ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

ҚР білім және ғылым министрлігі

Қ. аЖұбановаатындағыаАӨУ Экономикаажәне құқық факультетіа

Курстықажұмыс

Қоғамға қауіпті зардап, зардап түрлері

Орындағын:Тұрғанбаев Жандәулет

Ақтөбе-2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ… . . .: КІРІСПЕ … . . .
3: 3
КІРІСПЕ… . . .:
3:
КІРІСПЕ… . . .: 1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ . . .
3: 6
КІРІСПЕ… . . .: 1. 1. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі . . .
3: 6
КІРІСПЕ… . . .: 1. 2. Қоғамға қауіпті іс - әрекет және оның түрлері . . .
3: 12
КІРІСПЕ… . . .: 1. 3 Қоғамға қауіпті зардаптар және оның түрлері . . .
3: 18
КІРІСПЕ… . . .: 1. 4 Қоғамға қауіпті іс - әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себепті байланыс . . .
3: 24
КІРІСПЕ… . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . …
3: 29
КІРІСПЕ… . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … . . .
3: 38

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Республикамыздағы қылмыстың ең ауыр қауіпті түрі болып табылатын, ең алдымен қоғамның экономикалық, саяси құқықтық, өнегелі салаларына сұқтанатын сыбайлас жемқорлықтың, ұйымдасқан топпен жасалатын қылмыстың, қоғамдық тәртіпсіздікке, қоғамдық қауіпсіздікке және меншікке қарсы қылмыстардың өсуі тіптен қиындатты. Осы аталған қылмыс мемлекеттік құрылымның осал тұстарын, лайықсыз әрекеттерін біле отырып, оларға өз қызметін ұсынады. Олармен ынтымақтастық жағдайда болуды қалайды. Мәселен, халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қызметімен ақша талап ету мақсатында азаматтарды кепілдікке ұстап алудың кеңінен таралуы тығыз байланысты, террорлық жағдайлары да белгілі. Осылайша сөз қылмысты қол сұғушылардың кейбір санаттарының қоғамдық қауіпінің деңгейінің өсуі, олардың салдарының ауырлығының өсуі, қасақана, ерекше, қауіпті, арнайы бағыттағы қылмыскерлердің үлесінің өсуі туралы болып отыр. Осыған байланысты, кез келген қылмыспен күресудің ғылыми негізделген стратегиясын жүзеге асырудың мәселелері кешенін теориялық жасау маңызы ерекше болып табылады. Осы тұрғыда қоғамға қолайсыз мінез - құлықтың пайда болуы, содан кейін оның нақты жағдайда жүзеге асырылуын анықтаушы жеке сананың теріс қалыптасу мәселелері тек қана теориялық қана емес, сонымен қатар тәжірбиелік те мағынаға ие болады.

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он төрт жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1995 жылы тамыз айының 30 - жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады.

Осы Конституцияның 1-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды" [1] .

Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап - талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр.

Осы жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, әлеуметтік белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін

арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қояды.

Осыған орай қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі - заң саласы. Осы үлкен негізгі саланың өзекті бір арнасы - қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді. [2] .

Қазіргі кезеңде негізінен Республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізінің нығаюына, қылмыспен және заң бұзушылықпен күресті күшейтуге қоғамымыздың әр мүшесінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда. Ел дамуының бағдарламалық құжаты - «Қазақстан - 2050. Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы» атты ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдағы жоспарымен негізгі қағидалары бағыттары баяндалған. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде әсіресе қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр. [3] .

Осы тұста ел Президенті былай деп көрсетеді: «Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңістік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет». Алайда, біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп - қатердің алдын аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз - бұл біздің өзімізге, мақсаттары мен басымдықтарды дәл білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске асыруымызға байланысты. [4] Қылмыстық істі толық табуымыз үшін қылмыстың элементтерін дұрыс бағалауымыз қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты - дипломдық зерттеудің мақсаты қылмыстарды жасаған адамдарға қатысты күресте және Қазақстандағы абайсыздықта жасалатын қылмыстармен күрес мәселелерін теориялық және практикалық тұрғылардан талаптарын анықтау және талдау арқылы ғылыми бағыттағы және тиімді шараларды ұсыну болып табылады. Зерттеуде жалпы қылмыстылықпен, оның ішінде абайсыздықтағы әрекеттер үшін қолданылатын жазалардың тиімділігін арттыру мәселелері және теориялық және практикалық талаптарға сай келетін ұсыныстарды келтіру мақсат ретінде қойылады.

Курстың зерттеу объектісі: Республика өміріндегі қылмысты абайсыздыққа ықпал ету саласындағы мемлекетпен қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің шарты ретінде, сондай-ақ еліміздегі абайсыздықтағы қылмыстар үшін жазалардың тиімділігін арттырудың қылмыстық-құқықтық шараларын реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Зерттеудің затын Қазақстан Республикасындағы абайсыздықта жасалатын қылмыстар үшін тағайындалатын жазалардың мәселелерін реттейтін қылмыстық құқық нормаларының жүйесі құрайды. Зерттеудің заты қазіргі жағдайдағы Республикамыздағы қылмыстылықпен күрес тиімділігінің мәселелерін нақтыланған түрде талдау, қылмысты абайсыздыққа әсер ету шараларының және абайсыздықтағы әрекеттер үшін қолданылатын жазалардың тиімділігі мәселелерін зерттеу тұрғысынан алынған.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздерін: қылмыстық құқықпен мен криминологиядағы жалпы теориялық концептуалды тұжырымдар, қылмыстық құқықтың социологиялық бағыты құрайды. Сонымен қатар, дипломдық жұмысты орындау барысында қисынды-заңдылық, салыстырмалы бағалау, жүйелі-құрылымдық, нақтылы-әлеуметтік, тарихи-құқықтық және сараптамалық бағалау әдістері кеңінен қолданылды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы, ол жұмыста келтірілген шешімдермен ұсыныстарды қылмыстық құықтық зерттеулерді әрі қарай дамытуда, оның ішінде жекелеген қылмыстардың құқықтық сипаттамасын ашу жолында мәселенің қалыптасу негізділігін немесе қылмыстық заңда өмір сүру мүмкіндіктерін ашуда және құқық нормаларын қолдану тиімділігі мәселесі туралы қызметті жетілдіру туралы ой қозғауға, оларды сот-тергеу қызметінде қолдануға оңтайлы бағыттарды анықтауға үлгі бола алады. Демек, кез-келген жекелеген қылмыстардың, оның ішінде абайсызда жасалатын қылмыстардың сипаттамасын толық ашу және оларға жаза тағайындау мәселесін зерттегенде алдағы уақыттарда нормаларды қолдану тиімділігі туралы пікірлер келтірілуі керек. .

Зерттеу гипотезасын қалыптастыру . Дипломның теориялық деңгейі ізденушінің Қазақстандағы абайсызда жасалатын қылмыспен күрес мәселелерін кешенді түрде кеңінен қылмыстық-құқықтық және криминологиялық зерттеулерімен сипатталады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылысы ондағы зерттелген мәселелердің мазмұнымен анықталады. Диплом кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

  1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫҚылмыстың объективтік жағының түсінігі

Адамның өмір сүруі әрқашанда қандай да бір әрекеттермен, яғни белгілі бір әлеуметтік қатынастарға байланысты табиғи ортаға не қоғамдық ортаға белсенді араласуымен көрінеді. Өзінің белсенділігін білдіре отырып, жеке тұлға қандай да бір оқиғаның пайда болуын тездетуге, қоғам үшін пайдалы, зиянды немесе бейтарап болуы да мүмкін. Басқаша айтқанда, іс - қимылдың әрекет жағы қоршаған ортаға белгілі бір әсер етумен сипатталады. Адам әрекеттерінің ішінде қылмыстық іс - әрекет өзінің қауіпті болуымен ерекшеленеді. Осы қылмыстық іс - әрекеттің сыртқы көрінісі белгілерінің жиынтығын қылмыстың объективтік жағы құрайды. [4] Жалпы мағынада, қылмыстың объективтік жағы бұл сыртқы дүние құбылыстары мен оқиғаларына адамның белсенді араласуы арқылы немесе құқықтық міндеттер жүктелген кезде араласудан бас тарту арқылы адамның да, адамның ойлары, пікірлері қоғамға қауіпті болған күннің өзінде, егер олар арқылы жүзеге асырылмаса қылмыс болып табылмайды.

Мәселен, адамның жасаған іс-әрекеті кез келген жағдайда бір-бірімен байланысты екі көріністен құралады, бірі, іс-әрекеттің сыртқы көріністерінің жиынтығынан құралса, екіншісі, ішкі психикалық көңіл-күй, сезімнің белсенді нышанынан көрініс табады. Осыған орай, адамның сырттан келген әсерді қабылдап оған жауап қайтаратын, яғни рухани күйі, ішкі сезімі өз алдына психофизикалық мінез-құлқыдан тұрады. Психофизикалық бірлік жасалған іс-әрекеттің көрінісінен құралады. Әрбір адам өз іс-әрекетін жүзеге асыру үшін барлық адам бойындағы тылсым күштер арпалысқа түсіп, ішкі және сыртқы сезімнің жиынтығы белгілі іс-әрекетке айналады. Адамның іс-әрекетінің сыртқы көрінісі қылмыстық құқықта қылмыстың объективтік жағын құрайды. Әлбетте, қылмыстың объективтік жағы қылмыс объектісі сияқты қылмыс құрамының объективтік сипаттағы элементтерінің бірі болғанымен одан ауқымдырақ. Ол дегеніміз қылмыстың өзіне тән сыртқы қабылданатын жағы. Ол белгі субъектінің іс-әрекетінен (әрекет немесе әрекетсіздік) басталып, қылмыстың салдарының тууымен аяқталатын оқиғалар мен құбылыстардың ретті дамуы тұрғысынан оның сыртқы жағынан қарастырылатын заңмен қорғалатын мүдделерге қоғамдық қауіпті және заңға қайшы қол сұғу процесі болып табылады. Қылмыс құрамының төрт нышанының бірі, оның объективтік жағы - қылмыстың сыртқы жағы бола тұрса да, ол тек субъективтік жағымен салыстырғанда ғана "сыртқы", әйтпесе, ол сонымен қоса, қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұғу механизмі үшін ішкі сипаттама болып табылады. Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігін дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың маңызы зор. Қылмыстың объективтік жағының түсінігіне орай, ғалымдар әртүрлі пікірлер ұсынды. Қылмыстық құрамның объективтік жағынан қылмыстық заң нормаларының диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттің сыртқы көріністерінің жиынтығы жатады. Яғни, қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. И. Реннеберг қылмыстың объективтік жағы бұл қылмыстық қоғамға қауіпті әрекеттен және моральдік саяси қажеттіліктен туындайтын қылмыстық құқықтық нормаларының жиынтығы деп санайды. [5] Криминалист Г. Кюллиг, қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық құрамның сыртқы көрінісінің тәсілінің қылмыскердің қылмыс объектісіне ықпал етуі деп ойын білдірді. Г. В. Тимейконың пікіріне жүгінсек, қылмыстың объективтік жағы айқындалған жағдайдың орнынан, уақытынан, тәсілінен пайда болған іс-әрекеттің сыртқы көрінісі. [6, 7] В. Н. Кудрявцев [8], А. А. Герцензон [9], В. А. Куринов [10], В. И. Малыхин [11], С. А. Тарарухин [12], В. А Бурчак [13], Г. А. Левицкий [14], О. Ф. Шишов [15], Сергиевский В, Рахметов С. [16], Т. Г. Черненко [17], А. С. Новиченко, А. В. Наумов [18], А. А. Пионтковский [19], т. б. ғалымдар да жоғарыда айтылған пікірлерге іспеттес пікірлер айтады.

Сонымен, қылмыстың объективтік жағы дегеніміз - қылмыстық заң нормаларының диспозицияларында бейнеленген, қылмыстың объективті жағының мазмұнын құрайтын белгілердің жиынтығынан құралған қылмыстық әрекеттердің сыртқы көріністерінің жиынтығын айтамыз. Сонымен, адамның іс-әрекеті бір мезгілде субъективті болса, объективті жағынан да көрініс табады, яғни адамның іс-әрекеті физикалық және психикалық өзара біркелкі екі жақтық келісімнен тұратын мәні болып табылады. Қылмыстың объективтік жағының түсініктемесін құрайтын белгілерге көптеген ғалымдар әр бағытта тұжырымдамаларын ұсынды. Мәселен, 1993 жылғы Ресейдің қылмыстық құқық оқулығының жалпы бөлімінде қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілерінің жиынтығынан тұратынын көрсеткен. Олар:

1) қоғамға қауіпті әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік),

2) қоғамға қауіпті зардап;

3) әрекет пен әрекетсіздік және зардап арасындағы себепті байланыс;

4) қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай, жасалу тәсілі, құралы және қаруы.

Ю. И. Ляпунов қылмыстың объективтік жағының белгілерін екі топқа бөледі: а) міндетті белгілер, б) факультативтік белгілер. [20] Жоғарыда көрсетілген белгілердің бірінші аталған үшеуі міндетті белгілер болса, төртіншісі факультативті белгіні құрайды. Қылмыстың объективтік жағының осы аталған белгілерден құралатынын көптеген ғалымдар дәлелдеген. Қылмыстың объективік жағының мазмұнын құрайтын белгілерге жеке-жеке толық танырлықтай тоқталып өтсек, қылмыстың объективтік жағының ең басты белгісі қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянат пен қол сұғатын және қол сұғу қауіпін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) . Екінші нышаны, қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып "қоғамға қауіпті зардап", ал қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың объективті жағының белгілері болып табылады. Ал соңғы белгісі, адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын қауіпті іс-әрекет белгілері бар кеңістікге және уақытта орын алатын нақты көрініс болып табылады. Қылмыстық құқықта кеңістік деген ұғым нақты іс-әрекеттің істелген орны ретінде қарастырылады. Сондықтан да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына қоғамға қауіпті іс-әрекет, істелген орын және уақытта қосылады. Кейбір реттерде заң шығарушы нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтағанда қоғамға қауіпті іс-әрекеттің белгілі бір жағдай да істелетіні туралы да еске алады Демек, мұндай жағдай қылмыстың объективтік жағының бір белгісі болып саналады. Кез-келген қоғамға қауіпті іс-әрекет белгілі бір тәсілмен кейбір реттерде нақты құралдармен қару-жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, кісі өлтіруде бірнеше тәсіл қолданылу мүмкін: кісіні өлтіру үшін мылтық немесе пышақ, у дәрі пайдалану, адамды тұншықтыру, қылқындыру немесе автокөлікпен әдейі қағып кету арқылы да өлтіріледі. Қылмыс жасаудың тәсіліне алдау немесе сенімге қиянат жасау болуы мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты қылмыстың істеудің тәсілі, құрал және қару-жарақ деген ұғымдар да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашатын белгілер қатарына жатады. Сонымен, жоғарыда айтылған белгілердің барлығы да қылмыстың объективті жағының белгілері болып табылады және осы белгілер арқылы объективтік жақтың мазмұны айқындалады. Біздің ойымызша, жоғарыда айқындалған пікір өте орынды, дұрыс айтылған. Өйткені, осыған орай, жасалған қылмыстың сыртқы көрінісі, қылмыстың объективтік жағының мазмұнын құрайтын белгілердің жиынтығы қылмысты саралаудың негізін құрайды. Әлбетте, жоғарыдағы пікірлерге қарсы айтылған ойлар да жеткілікті. Мәселен, қылмыстың объективтік жағын В. Н. Кудрявцевше үш негізге бөлуге болады: 1) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) ; 2) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) пен зардаптың арасындағы себепті байланыс; 3) қоғамдық қауіпті салдар.

Дегенмен, бұл сатылардың бәрі бірдей қылмыс құрамының объективтік жағының негізгі белгілерін құрамайды. Себебі, заң шығарушы әрекетті қылмыстандыру мен қылмысты алдын алу процестерін алмастырып, қылмыстың объективтік жағын қиып, қылмыс құрамы деп заң үшін тек бастапқы кезеңін ғана қалдырады. Яғни бастапқы кезеңді жасаудың өзі-ақ ол қылмыстық әрекеттің заң үшін аяқталды деп есептелетіндігін аңғартады. А. А. Пионтковский қоғамға қауіптілікті (құқыққа қайшылықты) қылмыстың объективтік жағының белгісі ретінде қарастырады. В. Н. Кудрявцев қылмыстың орнын, уақытын, тәсілін, жағдайын қылмыс белгілері ретінде қабылдамайтын көрсете отырып, олар тек қана іс-әрекетті (әрекет немес әрекетсіздік) сипаттайтын жеке белгілері деп атап көрсетті. П. И. Гришаев қылмыстың объективті жағының міндетті белгісіне тек қоғамға қауіпті іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) жатқызады. Ондай пікірді Қазақ КСР қылмыстық құқық оқулығының авторлары да мақұлдайтынын білдірді. Чехословия ғалымы В. Полячек қылмыстың объективтік жағының мазмұнын құрайтын белгілерді төмендегідей айқындайды: 1) қоғамға қауіпті іс-әрекет; 2) қылмыстық құқыққа қайшылық; 3) іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) ; 4) зардап; 5) себепті байланыс.

Демек, қылмыстың объективтік жағының мазмұнын құрайтын белгілердің жиынтығына байланысты ғалымдар әр түрлі қарама-қайшы пікірлер ұсынуда. Жоғарыда көрсетілген қарсы пікірлердің бағыттары да қайшылық тудырады. Қылмысты саралауға көрсетілген белгілердің маңызы зор, өйткені олар өзара жақын ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға қылмысты дұрыс саралауға мүмкіндік береді. Осы орайда, Б. А. Куриновтың пікірін айтпай кетуге болмас, "қылмыстың объективтік жағы - бұл қылмыс әрекетінің орталығы, яғни қылмыстың сыртқы көрінісі ең бірінші қоғамға қауіпті әрекет пен объективті түрде әділ бағаланады". Адамның іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) кез-келген қылмыстық құрамның міндетті нышаны, яғни қоғамға қауіпті салдар себептік байланыс, қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай, жасау тәсілі, қаруы және құралы қылмыстық құрамның объективтік жағының факультативті белгілері деп аталады, себебі олар қылмыстық заң нормаларын диспозициясында көрсетілген жағдай ғана міндеттілік рөлін атқарады. Кез-келген жеке қылмыс құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның төрт элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық құқықтық нормамен белгіленген қылмыс құрамның белгілерін талдағанда сол қылмыстың объективтік жағы нақты қандай белгілерден тұратынын анықтау өте қажет. Қылмыстық құкықтың Ерекше бөлімінің нақты нормаларын талдағанда жоғарыда көрсетілген қылмыстың объективтік жағының барлық белгілері түгелдей теріліп, нақты нормалардың әр қайсысында кездесе бермейді. Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс-әрекетпен міндетті түрде туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты) болуын заңның өзінде атап көрсетеді. Мұндай ретте, заң шығарушы объективтік жақтың - уақыт, орын, жағдай, тәсіл немесе басқа да белгілерін заңда көрсетпейді. Бір шама қылмыстық құқықтық нормалар қоғамға қауіпті іс-әрекетті атап өту мен ғана шектеледі. Мысалы, пара беру (312-бап), қызметтік жалғандық жасау (314-бап) . Кейбір жекелеген қылмыстық құқықтық нормаларда қылмыстың істелген орны, уақыты немесе жағдайы тура көрсетіледі, яғни қылмыстың объективтік жағының мазмұнына тән бір топ белгілердің ішінен тек біреуі ғана қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік кез-келген қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті, қажетті белгісі, ал қалған белгілерінің барлығы да факультативтік белгілер болып табылады.

Қылмысты саралауда қылмыстың объективтік жағының маңызы біріншіден, оның белгілерін дәлме-дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс саралаудың негізгі болып -табылады. Екіншіден, объективтік жағының белгілері арқылы қылмысты саралауда өзара жақын ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туады (мысалы, ұрлықты тонаудан, алаяқтықты ұрлықтан және т. б. ) . Осыған байланысты қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды элементтері қатарына жатады. Қылмыстың объективтік жағының мәні, біріншіден, қылмыс құрамы шегінде қылмыстық құқықтағы қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады.

Екіншіден, қылмыстың объективтік жағының мәні ол көбінесе, негізгі қылмыстық іс-әрекетті басқа қылмыстардан бөлу шегін ажырату белгісі болып табылады. Мәселен, қылмысты саралау процесінде қылмыстың субъектісі, субъективтік жағы, объектісінің ұқсас қылмыстарды ажыратуда топтық және тікелей белгілері бір-бірімен үйлеседі. Қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес, қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісінің қоғамға қауіптілігіне, қылмыстық заңға қайшылығынан және объективтік жағының белгілерінен өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, қылмыстың объективтік жағының қылмысты
саралаудағы мәні қылмысты тәртіпсіздіктен, теріс-қылықтан ажырату белгісі болып табылады. Ол белгілер:

  1. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптары диспозицияларында көрсетілген арнайы белгілер;
  2. Іс-әрекеттің қайталануы;
  3. Бірнеше реттегі іс-әрекет белгілері;
  4. Жүйеленген іс-әрекеттер;
  5. Зардаптың мөлшерінің ерекшелігі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстың объевтивтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік жағы
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫН ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі
Қоғамға қауіпті зардаптар
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативтік белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz