Бизнес жоспар. Даму стратегиясы


1. Кіріспе . . . 3
2. Негізгі бөлім. Даму стратегиясы. 6
3. Қорытынды. 16
КіріспеЖобаның тұжырымдамасы Павлодар облысында қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің бағыттары :
- ауыл және орман шаруашылықтары бағыттарындағы техникалар мен жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізу;
- ауыл және орман шаруашылықтары бағыттарындағы техникалар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.
Мыналар нысаналы топтар болады:
- ауылшаруашылық құрылымдары, шаруа қожалықтары мен Павлодар облысы халқының шаруашылықтары.
- Павлодар облысының орман шаруашылығы кәсіпорындары .
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымдарын ескере келе қызметті жеке кәсіпкерлік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады.
Ауылшаруашылық техникаларының әлемдік нарығы қазіргі уақытта «тұтыну нарығы» болып табылады. Жетекші фирмалар - тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарын шығарушылар өз техникасын тұтынуы үшін бәсекелестік күрес жүргізеді. Осы жағдайларда техниканың сапасы және басқа да тұтыну қабілеттерімен қатар оны іске асыруда сервистің маңызы зор.
Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге сервистік қызмет көрсетудің шетелдік тәжірибесі оларға қызмет көрсету жүйесінің қағидаттары, фирмалардың өздері шығаратын техникаларының барлық пайдалану мерзімінде және машинаның барлық режимінде жұмыс істеуіне жауапкершіліктері Қазақстан Республикасы экономикасының аграрлық секторында техникалық сервисті дамытудың маңызды факторы болып табылады.
1-кесте - Қызметтердің тізбесі
Бұл барлық тізбе емес, ол тапсырыс берушінің қажеттілігіне байланысты жаңа қызметтермен толықтырылуы мүмкін.
Бизнес жоспар2-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (ұсынылатын стоматологиялық қызметтер ретінде тұтынушылардың басымдық берулерін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады. .
Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.
Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға негізделген.
3-кесте - Қызметтердің жоспарлы бағалары, мың теңге
1-сурет - Қазақстандық тұтынушылардың сервисті таңдауына шешуші факторлардың әсері, %
Ақпарат көзі: «БизнесЭксперт-М » ЖШС
Сервистік қызмет көрсетуді таңдаудың негізгі өлшесі орындау мерзімі мен ден қою жеделдігі (23%), одан әрі басымдығы бойынша алдындағы тәжірибесі мен ұсынымдар (17%), таңдаудың барынша төмен өлшемі құны болып табылады (16%), көшпелі бригадалардың болуы (15%), жөндеу кепілдігінің болуы (10%) және сервистің орналасқан жері (9%) . Қалған өлшемдердің маңызы шамалы.
2. Даму стратегиясы Mаркетинг стратегиясыМаркетингтің маңызды бағыты баға құраудың икемді жүйесін құру болып табылады, бұл сату көлемін ұлғайтуға ықпал ететін болады.
Бұл істе сауда бағаларын реттеудің маңызы зор.
Өткізуге ынталандыру мынадай сәттерді ескере отырып жүзеге асырылады:
- ауылшаруашылық және орман техникаларының өңірлік көрмелеріне қатысу;
- жарнаманы атаулы тарату, оны арнайы басылымдар мен интернет-ресурстарда орналастыру.
Арнайы жабдықты қажет етпейтін жұмыстарды орындаған кезде осы қызметті орын, дауға байланысты барлық шығыстарды (жол жүру, тұру және тамақтану шығыстары) жаба отырып, қызметкерлердің кәсіпорынға бару мүмкіндіктері. Қалған жағдайларда техникаларды жеткізуді тапсырыс беруші кәсіпорын (техниканы жеткізу өзін жүргізіп апару немесе басқа техниканы қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін) .
Сыртқы
орта
Тұрақты пайда алу.
Компанияның белгілі «атын» шығару.
Өңірлік қамти отырып ауылшаруашылық техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметтері нарығында орнығу
Өңірде үлкен сервис-орталықтардың пайда болуы.
Қолайсыз жайғасу.
Жағымсыз қоғамдық пікір.
Форс-мажор жағдайлар
Ішкі
орта
Қызмет көрсету сапасы мен сенімділігі.
Жоғары білікті қызметкерлер штаты.
Икемді баға саясаты
Өндірістік алаңдар мен жабдықтарды барынша тиімді пайдалану үшін, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру үшін жөндеу кәсіпорындарында технологиялық желілер мен мамандандырылған пост арды - бұзу-жуу жұмыстарындағы, машинаны және қозғалтқыштарды бұзу, жөндеу және жинау учаскелеріндегі жұмыс орындарын ұйымдастыра отырып машиналарды агрегатты-тораптық жөндеу әдістері қолданылады.
Технологиялық жөндеу процесі мен машиналарға техникалық қызмет көрсету сыртын жуудан, пайдаланылған майын ағызудан, картерлерін бумен немесе ауа қысымымен үрлеуден және диагностикадан басталады.
Әмбебап жөндеу стендінде жуғаннан кейін машинаны бұзуға, жууға және диагностикаға жібереді. Машинаны бұзу, жуу және диагностика жасау учаскесінде оны толығынан немесе ішінара тораптарға бөледі, содан соң тірек-крандар арқылы жуу машинасына апарады. Содан соң оларды жөндеу және санау учаскелеріне жібереді. Толығынан немесе ішінара бұзылған машиналар арнайы құрылғылар, тірек-крандар және арбалар көмегімен шеберханаға қатарлап қойылады.
Жөнделген тораптар мен машиналарды арнайы стендтерде сынайды.
Тракторлар мен автомобильдерді соңғы сынауды ғимараттан тыс жүргізеді. Жөнделген ақаулары сыналғаннан кейін техникалық қызмет көрсету учаскесінде жөнделеді. Комбайндар мен ауылшаруашылық машиналары стенд-арбада сынайды. Сынаудан өткен машиналар сырлау учаскесіне келіп түседі және сырланады (қажет болса), жөнделген техникалар алаңына әкеліп қойылады.
Ғимараттар мен құрылыстарЖалпы алаңы 200 шаршы метр орын-жай сатып алынады. Ғимараттың орнын қазу және жөндеу шеберханасы үшін орын-жайды дайындау үшін 500 жұмсалатын болды.
Жабдық және инвентарь (техника)Жабдықтар және оларды сатып алу шығындары төмендегі кестеде берілген.
Техника жөндеу жабдықты мен құралдарының бірқатар басымдықтары бар. Ықшамды мөлшері мен салмағының аздығы, комплектілерді ақау торабына бекітетін бірегей жүйесі, қандай биіктікте, бұрыштар мен жазықтарда болсын жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Осы жабдықты қолдана отырып кәсіпорын өз шеберінің, механигінің уақытын үнемдейді. Жоғары сенімділік пен қарапайым пайдалану - міне, ұсынылатын қандай да болсын жабдықтың ерекше белгісі болып табылады.
Жабдықты жеткізуші’’ТехнороссТ’’ компаниясы.
Коммуникациялық инфрақұрылымЖобада қажетті коммуникациялық, атап айтқанда, электр-, жылу- және сумен жабдықтау, телефон байланысы бар инфрақұрылымы бар ғимаратты жалға алу көзделеді. Қажет болған жағдайда цех жұмысы үшін бейімдеу жүргізілетін болады.
Ұйымдастыру, басқару және құрамКәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды. Әкімші өндірістік құрамның (мастерлер, электрик және т. б. ) жұмысын бақылайды.
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады (3-сурет) .
2-сурет - Ұйымдастыру құрылымы
Құрамды басқарудың келтірілген құрылымын жүйелікке жатқызуға болады. Ол директордың кәсіпорын жұмысын жедел басқаруына және жағдайдан хабардар болуына мүмкіндік береді.
Кәсіпорын мам андары - әкімші, мастерлер. Қызмет көрсетуші құрамға әр түрлі жұмыс істеушіні, еден жуушыны, күзетшілерді жатқызуға болады. .
Жобаны іске асыруОсы жобаны іске асыру 2012 жылғы қаңтардан 2012 жылғы сәуірге дейінгі кезеңді қамтиды деп болжануда.
Инвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде келтірілген.
Жабдықты жеткізу құны жабдықтың өзінің құнына қосылған.
Пайдалану шығыстары
Пайдалану шығыстары ауыспалы шығыстардан тұрады. Ауыспалы шығыстар жалақы шығындарынан тұрады.
Мастерлермен есеп айырысу кезінде кесімді еңбекақы қолданылары - 40/60, ЕТҚ арналған салықтарды қоса алғанда. Өндірістік қызметшілер жалақысының үлесі (жөндеу мастерлері, олардың көмекшілері) кәсіпорын табысының 40% құрайды. Еңбекақы төлеудің бұл жүйесі құрамның машиналар мен жабдықтарды жөндеу мен қызмет көрсетуде жедел және сапалы жұмыс жүргізуге ынталандырады, өйткені олардың жалақысының деңгейі кәсіпорын кірісінің көлеміне байланысты болады.
Жалпы және әкімшілік шығыстарКелесі кестеде кәсіпорынның тұрақты шығыстары берілген.
Еңбекақы төлеу шығыстарының сомасы айына 385 мың теңгені құрайды. Өндірістік құрамның жалақысы кесімді түрде есептелетін болады (40/60) .
Жалақы төлеу үшін әкімшілік және көмекші құрамға есеп телген әлеуметтік аударымдар айына 17, 3 мың теңгені (ОПВ-ны қоспағанда еңбекақы төлеу қорының 5% есебінен) құрайды, өндірістік құрамға есептелгені - айына 48, 6 мың теңге. Бұл сома Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - ҚР Салық кодексі) 437-бабына сәйкес әлеуметтік салықтың сом асын азайтады. Жеңілдетілген декларация негізінде салықты есептеу салық салынатын объектіге (кіріс) 3% мөлшеріндегі (ҚР СК 437-бабы) ставканы қолдану жолымен жүргізіледі, оның ½ жеке табыс салығын құрайды, ½ - әлеуметтік салық.
Бұдан басқа әлеуметтік салық егер жұмысшының орташа айлық жалақысы Республикалық Бюджет туралы Заңда (ҚР СК 436-бабы) тиісті қаржы жылына белгіленген 2-еселік ең аз жалақыдан кем болмаса, әрбір жұмысшы салығы сомасының 1, 5 % мөлшерінде азайту жағына түзетіледі.
Қаржыландыру қажеттілігі
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:
Кредит басында жіберілген қабылданған олқылықтарға сәйкес толық көлемінде 2018 жылы өтеледі.
Cash-flow проекциясы ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz