Әл-Фарабидың Бақытқа жол сілтеу еңбегі бойынша бақыт түсінігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

ЭССЕ

Тақырыбы: Әл-Фарабидың “Бақытқа жол сілтеу” еңбегі бойынша бақыт түсінігі

Группа:БТ 19-07

Орындаған:Бейсебек Жансая

Тексерген:Пернебекова Д. П.

Алматы, 2021ж

Әл-Фарабидың “Бақытқа жол сілтеу” еңбегі бойынша бақыт түсінігі

Бақыт түсінігін әркім әрқалай түсінеді. Біреулер үшін ақшы, байлық бақыт болса, енді біреулер үшін ақыл-парасат, отбасы деген сияқты түсініктерді бақыт деп есептейді. Әркім өз таным көкжиегі бойынша ойлайтынын ескерсек бақыт түсінігін әркімнің әрқилы қабылдауы таңқаларлық жағдай емес. Енді біз осы бақыт түсінігін әл-Фарабидің “Бақытқа жол сілтеу” еңбегі бойынша қарастырып көрейік.

Ұлы бабамыздың «Бақытқа жолын сілтеу» атты трактатында « . . . адам абсолюттік бақыт туралы оның өз түсінігі ең дұрыс және ең ұлы немесе ең жетілген (игілік) деп сенеді» - дей келе, «адам бақытының шыңына жету өзі үшін соған жетуді қалайтын адамнан оны игерудің әдісі мен амалын табуды талап етеді » және « артынан не мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол адам бақытқа жетеді» - деп түйіндейді. Ол кісінің пайымдауынша, «әрі мадақтауға, әрі жазғыруға соқтыратын мұндай жағдайлар үшеу» екен : біріншісі - адамның іс-әрекеті, мысалы, орнынан тұруы, отыруы, көруі, естуі; екіншісі - жандүние сезімдері, мысалы, құштарлығы, рахаты, қуанышы, ашуы, қорқынышы, жабырқауы, күйінуі, қызғанышы ; үшіншісі - ақыл-парасаты.

Өзіміз байқағанымыздай ұлы, ойшыл ғалымның пайымдауынша бақытқа жету үшін сені не бақытты қылады, сенің қалауың қандай, сен бақытты болуға ұмтыласың ба, сенде мақсат бар ма осы факторлардың бәрі бақытқа жеткісі келетін тұлғаның өзіне қоятын басты сұрақтардың бірі болып табылады. Адам баласы туғаннан бастап бақыт жолын іздейді. Адам өзіне не керегін білсе ол бақытқа апаратын жолды да біледі деуге болады.

Әл-Фарабидың адам бақытын теориялық кемелдікке теңеген көзқарасы ғалымның «Бақытқа жол сілтеу», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактаттарында берілген. Әл-Фараби бақытты білім арқылы кемелденумен теңестіреді. Бақыт түсінігін теориялық ізгілік ретінде дәлелдейтін көзқарасы ғалымның «Әс-Сийіса әл-Мәдәнийада» көрініс тапқан, трактатта көрсетілгендей, адамның әрекетшіл ақыл-парасаты кемелдіктің ең жоғарғы сатысына көтерілуіне септігін тигізсе, әрекетшіл ақыл-парасаттың осы деңгейі және сол сатыға адамның жетуі теориялық бақытқа кенелтеді, бұл жағдайда адам жоғары бақытқа қол жеткізеді.

Ойшылдың пайымдауынша бақытқа жету үшін, бақытқа ие болу үшін қажет нәрсенің бәрі де игілік деп аталады. Игілік пен қайырымдылық-бақытқа жету үшін қажет. Бірақ, әл-Фарабидің шығармасында қандай бір шамада болсын бақытқа кедергі жасайтын нәрселер - зұлымдық деген ұғымның бар екенін айтады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайтын күш деп қарастырған.

Егер адамда жалпы бақыт туралы түсінік пен пайымдары бар, бірақ бақытты өзінің негізі мен мақсаты етіп алмаса, немесе көңілі қаламай немесе оған селсоқ қарап, өзінің өмірлік мақсаты етіп, бақыттан басқа бірдеңені таңдаса және соған жету үшін бар күшін жұмсаса, онда осыдан да абсолюттік зұлымдық келіп туады деп есептеген. Адамның бақытты, не бақытсыз болуы адамның жеке таңдауы.

Адам өмірінде бақытқа апаратын жол ретінде - ақыл - парасатты алатын болса. Және сол үшін аянбай еңбектенсе, күндердің күнінде бақытқа кенелмек. Адамның ақыл-парасаты көп нәрсенің өлшеуіші ретінде көрсек те болады. Соның бірі де бірегейі оның бақытқа апаратын жолы.

Егер адам бақыттың шыңына шыққысы келсе, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзіне мақсат етіп қойып, соған ұмтылуы керек. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп соған әрекет жасауы керек.

Әл - Фараби бақытты әр адамның өміріндегі алға қойған мақсаты ретінде түсіндірген, оның дүниетанымы бойынша адам осы дүниеге бақытқа жету үшін келген . Адам шынайы бақыттың не екенін біліп, оны өзінің өмірлік мақсаты етіп, соған ұмтылып отыруы кажет . Бақыт - көп мағыналы ұғым . Оның басты түсініктері : 1. Бақ - дәулет ; 2. Қуаныш, рахат ; 3. Жақсылыққа жету, даналық ; 4. Өмірден өз орнын табу . Осы түсініктер бір сәтте адам өмірінде болса ол адамды бақытты десек те болады. Бірақ бақыт түсінігін әркім ірқалай түсінетінін де естен шығармаған жөн.

Қорытындылай келе, бақытты сырттан іздеме. Бақыт ол сенің ішіңде. Ол сенің ақыл-парасатың, өмірге деген көзқарасың, дәл қазіргі жай-күйің. Өмірдің әр сәтінен бақытты сезін. Ертең немесе кеше бақытты болма. Дәл қазір сезін. Өзіңе берілген ұшан-теңіз мүмкіндіктер ішінен дәл саған керегін ажырата біл. Бақытты сезін және басқа факторлар тек сені одан да бақыттырақ ете алуға ғана шамасы жететінін түсін. Бақыт ол-сен!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақыт туралы кітап
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт түсінігі
Әл–Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектері негізінде эссе
Әбу Насыр әл-Фарабидың лингвистикалық семантикасын оқыту
Қала бір, бірак типтері әрқилы
Философиялық трактаттар
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Әл-Фарабидың еңбектеріндегі бақыт ұғымы
. Әл-Фараби жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz