Алиментарлық остеодистрофиядан қайтыс болған тауықтың патологиялық-анатомиялық сойып-зерттеу хаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Алиментарлы остеодистрофия ауруынан өлген тауықты №1 сойып зерттеу

ХАТТАМАСЫ

Сойып зерттеуді 2021жылы 21 наурыз күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті биологиялық қауіпсіздік кафедрасының секциялық бөлмесінде кафедра ұстаздары Ә. С. Ибажанова, А. Мыржиева және 4 курс ВС 415 топ студенттерінің қатысуымен сойып зерттелді. Алматы қаласының тұрғыны М. О. Ғабиденовтің жекеменшігіңдегі тауық өлексесін патологияық-антомиялық сойып-зерттеу.

Анамнездік мәліметтер.

Тауық иесінің айтуынша азықтандырылуында нан, жем, ас қалдықтары, су болған. Өлгеніне 3 күн қалғанда 5 тауық қатты жүдеп әлсіреген, қауырсындары ұйпаланған, азыққа тәбеті болмаған. Тауықтар 2021 жылдың 21 тамызы күні өлген.

Сыртқы көрінісі .

1, 5-2 жастағы тауық өлексесі, тұқымы ақ орыс, түсі ақ, қондылығы нашар, дене бітімі дұрыс. Өлексе салқын болған. Кілегейлі қабықтары : көзі, конъюнктива, ауызғ танау қуыстарының кілегейлі қабықтары бозғылт қызғылт-түсті, көмескі, құрғақ.

Тері: серпімділігі жоқ, қауырсыны ұйпаланған, көмескі, құрғақ. Айдары мен сырғасы бозғылт, көкшіл ренді.

Қаңқа бұлшық еттерінің көлемі кішірейген, тығыздығы қатты, тілік беті құрғақ бозғылт қоңыр түсті, тілік бетінің суреті сақталмаған. Сүйектері жұқаған, ырсиып тұр.

Ішкі көрінісі .

Көкірек-құрсақ қуысы: мүшелердің орналасуы дұрыс, сірлі қабық бозғылт қызыл түсті, тегіс, көмескі, құрғақ.

Мойын, ауыз және көкірек қуыстарының мүшелері.

Тілдің кілегейлі қабығы бозғылт түсті, еттері болбырлау, кескенде ет талшықтарының суреті сақталған.

Жұтқыншақ кілегейлі қабығы бозғылт қызғылт түсті, көмескі, құрғақтау. Өңеш кілегейлі қабығы бозғылт қызғылт түсті, көмескі, құрғақтау.

Көмей, кеңірдек кілегейлі қабығы бозғылт қызғылт түсті, көмескі, құрғақтау.

Өкпе көлемі аздап ұлғайған, түсі күрең қызыл, көкшіл ренді, тығыздығы қамыр тірізді, тілік беті ылғалды, көбік аралас қызғылт сұйық ағып тұрады. Өкпенің кесекшелері су бетінде ауыр қалқиды.

Жүрек домалақ пішінді, эпикард қантамырлары қанға толған, миокард сұрғы қоңыр түсті. Көк бауыр көлемі кішірейген, сұрғылт қызыл түсті, тығыздығы қаттылау, қырындысы шамалы.

Құрсақ жамбас мүшелерін зерттеу

Бауыр көлемі кішірейген, түсі қоңыр сұрғылт, тығыздығы қаттылау, тілік бетінің суреті сақталмаған. Безді қарын бос, кілегейлі қабығы бозғылт сұрғылт түсті. Етті қарын кутикуласы қиын алынады, кілегейлі қабығы бозғылт сұрғылт түсті, құрғақ.

Аш ішектің әр жері кеңейген, газға толған, кілегейлі қабығы аздап ісінген, қызарған, кілегейлі затан мол жамылған.

Тоқ ішек кілегейлі қабығы бозғылт қызғылт түсті.

Бүйрек аздап кішірейген, бозғылт қоңыр түсті, тығыздығы жұмсақ, тілік бетінің суреті жойылған. Екі жақ несеп жолдары кеңейген, қуысында ақшыл сұрғылт несеп-қышқылды тұздар бар.

Клоака кілегейлі қабығы бозғылт қызғылт түсті, көмескі құрғақ.

Ми жұмсақ қабығының қантамырлары аздап қанға толған, ми заты болбырлау.

Патологиялық анатомиялық балау

1. Жалпы жүдеу.

2. Анемия, эксикоз.

3. Қаңқа бұлшық еттерінің атрофиясы.

4. Жіті катарлы энтерит.

5. Өкпенің домбығуы.

6. Паренхималық мүшелердің атрофиясы.

Өлімнің себебі туралы қорытынды. Барлық зерттеулерді негізге ала отырып, сойып-зерттеу көрінісі тауықтың алиментарлық дистрофиядан өлгенін көрсетті.

Сойып зерттеген: ВС-415 топ студенті Сайлау Тоқжан Ришатқызы

Негізгі сарапшы: Мыржиева. А.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа тілмесі бойынша торайдың патологиялық-анатомиялық сойып-зерттеу хаттамасы және эпизоотологиялық-лабораторлық талдауы
Иттегі құтыру: өлексені сою хаттамасы және патологиялық-анатомиялық мен гистологиялық зерттеу қорытындылары
2017 жылғы Алматы қаласы мен Қарасай ауданындағы тауықтардың патологиялық-анатомиялық сойып-зерттеулері: Ньюкасл ауруы және пастереллез
Ит өлексесін сойып алынған патологиялық-анатомиялық хаттама және ит обасының клинико-патологиялық талдауы
Аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған мүрделерді ашу және зерттеу материалдарын алу әдістемесі
Уланудан қайтыс болған және улануға күдік тудырған жануарлардан патологиялық материалды алу және жөнелту ережелері
Жылқы альфортиозы: этиология, патогенез, клиника және патологиялық-анатомиялық зерттеу (құлын жағдайы)
Шошқа обасы: патологиялық-анатомиялық зерттеу және клиникалық-эпидемиологиялық талдау
Шошқаның обасы: өлексені жарып-сою хаттамасы мен патолого-анатомиялық зерттеу қорытындылары
Жануарлардағы бүйрек патологиясы және гломерулонефрит: морфология, клиника және сойып ашу хаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz