Тұғырыл хан мен Темучинның тайшуыттарға қарсы жорығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Казахский университет технологии и бизнеса им. К.Кулажанова (КазУТБ)

РЕФЕРАТ
РЕФЕРАТ

Тақырып: Шыңғысхан және оның билік еткен кезіндегі оқиғалар

Орындаған: Айдос Нұралы
Қабылдаған: Абуов А.П.
Группа: ИС-2311

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мемлекет құруы
Ішкі саясаты
Әскери құрылысы
Жорықтары мен жаулап алулары
Тұғырыл хан мен Темучинның тайшуыттарға қарсы жорығы
Татарларға қарсы жорық
Керейлер ұлысының құлауы
Ұлыстарға бөлуі
Қайтыс болуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Шыңғыс хан
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Шыңғыс хан (моңғ. Чингис хаан), шын аты - Темүжін (моңғ. Тэмүжин) -- Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері, Есугей баһадүрдің отбасында туған ежелгі ру басшысы.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мемлекет құруы
Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғыс хан ( бала кезіндегі аты Темүжін) 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жыл) Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183 -- 1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын -- Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін -- талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.
Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Темүджін дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, Шыңғыс хан (түркі тілдеріндегі теңіз деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды. Шыңғыс хан Есугейден кейінгі хан сайланады.Шынғысханның атын моңғолдарды қорғасын деп Шыңғысхан атаған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ішкі саясаты
Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын мыңдық деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.
Мемлекеттің бастыбасты заңы "Жасақ" (Яса) деп аталды. Бұл екі бөлімнен тұрған. Бірінші бөлім Шыңғызханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы кейбір басты мәселелер жөніндегі шешімдерден тұрды. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және оларды орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралды.
"Жасақ" бойынша үкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына бір рет, жаз айында шақырылды. Онда басты мәселе - алдағы болатын соғыстың жоспары талқыл
Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке жасауыл (кешіктен) құрды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді. Әрбір түменде 10 мыңнан пдам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен, жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жүйесі ондықтан басталды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әскери құрылысы
Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды.Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Олар Оң қанат (Барунгар), Сол қанат (Жоңғар) және Орталық қанат (Кул) деп аталды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жорықтары мен жаулап алулары

Шыңғыс ханның және ұрпақтарының ұлы жорықтары
1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды.
1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.
Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.
Тұғырыл хан мен Темучинның тайшуыттарға қарсы жорығы
1200 жылы Тұғырыл хан мен Темучин тайшуыттарға қарсы бірлескен жорыққа шықты. Тайшуыттарға меркіттер көмекке келді. Жорық кезінде Темучин иығынан жебемен жараланды. Жарақаттың ауыр болғаны соншалық оны қолбасшы Зелме түні бойы оны қарауылдап ем-дом жасады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІІІ ғасырдың әлемдік деңгейдегі тұлғасы-Шыңғыс хан және оның заманы
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
Монғол мемлекетінің құрылуы
Монғол империясының құрылуы
Хорезмшах мемлекеті
Шыңғыс Хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері
XI – XV ғасырлардағы Монғолия
XII – XIII ғасырдағы Моңғолдың тарихындағы Шыңғысханның билік құру кезеңі
Қазақ халқының тарихы
Шыңғыс хан және оның жаулаушылық саясаты
Пәндер