Аяқтың бұлшық еттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Бұлшық еттерді зерттейтін ғылым саласы - миология
Бұлшық еттердің жұмысы,құрылысы
Бұлшықеттердің топтары, қасиеті, қажуы, гигиенасы
4. Тұлға бұлшық еттері
5. Көкірек клеткасының бұлшық еттері
6. Арқаның бұлшық еттері
7. Мойынның бұлшық еттері
8. Бастың бұлшық еттері
9. Қолдың бұлшық еттері
10. Аяқтың бұлшық еттері
Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиет тізімі

Кіріспе

Бұлшық еттер қимыл қызметтерін атқаратын аппарат болып саналады. Дененің сыртқы орталықта қимылдауы, оған бейімделуі, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы да осы бұлшық еттердің жұмысының нәтижесінде жүріп отырады.Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-дан астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан.
Бұлшық еттің жұмысы оның жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Жиырылу нәтижесінде организмде бірнеше күрделі өзгерістер (жылу бөлінуі, қан құрамының өзгеруі т. б.) пайда болады. Бұлшық ет жұмыс (жиырылуы, босаңсуы, қатаюы т. б.) нерв системасымен реттеліп отырады. Егер бұлшық ет жиырылған кезде дене не оның бір мүшесі бір орыннан екінші орынға қозғалса оны динамикалық, ал егер қозғалмаса (қатайып, дене не мүше орнында қалса) статикалық жұмыс деп атайды. Дененің бұлшық еттері өзінің пішініне қарай әр түрлі қызмет атқарады. Олардың күші көлденең қимасына яғни ет талшықтарының санына, олардың қалыңдығына байланысты өтеді.
Адамның еттері бірыңғай салалы және көлденең жолақты ет тканьдерінен түзілген. Бірыңғай салалы ет ткані эволюциялық шығу тарихына карағанда өте ерте пайда болған. Себебі, олар төменгі сатыдағы жануарларда да көп кездеседі. Жануарлардың ортаға бейімделу процесіне, қимыл әрекеттеріне байланысты бірыңғай салалы ет ткані деп көлденең жолақты ет тканіне ауысады да көлденең жолақты ет ткані дами бастайды.
Бірыңғай салалы ет ткандері адамның ішкі органдарында тамырларының және терінің құрамында ғана кездеседі. Бұл ткань жалпы еріксіз жиырылып, ішкі органдардың толқынды қимылын, қан тамырларының кеңейіп тарылуын қамтамасыз етеді. Бүкіл дене бұлшық еттері көлденең жолақты ет тканінен түзілген. Бұлардың бірыңғай салалы ет тканінен айырмашылығы ерікті жиырыла алады. Мүшенің орталықтағы қимылы, дененің теңдік сақтап, тік тұруы, жүруі, жүгіруі т.б. қимыл қозғалыстары осы ерікті жиырылатын көлденең жолақты ет тканінің қызметіне байланысты.
Осымен қатар тыныс алу, сөйлеу, қүрсақ еттерін қатайтып, тік ішек пен қуықты босату, босану, жөтелу т.б. физиологиялық процестер де осы ет тканінің жиырылу, қатаю нәтижесінде жүріп жатады.

Миология (myologia, грек, mys -- ет, logos -- ілім) -- адам мен жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім. Бұлшық еттер адам мен жануарлар организмдерінің кеңістіктегі орын ауыстыру немесе дене мүшелерінің салыстырмалы қимыл-қозғалыстарын іс жүзіне асырады.
Жалпы адам денесінде 600-ден аса бұлшық ет болады. Олардың көбі жұп болып келеді. Бұлшық ет майда миофибрилдерден (ет талшықтары) түзілген. Олардың әрқайсысының шеттерінде шашыранды ядросы мен сыртын қаптап жатқан саркалема деген қабықшасы болады. Миофибрилдер бір-бірімен бірігіп, дәнекер тканімен қапталған ет будаларын түзеді. Бұл будалар өзара бірігіп, жеке жиырыла алатын бұлшық ет бөліктерін құрайды. Олардың әрқайсысы дәнекер тканінен тұратын кілегей қабықшасымен қапталып жатады.
Бұлшық еттердің түсі атқаратын қызметіне қарай күрең қызғылт, ашық қызғылт болады. Егер ет көп жұмыс істейтін болса, қанның көп келу нәтижесінде күрең қызыл, ал аз жұмыс істесе ашықтау келед Адам жасы өскен сайын бұлшық еттері де, түсі де өзгере бастайды. Осыған байланысты жаңа туған нәрестеде ашық қызыл, ал жасы өскен сайын күрең қызыл бола бастайды.
Бұлшық еттердің толық келген жерін денесі десе, ал екі шетіп ет сіңірі деп атайды. Ет сіңірлері арқылы бұлшық еттер бір сүйектен басталып екінші сүйекке тіркеледі. Сол себептен оның бір сіңірлі басын басталар жері десе, екінші сіңір бөлігін аяқталар жері дейді. Осы басталар жерінен аяқталар жеріне жеткенше бұлшық еттер міндетті түрде бір, не бірнеше буындардан аттайды. Ет жиырылған кезда сол буынды не бүгіп, не жазып мүшені қимылға келтіреді.
Бұлшық еттердің пішіні әр түрлі, өйткені олардың ет талшықтарының бағыты атқаратын қызметіне байланысты. Жалпы оларды ұзын, қысқа жалпақ еттер деп үш түрге бөледі.
Бұлшықеттердің топтары, қасиеті, қажуы, гигиенасы

Бұлшықеттер пішініне, денеде орналасуына, талшықтарының бағытына, атқаратын қызметіне, буынға бекінуіне қарай топтастырылады (жіктеледі):

Орналасуына қарай бұлшықеттердің шеті біреу немесе бірнешеге ажырайды. Осыған байланысты бірбасты, екібасты, үшбасты, төртбасты бұлшықеттер деп атайды. Кейбір бұлшықеттердің талшықтары шеңберлене орналасады, мысалы, ауыз қуысының, артқы тесіктің бұлшықеттері. Пішіндеріне қарай бұлшықеттер ромбы, трапеция, төртбұрышты деп бөлінеді. Мөлшеріне қарай - ұзын, қысқа, үлкен, кіші делінеді. Ет талшықтары шоғырларының бағытына қарай қиғаш, көлденең бұлшықеттер деп аталады. Бұлшықеттердің атқаратын қызметі: бүгу, жазу, айналдыру, көтеру. Буындарға бекінуіне қарай бұлшықеттер бір буынды, екі буынды, көп буынды болады.
Дене еттері қол-аяқ еттеріне қарағанда жалпақ, жұқа болып келеді де дененің бірталай жерін жауып жатады. Ал қол-аяқ еттерінің пішіні керісінше ұзынша келеді. Олар бірнеше буындардан аттап өтеді. Ұзын еттердің жоғарғы сіңірін басталар жері десе, төменгі сіңірін тіркелер бөлігі деп атайды. Қысқа салалы еттер омыртқа жотасының бойында, қол-аяқ басында терең орналасқан. Ал жалпақ еттерді көбінесе дененің арқа, құрсақ, көкірек бөліктерде кездестіреміз. Мысалы, арқаның жалпақ еті, кеуденің үлкен еті, құрсақтың қиғаш еттері.
Жалпақ еттердің ет сіңірлері өздеріне тән жалпақ, жұқа келеді. Сол себептен оларды ет шандырлары деп атайды. Сақиналы еттер дененің табиғи тесіктерінен айнала орналасқан. Мысалы, көз, ауыз, қуық, тік ішек тесіктерін жиектеп қоршап жатады. Осы сақиналы еттердің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде сол тесіктер тарылып тұрады. Сол себептен, оларды қысқыштар (сфинкторлар) деп атайды. Кейде бұлшық еттер сіңірлері бірнеше бөліктерден түзілуі мүмкін, ондай жағдайда оларды қос басты, үш басты, төрт басты еттер дейді.
Бұлшық еттердің жоғарыда айтылған негізгі қүрылысынан да басқа қосымша құрылыстары да болады. Бұған кілегейлі қалталар, кілегейлі қынаптар, катпарлар, сесам суйектері, ет шандыры жатады. Бұлар бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуіне көмектесіп отырады. Еттердің шандырлы жапқыштары (фасциялары) жалпы және меншікті болып екіге бөлінеді. Олар тығыз талшықты дәнекер тканінен түзілген. Шандыр жапқыштар жеке етті немесе еттер тобын (бүгетін, жазатын) және дененің ет бөліктерін (иық, сан, балтыр, білек еттерін) қаптап қоршап жатады. Егер шандырлы жапқыш жеке еттің өзін қоршап жатса, оны меншікті шандыр жапқыш дейді. Ал еттерді тобымен қаптаса жалпы жапқыш деп атайды. Олар бұлшық ет аралығымен сүйек қабығына дейін барып перделер түзіп, еттердің әрбір тобын бір-бірінен ажыратып тұрады. Осының нәтижесінде бұлшық еттер жұмыс істегенде орын ауыстырмай бір жағдайда бекемделіп, қалыптасып жатуына себеп болады. Бұл перделерге кейде ет сіңірлері де тіркелуі мүмкін. Қорыта айтқанда, шандырлы ет жапырақтары қорғаныштық қасиетімен бірге тіректік те қызмет атқарады.
Ет сіңірлерінің сүйектен басталар жерінде ылғалды келген кілегейлі қалталар орналасады. Осы кілегейлі қалталар ішіндегі кілегейлі ылғал ет пен сүйектің бір-біріне үйкеліспеуіне себеп болады. Бұл қатпарлар жас нәрестеде туғаннан кейін пайда болып, есейген сайын ұлғайып, қуысы кеңейіп кілегейлі қынаптарға айналады. Оларға ет сіңірлерін біріктіріп, сыртынан қаптап жатқан қапшықтар да жатады. Бұлардың ішінде де қалталар ішіндегідей кілегейлі (синовиа) ылғалы болады. Ол ет сіңірлерінің сыртын ылғалдап үйкелістен азайтады. Бұлар, әсіресе, қол-аяқ еттерінің басталар жерлерінде кебірек кездеседі.
Сесам сүйектері көбінесе ет пен буын сіңірлерінің арасында кездеседі. Олар жалпы тіректік маңызымен қатар бекемдік те береді.
Шығыршық деп шеміршекпен қапталған ойық келген сүйек бетін айтады. Ол көбінесе сіңір өтетін сүйек басына жақын орналасады.

Бұлшықеттің құрылысы:

1 - бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 - оттекпен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықеттер; 6 - май басып нашар дамыған бұлшықеттер
Бұлшық еттердің жұмысы

Бұлшық еттердің жұмысы жиырылу қасиетіне байланысты болып келеді. Олар жиырылған кезде ет талшықтары қысқаруымен қатар жуандайды. Жалпы дене белгілі бір қимыл жасағанда бірнеше бұлшық еттер қатысады. Олардың жұмыс әрекеттері әр түрлі келеді. Еттер атқаратын қызметіне қарай, бір уақытта бірыңғай жұмыс атқаратын еттер, синергистер, (бір-біріне қарама-қарсы жұмыс атқаратын еттер) антогонистері (бір қалыпта қимылсыз қатайтып ұстайтын еттер) фиксаторлар, деп үш топқа бөлінеді. Мысалы, синергистер тобына білектің алдыңғы бетіндегі қол басы мен саусақтарды бүгетін еттер жатады. Антогонистерге білектің артқы бетіндегі қол басымен саусақтарды жазатын еттер жатады. Егер синергистер мен антогонистер бір уақытта жиырылып жұмыс істесе, дененің сол бөлігін бір күйде қимылсыз қатайтып тұрады. Бұл жағдайда ол еттер қатайтушы фиксатор тобы болып саналады.
Әрбір бұлшық ет буын арқылы белгілі бір қимыл атқарады. Қимылдың түрі еттің буыннан қалай өтуіне байланысты болып келеді. Егер ет буынның көлденең білігінің алдыңғы не артқы жағынан өтсе, онда бүгу не жазу қимылдары жүреді. Ал, егер ет сагитальды біліктің сырт жағынан өтсе, сыртқа тарту, ал іш жағынан өтсе ішке тарту қимылдарын қамтамасыз етеді. Бұлшық ет тік білектің алдыңғы жағынан қиғаш өтсе ішке айдалдыру, ал сырт жағынан қиғаш өтсе сыртқа айналдыру қимылдары орындалады.
Бұлшық еттерді бір буыдды немесе көп буынды еттер деп бөледі. Егер ет бір буыннан аттаса бір буынды, ал екі не одан да көп буындардан аттаса екі буынды не көп буынды еттер деп атайды. Мұндай бұлшық еттер мүшенің көрші бөлігін ғана емес, оған жалғаса жатқан буынды бөліктерін де қабат қимылға келтіреді. Бұлшық еттердің жұмысына әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Әсіресе, оның жиырылу күші қозу дәрежесіне тікелей қатысты, тәуелді болады, ал қозу дәрежесі организмнің жалпы жағдайына, қоректедуіне күштілігіде т.б. жағдайларға байланысты.
Тік ұстау бұлшық еттері өте күшті болғандықтан талшықтары ірілеу, қысқа, қиғаш орналасқан, қан тамырларына бай, сондықтан түсі күрең қызыл болып келеді. Жиырылу жылдамдығы баяу, тез шаршамайды. Бұл еттер дененің алға тарту салмақ күшіне кері әсер етуінің нәтижесінде дененің тік тұруына әсер етеді.
Қимыл бұлшық еттері ұзын талшықты, беку беттері кең емес, қан тамырлары аз болады. Сондықтан түстері ашық қызыл. Бұл еттер тік ұстау еттеріне қарағанда тез жиырылып, тез шаршайды. Бірақ кем болғанымен, алуан түрлі әрі күрделі қимылдар жасайды.
Бұлшық еттер жұмысы адамның жалпы тіршілік етуіне өте қажет. Сол себептен дене еттерін күнделікті шынықтыру, қимыл қызметіне жаттықтыру жалпы организмнің қабілетінің артуына күшті әсер етеді.
Адам денесіндегі бұлшық еттерді орналасуына қарай тұлға, мойын, қол-аяқ еттері деп жіктейді. Тұлға еттері терең және беткей еттер деп екі топқа бөлінеді. Тұлғаның терең меншікті еттері дене сүйектеріне жапсарлана жатып, қозғалысқа келтіреді. Беткей еттері тері астында орналасып, дененің арқа және көкірек бөліктерін ала жатады. Олардың көбі тоқпан жілікке тіркесіп жалпы қолды қимылға келтіріп отырады.
Бастың еттерін шайнау және ымдау бұлшық еттері деп екіге бөліп қарастырады.
Қол-аяқ еттерін де жатқан жағдайларына қарай иық -- жамбас және еркін қимылды қол-аяқ еттері деп беледі.

Денені қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер:

1 - жазып, қозғалысқа келтіру; 2 - мойын мен кеудені қозғалту; 3 - қолды көтеру; 4 - иықты жоғары қозғау бұлшықеттері; 5 - құрсақ бұлшықеті; 6 - денені тік ұстап жүруге көмектесу; 7 - мықынды қимылдату; 8 - санды қимылға келтіру; 9 - балтыр мен аяқбасын қимылға келтіру бұлшықеттері

Тұлға бұлшық еттері

Көкірек қуысының бұлшық еттері. Көкірек қуысы бұлшық еттері дененің алдыңғы бөлігінде қабырғаларды жаба жатады. Олардың жоғарғы шекарасы мойынмен шектелсе төменгі жағы соңғы қабырғалар жиегі мен төстің семсер өсіндісі болып саналады. Тұлға еттері арқа, көкірек және құрсақ бұлшық еттері деп бөлінеді.
Көкірек бұлшық еттері арқа еттері тәрізді тері асты және меншікті еттер болып екіге бөлінеді. Беткей еттері жиырылған кезде қол сүйектерін қимылға келтіріп отырады. Бұл еттерге көкіректің үлкен және кіші еттері, бұғана асты және алдыңғы тісті еттер жатады.
1. Көкіректің үлкен еті (большая грудная мышца) бұғанадан, төстен төменгі (V -- VI) қабырғалар шеміршектерінен басталып ет талшықтары сүйірлене сіңірге айналады да, тоқпан жіліктің үлкен төмпешіктеріне бекиді. Бұл ет жиырылған кезде иық белдеуін қолды алға қарай тартып ішке айналдырады (пронацио).
2. Көкіректің кіші еті (малая грудная мышца) көкіректің үлкен етінің астында орналасқан. Ол жоғарғы (II -- V) қабырғалардың алдыңғы бетінен басталып жауырынның құс тұмсық өсіндісіне бекиді. Жиырылған кезде жауырынды төмен және алға қарай тартады. Егер басқа еттер жиырылуы нәтижесінде жауырын қимылсыз тұрса, онда қабырғаларды көтеріп тыныс алуға көмектеседі.
3. Алдыңғы тісті ет (передняя зубчатая мышца) көкірек клеткасының бүйір бөлігінде жатады. Бұл етті жоғарғы жағынан үлкен көкірек еті жауып тұрады. Ол VIII -- IX тіс тәрізді бөліктер мен қабырғалардың сырт бетінен басталып жауырынның астынан өтіп, оның ішкі қыры мен төмегі бұрышына бекиді. Бұл ет жиырылған кезде жауырынды төмен және сыртқа қарай тартады.
Көкірек клеткасының терең жатқан меншікті еттеріп сүйекке таяу жатқан еттер жатады. Олар қабырғаларды қимылға келтіріп көкірек клеткасын кеңейтіп тыныс алу процесін жүргізеді. Бұл еттер тобына сыртқы қабырға аралық, ішкі қабырға аралық және көкіректің көлденең еттері, диафрагма жатады.
4. Сыртқы қабырға аралық еттер (наружные межреберные мышцы) ет талшықтары қысқа келеді. Олар жоғарыдан төмен қарай қисық орналасып омыртқа жотасынан қабырға шеміршектеріне дейін созыла жатады. Бұл еттер жиырылған кезде қабырғаларды көтеріп, көкірек клеткасының кеңеюіне, дем алуға жәрдем етеді. Сондықтан ет тыныс алу процесінде негізгі қызмет атқарады.
5. Ішкі қабырға аралық еттер (внутренние межреберные мышцы) сыртқы қабырға аралық еттердің іш жағында орналасқан. Ет талшықтары қарама-қарсы төменнен жоғары карай қиғаш жатады. Олар жиырылғанда қабырғаларды төмен түсіріп көкірек клеткасының көлемін кішірейтіп, тыныс шығаруға көмек етеді.
6. Көкіректің көлденең еті (поперечная мышца груди) төстің ішкі бетіне жабыса жатады. Пішіні желпуіш тәрізді жұқа келген ет. Төстің семсер өсіндісімен қабырғалардың ішкі бетіне барып тіркеледі. Жиырылған кезде тыныс шығаруға қатысады. Осы айтылған еттер тыныс алу процесіне қатысуымен бірге қабаттаса орналасу нәтижесінде көкірек сүйектерінің берік болуына да жағдай жасайды.
7. Диафрагма деп көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұрған көк етті айтады. Бұл ет ұрықтың даму дәуірінде мойын миотомынан көкірек органдарымен бірге мойын бөлігінде пайда болады. Сол органдардың өсіп, дамып, көлемдерінің ұлғаюы нәтижесінде диафрагма төмен қарай ығысып үш айлығында өзінің кемелді орнына келеді. Сондық да ол мойын өрімінен алатын нервтерін де төмен тарта кетеді.
Диафрагма перделеніп жатқан жұқа, жалпақ ет. Ол көкірек қуысының төменгі, құрсақ қуысының жоғарғы қабырғасын түзеді. Шеті ет талшықтарынан тұрады. Шандырлы келген орта жері жоғары қарай күмбездене жатады. Күмбездің үстіңгі жағында жүрек орналасады. Ет талшықтарының шеті көкірек клеткасының төменгі жиегіне бекиді.
Диафрагманың арт жақ бөлігі арқылы өңеш, қолқа, төменгі қуыс венасы, лимфа жолдары мен нерв талшықтары өтеді.
Диафрагманың ет талшықтары жиырылған кезде күмбезі төмен түсіп, көкірек қуысының көлемін ұзынынан ұлғайтып тыныс алуға көмектеседі. Ал ет талшықтары босаған кезде күмбезі керісінше көтеріліп, көкірек қуысын кішірейтіп тынысты шығаруға жәрдемдеседі. Атқаратын қызметі негізгі тыныс алу процесі болып табылады.
Көкірек клеткасының шандырлы фасцияларына меншікті және ішкі көкірек шандырлары жатады. Меншікті көкірек шандырларына қол қимылына қатысы бар еттерді жауып жататын шандырлар жатады. Олар төменгі жағынан құрсақ шандырына жалғасады. Ішкі көкірек шандырлары көкірек қуысының ішкі қабырғасын астарлап жатады.
Құрсақтың бұлшық еттері. Адамның құрсақ бөлігі төменгі қабырғалар жиегінен басталып, жамбас сүйегінің мықын қырына дейін созылады. Құрсақ еттері жатқан жағдайларына қарай алдыңғы, екі бүйір және артқы құрсақ еттері болып бөлінеді. Алдыңғы құрсақ еттеріне тік және пирамидалық еттер; бүйір еттеріне сыртқы, ішкі қиғаш еттері мен көлденең құрсақ еті; ал артқы (бел бөлігіндегі) еттерге белдің шаршы еті жатады.
1. Құрсақтың тік еті (прямая мышца живота) төменгі (V -- VI -- VII) қабырға шеміршектері мен төстің семсер өсіндісінен басталып төмен қарай тік түсіп, шат сүйектерінің қосылысар жеріне бекиді. Бұл ет көлденең сіңірлермен 3 -- 4 ет бөліктеріне бөлінеді де құрсақтың қиғаш еттерінің апонервоздарынан пайда болған шандырлы қынап ішінде жатады. Бұл ет жиырылған кезде денені алға иеді, құрсақ қуысының қысымын күшейтіп, ішкі сарайлы органдардың өз орындарына қалыптасуымен бірге т.б. физиологиялық маңызды жұмыстар атқарады.
2. Пирамидалық ет (пирамидальная мышца) қалдық еттерге жатады. Шат сүйегінен басталып, орталық ақ сызыққа бекиді. Бұл төменгі сүтқоректілердің қалталы бұлшық еттерінің қалдығы болып саналады. Қызметі жағынан бұл тік етке ұқсас және құрсақтың ақ сызығын кереді]
3. Құрсақтың сыртқы қиғаш еті (наружная косая мышца живота) төменгі қабырғалардың сырт жағынан басталып, ет талшықтары жоғарыдан төмен қарай қиғаш бағыт алып мықын сүйегінің қырына бекиді. Бұл ет алдыңғы жағынан тік еттің қынабын құрайтын жалпақ шандырға (апоневрозға) ауысады. Ол құрсақтың ортасында екінші жағындағы ет шандырмен байланысып ақ сызықты түзуге қатысады Шандырдың төменгі жағы қалыңдап, қабатталып, мықын сүйегінің алдыңғы -- жоғарғы өсіндісінен шат дөңесіне дейін созылып жатқан шат сіңірін түзеді.
Бұл ет екі жақты жиырылған кезде, көкірек клеткасын төмен тартып денені июге, ал бір жағынан жиырылғанда тұлғаны қарама-қарсы жағына бұруға көмектеседі және жалпы құрсақтың етіне тән құрсақ қысымын ұлғайтуға қатысады.
4. Құрсақтың ішкі қиғаш еті (внутренняя косая мышца живота) сыртқы қиғаш еттің астында жатады. Бұл ет бос арқа шандырынан, мықын сүйегінің жиегінен және шат сіңірінен басталып төменнен жоғары қарай қиғаш бағытталып бір бөлігі төменгі қабырғаларға бекиді. Алдыңғы жақ бөлігі тік еттің қынабын және қүрсақтың ақ сызығын құрайтын шандырлы апоневрозға ауысады. Ең төменгі бөлігі ен қалтасының құрамына еніп, аталық безді қоршап оны көтеріп тұрады. Сондықтан бұл бұлшық еттің төменгі бөлігін ен көтеруші ет деп атайды.
5. Құрсақтың көлденең еті (поперечная мышца живота) төменгі қабырғалардан, бел-арқа шандырынан, мықын сүйегінің жиегінен және шат сіңірінен басталып алдыңғы жағында тік ет қынабы мен ақ сызық құрайтын шандырлы апоневрозға ауысады. Бұл ет құрсақтың бүйір қабырғасының үшінші қабатын жасап жатады. Қызметі құрсақ қысымын ұлғайту, ішкі органдарды өз орындарында қалыптастырып ішектерді босату және дем шығаруға қатысу.
6. Белдің шаршы еті (квадратная мышца поясницы) мықын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбас және аяқтың бұлшық еттері
Бас бұлшық еттері. Аяқ және қол бұлшық еттері
Адамның-қимыл аппаратының биомеханикасы
Тірек-қимыл жүйесі,жас ерекшелігі.Баланың аяқ киіміне қойылатын гигиеналық талаптар
Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі, баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар жайлы ақпарат
Дене тәрбиесі жаттығуларының жіктемесі
Қан айналымы аурулары
Аңшылық иттердің шығу тегі және жіктелуі
Емдік дене шынықтыру жалпы негіздері
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Пәндер