Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі мен даму тенденциялары



Мазмұны

1.2 Шағын жКіріспе 2
1 Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері 4
1.1 Бизнес түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері және түрлері 4әне орта бизнесті ұйымдастырудың әлемдік тәжірибелері 11
2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі мен даму тенденциялары 18
2.1Шағын және орта бизнес қызметін талдау 18
2.2 Шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі проблемалары 25
2.3 Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың бағыттары 29
Қорытынды 36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 38

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 2
1 Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері 4
1.1 Бизнес түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері және түрлері 4
1.2 Шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың әлемдік тәжірибелері 11
2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы
ролі мен даму тенденциялары 18
2.1Шағын және орта бизнес қызметін талдау 18
2.2 Шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі проблемалары 25
2.3 Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың бағыттары 29
Қорытынды 36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 38

Кіріспе

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен
қоғамды өзгеруде өте күрделі мәселелер пайда болумен сипатталады. Әсіресе
шағын бизнесті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты
болып саналады.
Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің
экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі
маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: еліміздің
экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік деп
аталынған[1]. Сондықтан, шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің
жүзеге асырып жатқан саясятының стратегиялық мәселесі болып табылады.
Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан
экономикасының мынадай ерекшеліктеріне кәңіл бөлу қажет:-айқын көрініс
алған шикізаттық бағыт; -импортқа тәуелділігі; -қайта өңдеу өнеркәсібінің
нашар дамуы; аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы. Бұл
аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің
даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын кәсіпкерлікті дамытудың
маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріске,
халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады.
Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш
күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетке кәсіпкерліктің жан-
жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның
нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз емес болады.
Сондықтан бүгінде республикамызда экономиканы қайта құру жолында
оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру
және олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен мемлекеттік реттеу әдістерін
жетілдіру күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезекке қойылып отыр.
Оған куә ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің тарапынан жасалынып
жатқан кәсіпкерлікті қолдау, жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-
ақ осы шараларды материалдық және құқықтық актілерді атап өтуге болады.
Сондықтан кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш
күштері деп білуіміз қажет. Осыған орай айта кететін бір жайт
мемлекетімізде шағын кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау табуын тек
кәсіпкерлікті дамыту үшін деп түсінбей, сонымен бірге оның нарықтық
экономиканы дамытуға қосар үлесінің де қомақты екенін естен шығармауымыз
қажет. Демек нарықтың өрлеп, өркендеуі кәсіпкерлердің қызметтеріне
айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпкерлік дамыған
нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады.
Себебі өркениетті елдердің қақайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және
әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді.
Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық
экономикалық қатынастарды құруда алатын маңызды роліне байланысты бұл
жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
дамытуды басқару мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни
оның даму үрдістерін айқындау мен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін
негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер
анықталынды:
- шағын және орта бизнестің теориялық негіздері мен оның даму
эволюциясы сипатталынды;
- әлемдік тәжірибелер негізінде шағын және орта кәсіпкерліктің
экономикадағы ролі мен орны анықталды;
- Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті ұйымдастыру
тенденциялары мен жағдайы зерттелінді;

1 Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

1.1 Бизнес түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері және түрлері

Бизнес іс ретінде қарастырылады, оны істердің дипломатиялық
қарым-қатынастары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар ретінде қарастыру
керек. Сондықтан осы процеске қатынасатын адамдарды бизнесмен деп атайды.
Бизнес сондай-ақ пайда әкелетін әрекет ретінде қарастырылады. Оның
басқа тірліктерден айырмашылығы - ол әртүрлі салаларда орындалады. Ол
негізінен өндіріс өрісіндегі бизнес, сауда–айналым өрісі, банк, қызмет
көрсету салаларында жүзеге асырылады.
Бизнестің жеке түрінің бірі кәсіпкерлік бизнес болып саналады.
Бұл бизнестің экономикалық негізі өндіріс құралдарына жеке меншік және
басқа түрлі меншіктердің болуымен сипатталады.
Жалпы кәсіпкерлік ұғымының тарихы орта ғасырдан басталады. Тіпті
сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы
кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырда кәсіпкер деген термин одан да
бұрынғы антрепренер, яғни француз сөзі делдалдық екі мағынада
қолданылды:
1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы;
2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы.
Ал кәсіпкерлік ұғымын ең алғаш 18 ғасырдың басында ағылшын
экономисті Ричард Контильон (1680-1734ж.ж) енгізген. Ол кәсіпкер деп
нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге
асыратын адамдың айтқан.
Ал француз экономисті Жан-Батист Сэй (1767-1832 ж.ж.) бойынша
кәсіпкерлік дегеніміз екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел
жағдайындағы шығармашылық үндесуі және бірігуі болып табылады. Сонымен
қатар Сэйдің түсінігінше кәсіпкердің еңбегі шығармашылық еңбек, ал
менеджердікі бірыңғай еңбек деп түсінген.
Американ экономисі Йозеф Шумпетердің (1883-1950 ж.ж.) ойынша,
кәсіпкерлік дегеніміз - инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші
болып саналады. Яғни ол кәсіпкерлікті технологиялық дамуымен,
жаңашылдықтармен және экономикалық өсумен байланыстырады. Шумпетер бойынша
жаңа комбинацияны жүзеге асыруға келесі бірқатар мәселелер әсер етеді:
1) жаңа өнімдер мен қызмет өндіру;
2)жаңа технологиялар енгізу;
3)өткізудің жаңа рыногына ие болу;
4)шикізаттың жаңа көздеріне ие болу мүмкіндіктері;
5)сала құрылымының қайта ұйымдастыру қажеттілігі.
1964ж. П.Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп
пайда түсіретін адам3.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп - пайда табуға бағытталған және
тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге
асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 10-
бабында: Кәсіпкерлік деп - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен
заңды тұлғалардың тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы
пайда табуға бағытталған ынталы қызмет және ол кәсіпкердің өз атынан, оның
тәуекелдерімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады
делінген4.
Кәсіпкерліктің бірнеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл
ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
1) жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
2) жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
3) құралдарды іске асыру еркіндігі;
4) жаңа шешімдерді, идеяларды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент фунцияларымен
байланысты екендігін көруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - ол
жеке бизнесті ұйымдастыра білу және оны тиімді түрде іске асыру болып
табылады.
Жалпы кәсіпкерлік қатынастарды қарастырудың алғашқы сипаты -
оның субъектісі мен объектісі.
Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі
мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер жатады, сосын кәсіпкерлік қызметті
бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни шаруашылық серіктестіктер,
акционерлік қоғамдар, кооперативтер.
Ал кәсіпкерліктің объектісіне адамның белгілі бір қызметі, нақты
жағдайда жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі
факторларын қосу жатады.
Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен қызмет болып
табылады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде де қарастыруға
болады, ол 4 сатыдан тұрады:
1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау.
Барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы.
Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды
енгізеді, мақсаты - пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма
оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады.
Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске
шығармашылықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
2) Бизнес-жоспарды құру.
Бизнес-жоспарды құру - күрделі мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық
сегменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг
жоспарын, өндірістік және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету болып
табылады.
3) Қажетті ресурстарды табу.
Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы
деңгейден қаталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен
байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
4) Құрылған кәсіпорынды басқару.
Әрбір кәсіпорынды басқару мәселесі - нақтыланған өнім стилінің
басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші
тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім қабылдаудан тұрады5.
Ал жалпы жаңа шағын кәсіпорын құру процесі 3 негізгі кезеңнен
тұрады:
1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің
қызмет түрін және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық-құқықтық формасын
таңдайды;
2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды
дайындау процестері мен мемлекеттік тіркелу және кәсіпорынның атрибуттарын
енгізу мәселелері шешіледі,
3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның
ұйымдастырушылық құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі
өндірістік құрылымын, басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік
инфрақұрылым.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі
белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілерінің бірі шаруашылық
субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық
механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің
негізгі талабы - экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен
таңдау еркіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бәр сипаты - ол шаруашылық жүргізудегі
тәуекелге баруы. Тәуекел-жоспар немесе болжауды қарастырылған нұсқалармен
салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы. Шаруашылық
тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің
арақатынасы жатады.
Кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде
жаңашылдық, шығармашылық ізденіс, жауапкершілік, іскерлікте этикет
әрекеттері, жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады6.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары да бар
және олар келесідей:
1) Мақсатты анықтау. Ол пайдалылықтың негізін енгізуде маңызды болады.
Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мүдде деп атап көрсеткен екен. Ал
Аристотельде мүдде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды талап
етеді Біріншісі - қандай қызмет болмасын ең соңғы мүддені дұрыс табу.
Екіншісі - сол түпкі мүддені іске асыру үшін керекті құралдарды табу.
2) Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа жету жолында кәсіпкер жету
құралдарын, әдістерін анықтауы қажет. Бұл тұрғыда пайда алу мен басқару
сапасының өзара үйлесуінің қамтылуы қажет.
3) Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты ұйымдастыруда
шығармашалақ ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы айтылады. Жазалау -
ықыластың жоқтығы үшін мәселені қою жөнінде болады. Кәсіпкер алдына жаңа
мәселелерді іздеп қояды және оларды шешудің жолдарын іздейді. Бұл жағдайда
ғылыми тәсіл қолданылады.
4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге төнетін қауіп-қатер де, адамдарды
жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау және тағы басқа факторлар да жатады.
5) Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы сөз
болады, яғни оның негізгі объектісі - өндіріс болып табылады. Құрылым
өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы
тиіс.
6) Кәсіпкерлік кәсіпорындардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар,
сандық сипаттары бары: жұмыскерлер саны, капиталдың жылдық айналымы,
кәсіпорындардың шамалары.
7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі қасиеттері - ол қызмет
еркіндігі, субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет
өрісінде тәуелсіздік.
8) Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс
бағдарламасын қарастыруда көрінеді, мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.
9) Тәуекелдікке қатынасы. Жасағыштық тәуекел және тәуекелдік
түрлерінің жиынтығының тепе-теңдігі болып саналады.
Енді кәсіпкерге тән сипаттарды анықтайтын болсақ ол келесідей
болады:
1) қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;
2) өндірістік-маркетингтік қызметті басқару үшін басқарушы білімі мен
тәжірибесі болу;
3) өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды
ескеру, қаржы құралдарын тарта білу,
4) экономикалық ойлау қабілеттілігі, құзыретті болу, іскерлік
мәдениетті, тәжірибелі болу,
5) өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге
бару,
6) талдай білу және рыноктің мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар
болуы.
Жоғарыдағы кәсіпкерлік қызмет пен кәсіпкердің сипатамаларын
қарастыру негізінде оның атқаратын қызметтеріне тоқталу қажет.
Кәсіпкерліктің атқаратын қызметтеріне келетін болсақ: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық және басқарушылық қызметтері бар.
Өндірістік қызметі өндіріс пен материалды-техникалық қамтамасыз
етуді және шаруашылық қызметті шикізат, құрал-жабдықтар және тағы
басқаларымен өзара байланыстылығын жүзеге асырады.
Коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және
кәсіпорындар мен нарықтық контрагенттер арасындағы айырбас процесін
басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар-ақша және сауда-айырбас пен
сату-сатып алу бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.
Қаржылық қызметі келесі функцияларды іске асырады: қаржы есебінің
енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың
мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау; ақша нарығы, банктер,
инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыстар қалыптастыру; сатып
алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингілік
қызметтер және тағы басқалары.
Басқарушылық қызмет кезінде келесі мәселелер қарастырылады:
1) кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат құралдарымен
өзара қарым-қатынастарын басқару, инициативалық талаптарды және менеджмент
тәжірибелерін қалыптастырып, тарату;
2) капиталдар мен табыстардың қолданылуын басқару; ғылыми-зерттеу
жұмыстары мен жобалық жұмыстарды тиімді пайдалану;
3)бизнес қажеттіліктеріне сәйкес жұмысшыларды тарту, таңдау, жұмысқа
алу.
Сонымен, кәсіпкер қызметінің сферасына байланыссыз өз
қабілеттіліктерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады:
1) нарықты зерттеу арқылы төлемқабілетті сұранысы бар тауарлар мен
қызметтер іздеу;
2) тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды
бағалау;
3) төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
4) бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде
ұйымдастыру мен басқару;
5) маркетингтің қазіргі заманғы қағидаларын пайдалану арқылы тауарлар
мен қызметтерді сату, тарату;
6) табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, резервтік
қорлар, дивидендтерді төлеу қорлары арасында тағы басқаларын тиімді бөлу.

Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің қызметтеріне байланысты негізгі
түрлерін бөліп айтуға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық,
делдалдық, сақтандыру7.
Өндірістік кәсіпкерлік негізінен тауарлар, қызметтер, ақпарттар,
рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Сондықтан өндіріс
функциясы кәсіпкерлер үшін ең негізгі болып саналады.
Ал коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді сату және сатып
алу келісім-шарттары негізінде жүзеге асырылады, яғни таурлы-ақшалай,
саудалық-айырбас операциялары сипатталады. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып
алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң
шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі - қаржылық кәсіпкерлік болып
табылады. Оның сату-сатып алу қызмет саласы ақша айналымы, бағалы қағаздар,
валюталық қатынастар.
Делдалдық кәсіпкерлік дегеніміз бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың
басын қосатын қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады және ол
делдалдық қызмет атқарады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі дегеніміз кәсіпкер сақтандырған жағдай болған
кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы
кәсіпкерлігінің ерекше формасы және жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік
табысты құрайды. Көріп отырғандай кәсіпкерліктің барлық түрлері пайда
табуға бағытталған8.
Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметіне байланысты
жіктелінеді:
біріншіден, көлемі бойынша: -шағын, орта, ірі;
екіншіден, меншік түріне қарай: -жеке, мемлекеттік және аралас;
үшіншіден, аумағы бойынша:-жергілікті, аймақтық, республикалық,
халықаралық;
төртіншіден, салалық бағыты бойынша:-өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс,
көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;
бесіншіден, атқаратын қызметтеріне байланысты:-өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, кеңестік;
алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:
индивидуалды кәсіпкерлік, өндірістік кооперациялар;
толық серіктестіктер; -сенім серіктестіктері;
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
біріккен кәсіпорындар формалары;
акционерлік қоғамдар.
Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш
негізгі нысанан кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік,
корпорациялар.
1) Жеке шаруашылық дегеніміз әрбір меншік иесі жеке өзі ғана шешім
қабылдап, шаруашылықтың барлық ісіне жкек жауапкершілікті алатын, өндірісті
ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, 80-жылдар ортасында АҚШ-та 7 миллионға
таяу жекеше шеруашылықтар болған.
Артықшылығы: барлық істің жүруіне меншік иесі -қожайынның толық
бақылауы.
Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы басқалары
үшін жеке жауапкершілік.
2) Серіктестік дегеніміз - екі немесе бірнеше кәсіпкерлер кәсіпорын
үшін бірге шешім қабылдап, бірге жауап беретін өндірісті ұйымдастыру түрі
болып саналады. Мысалы, АҚШ-та 80-жылдардың ортасында 1 миллионнан астам
серіктестік түрінде кәсіпкерлік болған.
Артықшылығы: капитал мөлшері жоғары, барлық серіктестіктер бірдей
иелік етеді және шығын үшін де, зиян үшін де бірдей жауап береді.
Бұл кәсіпкерлік түрі көбінесе сауда, делдалдық қызметтерде, қызмет
көрсету салаларында көбірек тараған, немесе көпшілік жағдайда ол өндіріске
байланыссыз болады.
3) Корпорациялар акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылады.
Айырмашылығы: кәсіпкер жеке меншік пен жеке меншік иесінен бөлінген, оның
қаржылық қызметі шектелген.
Артықшылығы: акцияларды сату арқылы едәуір капиталды іске қатыстыру
мүмкіншілігі, корпорацияның иелері ешқандай материалды жауапкершілікке
тартылмайды.
Кемшіліктері: акция иелерінің барлығы бірдей корпорацияны басқару
ісіне қатыса алмайды, салық жалпы табысқа салынуымен қатар әрбір акция
иелерінің дивидендіне де салынады9.
Қазіргі батыс экономикасында шағын кәсіпкерлік шаруашылықтың ірі
секторын құрайды. Шағын кәсіпкерліктің әдеттегі формаларына франчайзинг
және венчурлық кәсіпкерлік жатады. Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық
маркасын пайдалануға құқық алу үшін және белгілі бір салада, белгілі бір
территорияда өз қызметін жасау үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын
ұсақ жеке фирмалар жүйесі болып табылады. Олардың бағаны төмендету, тауарды
жеткізуге, құрал-жабдықты сатып-алуға, несие алуға көмек түрлерінде
жеңілдіктері бар. Ал венчурлық фирма - ол ғылыми зерттеулерді жасаумен
шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Олар жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа
өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі
шығындарға сай келмеу қалуының мүмкін болуына байланысты жабылуға тәуекел
етеді.Сондықтан вечурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп, тезірек
екіншісіне көшуге тырысады.

1.2 Шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың әлемдік тәжірибелері

Өркениетті елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір
факторы-шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Кәсіпорындардың
жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-90%-ын қамтып,
елдің жалпы ұлттық өнімінің 50 %-ға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр.
Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі оларды ғылыми-
техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшіне айналдыруда.
Шағын кәсіпкерліктің шетелдегі даму ерекшеліктерін қарастыру негізінде
ең алдымен дамыған мемлекеттер ішіндегі алыптар тәжірибесіне тоқталсақ, ол
біріншіден Америка Құрама Штатының және Жапонияның, сонымен қатар
Германияның шағын кәсіпкерлік қызметінің сипаты мен оны мемлекеттік қолдау
бағыттары мен проблемаларын ескеру қажет.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет
етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. Америка Құрама Штатында өз
ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықтық
экономикаға бет бұрған елдер үшін Америка Құрама Штатындағы шағын бизнесті
дамыту тәжірибесінің үлкен маңызы бар. Америка Құрама Штатында тіркелген
кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар
жалпы ұлттық өнімнің 53%-ына, көтерме сауданың 64%-ына, бөлшек сауданың 72%-
ына, қызмет саласының 57%-ына ие болып тұр9,324б..
Сонымен қатар, Америка Құрама Штатындағы кәсіпкерлік қызмет АҚШ
экономикасында шағын және орта фирмалар ғылыми-техникалық прогресс саласына
жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең
жартысына жуығын қамтамасыз етеді. Өндіріске жұмсалған әрбір шығынға олар
ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен 17еседен көп ғылыми
жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда ғалымдар, инженерлер
және тапқырлар еңбегі негізінде ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда жыл сайын
құрылатын 600-700 мың жаңа фирмалардың 18 бөлігін ғылыми-техникалық
жаңашылдық өндірісінде мамандандырылған.
Америка Құрама Штатында шағын кәсіпкерлік тұрақты түрде мемлекеттік
қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық
базаға негізделген. Солардың бірі “шағын бизнес туралы заң”. Америка Құрама
Штатының когрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады.
Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады.
Әкімшіліктің басты функциясы-шағын бизнесті жан-жақты қолдау. Әрбір штатта
әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын
бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге
көмектеседі.
Сонымен қатар, Америка Құрама Штатының кәсіпкерлік саясатының негізгі
бағыттарының бірі-ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта
жүзеге асырылады:
1)бюджеттен мақсатты бағытталған субсидиялар;
2)қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;
Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та Шағын Бизнестің Әкімшілігі құрылған
және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық, кеңестік, материалдық көмектеседі,
кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады. Шағын Бизнес Әкімшілігі
шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:
1) халықаралық саудада көмек;
2) ғылыми-техникалық зерттеулер;
3) әйел-кәсіпкерлерге көмектер;
4) ардагер-кәсіпкерлерге көмек көрсету жұмыстары;
5) ұлттық кәскерлікті дамыту және т.б.
АҚШ-та шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету
келесі бағыттарда болады:
-шағын кәсіпкерлікті инвестициялауда компаниялардың конкурс негізінде
несиелермен қамтылуы;
- қарыздар мен несиелер негізінде мемлекеттік іс ұсынылуы (Шағын
Бизнес Әкімшілігі 25 жылға дейін 750 000 долларға дейінгі ссудалар береді);

-қоршаған ортаны қорғауға байланысты шағын бизнесті қаржыландыру10.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнініде Жапония мемлекеті де үлкен тәжірибеге
ие болып отыр. Жапонияда шағын кәсіпкерлікке ерекше назар аударады. Себебі
жапондық мамандардың ойынша, екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңде
бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден-бір себеп болған
нәрсе-ол шағын кәсіпкерлікті дамыту. Жапонияның халық шаруашылығында шағын
және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы
басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Жапонияда шағын
кәсіпопрындар үлесіне:өндірістік өнімнің 55%-ы,көтерме сауданың 60%-
ы,бөлшек сауданың 80%-ы тиеді.
Ал мұндағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың басты
ерекшелігі - басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық
бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы
мүмкін. Жапонияда шағын кәсіпкерлікті мақсатты түрде бюджеттен
қаржыландырылады. Әрбір министрлік, әр ведомство өз шығындар бюджетіне
шағын кәсіпкерлікке жұсалатын қаржыны кіргізеді, салық жеңілдіктірі
қолданылады.
Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар ЖҰӨ-нің 73%-ке ие болып отыр.
1980 жылдардың екінші жартысында Жапонияның тек өңдеуші өнеркәсібінде ғана
6,5 млн. шағын және орта кәсіпорындар қызмет етті, немесе бұл олардың жалпы
санының 99 % қамтыған9,325б..
Жалпы Жапонияда бірқатар салаларда, атап айтқанда, аяқ киім, тігін,
дәрі-дәрмек, құрастырушы бұйымдар өнеркәсібінде, бөлшек саудада, қызмет
көрсету сферасында, өндірістік және тұрмыстық техника мен бұйымдарды
жөндеп, қалпына келтіруде шағын бизнес басым орын алады.
Сонымен қатар, Жапонияда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 9 оқу
орындары бар, онда шағын және орта кәсіпорындар үшін кәсіпкерлерді
дайындайды. Мемлекет бойынша 2800 сауда-өнеркәсіптік ассоциациялар мен 500
Палатада 9000 кеңсшілер жұмыс істейді. Әдетте кәсіпкерлер бұл ұйымдарға
келесі сұрақтар бойынша барады: қаржыландыру мен несиелендіру,
шаруашылықты басқару, бухгалтерлік есеп жүргізу, міндеттемелік сақтандыру
және тағы басқалар.
Жоғарыда шағын кәсіпкерлік қызметінің даму еркшеліктерін АҚШ пен
Жапония мемлекеттеріндегі сипатын қарастырудан кейін Еуропа мемлекеттерінің
бірі Германиядағы шағын кәсіпкерлік қызметінің даму үрдісіне тоқталсақ.
Германияда шағын кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен меншік
құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады.
Екіншіден, кәсіпорын қызметінің айқындылығы- оның көлемінің
шектеулілігі қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын
білдіріп,өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін,
ынталылығын тудырады.
Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушының ролінің ерекше маңыздылығы:
ол шарушылықтың нәтижелілігіне тек ғана мүлік иесі болғандықтан ғана емес,
сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны
ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.
Төртіншіден - істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін
нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану.
Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде -
кәсіпорындарды қаржыландыру мәселесін жатқызуға болады. Егер алыптар
қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы қор биржалары арқылы алатын
болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа
сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып
табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталған сапалық жақтарымен бірге сандық
жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық
айналым саласы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған
есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл сеторына мыналар
жатқызылады:
1)белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі - барлық жеке еркін
мамандық иелері (дәрігерлер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша
консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер және
тағы басқалар);
2)жұмыс істейтіндер саны 1-ден 49 адамға дейінгі және жылдық айналым
1млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар
3) жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдық
айналымы 1 миллионнан 100 миллион маркаға дейінгі орта кәсіпорындар.
Елде шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы:
біріншіден, барлық еңбекке жарамды халықтың 23 бөлігін қамтып отырған
жұмыс беруші ретіндегі; екіншіден, елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына
жуығын құрайтын өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші ретіндегі; үшіншіден,
барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығының
өндіріске енгізудегі үлесіне 25 бөлігі келетін ғылыми-техникалық
прогрестің катализаторы ретіндегі; төртіншіден, Германиядағы барлық
өндірістік оқу орындарының 85 пайызын қамтитын даярлау көзі ретіндегі
ролімен анықталады.
Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде
жатқан басты принцип өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуды барынша
ынталандыратын негізде көмек беру болып табылады. Бағдарламаның басты
мақсаты - шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін
арттыру. Германияның федералды үкіметі іс жүзінде асырып отырған құрылымдық-
саяси шаралары шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге
бағытталған және мемлекеттік келісім-шарттарды бөлуге қатысудағы олардың
құқықтық жағынан теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Ал салық салу
жеңілдіктеріне келетін болсақ, Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде
пайдаланып жүрген бұл құралдың басты үш түрі бар:
1)амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары,яғни бұл нормалар
барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны
қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа товар
шығаруға бағытталады. Жұмсалынған қаражаттар үш жыл ішінде есептен
шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50 % амортизацияланады,
екінші жылы 30% және үшінші жылы 20%.
2)пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау, яғни бұл резервті
жасауға қолөнер өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық
секторларында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі
сферасында қолдануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, резерв бір жыл ішінде
түскен пайданың 20%-ке дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін;
3)салық ведомствалары төлейтін инвестициялық үстемелер.
Сонымен қатар, Федералдық үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы
түрде процент ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана отырып ақшаны
қайтаруға мүмкіндіктер тудыратын несиелер-шағын бизнес үшін айтарлықтай
қамқорлық болып табылады.
Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі
федералдық бюджет, оның қорлары Кредитанштальт фюр видерауфбау (Майндағы
Франкфурт), Дойче аусглейхсбанк (Бонн), Берлиндер Индустриалбанк (Берлин)
сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиелер
тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың
өздерінің банктері негізінде іс жүзіне асырылады. Сонымен қатар, шағын
кәсіпорындар федералды және жергілікті үкіметтердің кепілдіктерін де
пайдалана алады. Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономиканың аймақтық
құрылымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер
береді.
Ал ондағы кәсіпкерлерді қорғау мақсатында сонымен бірге инновациялық
соланы дамыту мәселесі қойылған. Бұл көмектің ұйымдық формалары әралуан:
идустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын,
ақпараттық банктерге енуге, кеңестерге, капиталдарға қатысуға рұқсат
беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар жүзеге асырылған.
Жалпы қарастырғанда шағын және орта бизнес саласында инновацияны
мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне
көмектесу, қажетті ақпараттық және кеңестік инфрақұрылымды жасау,
технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу
жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.
Ал Ресейде экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын кәсіпкерлікті
дамыту маңызды мәселе болып саналады. Ресейде экономиканың бұл саласын
дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жүзеге асырылған. Мысалы,
1995 жылы Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заң қабылданды. Бұл
заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар екі жылға дейін табыс салған
төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр
түрлі жобалар қаржыландырылды. Бұл қорға федералдық меншіктегі
кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының бес пайызы келіп түседі.
Осы аталған федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлік ті қаржыландыру жүйесі
екі қағидаға негізделген және олар:
- федералдық қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль
жұмсалуы керек;
- қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылады.Қор банкке өз
резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлерді
қаржыландырады.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық қорлары мен
орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және
жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша
әртүрлі жеңілдіктерге ие.

2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы
ролі мен даму тенденциялары

2.1 Шағын және орта бизнес қызметін талдау

Нарық экономикасына көшудің бірден-бір жолы мемлекет құрылымындағы әртүрлі
аяда қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындарымен бәсекелесе алатын
кәсіпкерлік құрылымын құру, дамыту болып табылады.
Демек, бұл шағын кәсіпкерлік құрылымдарының материалдық базасы жеке
меншік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастамасында
білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай, мемлекеттегі
бірнеше жылдар аралығында жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандайда
болмасын аядағы мемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойып
мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағытталған
деп айтуға болады11.
Жалпы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің пайда болуы 1988 жылы
енгізілген Кооперациялар туралы заңға байланысты жүзеге асты деуге
болады.Бұл заң кооперативтік демократияның даму принциптерін, олардың
шаруашылық жүргізу формаларын таңдау еркіндігін кепілдендірді,олардың
мүшелеріне инициативаларын көрсетуге елеулі мүмкіндіктер ашты. Аталған
заңның мақсаты - экономиканың мемлекеттік және колхозды-кооперативтік
сеторларын өзара тең құқықты ұйымдастыруды қамтамасыз ету болды. Заңның
іске асырылғандығы мемлекеттегі бұл кооперативтердің даму динамикасы арқылы
дәлелденді. Оның даму шыңы 1990 көрініс тапты: кооперативтік ұйымдар мен
кәсіпорындар саны 15 мыңға жетті, ал онда жұмыс істейтіндер саны 300 мыңнан
асты, тауарлар мен қызметтің 25,5%-нан астамын өндірді12.
Сонымен қатар ҚР-ның статистика жөніндегі Мемлекеттік комитетінің
мәліметтері бойынша кооперативтік ұйымдардың көпшілігі құрылыс саласында
жүзеге асырылды 31,4%, халықтың тұтыну тауарларын өндіру саласында 12%-тен
астамы, ауыл шаруашылығында 10,6% болды.
Жалпы кооператив дегеніміз - ол тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру,
сату, өткізумен байланысты бірлескен кәсіпорын болып табылады. Ол
мүшелерінің бірлескен меншігіне негізделгендіктен, иегерлері кооперативті
өз бетінше басқарады.
Ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі мен даму тенденциялары
Ұсақ бизнес
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесінің даму бағыттары
Бизнес - жоспарды құру
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы туралы
Пәндер