Ақшалай қаражаттар түрлерінің есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . .

3
:
Кіріспе. . .:
3:
: 1
Кіріспе. . .: ЖК «II Group» кәсіпорынының қаржылық көрсеткіштері мен нарықты саралау құралдары . . .
3:

5

6

5

: 1. 1
Кіріспе. . .: Ақшалай қаражаттар түрлерінің есебі . . .
3: 5
: 1. 2
Кіріспе. . .: Тұтынушылық нарықты саралау жолдары . . .
3: 8
:
Кіріспе. . .:
3:
: 2
Кіріспе. . .: ЖК «II Group» ұйымының қаржылық есебін ұйымдастыру . . .
3: 12
: 2. 1
Кіріспе. . .: Ағымдағы активтерді есепке алу, ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері . . .
3: 12
: 2. 2
Кіріспе. . .: Қорларды есепке алу . . .
3: 15
:
Кіріспе. . .:
3:
: 3
Кіріспе. . .: ЖК «II Group» Қазақстан нарығындағы дамуына әсер етуші құралдарды жетілдіру . . .
3: 21
:
Кіріспе. . .:
3:
:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 30
:
Кіріспе. . .:
3:
:
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 32

Мазмұны

Кіріспе

Мен, есеп және аудит мамандығының 3 курс студенті Қасымақын Толқын өндірістік іс-тәжірибемді «II Group» ЖК-да өттім. Өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы мәліметтер жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибием біткеннен соң, өндірістік іс-тәжірибемнің есебін жаздым.

Кәсіпорының қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралы» құрайды.

Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.

Ұйымдағы негізгі құралдар- материалдық активтер олар:

1) компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;

2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.

Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.

Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. Негізгі құралдары көп емес шағын ұйымдарда түгендеу карточкаларының орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, тех. паспорттар және негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, есептен шығару актілері т. б құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкасы әр объектіге бір дана толтырылып, ұйым бухгалтериясында сақталады.

Түгендеу карточкасы мен кітапшалар талдамалық есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу №, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық №, кіріске алынуына және істен шығарылуына толтырылған актілердің уақыты т. б. мәліметтер жазылады. Толтырылған түгендеу карточкалар НҚ-10 санды ведомоствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылады.

Негізгі құралдардың сақталып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. Негізгі құралдардың жинақтау есебі №12 журнал-ордерде жүргізіледі.

Келіп түскен негізгі құралдарға НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін комиссия оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады.

Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Онда:

- объектінің аты;

- объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;

- салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;

- біткен уақыты;

- амортизациялық аударым мөлшері;

- бастапқы құны; басқа да шартты белгілері көрсетілуі тиіс.

1 ЖК «II Group» кәсіпорынының қаржылық көрсеткіштері мен нарықты саралау құралдары

1. 1 Ақшалай қаражаттар түрлерінің есебі

ЖК «II Group» ұйымында қаржылық есеп берушілікті дайындау және жасау принципіне сәйкес активтер - бұл субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер және құқықтар.

Активтерді жою мерзіміне қарай ағымдағы және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады.

Бухгалтерлік есеп стандарттарының №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашулар стандартына сәйкес ағымдағы активтерге келесілер жатады:

- оларды қайта өңдеу және сату мерзімінен тәуелсіз тауарлық-материалдық қорлар;

- есеп беру күнінен бір жыл ағымында қажетсіздендірілуі тиіс алдағы кезең шығындары;

- ақшалай қаржылар;

- ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;

- бір жыл ішінде алынатын алашақ қарыздар: ағымдағы активтерді сатып алуға аванстық төлемдер, алынуға тиісті шоттар, алынған векселдер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестігі арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болатын дебиторлық қарыздар, акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының алашақ қарыздары, басқа да дебиторлық қарыздар.

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамаен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіліп отырады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. «Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы» деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

Шоттардың жұмыс жоспарына сәйкес ақшалай қаражаттардың есебі үшін 1000 «Ақшалай қаржылар» бөлімшесінің келесідей шоттары арналған:

1010 - «Кассадағы ақшалар»;

1020 - «Жолдағы ақшалай қаржылар»;

1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар»;

1040 - «Карт шоттардағы ақшалай қаржылар»;

1050 - «Жинақ шоттарындағы ақшалай қаржылар»;

1060 - «Басқа да ақшалай қаржылар».

Алынуға тиісті шоттарда ақшалай қаржыларға шағымдар, тауарлар және қызметтер және компанияның ақшасыз активтері жатады. Дебиторлық қарыздар ағымдағы және ұзақ мерзімді болады, яғни төленуге тиісті шоттардың төлеу мерзімінен және қарызды жоюдың күнінен тәуелді. Дебиторлық қарыздар шот-фактурамен расталады. Алынған вексельдер баланстық бабы арнайы қарыздық міндеттемелермен расталады.

Саудалық дебиторлық қарыздар - негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары. Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір ұйымның кассасы болады. Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.

Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияда кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдықтарына сәйкес келуге тиіс.

Кассадағы операциялардың синтетикалық есебі 1010 - «Кассадағы ақшалай қаржылар» активті шотында жүргізіледі. Дебеті бойынша кезең басына және соңына қалдық, сонымен қатар кезең ішіндегі түскен сомалар, кредитінен ақшалардың шығындалуы көрсетіледі. Кассадағы ақшалардың есебі бойынша есептік регистрлары келесілер болып табылады: №1 журнал-ордер - касса шоттарының кредиті бойынша және №1 тізімдеме - касса шоттарының дебеті бойынша.

Кесте-1. ЖК « II Group » ұйымының кассасында жүргізілетін ақшалар есебі бойынша шоттар корреспонденциясы

Операциялар мазмұны: Операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы: Шоттар корреспонденциясы
Операциялар мазмұны: Дебет
Шоттар корреспонденциясы: Кредит
Операциялар мазмұны: Өнімдерді (қызметті, жұмысты) сатудан табыс алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
6010
Операциялар мазмұны: Басқадай активтерді сатудан табыс алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
6210
Операциялар мазмұны: Ағымдағы банктік шоттан ақша кассаға алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1030
Операциялар мазмұны: Алдағы кезең табыстары алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
3520, 4420
Операциялар мазмұны: Есеп беруге тиісті тұлғадан алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1250
Операциялар мазмұны: Аванстар алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1010
3510, 4410
Операциялар мазмұны: Кассадан банктік шотқа ақша тапсырылды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1010
Операциялар мазмұны: Басқадай кредиторлық қарыздар төленді
Шоттар корреспонденциясы: 3390
1010
Операциялар мазмұны: Іс-сапар шығындарына, шаруашылық шығындарына ақша берілді
Шоттар корреспонденциясы: 1250
1010
Операциялар мазмұны: Кассадан еңбек ақы берілді
Шоттар корреспонденциясы: 3350
1010
Операциялар мазмұны: Кассадан теңгемен жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленді
Шоттар корреспонденциясы: 3310, 4110
1010

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақшалай қаржылар» шотында жүргізіледі. Оның дебеті бойынша ақша қаражаттарының қалдығы мен келіп түсуін, яғни көбеюін көрсетеді, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарының есептен шығарылуын көрсетеді.

Кесте-2. ЖК « II Group » ұйымының ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар шоты бойынша жүргізілетін шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялар мазмұны: Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы: Шоттар корреспонденциясы
Шаруашылық операциялар мазмұны: Дебет
Шоттар корреспонденциясы: Кредит
Шаруашылық операциялар мазмұны: 1. Кассадан ақшалардың ағымдағы банк шотына түсуі
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1010
Шаруашылық операциялар мазмұны:

2. Сатып алушылардың дебиторлық қарыздарын жою есебінен түсуі:

- қысқа мерзімді

- ұзақ мерзімді

Шоттар корреспонденциясы:

1030

1030

1210

2010

Шаруашылық операциялар мазмұны: 3. Қысқа мерзімді несиелер алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
3010, 3020
Шаруашылық операциялар мазмұны: 4. Жолдағы ақшалар ұйымның есеп айырысу шотына алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 5. Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан келіп түскен ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды
Шоттар корреспонденциясы: 1030
5110
Шаруашылық операциялар мазмұны: 6. Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кірістелді
Шоттар корреспонденциясы: 1030
3010, 4010
Шаруашылық операциялар мазмұны: 7. Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызы қайтарылды
Шоттар корреспонденциясы: 3310, 4110
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 8. Бюджетке ҚҚС аударылды
Шоттар корреспонденциясы: 3130
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 9. Бюджетке корпоративтік табыс салығы аударылды
Шоттар корреспонденциясы: 3110
1030
Шаруашылық операциялар мазмұны: 10. Басқа да кредиторлық қарыздар жойылды
Шоттар корреспонденциясы: 3390, 4170
1030

Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, почта бөліміне енгізілген, ұйымның ағымдағы банктік шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.

Жолдағы ақшалардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жалпылау және есептеу үшін 1030 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты арналған.

1030 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты бойынша сомаларды есепке алу үшін банк мекемелерінің, почта бөлімдерінің квитанциялары; банк инкассаторы түсімдерді өткізгеніне жолсерік тізімдемелерінің көшірмелері негіз болып табылады.

Кесте-3. ЖК « II Group » ұйымының жолдағы ақшалай қаражаттар шоты бойынша шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялар мазмұны: Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы: Шоттар корреспонденциясы
Шаруашылық операциялар мазмұны: Дебет
Шоттар корреспонденциясы: Кредит
Шаруашылық операциялар мазмұны: 1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден аударылуға жататын жолдағы ақшалай қаражаттар
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1210, 2110
Шаруашылық операциялар мазмұны: 2. Почта бөліміне есеп беруге тиісті тұлғамен өткізілген табыс, бірақ әлі ағымдағы банктік шотқа аударылмаған
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1250
Шаруашылық операциялар мазмұны: 3. Кассадан жіберілген, бірақ әлі мақстаы бойынша түспеген ақшалар
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1010
Шаруашылық операциялар мазмұны: 4. Еншілес, ассоцирленген ұйымдардың жолдағы ақшалай қаражаттары
Шоттар корреспонденциясы: 1030
1220, 1230
Шаруашылық операциялар мазмұны: 5. Жолдағы аванс түріндегі ақшалар
Шоттар корреспонденциясы: 1030
3510, 4410
Шаруашылық операциялар мазмұны: 6. Жолдағы ақшаларды алу
Шоттар корреспонденциясы: 1010, 1030
1030

1. 2 Тұтынушылық нарықты саралау жолдары

Нарық сатып алушылардан тұрады, ал сатып алушылар бір-бірінен ең алуан параметрлері бойынша ерекшеленеді. Қажеттіліктер, ресурстар, географиялық орны, сатып алушы қатынастары және әдеттер әр түрлі болуы мүмкін. Және осы айнымалылардың кез келгенін рынокты саралау үшін негіз ретінде пайдалануға болады. Рынокты саралау әр түрлі анықталуы мүмкін, бірақ шын мәнінде - бұл ерекше түрде, рыноктың ерекшеленген бөлігі, өнімдерді тұтынушылар немесе анықталған жалпы белгілерді меңгерген кәсіпорындар тобы. Нарықтық қызмет барысында әрбір компания өзі үшін рыноктың аса тартымды сараланымдарын айқындау керек. Алайда сатушылар бұл практиканы үнемі ұстанбаған. Олардың көзқарастары 3 кезеңнен өтті:

1. Көпшілік маркетинг. Көпшілік маркетинг кезінде сатушылар жаппай өндірумен, жаппай үлестірумен, барлық сатып алушылар үшін сол және бір өнімді бірден жаппай өткізумен айналысады.

Көпшілік маркетинг пайдасына негізгі дәлелдеме мынадан тұрады: мұндай ыңғай кезінде өндіріс шығындары және бағалар максимум төмендеуі және максимум үлкен потенциалды рынок қалыптасуы керек.

2. Тіректі-сараланған маркетинг. Бұл жағдайда сатушы әр түрлі қасиеттері бар, әр түрлі сапалы екі немесе бірнеше тауар өндіреді. Сатушының басты мақсаты - сатып алушы үшін алуан түрлілік.

3. Желілік маркетинг. Бұл жағдайда сатушы рынок сараланымдарының арасында шектеу жүргізеді, олардың біреуін немесе бірнешеуін таңдайды және маркетинг кешенін әзірлейді. Және де рынокты саралау, сөзсіз, маркетингтің маңызды құралдарының бірі. Рынок сараланымының қаншалықты дұрыс таңдалғанына, көбінесе кәсіпорынның бәсекелік күрестегі табысы байланысты болады. Бірақ кез келген жағдайда, сараланымды қандай критерийлері мен белгілері бойынша жүргізуге болатынын білу керек.

Кесте-4. ЖК « II Group » кәсіпорынының мақсаттық маркетинг бөлімі 3 негізгі шараның өткізілуін талап етеді

Рынокты саралау
Рыноктың мақсаттық сараланымдарын таңдау
Рыноктағы тауарды бағ-дарлау
Рынокты саралау:

1. Рынокты саралау принциптерін анықтау

2. Алынған сарала-нымдар бейіндерін құрастыру

Рыноктың мақсаттық сараланымдарын таңдау:

3. Алынған сарала-нымдардың тартым-дылығы дәрежесін бағалау.

4. Бір немесе бір-неше сараланымды таңдау

Рыноктағы тауарды бағ-дарлау:

5. Мақсаттық сараланым-дардың әрқайсысында тау-арларды бағдарлау туралы шешім.

6. Әрбір мақсаттық сара-ланым үшін маркетинг ке-шенін әзірлеу

Рынокты саралаудың қандай да бір бірыңғай әдісі жоқ, рынок қызметкері саралау кезінде аса қолайлы тәсілді іздеп табуға тырысып, әр түрлі айнымалы, бір немесе бірден бірнеше параметрлер негізінде саралау нұсқаларын сынап көруі қажет.

Тұтынушылар тауарларын саралаудың негізгі принциптеріне: географиялық; психографиялық, тәртіптік, демографиялық принциптер жатады.

Өнеркәсіптік мақсатты тауарлар рыноктарын (ӨНТР) саралау үшін негіз ретінде тауарларды тұтынушылар саралау кезінде бір бөлігін пайдалануға болады.

ӨНТР саралау негіздері: тауарларды тұтынушылардың алуан түрлілігі, тапсырушының салмақтылығы, сапаның алыстағандығы және жеткізілетін өнімнің бағасы және т. б. болып табылады. Өнеркәсіптік фирмалар бірнеше айнымалыны бір мезгілде саралау үшін оларды қолдана отырып, өз мақсаттық рыноктарының мүмкіндіктерін бағалайды. Рыноктағы тауарларды бағдарлауға тауарға рынокта бәсекеге қабілетті орынды қамтамасыз ету және маркетингтің сәйкес кешенін әзірлеу бойынша әрекеттер кіреді.

Қандай сараланымда сөйлеу керектігін шешіп, фирма бұл сегментке қалай өту керектігін шешу керек. Егер сегмент қалыптасса, ендеше, онда бәсекелестер бар. Сонымен бірге, бәсекелестер сараланым шеңберінде өз «позицияларын» иеленді. Және меншікті бағдарлау туралы мәселені шешуден бұрын, фирма барлық бәсекелестердің бағдарларын анықтауы қажет. Бәсекелестердің бағдарларын зерделеп, фирма бәсекелестерінің бірінің бағдарына жақын орынды иелену керек пе немесе рынокта айқындалған «шығынды» толтыруға тырысу керек пе екендігін шешеді. Егер фирма бәсекелестерінің біреуімен қатар бағдарды иеленсе, ол тауар, оның бағасы және сапалық ерекшеліктері есебінен өзінің ұсынысын саралау керек. Дәл бағдарлау туралы шешім фирмаға келесі кезеңге, атап айтқанда маркетинг кешенін тәптіштеп жоспарлауға кірісуге мүмкіндік береді.

Саралау негізінде таңдалған тауар өндіруші үшін аса маңызды және перспективалы тауар рыногының сараланымын мақсатты рынок (немесе базистікрынок) деп аатйды.

Маркетингтің теориясы мен практикасы мақсатты рынокты қамтудың үш балама тәсілін иеленеді:

- көпшілік (сараланбаған) маркетинг;

- рынокты саралау (сараланған) маркетинг;

- рынокты көптік саралау (шоғырланған маркетинг) .

Мақсатты рынокты қамтудың балама әдістерінің мәнін қарастырамыз.

А) Көпшілік маркетинг (КМ) .

«КМ» - мақсатты рынокты қамту әдістерінің бірі, бұл кезде компания рынок сараланымдары арасындағы айырмашылықтарды елемей, рынок пен сатып алушыларға әсер ететін сол және бір маркетингтік құралдарды пайдалану арқылы бір тауармен (бір ұсыныспен) барлық рынокқа шығады.

Рынокты қамтудың алғашқы әдістерінің бірін - көпшілік маркетингті Генри Форд (Henry Ford) пайдаланды, ол алуан түрлі сатып алушылардың көп санына бір стандарттық модельді жасады және дұрыс бағамен сатты. Бастапқы «Т модельдің» нұсқалары болмады және сонымен маркетингтік стратегияны мәңгі есте сақтап, айрықша қара түспен шығарылды.

КМ тиімділігі тұтынушылардың көпшілігі ұсынылатын тауардың бірдей қасиеттерінде қажеттілікті керек еткенде аса жақсы сезіледі.

КМ стратегиясы жаппай өндірісті және жаппай жарнаманы пайдалануды, жалпыға танылған бір диапазонды, барлық рынокқа бағдарланған, бірыңғай маркетинг бағдаралмасын болжайды.

Рынокты толық қамту стратегиясын іске асыруға тек өте ірі өндірушілер ғана қабілетті және «Asemtau Construction Croup» кәсіпорыны сондай кәсіпорынның бірі.

Қызмет көрсету саласының жұмыскерінде, баға беруде қиындық тудыратын, кәсіби дағдылар мен жеке тұлғаның қасиеттерінің күрделі үйлесетін үйлесімі болуы керек.

Қызмет көрстеу саласында маңызды болатын адам мінезінің ерекше қаисеттері мен жұмысқа деген қаблеттіліктің жалпы белгілері бар. Олар:

- кез келген адаммен сөз табысу мен байланыс ұстау мүмкіншілігі;

- іс-қимылдың иілімділігі: бір жағдайда шыдамдылық, екінші жағдайда ширақтылық;

- клиентке деген шынайы қызығушылық;

- клиентті қажетті шешім қабылдауға білдірмей жеткізу қасиеті және т. б

Сондықтан, сервистік кәсіпорынның маңызды міндеттері болып - тұтынушылардың қалаулары мен қанағаттануы табылады. Бұл мақсаттын аясында, кәсіпорын менеджерлері тұтынушыларды кәсіпорынға келу жиілігі бойынша және олардың қызметтермен қанағаттану дәрежесі бойынша оларды сегменттеуге мүмкіндік беретін жүйелік сұраулар жүргізулері керек.

Сервистік менеджердің басты назарында тұрақты клиенттер тобы жүреді.

Тұтынушылармен байланыс орнату кезінде, менеджредің көкейінде жүретін жәйт - жеке көз қарастармен алмасу, сұрақтар қою, анықтамалар жүргізу, ұсыныстар жасау, соынмен қатар келісу формалары (кеңес беру, мәмлеге келу, байланыс жүргізу жәнет. б. ) болуы қажет.

2 ЖК «II Group» ұйымының қаржылық есебін ұйымдастыру

2. 1 Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері

Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі, ақшалай есептесу арқылы кез келген операцияны жүргізуге болады және міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен, дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.

Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін, шоттардың үлгілік жоспарындағы 1010 - 1060 счеттарының тобы пайдаланылады.

Ақша қаражатының есебін жүргізетін счеттар, актив есебін жүргізетін счеттарға жатады, сондықтан счеттың дебетіндегі сальдо, счеттың қалдығындағы сомаға тең болады. Дебет бойынша өсуі немесе соманың айналымы, ұйымға қаржының түскенін, немесе ақшаның көбейгенін көреседі. Соған сәйкес, кредит бойынша айналуы, ақшаның азайғанын көрсетеді. Ақша қаражаты сатылған өнімнің құнынан, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметке төленген ақының есебінен көбейеді. Кемуі - ақша қаражатының құндылықтарды, шикізатты, негізгі қорларды сатып алып, басқа да операциялық немесе инвестициялық мақсаттарға жұмсалғанын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Инвестициялық және қаржылық қызметтерге байланысты ақша қаражатының қозғалысын анықтау
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттармен болатын операцияларының есебі
Қазақстан Республикасының құрылыс нарығы
Жолдағы ақшалай қаржылар
Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық сипаттамасы
Банк ресурстарын басқару жүйесінде коммерциялық банктердің депозиттік саясатын құру
Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі
Ақша қаражаттары есебінің қолданыстағы тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz