Соғысқа дейінгі өмірі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Төлеген Тоқтаров (1920-1942)

Жоспар

  1. Соғысқа дейінгі өмірі
  2. Тоқтаровтың өшпес ерлігі
  3. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды
  4. Төлеген Тоқтаров жайлы жаңа кітап

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Соғысқа дейінгі өмірі

http://old.pushkinlibrary.kz/images/thumbnails/images/tohtarov1-80x123.jpg

Сурет 1. Төлеген Тоқтаров

Төлеген Тоқтаров 1920 жылы 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Жастайынан жетімдік пен жоқшылықтың бейнетін көріп, өте пысық әрі өжет болып өседі. Әкесінің інісі Ғадылқұмар Төлегенді сол кездегі Риддер қаласына алып келеді. Мұнда Төлеген қазақ мектебінде жеті кластық білім алады.

1938 жылы он жеті жасында Риддер қаласының маңындағы қорғасын зауытына жұмысқа орналасады. Алғашқы күндерден-ақ өзін қабілетті, іскер жас ретінде көрсетеді.

Майданға 1941 жылдың желтоқсан айында шақырылды. Комиссия мүшелері қазақ жігітінен "қай бөлімге барғың келеді?" деп сұрағанда, "қай бөлімде жауды көп құртуға болады, мені сонда жіберіңіздер" деп жауап қайтарған екен.

Көп ұзамай Төлеген Тоқтаров генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-шы (8-ші гвардиялық) атқыштар дивизиясының құрамына қосылып, 275-ші полктың автоматшылар ротасының жауынгері атанды.

  1. Тоқтаровтың өшпес ерлігі

Қазақ жігіті өзінің тапқырлығымен, ержүректігімен рота жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді.

"Ажалдың көзіне тура қара, кірпік қақпа, сонда сенен ажал қорқады, сен жеңесің".

Бұл Төлеген Тоқтаровтың сөзі. Қазақ жауынгері қарулас жолдастарын үнемі жігерлендіріп, батыл қимылдауға шақыратын.

Дивизияның "Отан үшін" газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан.

1942 жылы 5 ақпанда Новгород облысындағы Нагаткино ауылына бірінші болып кіріп, бірден жаудың 7 әскерінің көзін құртып, екеуін тұтқынға алды. Ал 1942 жылы 9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтере алмайды әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 метр қалған еді. Осы кезде Тоқтаров қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Алдыңғы шепте шеткі үйлерді жаудан азат етіп, 5 басқыншының көзін жойды. Оғы таусылғанша жауға тойтарыс беріп, ауыр жараланды.

Төлегеннің майдандағы ерлігін көзімен көрген, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин өз естелігінде былай деп жазды:

"1942 жылдың 9 ақпаны. Түс кезінде немістер қайта шабуыл жасады. Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды. Нағыз күшті соғыс басталды. Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды. Төлеген "әуп" деп орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс офицерінің қақ басынан періп жіберді. Офицерді жайратып салып, қайта орала бергенде, жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза болды".

Қазақ жауынгері 1942 жылдың 10 апқанында ерлікпен қаза тапты.

1943 жылы қаһармандығы мен батылдығы үшін Төлеген Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Төлеген Тоқтаровтың сүйегі Бородиноның күн шығыс шетіндегі төбеге жерленді. Қоршаудың қақ ортасындағы биіктігі 4 метр мәрмәр ескерткішке мынадай сөздер ойылып жазылған: "Бұл жерде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан кеңес жауынгерлері жатыр. Олардың арасында Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров бар".

  1. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды

Ержүрек Тоқтаровтың ерлігі туралы шығармалар да, кітаптар да жетерлік.

Төлеген Тоқтаров жайында Байғаниннің "Жиырма бес", Жабаевтың "Төлеген ер" әндері, Құдабаевтың "Топ бастаған Төлеген" терме-толғауы бар.

"Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров", "Нәрін, дарын, бәрін берген - туған жер", "Намыс" кітаптары да жарық көрді.

Композитор Рамазан Елебаев Төлеген Тоқтаровқа арнап "Жас қазақ" ән-реквиемін (1942), ақын Н. Баймұратов "Ер Толеген" (1945) дастанын жазды.

Төлеген Тоқтаров жайында Н. Байғаниннің «Жиырма бес», Ж. Жабаевтың «Төлеген ер» әндері, С. Құдабаевтың «Топ бастаған Төлеген» терме-толғауы бар. «Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров», «Нәрін, дарын, бәрін берген - туған жер», «Намыс» кітаптары да жарық көрді. Съездхан Дәулетханұлы Құдабаев пен Совет Қапанұлы Иманғалиев «Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров» өз кітабында Төлеген Тоқтаровтың Нагаткино, Соколово, Трошково, Бракловицы, Траково елді-мекені үшін ұрыстарда ерекше көзге түскенін, Бородино селосын қорғауда жаудың әскери бөлімінің штабына еніп, 5 неміс офицерінің көзін құртқанын, бірнешеуін тұтқынға алғанын, бірнеше күнге созылған осы ұрыста қаһарман ұлдың қаза тапқанын баяндайды. 8-гвардиялық Панфилов дивизиясының атқыштар полкінде жүргенде өнерпаздардан концерт бригадасын ұйымдастырған Мәскеу мемлекеттік консерваториясының студенті Рамазан Елебаев (1910-1943) Төлеген Тоқтаровқа арнап «Жас қазақ» ән-реквиемін жазды. Майдандағы жауынгерлерге концерт бригадасымен барған әнші Жүсіпбек Елебеков туындыны автордың өз аузынан үйреніп алған екен. Сұрапыл майдан суретін, сол майданда жауға жай оғындай атылып, оны арыстанша жаныштаған Төлеген Тоқтаровтың сыртқы келбетін, ұлан-асыр ерлік қимылымен қатар оның асқақтаған арманын, әрі биік, әрі кең, әрі жарық жан-дүниесінің үлкен романтикасын әсерлі де айқын, дәл де жарқын бейнелеген арнау:

Жас қазақ
Қар жамылған кең дала, қанға бөгіп,
Күркіреді сұр аспан өлім төгіп.
Жас қазақ
Мұрттай ұшты ура-лап.

Жанын қиып кете алмай, жас өмірден,
Асқақтаған арманға өрмелеген.
Жас қазақ
Жатты көзі от жайнап.

Қапысын тапқан зұлым жау масаттанып,
Отыр еді өзіне мейірі қанып,
Жас қазақ
Атылды оқ боп, көре сап.

Алтын шапақ ақ иек атқанда таң,
Қалғанынша денеде бір қасық қан.
Жас қазақ
Жатты жауын жаныштап.

Сол бетінде жан берді, ол тұрмады,
Ары үшін елінің боп құрбаны.
Жас қазақ
Бәрің соған ұқсап бақ!

Ел қорғаған майданда жас арыстан,
Тоқтаровтай артында қалар дастан.
Жас қазақ,
Міне, саған мәңгі бақ!- деп аяқталады.

Риддер қаласындағы қорғасын зауытының аумағында батырға ескерткіш орнатылған. Зауыттың байырғы жұмысшылары «Бұл цехта Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров 1938-1942 жылдары жұмыс істеді» деген жазуы бар қымбат металлдан жасалған тақтайшаны көздерінің қарашығындай сақтап келеді. Есімін де, ерлігін де зор құрмет тұтады. Қатардағы гвардия жауынгері Төлеген Тоқтаровтың оқ пен оттың, өмір мен өлімнің ортасында жүріп, батылдық пен ержүректілікке шақыратын ар мен ұяттың символы ретінде шынайы патриотизмнің үлгісін көрсеткенін мақтаныш етеді.

Ресейдің Старая Русса қаласында Төлеген Тоқтаровтың бюсті бар[1] .

Қазақстанның бірқатар қаласы мен Ресейдің Старая Русса қаласындағы көшелерге Төлеген Тоқтаровтың есімі берілді. Төлеген Тоқтаров көшесі Нұр-Сұтан қаласында Ю. Малахов көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Шиелі, Қ. Кемеңгерұлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы -1311, 1 м.

  1. Төлеген Тоқтаров жайлы жаңа кітап

Сурет 2. Төлеген Тоқтаровқа арналаған кітап

Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 65 жыл қарсаңында, 5-мамыр күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Төлеген Тоқтаров» жинағының тұсаукесері өтті. Кітап жерлесіміз, Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың өмірі жайлы шығармалар, естеліктер, поэмалар, әндер мен мұрағат материалдарынан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл
Бердібек Соқпақбаев Өлгендер қайтып келмейді романынан
Қазақстан Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары
“Сиер” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Дүние жүзілік соғыс туралы
Іі-дүние жүзілік соғыс және жаңаша көзқарас
Соғыс жағдайындағы Қазақстанның көлеңкелі тұстары
Уистон Черчилльдің қоғамдық саяси өмірі
Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz