Мәдениет теориясындағы субмәдениет ұғымы өзектілігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТИРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Мәдениет теориясындағы субмәдениет ұғымы өзектілігі
Кафедрасы:Мәдениет теориясының өзекті мәселлері

Орындаған:Жаканша Балауса
Тобы:МС20-152К3
Қабылдаған:Тұтқабаева.М

Шымент 2020
Мазмұны :І. Кіріспе бөлімСубмәдениет ұғымыІІ. Негізгі бөлімА)Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің себептеріӘ)Жастар субмәдениетіІІІ. Қортынды бөлімҚорытынды

Субмәдениет ұғымыСубмәдениет (лат. sub -- төменгі, нем. kultur -- мәдениет) -- дәлме-дәл аударымда астыңғы мәдениет, ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни субмәдениет ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да ерекшелiгi бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл ерекше адамдар белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет - жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады.
Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек жастар субмәдениеті ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар жастар, субмәдениет түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр. Жалпы, субмәдениет - жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және МЕН--ОЛАР жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы.Жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге тән феномен екендігін айта кеткен жөн. Мұны жастарға арналған мәдениет (кино, әртүрлі жаппай көңіл көтеру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәс-түр-лі нормаларға қарсы тұру секілді) ша-тастырмаған жөн.Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк стиль қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.
Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:1. Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу2. Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану3. Барлық адамдар сияқты юолуды қаламау4. Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді5. Криминалдың әсер етуі6. Мода қуу7. Батыстық бейнеге еліктеу8. Өмірлік мақсаты болмау9. Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.Әлеуметтік - құқықтық критерии бойынша бейформалдық бірлестіктер3-ке жіктеледі:1. просоциальді(жағымды бағыттағы)- жастарға жағымды, белсенді әсер ететін.2. асоциальді(бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған.3. антисоциальді(жағымсыз бағыттағы)- жастарға кері әсерін тигізетін бірлестіктер.Жастар субмәдениеті - жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүргеннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын дамудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады.Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айрықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық. Мәселен, готтардың келбетi қорқынышты фильмдердегiдей үрей туғызады. Олардың өзiндiк символы - қара түнек. Түнде жүрiп, сиқырмен айналысып, зираттарда түнейдi екен. Сондай-ақ эмо дегендердiң өзiнше тағдырлары бар көрiнедi, олар өздерiнiң тамырларын кесiп, тек қара мен алқызыл түстi ғана мойындайды. Ал скинхэдтер, яғни тақырбастылар туралы әңгiме басқаша. Бұдан да өзге субмәдениеттер бар. Мысалы, компьютерлiк, ақпараттандыру технологияларын жаңғыртушылар. Зиянды хакерлер бiрлестiктерi де жоқ емес.Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып табылатын жастардың психологиялық ерекшеліктеріне келер болсақ, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан.
Жастардың өмір сүру қалпы және тір-шілік ұстанымы контрмәдениет шеңберінде болуы мүмкін емес сияқты. Себебі субмәдениет - жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы мәдениеттің бір бөлігі, ал контрмәдениет - жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Айталық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттандыра алмаушылық мәселелері негізіндегі контрмәдениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегі тақыр басты жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ресейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы - бұл да жастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
Әлеуметтік психологиялық теориялар
Субмәдениет феномені
Жастар әлеуметтануы
ҚР жастар субмәдениетін зерттеу
Субмәдениет ұғымы
Жастар субмәдениеті
Жастардың арасындағы субмәдениет
Жастар әлеуметтану ерекшеліктері
Қазіргі қазақ жастары
Пәндер