Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
Қазақстан Республикасының білім және ғылым миннстрлігі
М.Өтемісов атыңдағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих,экономика және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының экономикалык қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы кылмыстар
Дайындаған:Юр -23 топ студенті
Оспангалиева Ж.Е.
Тексерген: з.ғ.м. Досжанов.Қ.М.
Орал 2021
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Мемлекеттің конституциялық құрлысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Мемлекеттің конституциялық құрлысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Мемлекеттің конституциялық құрлысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
II. Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Диверсияның объективтік белгілерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2Диверсияның субъективтік белгілерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .16
III. Диверсияның ұқсас қылмыс құрамдарынан айырмашылығы ... ... ..17
IV. Экстремистік топ кұру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы және объективтік,субъективтік белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
V. Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат берудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Кіріспе
Қазақстан Республикасының экономикалык қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы кылмыстар Қылмыстық кодекстің "Мемлекеттің конституциялық құрлысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар" деген 5-тарауында қарастырылған. Бұл тараудағы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикалык қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы кылмыстарды тізбектеместен бұрын олардың анықтамаларын берген дұрыс болар.
Экономикалық қауіпсіздік - тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы, экономикалық мүдделердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі. Экономикалық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Тарихи және қисынды тұрғыда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінумен қатар пайда болады.
Мемлекеттің қорғаныс қабілеттігі бұл - мемлекеттің агрессиядан, басқа да ірі зиян мен зардаптан тұратын әрекеттерден қорғану дайындылығының дәрежесі. Қорғаныс қабілеттілігі мемлекет пен халықтың әскери, экономикалық, ғылыми, әлеуметтік және психологиялық мұмкіндіктерін сипаттайтын материалды және рухани элементтерден тұрады.
Қазақстан Республикасының экономикалык қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы кылмыстарға:
oo диверсия (184-бап);
oo экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу (182-бап);
oo бұкаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру (183-бап).
Диверсиянң не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп және XXI ғасырдағы қылмыстың осы түрі кең етек жаюда. Диверсияның ұғымы Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға, немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату деп көрсетілген
Экстремизм дегеніміз (фр. extremisme, лат. extremus) -- шеттеу яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) - жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады.
Ал, осы экстремистік топтар бұкаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялау арқылы - әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру іс-әрекеттерін жүзеге асырғысы келеді. Және осындай мақсатты көздеп Қазақстан Республикасы аумағында тиым салынған экстремистік материялдарды жариялауға рұқсат берген адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Жұмыстың мақсаты, Қазақстан Республикасының экономикалык қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы кылмыстарды соның ішінде диверсияны, бұкаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру және экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысуды толық қанды зерттеп, жалпы қылмыстардың сипаттамасын ашу, осы арқылы қоғамды теріс әрекеттерден аулақ болуға шақыру. Онымен күресті жалғастырып, тұрғындар арасында тыныш өмірді қалыптастыру, теріс көзқарастағы идеологиядан сақтануға үгіттеу. Қылмыстардың аса қауіпті және ұлкен масшатабты, яғни мемлекеттік ауқымдағы зардап әкелу мүмкіндігі жайлы қоғамда дұрыс түсінік қалыптастырып, оған немқұрайлы қарамай, жүйеленген алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.Аталған мақсаттарға байланысты келесідей міндеттер алға қойылған:
* Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру;
* Диверсияның ұғымын ашу;
* Диверсияға қылмыстық құқықтық сипаттама беру;
* Диверсияның ұқсас қылмыс құрамдарынан, әсіресе терроризмнен айырмашылығын көрсету.
* экстремистік топ кұру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы және объективтік,субъективтік белгілерін қарастыру;
* бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат берудің қылмыстық құқықтық сипаттамасын беру;
Менің курстық жұмысым кіріспеден, 5 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімінде, мен конституцияның құрлысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасына, дәлірек айтсақ осы қылмыстардың ұғымына және түрлеріне тоқталдым.
Екінші бөлімінде, диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасын, яғни оның объективтік және субъективтік белгілерін қарастырдым.
Үшінші бөлімінде, диверсияның ұқсас қылмыстардан, әсіресе терроризмнен айырмашылығын, олардың мақсаты мен ниеттерін, зардаптарын, басқа да белгілерін салыстыра отырып зерттедім.
Төртінші бөлімінде, экстремистік топ кұру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы және объективтік,субъективтік белгілерін қарастырдым
Бесінші бөлімінде, бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат берудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы
I. Мемлекеттің конституциялық құрлысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Конституциялық құрылыстың ұғымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөліміндегі жалпы ережелерде баянды етілген. Конституцияның осы бөлімінде конституциялық құрылыстың басты принциптері, эканомикалық қатынастары, қоғамның саяси жүйелері нақтыланған. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы (1-баптың бірінші тармағы), Республика қызметінің түбегейлі принциптері (1-баптың 2-тармағы), Республика егемендігінің түсінігі (2-баптың 1-тармағы), мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық екендігі (3-баптың, 1-тармағы), биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінетіндігі (3-баптың 4-тармағы), идеологиялықтың және саяси әр алуандылықтың танылуы (5-баптың 1-тармағы), меншіктің әр түрі және оның бірдей қорғалатыны (6-баптың 1-тармағы), т.б. мәселелер нақты айқындалған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының ерекше сипаттарының бірі, ол конституциялық құрылыстың негіздерін бекітеді. Бұған дейін заңгерлік ғылым мемлекеттік және қоғамдық құрылыс шеңберінен шықпайтын. Конституцияда көрсетіліп, бекітілген мемлекеттік құрылыс конституциялық құрылыс деп аталды. Сондықтан, конституциялық құрылыс мемлекет іс-әрекетінің негізгі қағидаларын бекітетін, конституциялық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттік қауіпсіздікті - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы деп түсінген дұрыс.
Қазакстан Республикасының жаңа 2014 жылғы Қылмыстық кодексінде 1997 жылгы ескі қылмыстық кодекстегі мемлекттің конституциялық кұрылымы мен қауіпсіздігіне карсы қылмыстар үшін деген ұғым мемлекеттің конституциялык құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы құқық бұзушылықтар деген жаңа ұғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі жаңартылып жетілдіріліп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясында көрсетілген, баянды етілген конституциялық құрылысты, қоғамның ішкі, сыртқы қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады.
1.1 Мемлекеттің конституциялық құрлысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың ұғымы
Жаңа қылмыстық кодекстің Мемлекеттің конституциялык құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар тарауында қылмыстық құқықтық нормалардың жаңа мәні және ерекшелігі келесідей айқындалады.
Біріншіден, заң шығарушы Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүесінде аталған қылмыстардың орналасу жерін өзгертті. Жаңа Қылмыстық кодексте бұл қылмыстарға 5-тарауды арнайды.
Қарастырылып отырған тараудағы қылмыстардың қолсұғатын ортақ топтық объектісі ретінде 2 құрамдас бөлікті жатқызады - Конституциялық құрылыстың негіздері мен мемлекеттің қауіасіздігі.
Конституциялық құрылысқа басқаша анықтама беретін болсақ, мемлекет құрылымы өзіне басқару нысанын, мемлекеттік құрылым формасын саяси тәртіпті енгізеді. Мемлекет құрылымы туралы айта отырып, біз, өзіне адам және азамат, меншік нысандары, қоғамның саяси, діни бастаулары сияқты түсініктерді енгізуші қоғам құрылымын болжаймыз.
Конституциялық құрылыс - бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы - мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі.Конституцияда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген.
Олар:
oo халықтық билік;
oo мемлекеттік егемендік;
oo біртұтастық;
oo биліктерді бөлу принципі;
oo құқықтың үстемдігі;
oo мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу;
oo идеологиялық және саяси әр алуандылық және т.б.
Мемлекет қауіпсіздігін оның қасиеті ретінде бағалау,әлбетте жаңалық ашу емес,мұның өзі мәселенің сипаттамасына өткірлік дарытады,себебі бұл қасиетті жоғалтып алу мемлекеттің жүйе ретінде бұзылуына әкеп соқтырмақ.Ал қауіпсіздік жағдайы оы қасиетті әрқандай сөз болатын кезең ішінде дәл белгілеуден басқа түк те емес.Өзгертіңкіреп айтсақ мемлекеттің қорғана білу жағдайы- оның әрқандай сәттегі қауіпсіздік деңгейі.
Мемлекеттік қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамныңжәне мемлекеттің
өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық,әскери, экологиялық,психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Мемлекеттік қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден түрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі жәнеұлттың қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Мемлекеттік қауіпсіздіктің негізгі объектілеріне: мемлекеттің конституциялық құрылысын, егемендігін, қорғаныс қабілеттілігін және аумақтық тұтастығын жатқызуға болады.
Конституциялық құрылысқа тағы бір анықтама беретін болсақ конституциялық құрылысжиынтық түрде мемлекеттік және қоғамдық құрылысты немесе құрылымды құрушы, мемлекет пен қоғамды ұйымдастырушы қоғамдық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде, Қазақстан Республикасы халқының ерік-жігері негізінде, басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дербес мемлекет қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы егемендігінің негізін оның аумағы, жері, қойнауы, табиғат байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық негіздері құрайды. Егемендіктің бастауы - халық, сонымен қатар егемендік Қазақстан Республикасының әр бір азаматына таратылады. Мемлекеттік егемендік ең алдымен мынадан көрініс табады: Қазақстан Республикасы ішкі құрылымға қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы қатынастарға байланысты барлық мәселелерді өз алдына дербес шешуге хақылы. Егемендік идеясы 1995 жылғы ҚР-ның Конституциясында да алдыңғы қатарда тұр.
