Желбіресін мәңгілік жеңіс туы


« Желбіресін мәңгілік жеңіс туы»
1-жүргізуші
Жеңіс. Жеңіс күні. Ерліктің отын маздатқан осынау күні тағы бір сұрапыл жылдарды еске аламыз. Бұл батысқа қарап телмірген аяулы жар, үмітін үкілеген ана мен әкесін асыға күткен сәбидің арманы алып келген жеңіс. Бір жарым миллион ұлын аттандырып, барын, малын бергізген қуаныш пен қайғыдан қатар жылаған жандардың жеңісі. Қазақстан бұл соғысқа 12 атқыш, 28 панфилшы, 4каварелиялық девизия, 7атқыш бригада құрды. Жауға атқан он оқтың тоғызы Қазақстандық қорғасыннан құйылған. 500ге жуық Қазақстандық “Кеңес одағының батыры”атағын алған. Қаншама шаңыраққа қаралы хабар алып келіп, қаншама қазақ отбасыларының үмітін үзген жеңіс. Өрімдей жасқа қару кезеп, кеудесін орденмен безендірген жеңіс. Ертеңге елеңдетіп, келешектің кемесіне сенім арттырған жеңіс. Ардагерлеріміздің жеңісі, ата-апаларымыздың жеңісі. Сұрапылдарды сабырмен, үмітпен жеңе білгендердің жеңісі. Біздің жеңіс. Тарихта, ел тағдырында өшпес із қалдырған жеңіс!
Әуен ойналып, көрініс қойылады.
2-жүргізуші
Анадан хат
Құлыным, Аманбысың?
Тағдырдың тажал төбетін тымақтай сілкіп жүрмісің?Қайтейін қарғам-ау, сені аялап өсіріп енді азамат болғанда, ажалмен айқасуға шығарып салам деген үш ұйықтасам түсіме кірді ме екен? Бүгін таңға жуық көзім ілініп кеткен екен, дәл құлағымның түбінен «апа, уайымдама, мен жеңіспен ораламын» деген дауысың естілді, анаық естілді. Иә, иә жарығым тілегің қабыл болғай. Өйткені, сен тек біздің ғана емес, мына қалың елдің үмітінің сәулесін жағуға тиіссің. Білемін, мұндай қан төгіс құрбандықсыз болмайды бірақ, менің үмітімнің сәулесі болған сен сөнуге тиіс емессің! Сені мен түгелі, мына үйдің іргесіндегі өзің су тасып жүріп салған соқпақ жолың да күтеді. Сені өзің алақаныңмен қант беріп үйреткен қасқа құлының да, сағынып кісінеп қояды. Тіпті мына тозығы жеткен есік те, желп еткен желге сен келгендей сықырлап ашылады. Иә, сен келесің, қайтар жаудың бетін! Мен сол күнді күтемін . . .
Фанфар ойналады.
1-Жүргізуші
Ханымдар мен мырзалар, келешек ұрпақтың болашағы үшін, отбасы мен туған елін, жерін, арман-мақсаттарын тәрк еткен аяулы майдангерлеріміздің құрметіне 1-минут үнсіздік жариялансын!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұраны шырқалсын!
2-Жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар! Барша әлемді дүрсілкіндіріп, ел тағдырында өшпес із қалдырған оқиға 1941 жылдың маусымында болған еді. Бірақ, ел үшін, жер үшін жандарын шүберекке түйіп, майдан алаңында кеуделерін оққа тосқан ата-апаларымыздың арқасында, 1945 жылы 9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 74 жыл уақыт өтті. Олай болса Ұлы Жеңістің 74 жылдығы баршаңызға құтты болсын!
1-жүргізуші
Сонымен қатар жыл сайын жеңіс күнімен қатар тойланатын 7 мамыр Отан Қорғаушылар кұнімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен үнін.
Ардақты ағаларға шын көңілден,
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін!
Олай болса бүгінгі кешіміздің алғашқы құттықтау сөз кезегін колледж директоры Унбаев Нұрлан Зейнединовичке береміз.
1-жүргізуші
Келесі құттықтау сөз кезегін колледж кәсіподақ төрайымы Шаманова Нұрболған Елемесовнаға беріледі.
2-жүргізуші
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!
1-жүргізуші
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
1. Олай болса кезекті ұстаздарымыздың сіздер үшін дайындаған тосын сыйына береміз!
2. Истай Манзура Нұрмағамбетова Айдана «Сарбаздар» әні
3. 360 топ қыздары «Катюша» биі
4. 369 топ қыздары «Сарбаздар» биі
5. 359 топ «Хор»
2-жүргізуші
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай
Көрсең де көреріңді азаппенен.
1-жүргізуші
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Осымен бүгінгі мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Егемендігіміз еңселі, тұғырымыз биік, бірлігіміз бен бейбітшілігіміз мәңгіге орнасын!
2-жүргізуші
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік ел ретінде танытқан Жеңіс күні құтты болсын!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz