Бюджет процессі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Бюджет процессі.

Жоспар
Кіріспе
1. Бюджет процессі
2. Бюджеттік процесті ұйымдастырудың негізі. Бюджеттік процестердің кезендері.
3. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.

1.Бюджеттік процесс
Бюджеттік процесс - мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және оған басқа да қатысушылардың бюджетжобаларын, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің жобаларын жасау және қарау жөніндегі, осы бюджеттерді бекіту және атқару жөніндегі, сондай-ақ олардың атқарылуын бақылау жөніндегі құқықтық нормалармен тәптіштелетін қызметі. Бюджеттердің құралуының негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген.
Еліміздің Конституциясының 4-ші бөлімінің 53 бабында Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: Ресупбликалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекеттік заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң). Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн және оны келесі сызбадан көре аламыз.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекетік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика және мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кзеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін анықтайды.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты функцияларды орындайды.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді.
Бюджеттi жоспарлау принциптерiне келесілерді жатқызамыз:
негiздiлiк принципi -- бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады
сабақтастық принципi -- бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
басымдық принципi -- бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау процесі келесідей сипатта болады:
1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.

2. Бюджеттік процесті ұйымдастырудың негізі. Бюджеттік процестердің кезендері
Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.
Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол бюджеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді.
· Тұтастық оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларынын бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
· Дербестік оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қанар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;
· Теңгерушілік оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына;
Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюджет тұрақтылығы мен аймақтар және іс әрекет салалары аралығындағы ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет ол мемлекеттің барлық қаржы саястының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру.
Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық ортамерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени ұйымдардың қаржыландыру жоспарын әзірлеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ
Қазақстанның мемлекеттік бюджеті
Мемлекеттік бюджет - экономиканы мемлекеттік басқарудын құралы ретінде
Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
Мемлекеттік бюджет жүйесі және оның теориялық негіздері
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Экономикалық аймақтың түсінігін әр түрлі көзқарастардан талдау және қорытындылау экономикалық аймақты ұлттық экономикалық кеңістіктің бөлігі ретінде анықтау
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және мемлекеттік бюджетті жоспарлау
Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау
Пәндер