Фаталистік суицид


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: География және табиғатты пайдалану

Кафедрасы: Кадастр

СӨЖ

Тақырыбы: « Дж. Ритцер еңбектері бойынша өз- өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлеріне талдау »

Орындаған: Садуова Д. О.

Тексерген: Омарова А. Т.

Алматы 2022

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімСуицид және оның түрлеріСуицид жиілігі мен себептеріСуицидтің әлемдегі көрсеткіші мен алдын алу жолдары
  3. Қорытынды

Джордж Ритцер мен Джеффри Степницки авторларының «Әлеуметтану теориясы» атты еңбегінде Дюргеймнің адамның өз - өзіне қол жұмсау тақырыбындағы зерттеулер ашып көрсетілген. Еңбекте Дюргеймнің адамның өз - өзіне қол жұмсаудағы себептері, зерттеу түрлері және өз теориялары мен тұжырымдамалары жайлы ақпарат аламыз.

Суицид - адамның психологиялық, биологиялық және әлеуметтік фактілер әсерінен жеке және дербес түрде жүзеге асырылатын өзіне қиянат; адамның эмоционалды тұрғыда өмірден түніліп, өмірінен физикалық тұрғыда бас тартуы. Көбінесе психологиялық және биологиялық ауытқуы бар адамдар, психопатология, маскүнемдік және тұқымқуалаушылық себептерімен өмірден бас тартады. Сондай - ақ, әлеуметтік қысым мен қоғамдағы келенсіз жағдайлардың әсерінен туындайтын суицид түрлері бар. Оларды негізгі 4 топқа бөліп қарастырады:

  • Эгоистік суицид. Бұл суицид түрі адам өзін оқшауланған немесе өзге әлеуметтік топпен байланыс орната алмауы әсерінен, адамның өзінің болмысын жоққа шығаруы мен даралануынан туындайтын суицид түрі.
  • Альтруистік суицид. Бұл суицид түрі эгоистік суицид түріне қарама- қарсы, яғни қоғам үшін міндетті деген ұстанымда қасақана өзіне және өзгелерге қиянат жасау. Көбіне бұған ислам дініндегі шиид ағымындағы террорист- шахидтер жатады.
  • Аномиялық суицид. Бұл суицид түрі қанағаттанбаушылық, экономикалық дағдарыс, белгілі бір нормаларындың, қажеттіліктердің орын алмауы әсерінен туындайтын суицид. Аномиялық суицид негізінен белгілі бір ережелер мен тыйымдардың болмауы әсерінен орын алады. Сондай- ақ, жұмыссыздық пен ақша жетіспеушілігінен, адамның қажеттілігі қамтылмаған жағдайда көп кездеседі.
  • Фаталистік суицид. Бұл суицид түрі шамадан тыс қоғамдағы қысым, тыйымдар мен ережерлердің әсерінен адамның эмоционалды тұрғыда шаршау әсерінен туындайды. Адам қысым көру әсерінен өзін сенімсіз, қоғамдағы дәрменсіздік пен іштей жеу себептерімен өзіне қол жұмсауы.

Қазіргі таңда, көптеген суицид себептері қоғамдағы, отбасыдағы қысым мен қажеттіліктердің қамтылмауы болып табылады. Сондай - ақ адамдардың психологиялық тұрғыда ішімдік пен активті құрамдағы заттарды пайдалану, биологиялық тұрғыда тұқымқуалаушылық пен психикалық ауытқу, медициналық кемшіліктер әсерінен суицид орын алуы көптеп кездеседі. Суицид өмірдің мәні мен құндылығын жоғалтқан адамдар үшін ең тиімді жол болып көрінеді. Сондай - ақ қылмыскер үшін жазадан қашудың ең оңай шешімі болып табылады. Көбіне эмоциялық интеллекті дамымаған адамдар үшін де өз- өзіне қол жұмсау қарапайым өмірден бас тарту деп саналады. Бұл қатарды күннен күнге жас қауым мен жасөспірімдер толтыруда. Қазіргі таңда, отбасыдағы келенсіз жағдайлар, қысым мен жауапсыз махаббат себептерімен эмоцияға ерік беріп, суицидтік жолға түсетін жастарымыз аз емес. Сол секілді, ата- ана тарапынан шамадан тыс тыйымдар, баланы тыңдамау мен қысым көрсету оның психикалық тұрғыда оқшаулануына әкеліп соқтырады. XXI ғасырда жиі кездесетін «буллинг» ұғымы да, қоғамдағы жастар арасындағы бір- біріне көрсететін қысым, психикалық ауытқуы орын алуы мүмкін. Көбіне бұл тарапта баланың өзін өзгеден кем санауы, әлеуметтік тұлға ретінде қалыптаспауына әкеледі.

Суицид әлем бойынша Япония, Венгрия, Корея және Финляндия, т. б. елдерінде жиі кездеседі. Суицид алдын алу жолдары өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда, баламен психикалық тұрғыда түрлі әлеуметтік жұмыстар мен сұхбаттар жүргізіледі. Сондай-ақ эмоционалды тұрғыда әлсіз адамдармен жұмыстар жүргізілетін ұйымдар, аса ауыр дертке ұшыраған адамдармен психиологиялық қолдау көрсету, отбасыда баланы тәрбиелеуге нұсқаулықтар жүргізу секілді жұмыстар жүргізілуде. Көп елдерде эмоционалды тұрғыда тозған адамдарға арналған шіркеуде бөлме болады. Адамдар бір- бірін көрмегенмен, іштегі барлық эмоционалды жағдайын айтып, барынша сырын ақтарады. Нәтижесінде өзін жеңіл және бос сезінеді.

Қорытындылай келе, Дюргейм зерттеулерін талдай отырып, суицид түрлері мен себептерін қарастырдық. Интеграция мен реттеу жұмыстарының теңсіздігі әсерінен түрлі суицид түрлерінің туындайтынын білдік. Осыған орай, адамның өз -өзіне қол жұмсау себептері мен алдын-алу жолдарын талдадық. Адамның эмоционалды әлсіздігінен туындаған суицидтік жолдар, ең оңай шешім болып көрінгенімен, ең тиімсіз әрі қате шешім болып табылады. Әлеуметтік фактілер тұрғыдан көрсетілген қысым мен үмітсіздік әсерінен туындаған суицид түрлерінен күресу - бүгінгі таңның ең өзекті мәселесі. Әр адам өзін әлеуметтік тұлға және эмоционалды интеллектті адам ретінде қалыптастыруы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін анықтау
Дюркгеймнің суицид мәселесіне социологиялық талдау
СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Суицид девиантты мінез - құлық ретінде
Россиядағы өзін-өзі өлтіру анализі
Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде, оның мәні мен мазмұны
Социология ғылымының даму тарихы
Жүріс - тұрыстың бұзылуы
Мектеп оқушылары арасында суицид жасау қаупін алдын-алудың педагогикалық негіздері
Суицид мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz