мемлекет құруды армандады, оны тегіс қалалар мен облыс тұрғындары бірдей жақтады.
Тоқтамыш 80-жылдардың аяғында Темірдің Иран ісінен ауытқысы келіп онымен шешуші шиелініске шығу жолын ашық іздестіреді. 1387-1388 жылдары Темірдің жоқтығын пайдаланып Тоқтамыш Мавреннахрға шабуыл жасап Хорезм жерін Темірге қарсы шығуға їгіттей бастайды. Хорезм шахы Сїлеймен Суфи династиясын жойып Ургенчтің халқын Самарқандтқа көшіріп ал астананы жермен жексен етуге бұйырады, сөйтіп ол жерге ячмень етіп тастауға бұйырды. Он кїн бойы Темірдің армиясы тамаша, бай қаланы тонайды. Ургенчтің көптеген халқы, әсіресе қолөнершілер Самарқандқа әкетіледі, бірақ қала жермен жексен болмайды қаланың бірнеше тамаша құрылыстары сақталып қалады. 1391 жылы Тоқтамышқа қарсы жорыққа шығар қарсаңында Темір қаланы қайта қалпына келтіруге бұйырады. Осылайша їлкен емес, бірақ өте әдемі Хорезм княздығы жеке өмір сїруін тоқтады. Ол әуел Темір мемлекеттерінің қоластында сосын ортаазиялық тимуридтер мемлекеттерінің құрамына енді. Сөйтіп мәдениет орталығы Хорезм биліктен кетіп, жеке өмір сїрін тоқтатты. Осылайша Орта Азияның бїкіл жерін, тек Жетісу мен Сырдарияның төменгі ағсынан басқа жерлер Темірдің қоластына енді.
Темірдің Тоқтамышқа қарсы жїргізген жорығы тек қана азған Сырдария қалаларының Саураннан төмен жатқан территориясын қоспағанда басып алушылық сипатта болмады. Темір тек қана Жошы ұлысын әсір етуді мақсат етті, кїшті Алтын Ордадан ол өз мемлекетіне қарсы ірі Орта Азиядағы кїштің болғанын қаламады. 1380 жылдан соң Темір ірі хандық билікке көтерілген соң Тоқтамышқа қарсы ірі їш жлорық жасады: 1389, 1391, 1394-1395 жылдары. Бұл жорықтар Хорезмге жасаған жорықтары секілді Иран, Кавказға және Русьтің оңтїстік шекараларына жасалған жорықтармен қатарласып жатты. Тїсінікті болу їшін біз Темірдің Алтын Ордамен жїргізген кїрестеріне көп көңіл аударамыз. 1391 жылы Темір Самарқандатан тїсіп қысты Ташкентте өткереді. Көптеген асулардан соң көпсанды Темірдің армиясы Тоқтамышпен Құндызша деген жерде кездеседі. Самара мен Чистополдың арасындағы. Осы жерде 18 июньде 1391 жылы ірі ауыр шайқас болып ол Тоқтамыштың толық талқандауымен аяқталады13. Бірақ әліде Алтын Орданың ресурсы өте мол еді, Темір шайқаста және отырып және мол байлыққа ие болғанымен бірақ ол әлі жалғаса берді. 1395 жылы Темір мен Тоқтамыштың арасында жаңа шайқас болды Солтїстік Кавказ жерінде Терек14 өзенінің жағасында. Бұл жерде Тоқтамыш тағы жеңілді. Бұл жолы Тоқтамыштың кїші әлсіреген сол енді Темірдің Повольжьеге, Алтын Орданың жїрегі, астанасы Сарай-Беркеге жол ашылды. Їлкен, бай қала басып алынып талан-таражға тїсті. сосын өртелді, оған дейін одан өте көп байлық алынды: материалдық байлықпен басқа, тұтқынға тїскен еркектер мен әйелдер, балалар, олар құлдыққа тїсті. Бұл шайқастан соң тек қана Повольже қалалары сарай-Берке, Хаджи-Тархан Астрахан ғана қиратылмай сонымен қатар Қырым да оның теңіз жағалауындағы қалаларымен талауға тїсті. мысалы, Каффа сонымен қатар Азов пен Солтїстік Кавказ жерлері де талан-таражға тїсті. Бұл жерлердегі қирату және тонаудан көлемінің їлкендігі сол ол көп уақытқа дейін экономикалық жағынан көпке дейін көтерілмеді15. Теректегі талқандаумен Сарай-Беркедегі талау 1395 жылғы Алтын Ордаға қайта көтерілместей ауырға тїсті. Алтын Орда 1395 жылғы Алтын Ордаға қайта көтерілместей ауырға тїсті. Алтын Орда 1395 жылдан соң құлдырай бастады. 1380 жылғы Куликова даласындағы Мамай қолының жеңілуі бірінші және шешуші жағдай болса, ал Теректегі 1395 жылғы жеңіліс екінші соққы болып Сарайдың қиратылуымен аяқталады. Темір Алтын Ордамен жїргізген шайқастары оның ортаазиялық мїддесімен тікелей байланыста болады және москва княздарымен ешқандай байланысы болмады, ол туралы тіпті толық мәліметіде болмады, бірақ ол тек қана Орталық Азия їшін емес Русь жері їшін ұлы іс істеді. Темір өзінің Алтын Ордаға жасаған жорығының орыс тарихы їшін қандай маңызды болғанын білмеді, ол туралы Русьте ешнәрсе білмеді. Ол кезде орыс жылнамаларында Темір туралы тек қана жаман естеліктер болған, себебі ол 1395 жылы оңтїстік русь шекарасындағы бірнеше қалаларды жағып және оларды тонаған болатын.
Темірдің Хорезмге және Алтын Ордаға жасаған жорықтар Орта Азияны кїшті мемлекетке біріктіру їшін жїргізілсе, ал оның Иран, Закавказье және басқа сырт мемлекеттерге жасаған жорықтары толық тонаушылық, жаулаушылық жорықтар болды. ХІЇ ғасырдың екінші жартысында Иран бір орталыққа біріккен мемлекет болмады. Хулагидтер мемлекет құлаған соң 1256-1336 жж. елде бірнеше билеушілер болды. Оның ішіндегі ең ірі Жалаиридтер мемлекет 1336-1411 жж. Азербайджандағы және Сербедарлар мемлекеті Хорасанның їлкен облыстарының бірі Себзебардегі 1336-1381 жылдардың арасында өмір сїрген. Құраттардың иелігіндегі жер Хулагидтер құлағаннан соң өз алдына жеке бірнеше ондаған жылдар өмір сїрді, астанасы Герат қаласы болған, яғни 1381 жылға дейін. Жоғарыда аталған династиялар бұл иеліктердің барлығын біріктіретіндекй мїмкіндігі болмады, оған саналары жетпеді, сондықтан Иранда Темірдің армиясына қарсы тұра алатынлай кїшті їкімет болмады. Темірдің Иранға жорығы бас кезінен-ақ жаулаушылық сипатты болды. Оның Гератқа жорығы осынлай болды, 1381 жылы Гераттың құлауымен қатар Сербедарлар мемлекетінде өзінің сол кездене бастап өмір сїруін тоқтатты16. Ақырғы сербедар билеушісі Али Муайад өз қолымен жері мен билігін Темірге береді. Осы деректің өзі Темірдің хорасан сербедарларымен бір достық қатынастың болғандығын көрсетеді. Екі жылдан соң Темір кїшпен Сеистанды басып алады. ХІЇ ғасырдың 80 жылдарында Шығыс Иранның їлкен бөлігі Темірдің иелігіне өтті. Осымен оның Иранның ішкі аудандарына енуі тоқтамады. Біз оның Иранға жасаған ұзақ жорығын білеміз. Бірінші їшжылдық 1386 жылдан бастап сосын бесжылдық 1392 жылдан басталған, ақырында жетіжылдық 1399 жылдан басталған. Бұл жорықтар сәтті болып және Иранды толық бағындырумен аяқталады. Бұл жорықтардың мақсаты басқа территорияларды басып алу және мол байлыққа иелену болды. Бұл жорықтары ешқандайда Орталық Азия территориясын біріктіруге байланысты болған жоқ. Бқл жорықтарда Темірдің әскербасшылары және қарапайым әскерлері жергілікті халыққа өте қаталдық жасады, олар тек қана өздерінің мал мїлкін ғана емес, бостандығынығынан да тіпті, өмірінен де айрылды. Әр кезде де ұзақ жорықтардан соң Темір мол байлық пен және көптеген санды тұтқындармен Шахрисябэ кеш немесе Самарқандқа оралды. Бір жорықты жеңісті аяқтай отырып, мол байлыққа қолы жетісімен ол екінші жаңа жорыққа даярланды. 1388 жылғы алыстағы Индия жеріне жасаған жорыққа оны ешқандай да саяси жағдай себеп болған жоқ, ол жорық 1398 жылы басталып 1399 жылы аяқталды. Темір їлкен елді тонап 100 мың индиялық тұтқындарды естіген сөзге-әңгімеге байланысты өлтіреді, яғни ол бойынша Темірдің сұлтан Махмұд Давлевийсиймен ұрысы кезінде Темірдің тылынан соққыға шығуға даярлануға деген сөзді естіген себеп. Шайқас кезінде Давлевский сұлтанды жеңе отырып Темір белгілі қала Делиді басып алады, сосын одан және көрші облыстардан көп байлыққа қолы жетеді, оны өз ордасына алып келеді17.
1400 жылы Темірдің армиясы Орталық Азиядан шеткі шығыс жеріне шабуылдар жасайды. Сөйтіп тїрік сұлтаны Баязитпен және египет сұлтаны Фараджемен кїреске шығады. Темір Кіші Азия мен Сирияны көптеген қалаларын басып алған кезде 1402 жылы Темірмен Базият арасында Анкарада шешуші ұрыс болады Бұл сол кездегі ең ірі ұрыс болды. Екі жақтан жа ірі армия шайқасты, әр қайсынан 200 мыңдай әскер қатысты18. Анкарадағы ұрыс кезінде кїшті осман сұлтаны Баязит толығымен талқандалып және тұтқынға алынады. Бұл ұрыстың маңызы тек қана Азия тарихы їшін ғана маңызды емес. Өзі оны білмей осы ұрыс арқылы Темір екінші рет европалық халықтарға көп жақсылық жасады. 1402 жылғы Анкарадағы жеңіс және Баязитті тұтқынға алу тїрік-османдықтардың Константинополды басып алуын 50 жылдай артқа шегіндірді. Темірдің ақырғы жорығы, аяқталмаған жорығы Қытай жеріне жорығы болды. 1404 жылдың аяғында 200 мыңдық армиямен басталған, Темірдің 18 февраль 1405 жылғы қайтыс болуына байланысты аяқталмай қалды. Бұл жорыққа ол бірнеше жыл бойы жан-жақты даярланған болатын.
Қытайға жасалған жорығы да мол байлыққа жету їшін болған, яғни оның алдындағы жорықтардың барлығын қосқанда тұскен байлықтардан асып тїсуге тиіс еді. Негізінен Темір мемлекеті мен Қытай арасында бейбіт жолмен шешуге болмайындай ешқандай да шиеленіс болған жоқ еді. Темір өз туын көтере отырып бұл жорыққа Самарқандтан 8 январь 1405 жылы шықты, қыстың қаталдығына қарамастан жолда тоқтамай жїріп отырды. Тїнгілікте далада шатырда қасытан жабылған тїнеп, қонатап отырды. Зернук қаласының қасында ол сыр өзені арқылы мұздың їстінен өтті. Мұздың бұл жердегі қалыңдығы 2-3 елідей еді. 27 февральда Темір Отырар қаласына да келді, содан ол Қытайға жол тартпақ болады, армиясына жорыққа шығуға бұйрық береді, әйелдері мен қыздарымен қоштасып оларға Самарқандқа қайтуларын айтып бұйырады, бірақ осы бұйрықтарды беру кезінде ол аяқ астынан лихорадкамен ауырып қайтыс болады. Темірдіғ қасындағылар оның қайтыс болғанын жасыруға тырысқанмен, бірақ ол туралы хабар халық арасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір-Темір және оның дәуірі
Темір империясы, оның Азиядағы саясаты
Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері (сатысы)
Әмір Темір жорықтары
Әмір темір және оның мемлекеті
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Әмір Темір жорықтары туралы
Хандар
Әмір темір
Әмір Темірдің жаулап алу соғыстары мен саяси дипломатиясы
Пәндер