Кәсіпкерлік - ойлау психологиясы
№1-дәріс тақырыбы: Кәсіпкерлік-ойлау психологиясы
Дәріс жоспары:
Бизнес-мәдениетті қалыптастыру.
Кәсіпкерлік ойлау. Кәсіпкерліктің түрлері. Кәсіпкерліктің мәні.
1.Кәсіпкерлер экономикалық қатынастардың қатысушылары ретінде осы үдерісте жетекші рөл атқарады. Қазақстанды және қазақстандық тауарларды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ету; әділдік пен прагматизм негізінде әріптестермен және тұтынушылармен қарым-қатынас жасау; ұлттық бірегейлікті жоғалтпай, кәсіпкерлікті жүргізудің үздік инновациялық тәсілдері мен тетіктерін таңдау; бизнес-үдерістерге жаңа білім мен технологияларды әкелу кәсіпкерлердің қолынан келетін іс; олар елдің эволюциялық және ашық дамуына көмектеседі.
Кәсіпкерлердің басқа адамдардан басты айырмашылығы - олар ойлаудың ерекше үш қасиетіне ие - олар белсенді, жауапты және нәтижені мақсат тұтады. XX ғасырдағы менеджменттің ең ықпалды теоретиктерінің бірі Питер Друкер айтқандай, ойлау типі осындай адамдар әрқашан өзгерістер іздейді, оларға жауап береді және оларды мүмкіндік ретінде пайдаланады. Олар әлемді өзгертуге ұмтылады және осы себеппен, Evernote бас директоры Фил Либиннің пайымдауынша, компанияларды ашады. Американдық инвестор Джеймс Алтачердің пікірінше, олар сәтсіздікке төзе алады, идеяларды ойлап таба алады, осы идеяларды сата алады, осы идеяларды жүзеге асыра алады және өз қателіктеріне қарамастан, алға қарай келесі іс-әрекеттерге ұмтылады. Ашока: қоғам үшін инновациялар коммерциялық емес қорының негізін қалаушы және төрағасы, әлеуметтік кәсіпкер Билл Дрейтон олардың қиындықты көре білетінін және оған жауап іздейтінін растайды. Garage Technology Ventures компаниясының басқарушы директоры, Apple Computer компаниясының алғашқы қызметкерлерінің бірі Гай Кавасаки олар үшін бизнес - жұмыс емес, болашақты өзгертетін ақыл-ойдың күйі екеніне сенеді.
Қарапайым адам пассионарлық тәсіл принциптерін (мақсатқа ұмтылу және көптеген адам үшін құрбандыққа шалуға дайындықты білдіреді) ұстамайды, ол өте сақ болады, тәуекелге ұшыраудан қорқады және ешқашан өз еркімен ешқандай жұмысты мойнына алмайды, қиындықтардың алдында ол басын ала қашады және кім келіп, оған не істеу керек екенін айтар екен деп күтеді. Тығырықтан шығудың амалы ретінде ол кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар адамдарға үміт артады.
Кәсіпкерлік ойлау - XXI ғасырдың қажетті дағдысы, бұл - ойлап табушылық, армандарды құру және әлі жоқ нәрсеніармандарды іске асыру қабілеті.
Сонымен қатар бұл - өте жоғары бейімделушілік (жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті) және ұтқырлық (болған іске жылдам іс-әрекет ете білу) - адамның өзгермелі жағдайларға икемделе алу қабілеті, икемді болу, қалыптасқан жағдайларда эволюциялану (дами білу), қалыпты сценарийлермен іс-әрекет ету мүмкін емес кез келген жағдайдан табыс таба білу, өмірге мүмкіндіктер әлемі деп қарау.
Шын мәнінде, мен қаражат таба аламын деп күткен жоқпын. Тапқан табысым жалдау ақысы мен азын-аулақ азық-түлік сатып алуға жетсе, маған сол жеткілікті болатын. Бірақ ең соңында, мұның бәрінің құнды екеніне көзім жетті. Қателесуден қорықпау керек. Ең бастысы - әр жолы жаңа қателіктер жіберу, - деп есептейді кәсіпкерлік ойлаудың символы болған Илон Маск. Дәл осы ойлау қабілеті Маскқа төлемдердің электрондық жүйесін жасап, қаржы әлемін өзгерткен PayPal стартапын құруға, ғарыштық зымырандарды құрастыратын әлемдегі алғашқы жеке компания - SpaceX негізін қалауға, Tesla электромобилін жасауға, бүкіл қалаларды және т.б. жабдықтау үшін күн энергиясын пайдалануды үйренуге мүмкіндік берді.
Жуырда ғалымдар адамның бизнестегі табысы үшін жауап беретін арнайы кәсіпкерлік гені жоқ па деген сауал қойды. Көптеген табысты кәсіпкерлерді талдай отырып, зерттеушілер адамның бизнестегі табысқа жетуіне әкелетін қасиеттердің жиынтығын анықтауға тырысады. Мысалы, Тулса университеті кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Роберт Хисрич кәсіпкердің келесі басым мотивтерін атап көрсетеді: тәуелсіздікке, іс-әрекет бостандығына, шығармашылық жұмысқа және капитал құруға ұмтылу. Австриялық экономист Йозеф Шумпетер үстемдікке, билікке, ықпалға, жеңіске деген жігерге, қарсыластармен және өз-өзімен күресуде табысқа, шығармашылық қуанышқа ұмтылысты атап көрсетеді. Колорад университетінің кәсіпкерлік орталығының директоры Томас Дуэнинг кәсіпкерге қажетті бес негізгі дағдыны атап өтті: мүмкіндіктерді тану, жобалау, тәуекелдерді басқару, сәтсіздікті бастан кешіре білу, жоспарлауға емес, іс-әрекеттерге бейімділік.
Массачусетс қаласындағы Бабсон колледжінің зерттеушілері 1985 жылдан 2009 жылға дейін 4000 студентті зерттеді және кәсіпкерлік бойынша бірнеше курсты таңдаған адамдар бір ғана курсты оқыған адамдарға қарағанда өз бизнесін жиі ашқанын анықтады. Цюрих университетінен Уши Бакес-Гельнер және Зигендік Петр Моог кәсіпкерлердің және жалданып жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты анықтау үшін 2000 неміс студентін зерттеді. Олардың пікірінше, білімнің бір ғана нақты саласын игерудің орнына, жаппай бар нәрседен үстіртін хабары бар адам бизнес жүргізуге бейім болады. Тар шеңберлі мамандар оларға бағынышты болады. Олар стэнфордтық экономист Эдвард Лейзирдің кәсіпкер туралы теориясын барлық іске шебер деп растады. Ол көптеген пәндерді оқитын және түрлі салаларда жұмыс істейтін студенттер қалғандарына қарағанда кәсіпкер болады деп санайды.
Адам кәсіпкер болып туыла ма, әлде уақыт ағысымен дамытуға бола ма деп білім алушылардан сұраңыз.
Көптеген кәсіпкерлердің тәжірибесін жинақтап, келесідей қорытынды жасауға болады: кез келген адам кәсіпкер бола алады. Өз ісін өмір тарихы, мінез-құлқы мен мақсаттары мүлдем әр түрлі адамдар ашады. Тек бизнесте іс жүзінде табысқа жетуді қалайтындар төрт сатылы алгоритмді ұстануға тиіс. Біріншіден, олар шын мәнінде ойына алған істі істегісі келеді. Екіншіден, жетістіктерді үлкен емес, кішкентай қадамдардан бастау. Үшіншіден, әрбір кішкентай қадамнан кейін өз идеясын зерделеу және қайта бағалау қажет. Төртіншіден, келесі қадамды жасау.
2.Кәсіпкерліктің түрлері
Біз мұндай кәсіпкерлердің кім екенін анықтадық. Бірақ кәсіпкерлік дегеніміз не?
Кәсіпкерлік - адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, оларға табыс әкелетін және рақат сезіміне бөлейтін игіліктерді өндіру.
Кәсіпкерлік әр түрлі болады. Кәсіпкерлікті түріне қарай бөлудің ең қолайлы тәсілі келесілер болып табылады: B2C, B2B және B2G.
Тұтынушыға арналған кәсіпкерлік B2C (Вusiness to Consumer) - бұл өндіруші немесе сатушының өз өнімін сату үшін тікелей тұтынушымен өзара іс-әрекет ететін кәсіпкерліктің түрі.
Кәсіпкерлікке арналған кәсіпкерлік B2B (Business to Business) - бұл, өндіруші мен сатушының өнімдерді немесе қызметтерді түпкі тұтынушыға емес, басқа кәсіпкерлікке өткізетін кәсіпкерліктің түрі.
Мемлекетке арналған кәсіпкерлік B2G (Business to Government) - бұл қызметті өндіруші немесе сатушы оларды түпкі тұтынушыға емес, басқа кәсіпкерлікке емес, мемлекеттік құрылымдарға сататын кәсіпкерліктің түрі.
Егер сіз кез келген дүкенге кірсеңіз, сөрелерде көптеген азық-түліктерді, мысалы, сүтті көресіз. Ол сүт фермасында өндірілген. Фермада сиырлар бар, оларды ең соңында соңғы тұтынушы - біздер сатып алатын негізгі өнім - сүтті алу үшін бағып-қағады. Бұл B2C кәсіпкерліктің үлгісі. Бірақ ол сүтті сату үшін оны Tetra Pak қаптамасына, пластик немесе шыны бөтелкеге құю қажет. Барлық осы қаптамаларда қақпақтар мен заттаңбалар болуы тиіс. Қаптаманы, қақпақтарды сататын және сүт фермасына арналған заттаңбалар шығаратын компаниялар - бұл B2B-кәсіпкерліктің мысалдары. Бизнес жасай алатындардың барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады, бұл - тауарлар мен қызметтер.
Тауарлар - ұстауға, өлшеуге, сақтауға, буып-түйуге болатын материалдық заттар немесе бұйымдар. Тауарды кімнің өндіргені, станокта кімнің тұрғаны, оны кімнің қаптағаны тауарға маңызды емес. Тауарларды сатып алуға, үйге әкеліп, пайдалануға болады.
Қызметтердің заттай нысаны жоқ, олар қажет еткен адамдар үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттер болып табылады. Қызметтер деп шаштараз, оқытушы, пәтер сатушыға сатып алушыны, кеңесшіні және т.б. табуға көмектесетін риелтордың жұмысын атауға болады. Қызмет үшін оны кім өндіретіні өте маңызды, қызметтің нарықта танымал болуы қызмет өндірушісінің шеберлігі мен кәсібилігіне байланысты. Нашар шаштаразға ешкім бармайды, сондай-ақ клиенттің қиындықтарына көмектесе алмайтын кеңесшіге де ешкім бармайды.
Осы екі жіктеменің тоғысында (B2C, B2B, B2G және тауар немесе қызмет) кәсіпкерліктің көптеген түрлері туады. Олардың әрқайсысынан бірнеше мысал келтірейік.
B2C тауары - дүкенде сатып алуға болатын кез келген тауар - азық-түлік, киім, техника және т.б.
B2C қызметі - бұл сіз өмір бойы үнемі алатын қызметтердің кез келген түрі - шаштаразға бару, курстарда оқу, салтанатты іс-шарадағы фотограф қызметі, егер сізге сенімхат немесе ата-аналардан шетелге шығуға рұқсат алу қажет болса, нотариус қызметі және т.б.
B2B тауары - кейіннен пайдаланушылар сатып ала алатын соңғы өнімді алу үшін қажет кез келген қосалқы тауарлар. Бұған буып-түю, кез келген полиграфиялық қызметтер-компанияларға арналған заттаңбаларды, визиткаларды немесе баннерлерді басып шығару, автокөлікдер мен техникаға арналған қосалқы бөлшектер, құрылыс компаниялары үйлер салатын кірпіш өндірісі және т.б. жатады.
B2C қызметі - бұл соңғы тұтынушы үшін емес, бизнес үшін көрсетілетін кез келген қызмет. Оған өзіне белгісіз нарыққа шыққалы жатқан фирмаға консалтингтік агенттік көрсететін кеңес беру қызметтерді, бизнеске арнап сайттар жасайтын веб-студияларды, банктерді, зерттеу институттарын және т.б. жатқызуға болады.
Әдетте тауарлар өндірісі бастапқы үлкен қаражаттармен байланысты. Егер сізде сүт фермасы болса, ол жұмыс істеуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz