Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері
УДК 31.748
ГРНТИ 04.51.67
Базылбаева М.А[1]
[1]Педагогика жоғары мектебі
Павлодар педагогикалық университеті,
Павлодар, Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы
e-mail: bazylbaeva_madina@gmail.com
Отбасы дағдарыстары барысындағы баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері
Баяндаманың мақсаты: отбасы дағдарыстары және олардың туындау түрлері мен дағдарыстар барысындағы баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктерін айқындау.
Міндеттері:
1. Отбаслық дағдарыстар және олардың түрлері мен мазмұнын сипаттау.
2. Баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктерінде отбасылық дағдарыстың әсер ету механизмдерін айқындау.
3. Ата-аналардың педагогикалық сауаттылықтарын арттыруға ат салысу..
КІРІСПЕ
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік - психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір - біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата - ана және құрбыларымен қарым - қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез - құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы - құрдастарымен қарым - қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс -- әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір - біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір - бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп - бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата - анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата - ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі - зайыптылар жеке қалып, бағып - қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата - ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата - аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып - қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді.
Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез - келген түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі -- дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір - бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше Ұқсастық дағдарысына соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі - зайыптылардың бір - біріне бейімделу кезеңі - алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі - зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі - бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата - ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.
Қарым - қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.
Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата - ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата - аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата - ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл - ерлі - зайыптылардың бір - бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс -- әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым - қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама - қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты - дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата - ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.
Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз -- өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата - ана қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі - зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі - зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым - қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі - зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез - келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы - ажырасуы орын алады.
Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар ата - анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.
Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс - отбасы өмірлік циклының кез-келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайды қобалжу дағдарыс ретінде Р.Хилл үш факторды отбасы шығатын дағдарысты бөліп қарастырды:
1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы );
2. Күтпеген жағдай, стресстер ( отбасы немесе бір мүшесі жол апаты,зорлану т.б.)
3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz