Тұрақты міндеттемелер


Реферат
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің ерекшеліктері
Орындаған студентер: Айтжанов Бибарс, Алтыбаев Дияр
Профессор: Айгүл Касенова
Жоспар
1. Кіріспе.
Негізгі бөлім
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері.
1. 2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
2. Қорытынды.
3. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Кіріспе.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептер-ді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-мастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өз-геше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере ал-майды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорлар-ды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұ-ғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жайкүйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қа-ражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арт-тыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономика-лық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шеремет «Кәсіпорынның қар-жы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-ды» деп жазған.
Профессор Н. А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
В. М. Радионова мен М. А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіле-ді» деп жазады.
М. Н. Крейнина А. И. Ковалев және В. П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: »Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш-тер жиынтығы».
Профессор И. Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабі-леттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мем-лекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндет-темелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау-дың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұ-рақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» - деп жазады .
С. А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен си-патталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді бо-луын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс».
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксізді-гін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады . Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материал-дық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады .
1. 2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілетілігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.
Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz