Фонетика онлайн оқыту курсын құру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ
Информатика кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
___________ Кумаргалиева А.И.
______________2022 ж.

ЖОБА

Сандық білім беру ресурстарын жасақтау пәні бойынша

Тақырыбы: Фонетика онлайн оқыту курсын құру

Орындағандар: 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі мамандығының 3-курс студенттері:
Орынғали Айсана
Әділханова Анель

Тексерген: магистр, аға оқытушы Жанузакова З.Ж.

Атырау, 2022

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Онлайн оқу курсына түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Курстың негізгі сипаты және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ...13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 15

КІРІСПЕ
Жобаның өзектілігі.
Уақыт алға жылжыған сайын адам баласы дамудың әр сатысында жоғарылап, күннен күнге өсіп келеді. Оған бір мысал: жоғарғы оқу орындарында оқи жүріп, қысқа уақытта меңгеріп біліп алуға мүмкіндік ететін түрлі курстарды айтуға болады. Бір-екі күннен бірнеше айға дейінгі уақытты алатын кішігірім курстар әр адамға жаңа бағытты тез, әрі оңай меңгеріп алуға мүмкіндік береді. Уақыттың ұзақтылығы мен ресурстардың жетіспеушілігі қиындық тудырмас үшін, оңай әрі тиімді сайттар арқылы әрбір адам керекті білімін кез келген сәтте алып оқуына құруға болады.
Жобаның мақсаты.
Онлайн оқыту курсын құру арқылы, тақырыпты толық түсінбеген, оқып білгісі келетін немесе белгілі деңгейде меңгере алмаған кез келген жастағы оқырмандарға онлайн курс құру.
Жобаның міндеттері.
Жұмыс нәтижелері туралы жалпы және егжей-тегжейлі жауаптарды алуға қамтамасыз ету;
Ең маңызды көрсеткіштердегі тенденцияларды анықтауды жеңілдету;
Уақыт бойынша кешігусіз маңызды ақпараттарды алуға қамтамасыз ету;
Кез келген жастағы оқырмандарға тиімді әрі қолжетімді онлайн оқу курсын жасау;
Курс жасаудағы сайт беріп тұрған барлық мүмкіндіктерді толық пайдалану.

Зерттеу объектісі (нысаны) - "stepik.org" сайты.

Жобаның ғылыми жаңашылдығы.
Онлайн оқу курсын "stepik.org" сайты арқылы жасау мүмкіндігі;
Онлайн оқу курсында сайт берген жаңашыл функцияларды қолдану;
Жылдам әрі тиімді бағыттарын қолдану арқылы кез келген оқырманның қызығушылығын арттыру;

Анықтама, видео, тест және сұрақтарды қолдана алу.
1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Онлайн оқу курсына түсінік
"Қазақ тілі. Фонетика" сандық білім беру ресурсын Stepik бағдарламасымен жасақтау

Stepik - бұл білім беру материалдарын жасауға арналған көпфункционалды және икемді платформа. Сіз Онлайн курстар, бейне және студенттерге арналған әртүрлі тапсырмалар түрлерімен интерактивті сабақтар, шектеулі аудиторияға арналған жеке курстар, олимпиадалар мен конкурстар өткізе аласыз, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске қоса аласыз, қызметкерлеріңіз бен клиенттеріңізді оқыта аласыз.
Алғашқы оқу материалдары платформада 2013 жылы орналастырылды. Бүгінгі таңда курстармен қамтылған тақырыптар: бағдарламалау, информатика, математика, статистика және деректерді талдау, биология және биоинформатика, инженерлік-техникалық және жаратылыстану ғылымдары. Stepik-те орналастырылған онлайн курстар бірнеше рет онлайн курстар конкурстарының жүлдегерлері болды, ал автоматтандырылған тапсырмаларды тексеру жүйесі Coursera және EDX платформаларында бірқатар курстарда қолданылады. Сондай-ақ, Stepik адаптивті оқыту бағытын белсенді түрде дамытады, мұнда әркім өзінің білім деңгейіне сәйкес таңдалған материалды оқи алады.
Stepik платформасының мүмкіндіктерінің арасында:
Stepik-тен үйрену ыңғайлы: сайтта Stepik.org немесе iOS және Android үшін мобильді қосымшаларда;
Онлайн курстарға ашық қол жетімділік және өзіңіздің білім беру материалыңызды құру мүмкіндігі;
Stepik командасы-білім әлемін жақсартуды армандайтын энтузиастар тобы;
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолжетімді оқу материалдарын әзірлеу;
Жеке кабинет және жеке байланыс мүмкіндігі;
Материалдарды жасаудың жоғарғы жылдамдығы.

Ресурстардың көптеген артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл тегін және орыс тілінде, әрі сайт жасау үшін программалық тілді білу қажет етпейді. Тіркелу оңай, бірақ кейде тіркелмей-ақ курстан өте беруге болады. Ол үшін нестеу керек? Берілген сілтеме немесе Qr-код (соңында беріледі) арқылы курсқа өтіп, курс туралы алғашқы мәліметті аласыз. Содан соң "курсқа кіру" деген белгіні басып, бастап кетесіз. (1-сурет)

1-сурет - Онлайн оқу курсының бастапқы беті.

Бұл өте тиімді әрі оңай, біріншіден, арнайы дайын тұрған сілтеме немесе Qr-код арқылы еш қиындықсыз оқу курсын бірден табады. Екіншіден, ешқандай нұсқаулықсыз бәрі де түсінікті. Үшіншіден, мұнда әдетте мұғалімдер қолданатын барлық нәрселерді орналастыруға болады: бейне файл, презентация, Word құжаты, аудио жазба, суреттер мен фотосуреттер. Бұның барлығы онлайн курс құрғанда ақпаратты толтыруға толыққанды көмектеседі.

Курс құру кезіңде жұмыстың барынша мінсіз болуына сайттағы чек-лист көмектесті. Бұл өз жағынан сайтты құрудағы жетіспеушіліктер мен қисың қателерді көрсететін жоспар болды десе болады. Яғни, өздеріңіз көріп тұрғандай әрбір жасыл белгі жұмыстың барын (2-сурет), дұрыстығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ОҚЫТУ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АКТ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Онлайн оқыту жүйелеріне шолу
Қашықтан оқыту
Дыбыс сөздің материалы
Геймификация элементтері бар білім беру курстарын талдау
Интерактивтік оқыту технологиясы
Мектептің оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолдану
Дауысты дыбыс
Электронды оқыту және қашықтықтан оқыту технологиялары
Пәндер