Ы. Алтынсарин
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Мәнжазба
Тақырыбы: Ы.Алтынсарин
Орындаған: Төлеуқара.Г.А
Тексереген: Булебаева.Р.Т
Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы, жазушы, фольклоршы, этнограф. Қазақ халқын оқу-білімге, мәдениетке үндеп, халық - ағарту саласында көп енбек сіңірген қазақтың, тұңғыш тамаша педагогі. Бірінші қазақ мұғалімі, қазақ даласында бірінші болып қазақ мектебін ашушы, балаларға арналған алғаш қазақша және орысша тілдердегі кітаптардың авторы.
Үміт еткен көзімнің нұры - балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сөйтіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп сағынарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басырарсың.
Ата-анаңды өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Бұл өлеңді Орынборда оқып жүрген жас Ыбырайға атасы Балқожа би жолдаған екен. Оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген ол 5 жасар баланы (Ыбырайды 1841 жылы 20 қазанда Қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған) Орынборда ашылмақ болашақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты.1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ балаларының бірі - Ыбырай еді. Ыбырай мектепті "өте жақсы" деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады.
Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқу секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттардыорындау Ыбырай Алтынсаринге, әрине, ол кезде оңайға түскен жоқ. Оның алдында жалпы өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жүгерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: "Ал енді құдай басыма не салсада, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабыма еш уақытта да қайтпаймын", -деп Н. И. Ильминскиге (1884 жылдың 14 қыркүйегі) сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтарымен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл-кеңесінде пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында. 1864 жылы қазақ сахарасының төлінде бұрын құлаққа шалынбаған жақа әуеп-баларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілген еді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушысының осы жолдағы алғашқы жеңісі, қазақ халқының өміріндегі әлуметтік маңызды тарихи оқиға болатын. Сондықтан да болар, Ыбырай Алтынсарин бұл қуанышын (жеңісін Н. И. Ильминскиге жазған хатында: "Осы жылы (яғни 1864) қаңтардың 8 күні менің көптеген күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шыққан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балаларда менің айызымды қандырып, не бәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды..."-деп айрықша мақтаныш сезімдер жазды.
Тұңғыш білім отауының босағасын алғаш аттаған он төрт баланың есімдері бізге беймәлім болғанымен, олардың жұдырықтай жүрегін билеген сезімдері соншалықты таныс, ыстық қой.
Міне, сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уалихановтай аяулы азаматтың халқын оқыса, өнер-білімді игерсе деген арманын іске асырушы болды.
Ыбырай Алтынсарин - "Қазақ хрестоматиясы" (1879) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы . Ағартушы оқулықтағы жазу мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: "Бұл кітапты қарастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуынажарайтын кітап бола алу жағын көздедім..." деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де толығынан атқарды. Оқулықтың ревалюцияға дейінгі мерзімде бірнеше мәрте (4 рет) қайталап жарық көрер, оның өз кезеңінде ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар бойында да талай жас ұрпақ үшін білім, өнеге көзі, рухани қазына бастауы болып келгендігін көрсетеді. Бұл "Қазақ хрестоматиясының" қазақ мәдениетінің тарихындағы өзіндік үлкен орны мен маңызын айқындайтын факт. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шығын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық- идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдыңұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Олар: Жас жеткіншектердіадал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz