Мемлекеттік күзет қызметінің құқықтық негізін



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ІІО мамандандырылған күзет қызметінің міндеттері, функциялары, жүйесі және құқықтық негіздері

Орындаған:
2-курс білім алушысы
полиция аға лейтенанты А.А.Базарбаев

Тексерген:
ІІО ӘҚ кафедрасының
оқытушысы PhD докторы Ч.К.Утегенов

Ақтөбе 2023

Ж О С П А Р

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Маманданған күзет қызметінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Маманданған күзет қызметін құқықтық реттеу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ...7
3. Маманданған күзет бөлімдерінің түрлері және күзет қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі мамандандырылған күзет қызметінің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерінің талдануында. Курстық жұмысында мамандандырылған мемлекеттік күзет органдарының құқықтық жағдайы қарастырылған. Мемлекеттік күзет қызметінің мақсаты түрлі нысандағы меншік объектілеріне мемлекеттік күзетті дамыту ҚР Конституциясы кепілдік берген жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерімен құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіптің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, мемлекеттік емес күзет бөлімшелерінің қызметіне бақылау жасау және рұқсат беру болып табылады.
Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелеріне төмендегі міндеттер жүктелген:
oo кәсіпорын, мекеме, ұйымдармен шарт негізінде объектілерді күзетуді қамтамасыз ету;
oo күзетудің техникалық жетістігін жетілдіру, қызметті ұйымдастыруды дамыту шараларын жүргізу;
oo объектілерде сигнализация құралдарын техникалық қамтамсыз ету;
oo пәтерлерде, азаматтарды күзетуді ұйымдастыру және техниалық құралдарды енгізу;
oo объектілерді күзетке қабылдауды ұйымдастыру;
oo шарт бойынша міндеттемелерді орындау және жасау;
олардың қызметін ұйымдастыруда күштер мен құралдарды және т.б. орналастыру болып табылады.
Курстық жұмысының мақсаты - Мемлкеттік және жеке күзет органдарының құқықтық мәртебесін талқылау. Құқықтық мәртебені талқылау арқылы күзет қызметіндегі кездесетін ерекшеліктерге, заңмен көзделген қару қолдану, арнайы құралдар қолдану сияқты құқықтарға талдау жасап, кейбір заңның бөлімдеріне қатысты пікірлерді ойларды тұжырымдау.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
* Мемлекеттік күзет қызметінің өзекті мәселелерін қарастыру;
* Мемлекеттік күзет құқықтық жағдайына әкімшілік-құқықтық сипаттама беру;
* Мемлекеттік күзет қолданатын әкімшілік-процессуалдық шараларды жетілдіруге бағытталған әдістермен, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды талқылау.

Курстық жұмыстың заты және объектісі. Қарастырылатын жұмыстың мәселесін Мемлекеттік күзетті кешенді түрде зерттеуге сәйкес зерттеудің объектісі күзету объектілерінде орын алатын қылмыстардың жолын кесу, болдырмау, күзетілетін мүлікті ұрлауға жол бермеу болып табылады.

Курстық жұмыстың эмпирикалық негіздері.
1. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР ІІМ бұйрықтары мен нұсқаулықтары және тағы басқалар;
2. Осы тақырып бойынша диссертациялық зерттеулер мен монографиялық еңбектер;
3. Әкімшілік іс жүргізу материалдары болып табылады.

Жұмыстың құрылымы Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі үш сұрақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Маманданған күзет қызметінің қалыптасуы

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен қатар жеке меншікке және аралас меншікке заңмен рұқсат берілген. Сондықтан осы меншікке қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу, болдырмау мақсатында меншік иелері өз мүліктерін мемлекеттік мамандарылған күзет органдарына немесе жеке меншік күзет ұйымдарына күзетуге береді. Сол себепті курстық жұмысымда біздің елімізде күзет органдары қашан және қалай құрылды соған тоқталып өтейік.
Осы аталған мақсатта 1952 жылғы 29 қазанда КСРО-ның Министрлер Кеңесінің қаулысы қабылданды, осы қаулыға сәйкес милиция органдары жанында республикаларда, өлкелік және облыс орталықтарында, сондай-ақ ірі қалаларда шағын сауда шаруашылық объектілерін күзетуді қамтамасыз ету жөнінде ведомстводан тыс күзет қызметі құрылды. Бұл ішкі істер органдарының жанындағы ведомстводан тыс күзет құрылуының бастауы болды. Сонымен бірге объектілерді орталықтандырылған күзет пульттеріне қосу жолымен техникалық құралдар енгізілді, бұл күзет сенімділігін нығайтуға және оның саны мен оны ұстауға шығатын шығыстарды едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Бұдан әрі ведомстводан тыс күзетке ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын, құрылыстар, мекемелер мен ұйымдарды күзету жөнінде міндеттер жүктелген болатын.
1991 жылғы 16 желтоқсандағы Еліміздің егемендік алуына байланысты Республиканың Ішкі істер министрлігі жанындағы күзет қызметі өзінің практикалық қызметінде КСРО Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 18 ақпандағы № 129 қаулысын басшылыққа алды, онда милиция органдарының жанындағы ведомстводан тыс күзет қалаларда, жұмысшылар кенттерінде және аудан орталықтарында орналасқан кәсіпорындарды, құрылыстарды, мекемелер мен ұйымдарды күзету үшін ұйымдастырылатыны белгілі болды.
Күзет қызметі саласында оңтайлы шешім іздеу тиісті ұйымдастырушылық іс-шараларға әкеп соқты.
1994 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ жанындағы Ведомстводан тыс күзет бас басқармасы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Күзет бас басқармасы болып қайта құрылды. Кейіннен барлық меншік нысанындағы объектілерді және кәсіпорындарды күзету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы күзет қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы № 268-12қ қаулысымен ІІМ-нің жанындағы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереже, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметі бөліністері міндетті түрде күзетуі тиіс объектілердің тізбесі бекітілді. Күзет қызметіне жүктелген міндеттерді тиімді шешу мақсатында Мемлекеттік күзет қызметі департаменті құрылды, күзеттік және әскерилендірілген күзетті реттеу бойынша нақты қадамдар жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ведомствосына қарасты ұйымдардың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ жанындағы Мемлекеттік күзет қызметі департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Күзет Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта жаңару жолымен қайта ұйымдастырылды. 1999 жылғы наурызда аумақтық мемлекеттік күзет қызметі басқармалары, бөлімдері базасында Күзет РМК еншілес мемлекеттік кәсіпорындары құрылды. ІІМ-нің күзет қызметіндегі барлық осы қайта жаңарулар бірінші кезекте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты және күзет қызметі саласындағы бақылауды күшейтуге, сондай-ақ аса маңызды объектілердің сенімді күзетін қамтамасыз етуге және қауіпсіз жұмыс істеуге бағытталған ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар болып отыр.
2001 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысына сәйкес Күзет Республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жойылды. Олардың орнына Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Мемлекеттік күзет қызметі департаменті және қалалар мен облыстардың ҚІІБ-ІІБ-ның мемлекеттік күзет қызметі бөлімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ мамандандырылған күзет бөліністері мемлекеттік мекемелері құрылды.
2005 жылы Мемлекеттік күзет қызметі департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті құрамында Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік күзет қызметінің мәртебесі және өкілеттігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы және Күзет қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген, осыған сәйкес мемлекеттік күзет қызметіне еліміздің аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ аса маңызды, стратегиялық объектілерді, заңнамаға сәйкес мемлекеттік күзетілуі тиіс тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күзетуді жүзеге асыру міндеттері жүктелген. Сонымен қатар біздің қызметке жауапты міндет - шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүктелген. Ішкі істер органдарының Мемлекеттік күзет қызметі бөліністері негізгі міндеттерін атқарумен қатар полиция кешенді күштері құрамында құқықтық тәртіпті сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмысқа қарсы күрес ісіне едәуір үлес қосып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мемлекеттік күзет қызметі штаттық саны шамамен 15 мың болатын ең көп құрылымдық бөліністердің бірі болып табылады. 55 жыл жұмыс тәжірибесі және қуатты материалдық-техникалық базасы, арнайы қару-жарақ пен кәсіби даярланған кадрлары бар ішкі істер органдарының мемлекеттік күзет қызметі бөліністері бүгінгі күні аса сенімді күзет қызметі субъектісі болып табылады.

2. Мемлекеттік күзет қызметінің құқықтық жағдайы.

ҚР ІІМ Мемлекеттік күзет қызметі мамандандырылған ұйым болып табылады. ҚР ІІО біртұтас жүйесіне кіреді, тікелей ІІМ бағынады. Мемлекеттік күзет қызметінің құқықтық негізін: ҚР Конституциясы мен заңдары; ҚР ІІО туралы ҚР Заңы; Күзет қызметі туралы ҚР Заңы; ҚР ІІМ бұйрықтары құрайды. Мемлекеттік күзет қызметінің мақсаты түрлі нысандағы меншік объектілеріне мемлекеттік күзетті дамыту ҚР Конституциясы кепілдік берген жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерімен құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіптің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, мемлекеттік емес күзет бөлімшелерінің қызметіне бақылау жасау және рұқсат беру болып табылады.
Жеке (жеке кәсіпкерлер) және заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады.
Мемлкеттік күзет туралы заңның күші жеке күзет ұйымдарына, жеке күзетшілерге, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріне, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелеріне қолданылады. Сондай-ақ аталған заңның күші, егер ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімше-леріне қолданылады[5].
Мемлкеттік күзет туралы заңның күші, егер заңдардан өзгеше туындамаса, азаматтар мен заңды тұлғалардың денсаулық сақтау саласына, санаткерлік меншікке, мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға байланысты өзге де игіліктері мен заңды мүдделерін қорғауға қолданылмайды. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңдары Күзет қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы , Мемлкеттік күзет туралы Заң, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
Күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.
Күзет қызметiнiң принциптерi
1. Күзет қызметi заңдылықтың конституциялық принциптерiне, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтауға, сондай-ақ жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерін ескеруге негiзделедi.
2. Күзет қызметiн жүзеге асыру үшiншi тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.
Күзет қызметiн лицензиялау және оны жүзеге асыруды шектеу
Күзет қызметi, лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып лицензиялануға тиiс. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы жоқ азаматтар (жеке кәсiпкерлер) мен заңды тұлғаларға күзет қызметiн көрсетуге тыйым салынады.
Осы жерде атап өтетін жайт Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi жүзеге асыратын күзет қызметi лицензиялауға жатпайды. Жеке күзетшіні, жеке күзет ұйымында, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлау (арнаулы оқыту курсы) Қазақстан Республикасының үкіметі
айқындайтын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердiң күзет ұйымдары қызметiне тыйым салынады.
Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың:
1) күзет қызметiнің барлық түрін жүзеге асыруға;
2) жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болуға;
3) сенiмгерлiк басқарудағы жеке күзет ұйымын ұстауға;
4) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерін құруға
құқығы жоқ.
Күзет қызметiн жүзеге асыру кезiнде терiс пиғылды iс-әрекеттерден мемлекеттiк кепiлдiктер және күзет ұйымдарының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн жеке сақтандыру. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметтi жүзеге асыруы кезiнде мемлекет азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепiлдiк бередi және оны қамтамасыз етедi. Күзет қызметiн құқық тәртiбi мен адамгершiлiк негiздерiне көрiнеу қайшы келетiн мақсаттарға жету үшiн жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
Күзет қызметiн жүзеге асырушы адамның iс-әрекеттерi арқылы
құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған адам ондай адамнан тиiстi
түсiндiрмелер мен ақпарат талап етуге құқылы, сондай-ақ мұндай iс-әрекетке сотқа және заңдарда белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарға шағым жасауға құқылы. Күзет қызметiн жүзеге асыратын және үшiншi тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған адам жәбiрленушiге келтiрiлген материалдық және моральдық зиянды заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығы лауазымдық (қызметтiк)мiндеттердi жүзеге асыруына байланысты қаза табуы, мертiгуi немесе денсаулығының өзге де зақымдануы жағдайына жұмыс берушiнiң есебiнен мiндеттi түрде сақтандырылуға тиiс. Сақтандыруды жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары сақтандыру туралы заң актiлерiмен айқындалады. Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелеріне төмендегі міндеттер жүктелген:
oo кәсіпорын, мекеме, ұйымдармен шарт негізінде объектілерді күзетуді қамтамасыз ету;
oo күзетудің техникалық жетістігін жетілдіру, қызметті ұйымдастыруды дамыту шараларын жүргізу;
oo объектілерде сигнализация құралдарын техникалық қамтамсыз ету;
oo пәтерлерде, азаматтарды күзетуді ұйымдастыру және техниалық құралдарды енгізу;
oo объектілерді күзетке қабылдауды ұйымдастыру;
oo шарт бойынша міндеттемелерді орындау және жасау;
олардың қызметін ұйымдастыруда күштер мен құралдарды және т.б. орналастыру болып табылады.
Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру ерекшелiктерi Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзету, егер қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, тек қана iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi жүзеге асыра алатын мемлекеттiк монополия болып табылады.
Өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері заңдарға сәйкес тәртіптік қылмыстық және өзге жауапкершілікке тартылады.
Көрнеу заңсыз бұйрықты немесе нүсқауды орындау ішкі істер органдарының қызметкерін жауапкершіліктен босатпайды.
Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған және қамауда ұстау туріндегі тыйып тастау шарасы қолданылмаған ішкі істер органдарының қызметкері, сот осы қылмыстық іс бойынша шешім қабылдағанша, қылмыстық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіппен тергеу жүріп жатқан мерзімге қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетіледі.
Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi[1].
Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға шарттық негiзде осындай қызметтер көрсетуге құқылы.
Жеке күзет ұйымының құқықтық мәртебесi
Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi ретiнде жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметтерiн көрсететiн (күзет қызметтерiн көрсету) коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады. Жеке күзет ұйымының өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ. Жеке күзет ұйымы күзет қызметiн, заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу туралы куәліктің, жарғының және күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның негiзiнде жүзеге асырады. Жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерiнде күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы талап етiлмейдi.
Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне Қазақстан Республикасының 21 жасқа толған және күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсынан) өткен азаматтары қабылдана алады. Күзетшiнi арнайы даярлаудың (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсының) мазмұнын, бағдарламасы мен бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне:
1) жүйке ауруы, маскүнемдiгi немесе нашақорлығы себептi денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын;
2) қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды.
Жеке күзет ұйымының басшысы үшiн оның жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы мiндеттi талап болып табылады. Жеке күзет ұйымы күзетшiнi ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және жеке күзет ұйымының күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жеке күзет ұйымы күзетшiсi құжатының нысаны мен үлгiсiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Жеке күзетшiнiң құқықтық мәртебесi
Жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн қорғауға, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан күзетуге байланысты күзет қызметiн көрсету жөнiндегi жеке кәсiпкерлiк қызметтi (күзет қызметiн көрсетудi), атыс қаруы мен арнаулы қорғаныс құралдарын пайдалануға және қолдануға байланысты жүзеге асыратын қазақстан Республикасының азаматы жеке күзетшi болып табылады.
Жеке күзетшiге Мемлкеттік күзет туралы заңның 10-бабы 4-6-тармақтарының талаптары қолданылады.
Заңға сәйкес жеке күзетшi күзет қызметiн өзiнiң жеке кәсiпкер ретiнде тіркелгенін куәландыратын құжат және күзет қызметiне арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырады.
Жеке күзетшi күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын күзет қызметтерiн өзi көрсетiп, iс-әрекеттер жасауға мiндеттi.
Жеке күзетшiлер бiрлескен қызмет туралы шарт немесе олардың өзара қатынастарын және мiндеттердi бөлiсу тәртiбiн белгiлейтiн өзге де келiсiм негiзiнде күзет қызметтерiн бiрлесiп көрсетуге не күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет беруші тарап ретiнде бiрлесiп iс-қимыл жасауға құқылы.

3. Күзет бөлімшелерінің түрлері, ерекшеліктері. Күзет қызметін ұйымдастыру.

Күзет қызметінің субъектілері және олардың жіктелімі
Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлерге:
1) қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;
2) жеке күзет ұйымдары;
3) жеке күзетшiлер;
4) жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi;
5) мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерi жатады.
Мемлкеттік күзет қызметі күзету қызметінің бірнеше түрлері бар, олар белгілі бір немесе басқа объектілерді қорғау туралы шартты жасағаннан кейін қойылған міндеттерді қамтамасыз етеді, оларға: Дипломатиялық өкілдіктер, үкіметтік мекемелерді қорғау бойынша полицияның арнайы бөлімшелері; ҚР Ұлттық банк объектілерін облыстық және аудандық орталықтарды тиісті қорғау бойынша арнайы бөлімшелер; Қорғау объектілерінен түскен дабыл сигналына жауап беру жолымен күзетті қамтамасыз ететін, саптық полиция бөлімшесі; Жүктерді, ақша қаражаттарын, инкассацияны алып жүру үшін сонымен қатар жеке және заңды тұлғаларды қорғау бойынша арнайы бөлімшелер; Күзету бөлімшелері; Әскери күзет.
Нарядтардың түрлері:
oo Күзету объектілерінен түскен дабылдарға жедел шара қолданатын ұстау тобы;
oo Автопатруль - үлкен аумақта бақылау жүргізетін топ;
oo Кіші аймақта жаяу патруль жүргізетін топ;
oo Объектілерді күзету пункті;
oo Рұқсат ету режимін қамтамасыз ету;
Күзету қыметін ұйымдастыру
Күзет жүргізіліп жатқан объектілердің оның жанындағы аумақтың оперативті жағдайын зерттеу. Тек қорғалатын объктінің ғана емес халық тұратын тұрғылықты жерлердің жағдайын да білген маңызды.
Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер құқық қорғау органдары, арнаулы органдар және әскери құрылымдар заңдарда көзделген жедел-iздестiру, тергеу немесе күзет шараларын жүргiзген кезде мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң барлық заңды талаптарын, қаруды уақытша тапсыру туралы талабын қоса, орындауға мiндеттi.
Лицензиялануға тиiстi күзет қызметiн күзет қызметiнiң субъектiлерi
мынадай қызметтер көрсетеді:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;
2) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiн, соның iшiнде оны тасымалдау кезiнде, күзету;
3) күзет тәсiлдерi бойынша консультация беру мен ұсыныстар әзiрлеу және құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан заңға сыйымды қорғау;
Күзет қызметiн жүзеге асыру тәртiбi
Күзет қызметтерiн көрсету шарт (күзет қызметiн көрсету жөнiндегi шарт) негiзiнде жүзеге асырылады. Күзет қызметтерiн көрсету шартын жасасу, орындау, тоқтату тәртiбi, шарт бойынша тараптардың жауапкершiлiгi азаматтық заңдарға сәйкес, Мемлкеттік күзет туралы заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып анықталады.
Күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметi оларды құратын тұлғаның Мемлкеттік күзет туралы заңға және күзет қызметiн жүзеге асыруды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленетiн нормативтiк актiлерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшелерiнiң және мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру тәртiбiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Шарттар негізінде меншіктің нысанына қарамастан мүліктерді қорғау;
Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, құқыққа қол сұғудан, жазатайым және оқыс оқиғалардан зардап шеккен, сондай ақ денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті дәрменсіз немесе өзге де күйдегі азаматтарға жедел медициналық көмек көрсету;
өз құзыреті шегінде азаматтар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік билік органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы актілерін орындалуларына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар істері бойынша өндірісті жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде әкімшілік жазаларды орындау және т.б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мамандандырылған мемлекеттік күзет қызметінің қызметі»
Ішкі істер органдарының арнайы күзет қызметі туралы
Жедел – іздестіру туралы ақпарат
Жедел іздестіру қызметінің негіздері. Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені
Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторлары туралы
Жедел іздестіру қызметінің түсінігі
Жедел-іздестіру
Қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізі
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экотуризмды дамыту жолдары
Пәндер