Қорғаныс қабілеттілігі - мемлекеттің экономикалық, әскери, әлеуметтік деңгейін және егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзудан қорғауды қамтамасыз етуін айтады.
Аумақтық тұтастық- Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн айқындаушы шарт болып табылады.
Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын өзгерту, Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде бастамашылық жасауға арқау бола алмайды.Қазақстан Республикасы Парламентi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген Конституция нормалары бөлiгiне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 1-тармағына және 91-бабының 1-тармағына ресми түсiнiк беру туралы Конституциялық Кеңестiң 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 132 қаулысында: Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге байланысты Парламент құзыретi Конституцияның 91-бабы 2-тармағымен шектелiп, онда "Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканың басқару нысанын өзгертуге болмайды" , - делiнген.
Қылмыстардың заты тек кейбір қылмыс құрамдарында өз алдына дербес белгі болып көрінеді. Осылай, Тыңшылық (176-бап) қылмыс заты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер және Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіретін өзге де мәліметтер болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтастығын және аумағының бірлігін күштеп бұзуға шақыратын материалдар, ал Диверсияда (184-бап) болса қолсұғушылықтың заты - кәсіпорындар, құрылыстар, қатынас жолдар мен құралдар, байланыс құралдары, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілері саналады. Ескертетін нәрсе мемлекеттік құпияны құрайтын құжаттар сияқты осы мәліметтер туралы айтылған құжаттар да қылмыстың заты бола алады.
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсізігіне қарсы қылмыстардың барлығы дерлік объективтік жағы бойынша әрекеттермен сипатталады. Тек Мемлекеттік құпияны жария ету , Мемлекеттік құпияны құрайын құжаттарды жоғалту, объективтік жағынан әрекет және әрекетсіздікпен сипатталады. Мемлекеттік құпияны жария ету және Мемлекеттік құпияны құрайтын құжаттар мен заттарды жоғалтудың сараланған құрамдары, сонымен қатар Диверсияның 3 нысаны заң шығарушымен материалды құрам ретінде анықталған, қалған құрамдар формальды болып табылады. Яғни қылмыстық әрекет зардаптың орын алу-алмауына тәуелсіз аяқталған деп саналады, егер қылмыскер заңда көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген болса.
Осы тараудағы қылмыстардың субъективтік жағына келетін болсақ кінәнің қасақаналық нсанымен сипатталады және ол тек тікелей болады. Кейбір қылмыс құрамдары Мемлекеттік құпияны жария ету кінәнің қасақаналық та, абайсыздық та нысанымен жасалуы мүмкін, Мемлекеттік құпияны құрайтын құжаттарды жоғалту абайсыз жасалған қылмысқа сәйкес келеді. Материалдық құрамдарда кінәлі жасалған әрекеттермен қоғамға қауіп төндіреді, қоғамдық қауіпті зардаптың болу мүмкіндігін немесе болмай қоймайтындығын түсінеді және олардың орындалуын қалайды, ал формальды құрамдарда - кәінәлі тұлға әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сипатын түсінуі мен оны істеу ниеті болса жеткілікті.
Кейбір құрамдар субъективтік жақтың міндетті белгілері ретінде арнайы мақсаттарды қосады: Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында, Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында, өкiметтi күштеп басып алу, өкiметтi күштеп ұстау, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтастығын және оның аумағының бiрлiгiн күштеп бұзу мақсатында, Қазақстан Республикасының экономикалык қауіпсіздігі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында . Қылмыстың мотиві заң шығарушымен тек Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау құрамында кек алу ретінде берілген.
Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың субъектісі есі дұрыс, 14 жасқа толған кез-келген тұлға болып табылады
1.2 Мемлекеттің конституциялық құрлысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері.
Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар: мемлекеттік опасыздық (175-бап); тыңшылық (176-бап).
Қазакстан Республикасының саяси жүйесіне карсы қылмыстар: Қазақстан Республикасынын Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қолсұнушылық (177бап). Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық (178-бап); Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (179бап); карулы бүлік (181-бап). Қазақстан Республикасының конституциялык кұрылысын күшпен құлатуга немесе бұзуга шақыру: сепаратистік әрекет (180-бап).
Қазақстан Республикасының экономикалык қауіпсіздігі мен корганыс қабілетіне қарсы кылмыстар: диверсия (184-бап); экстремистік топ құру, оган басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу (182-бап); бұкаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауга рұқсат беру (183-бап).
Мемлекет құпияларын сақтауга қол сұғатын кылмыстар: мемлекеттік кұпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (185-бап); мемлекеттік құпиясы бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту (186-бап).
II. Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Диверсияның түсінігі.
Диверсия (184-бап)
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорганыс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулыгына зиян келтіруге, кәсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қиратуға немесе бүлдіруге бағытталган жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсаттарда жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz