Батырларға мәңгі естелік


Эссе. Б
Батырларға мәңгі естелік
Өз Отанын жан -тәнімен сүю-
адамшылықтың асқар шыңы.
75 жыл . . . Ұлы Отан соғысы тарихтағы сұрапыл кезеңдердің бірі. Қаншама қан төгілді, қаншама адам жақындарынан айырылып, жүректері жараланды. Қаншама жас ұл-қыздар өз үйінен жыраққа кетіп, бақытты ошақ құра алмай кетті. Кішкене кезден алдына қойған мақсаттары, армандаған жас болашақтар бір-ақ күнде отша сөнді де қалды.
Адамдардың жасы, жоғалтқан уақыты, күштері не үшін?
Соншама өмірлерді алып кеткен қорқынышты кезенің көздегені не еді?
Соғыс деген бір-ақ сөз, бірақ ол қаншама түсінік және талдауға тұрарлық. Әркім бұны әрқилы түсініп, әр түрлі ойларға әкетеді. Мысалы, оны бастан кешкен аға ұрпақ, ауыр жұмыспен, ұйқысыз түндермен және жақын адамдарын жоғалтумен байланыстыра балалық шақтан өткенін естеріне алады.
Мен үшін соғыс-адамзаттың басынан кешкен қорқынышты нәрсе. Адамдар адамдарды өлтіріп, бір-біріне қару-жарақ ұстап жүгіруі, көздерінде өкініш сезімінен айырылуы адамдық қасиеттердің жоғалып бара жатқаның көрсетті.
Бұның бәрі не үшін? Жер бетінде хаос орнатпай -ақ, бәрін бейбіт, адамдық тәсілімен шешуге болатын еді ғой. Иә, мен соғыстың мәнін түсінбесем де, сол ортада тұрмасам да, соғысты бастаған адамдардың ойына таң қаламын.
Өз бақыты үшін миллиондаған адамдардың өмірін елемеу, нағыз қатал, жүрегі жоқ жансыз адамның ғана ісі. Адамдардың өз пайдасы мен өз бақыты үшін не істей алатынын түсіну қиын.
Негізінен соғысты бастау ойдың таяздығын, адамгершілік қасиеттерінің жоқтығының және жауыздықтың белгісі. Адамзат бір күнде жойылу үшін мыңдаған жыл бойы өркендеген жоқ, соғыс елде нағыз апокалипсис орнатты. Бұл жансыз адамдардың Жер-ана үшін өтемі ме?
Өйткені соғыс адамдар ғана емес, экономиканың құлдырауы, табиғатқа зор зияндық және орны толмас жоғалтулармен тең.
Батырлар деген кім?
Менің ойымша, соғысты бастан кешкен адамдар-батырлар. Әділдікті қоштаған және болашақ ұрпаққа өмір тілеген адамдар-батырлар. Өмірге деген үміттерін жоғалтса да, қасық қаны қалғанша соғысқан адамдар-батырлар. Өмірдегі әр адам бақытты өмір сүруге құқылы, олар қатал өмірге лайық емес еді, тек келеңсіз уақытта, ортада ғана тууы болашақтарын өзгерткен болатын. Мен оларға үлкен құрметпен қараймын. Қазақ елі үшін соғысқандардың арасында біздің аталарымыз да, әжелеріміз де болған.
Мысал ретінде, атамның атасы Байділдин Хайролланы айта аламын. 1926 жылы 10 ақпан күні Аманкелді ауданы Шыңсай ауылдық кеңесіне қарасты Кеңтүбек деген ауылда туған. 7-ші сыныпты бітіргеннен кейін, Ұлы Отан соғысы басталып кеткен соң әрі қарай оқи алмай Кеңтүбек колхозында екінші есепші болып жұмыс істеген. Қызыл Армия қатарына 1945 жылдың ақпан айында алынып, Приморск өлкесінің Ворошилов қаласындағы танк бригадасының 24-полкі құрамында болған. Сол жылдың тамыз, қыркүйек айларында Жапониямен арадағы соғысқа қатысып, жараланған. Кейін 1950 жылдың наурыз айына дейін Совет Армия қатарында қызмет етіп, 2-топтағы мүгедек болып елге оралған. Отан соғысы ордені мен «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» және «Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков» медальдарымен марапатталады. Барлығы 12 медальдардың иегері. Аудандық мал бордақылау ұжымында 38 жыл есепші, бас есепші және 8 жыл ұжым директоры болып қызмет атқарған. Қоғамдық жұмысқа белсене араласады. 1997 жылдан аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі және алқа мүшесі.
Тағы әжемнің атасы Айтамғамбетов Қайдар 1905 жылы Амангелді ауданы, Коммунизм жолында дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа шақырылып, елін қорғауда қайсарлық көрсете білген. Соғысты аяқтап елге оралса да, қолына жара алған екен. Оған қарамастан ауыл шаруашылық жұмыстарымен айналысып, соған қоса, есепші жұмысын да атқарған. Елі үшін ерлік көрсетіп, 1дәрежелі соғыс ардагері атағына ие болған адамдардың бірі.
Батырлар есімі ел ұранына, халық ұранына айналған. Қазіргі кезде біз бұны 4 жыл бойы қасірет пен қайғы әкелеген кино іспетті есімізге аламыз. Соңы жақсы біткен киноның бірі. Бірақ, артынан 26 миллион адам алып кеткен шынайы кинолардың бірі. 26 миллион рухымен батыл, қайсарлық көрсете қайтыс болған елдің есінде қалған адамдар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz