Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. Міндеттемені орындау пәні



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Міндеттемені орындау пәні 4
1.1. Міндеттемені орындау: мерзімі, орны, тәсілдері 4
1.2. Міндеттемені орындау: ұғымы, қағидалары 9
1.3. Міндеттемені орындау субъектілері 11
2. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету 14
2.1. Міндеттемені орындау ұғымы 14
2.2. Міндеттемені орындау әдістері 15
2.3. Борышқордың мүлкін алып қалу 21
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24
ҚОСЫМША 25

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1. Міндеттемені орындау пәні
4
1. Міндеттемені орындау: мерзімі, орны, тәсілдері
4
2. Міндеттемені орындау: ұғымы, қағидалары
9
1.3. Міндеттемені орындау субъектілері
11
2. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету
14
2.1. Міндеттемені орындау ұғымы
14
2.2. Міндеттемені орындау әдістері
15
2.3. Борышқордың мүлкін алып қалу
21
ҚОРЫТЫНДЫ
23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
24
ҚОСЫМША
25

Кіріспе
Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай
белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап ету құқығына
сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы. Міндеттемені орындау көбіне-
көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан
көрінеді.
Міндеттеменің объектілері мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және
т.б. сиякты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (немесе белгілі
бір әрекет жасаудан тартынуды да айтуға болады).
Осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым, міндеттемені орындау арқасында
азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда
материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізу.
Курстық жұмысты жазудағы басты тапсырмалар:
1. Міндеттемені орындаудың сипаттамасын беру
2. Міндеттемені орындау ұғымы мен қағидаларын айқындау

3. Міндеттеменің құрылысы мен түрлерін меңгеру
4. Міндеттемені орындау ұғымын тереңірек ашу
Жұмыс барысында терминдермен, қағидаттар мен әртүрлі ұғымдармен
салыстыру, айқындау, талдау әдiстерiн колдандым.
Курстық жұмысты жазу барысында мен конституция, азаматтық кодекстің
жалпы бөлімін, нормативті құқық актілерін, саясаттану термин сөздігі және
тағы басқа әдебиеттерді қолдандым.

Құрылымы бойынша курстық жұмысым кіріспеден, қорытындыдан және
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұл жұмыстың өзектілігі, заңдылықты катан сактап, бұлжытпай жүзеге
асыру аркылы тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюына жол ашу. Бұл азаматтардың
конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып
табылады.

1. Міндеттемені орындау пәні.

1.1. Міндеттеме орындаудың мерзімі, орны, тәсілі
Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетінде зат
жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады.
Міндеттемені орындау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар,
шығармашылық қызметінің нәтижесі, жасалатын белгілі бір жұмыстар т.с.с.
Демек, борышқор өз міндеттерін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың
нәтижесін беру, қызмет көрсету, несие берушіге ақша төлеу тәрізді істерді
қолға алады. Ал мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде орындау
болуы мүмкін емес.
Міндеттемені тиісінше орындау үшін борышқор міндеттемеде көрсетілген
пәнді орындауға тиіс, пәнге қойылған талаптар шартта көрсетіледі. Ал олай
болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі. Мысалы, борышқор беруге тиіс
заттың сапасы міндеттемеде көрсетілуі тиіс, бұл орайда мемлекетті
стандарттар мен үлгілердің талаптары ескеріледі.
Міндеттеменің пәні: кейбірінде жеке белгіленген затты беру, ал
кейбірінде тектес белгідегі заттар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар
міндеттеменің ең бастысы – ақшалы міндеттеме, яғни белгілі бір ақша сомасын
төлеуді талап ететін міндеттеме.
Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар заңда
қарастырылған. Ақшалай міндетемені орындаудың кейбір ерекшеліктері болады.
Ақшалай міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндетемеде шетел валютасы
түрінде белгілі бір сомаға тең теңге түріндегі сомада төленуге тиіс
екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сома Қазақстандық банкаралық валюта
биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасалған күнгі шетелдік валютаға
сай келуі қажет.
Аталған ереже ақшаның құнсыздануынан несие берушілердің мүддесін
қорғайды.
Қазақстан Республикасы аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп
айырысуды жүзеге асырған кезде шетел валютасы, сондай-ақ шетел валютасы
түріндегі төлемдер құжаттарын пайдалануға заң құжаттарында көзделген реттер
мен жағдайлар немесе соған сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүзеге
асырылады.
Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей төленетін сома
(өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру үшін, өмір
бойы асырау шарты бойынша және басқалары) ең төменгі жалақаның ресми түрде
өсуіне қарай арттырылып отырады.[1]
Демек, мұндай жағдайда азаматтың сотқа есеп айырысу жөнінде жүгінің
қажеті болмай қалады, өйткені, мәселе өз-өзінен қалпына келеді.
Ақшалай міндеттемені орындау үшін жеткіліксіз төленген төлемнің
сомасы тараптардың, өзге келісім болмаған жағдайда ең алдымен несие
берушінің орындау жөніндегі шығындарын, содан соң айып пен марапаттауды, ал
қалған бөлігінде – борышқордың негізгі сомасын өтейді.
Міндеттеменің орындалу мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай-ақ,
шарт алдындағы дауды қарайтын органмен айқындалуы мүмкін.
Егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиіс уақыт
кезеңі көзделсе немесе анықтауға сол кезең ішінде кез келген уақытта
орындалуға тиіс.
Мысалы, құрылыс объектісінің бітетін күні міндеттемені орындау күні
болып табылады, ал басқа жұмыстар мердігерлік шарттарда, ақшаны қайтару –
қарыз шартында несие беруші шартында, қарастырылады.
Міндеттеме орындалуға тиісті кесімді уақыт тауарларды жеткізу
шарттарында қорғалуы мүмкін, онда әр тарап жеткізілетін тауарларды
партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, он
күндік мерзімдермен өлшенеді.
Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, бұл мерзімді
анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болса, ол міндеттеме пайда болғаннан
кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс.
Ақылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып,
орындау мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына
байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі, т.б. ескеріледі
(мысалы, несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, және т.б.)
Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындау мерзімі
талап етілетін кезден белгіленген міндеттемені, егер заңдардан, міндеттеме
шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе
міндеттеме мәнінен басқа мерзімде орындау міндеті туындамаса, борышқор
несие беруші оның туындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімде
орындауға міндетті.
Міндеттеменің тез арада орындалуын жүкті сақтайтын жерге тапсыратын,
банкке ақша салатын адам талап ете алады. Борышқор аяқ астынан болатын
міндеттемені орындау үшін дайындалу үшін жеті күн мерзім беріледі.
Міндеттемелерде орындау уақыты көрсетілмеген жағдайда несие беруші
борышқордың орындағанын кез келген уақытта, заңда көзделгеннен тыс ретте
қабылдауы керек.
Егер заңдарда немесе міндеттеме шартында өзгеше көзделмесе және оның
мәнінен туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы.
Кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімнен бұрын
орындауға міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе
міндеттеме шартында көзделген (жүкті жеткізу, банктің несие беру және
т.б.), не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе
міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі. Демек, бұл
ереже кәсіпкерлер қатысатын қатынасқа арналады.
Борышқордың несие беруші – кәсіпкермен алдын ала келіспей тұрып
міндеттеменің мерзімінен бұрын орындау орны қиын жағдайға қалдыруы мүмкін,
өйткені, оның орындаған міндеттемені аяқ астынан қабылдай қоюға дайындығы
мен жағдайы келмей қалуы ғажап емес. Айталық, борышқордың тауар әкелетінін
білмегендіктен онда дайын тұрған қойма, тауар сақтайтын арнайы орындар
болмауы мүмкін, оның үстіне әкелінген тауарды темір жол бекетінен, кемеден
ала қоятындай көлікке алдын ала шарт жасалауы да кедергі келтіреді. Содан
келіп несие беруші залал шегеді, ал мұның өзі нарық жағдайында қолайсыз
нәрсе.
Міндеттеме орындалатын жер - борышқордың заттарды тапсыратын, жұмысты
атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше
орындалғаның қабылдайтын орын. Мәселен, үйді жөндеу, еденді тазалау,
терезені сүрту тек үй түрған жерде ғана жүзеге асырылады.
Егерде міндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында
белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі
әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол:
1. Міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан жерде;
2. Міндеттеме бойынша тауар немесе өзге де мүлікті тасымалдауды пайдалана
отырып беру – мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші
тасымалдаушыға тапсырған жерде;
3. Егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса,
кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша тауар немесе өзге де мүлікті
беру – мүлік дайындалған немесе сақталған жерде;
4. Ақшалай міндеттеме бойынша – несие берушінің міндеттеме пайда болған
кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса –
міндеттеме пайда болған кезде оның болған жерінде, егер несие беруші
міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерін өзгертіп, бұл туралы
борышқорға хабарласа – орындалатын жердің өзгертілуіне байланысты барлық
шығындарды соның есебіне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде
немесе тұрған жерінде;
5. Басқа да барлық міндеттеме бойынша – борышқордың тұрғылықты жерінде, ал
егер борышқор заңды тұлға болса – оның орналасқан жерінде орындалуға
тиіс.
Міндетемені орындау тәсілі заңмен немесе әр жақтың жасасқан
шарттарымен айқындалады, немесе сол міндеттеменің мәнінен туындайды.
Міндеттемені орындау бір жолға (заттың құнын толықтай төлеу) немесе
несиеге алған мүліктің құнын жабуы, пошта, көлік құралдарын төлеу тәрізді
мерзімді түрде әрекет ету болып жүзеге асырылады. Кейбір міндеттемелер
тұтастай немесе бөліктей орындалуы мүмкін (мысалы, қарыз шарты бойынша
қарызды қайтару). Сонымен бірге, егер міндеттеме шартында, заңдарда өзгеше
белгіленбесе, немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе мәнінен өзгеше
туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдауға
құқылы.
Борышқор заңда қаралған ретте, нотариат кеңсесіне немесе соттың
депозитіне қарызды тапсыруы міндеттемені орындағаны болып есептеледі.
Борышқор ақша сомасын немесе бағалы қағаздарды нотариус пен соттың
депозитіне салу құқығына ие. Ол егер:
1. Несие берушінің немесе орындалған істі қабылдауға өзі уәкілдік берген
адамның міндеттеме орындалуға тиісті жерде болмауы;
2. Несие берушінің әрекет қабілетсіздігі және оның өкілінің болмауы;
3. Міндеттеме бойынша, атап айтқанда, бұл мәселе жөнінде несие беруші мен
басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені
жайында анық айқындық болмауы;
4. Несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жалтаруы немесе оның
тарапынан өзге мерзімін өткізіп алушылық салдарынан борышқор
міндеттемені орындай алмаса, борышқор міндеттемелерін орындау үшін
өзінен алынатын ақшаны депозит шарттарында, ал заң құжаттарымен
белгіленген жағдайларда соттың атына орналастыруға құқылы.[2]
Дипозит банкілері – ақша сақтаудан түскен кірістер есебінен өзінің
барлық клиенттерімен ақша операцияларын жүргізіп отыратын
банкілер.[3][14,6]
Ақшаны немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарына салу немесе
нотариустың немесе соттың атына сақтау міндеттеменің орындалғаны болып
есептеледі.
Нотариус пен сот өз кезегінде несие берушіге оның борышқорынан
депозитке бағалы қағаздар мен ақшаның кепіл түскені туралы хабарлайды.
Өзара міндеттердің орындалуының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер
заңдардан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан, міндеттеме
шартарынан немесе оның мәнінен өзгеше орындауға тиіс. Сөйтіп, тараптардың
бірінің міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы өзара
міндеттерді орындау және қарсы талаптарды қанағаттандыру кезінде, егер заң
құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше белгіленбесе, екінші
тарапты өз міндеттерін орындаудан босатылады.[4] [321, 5]

1.2. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен қағидалары
Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың,
мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материялдық және рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті
дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.[5] [9, 3]
Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК-тің 272-291 баптарында,
міндеттеменің жекелеген түрлерін (мысалы, сатып алу-сату, жеткізу, келісім-
шарты, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру,
мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітіледі.
Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принціптерге
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (354-
бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принціпі борышқордың
міндеттемені заңдардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын
білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда – дәстүрлі іскерлік
айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы
тиіс.
Міндеттемені тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен
шарттар заңдарда, басқа да нормативті актілерде, міндеттеме алған жақтардың
келісіміне бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушылардың, пәнді,
мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені
орындауда осы айтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені
тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның саны мен сипатына, субъектілеріне,
орнына, мерзімі мен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме-дәл
сақтай отырып, орындау болып саналады.
Міндеттемені борышқор тап-тұйнақ етіп орындауы үшін несие беруші
немесе оған уәкілетті орган заңда немесе шартта көрсетілген мерзімді,
орынды, белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс.
Жоғарыда айтылған шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндемені
тиісті дәрежеде орындалады деп айтуға болмайды.
Міндеттеменің нақты түрінде дәл принципі борышқордың міндеттемені сол
қалпында орындау керектігін міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында
көрсетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты орындау, қызмет көрсету)
жүзеге асуы үшін әрекет етуі тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай
алмайды. Міндеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие
берушінің мүддесіне қанағаттандырады. Осы принципке сәйкес борышқор тап
осындай әрекеттерге баруы керек немесе орындау пәні болып табылатын
нәрселерден бас тартады (мысалы, басқа мүлікті емес, берілуі тиіс мүлікті
беру, немесе несие берушіге құнын төлей алмайды, басқа жұмысты емес, нақ
тапсырылған жұмысты жасау және т.б.). Міндеттемені нақты түрінде орындау
принципі Азаматтық кодекстін 354-бабында бекітілген. Жаңа кодексті қаралып
отырған принципке анағұрлы өзгерістер енгізіледі.
Біріншіден, міндеттемені тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып төлеу
және залалдарды өтеу борышқорларды, заңда басқаша қаралмаса, міндеттемені
орындаудан босатпайды. Демек, аталған принцип борышқор міндеттемені бұзған
кезде, заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, іс жүзінде оны нақты
орындауын талап етеді.
Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны
орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе
шартта өзгеше көзделмесе, міндетемені заттай орындаудан босатылады.[6]
Мерзiмi өтiп кеткендiктен өзi үшiн ендi керегi болмай қалған
мiндеттеменiң орындалуынан несие берушiнiң бас тартуы (осы Кодекстiң 365-
бабы), сондай-ақ бас тарту төлемi ретiнде белгiленген ақшалай соманы төлеу
(осы Кодекстiң 369-бабы) борышқорды мiндеттеменi заттай орындаудан
босатады.[7]
Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық кодекстің кейбір
баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануға тәртіптелген.
Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір
мезгілде болғаның көрсетеді. Бірақ та бұл принциптерді араластыруға
болмайды. Тиісті дәрежеде орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға
қарағанда кеңірек: мысалы, затты уақытты өткізіп барып беру арқылы нақты
орындау мерзімнің бұзылуына байланысты тиісті дәрежеде орындау бола
алмайды.

1.3. Міндеттемені орындау субъектілері
Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Сонымен
бірге, заңда, міндеттеме шартында, не оның мәнмағынасында міндеттемені
борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек
өзіне алған міндеттеменің орындалуын үшінші жаққа жүктей алады. Мұндай
жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін
қабылдауа міндетті.[8]
Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап
етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету және т.б.)
несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдамауға құқылы.
Шарттан туындайтын міндеттемені орындау үшінші жаққа, егер арнайы
ережемен қаралмаса, толықтай немесе ішінара жүктеледі. Мәселен, арнайы
ережелер көлік заңдарында кездеседі, соған сәйкес жүкті жөнелтуші оны
тасымалдайтын көлік ұйымымен шарт жасайды, бірақ көлік жарғыларына сәйкес
жүкті тасымалдау міндеттемесі қалған көлік орындарына (басқа темір жол,
кеме) жаңа шарт жасамай-ақ жүктеледі.
Заңда көзделген ретте үшінші жақ, Азаматық кодекстің 339 – 347-
баптарында сәйкес өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышқордың келісімінсіз-
ақ несие талаптарын өз есебінен қанағаттандыра береді.
Мұндай құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алуы
салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан (пайдалану иелену, кепілге салу
құқығы және басқа құқықтары) айырылу қауіп төнген жағдайда үшінші жаққа
беріледі. Мәселен, қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға оны өндіріп алу
ниетін білсе, сондай-ақ жалған алу өзіне тиімді деп есептесе, онда жалға
берушінің келісімісіз-ақ оның қарызын төлеп тастайды. Бұдан кейін жалға
алушының міндеттемедегі жалға беруші алдындағы борышын өтейді. Несие
беруші, мұндай жағдайда үшінші жақтың міндеттемені орындауын қабылдауға
міндетті. Нәтижесінде жалға алушы кейін жалға берушіден ол үшін төлеген
қаржысын қайтарып алуды талап ете алады.
Міндеттемеде оның әр тарабы – несие беруші немесе борышқор ретінде
бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Егер міндеттемеде борышқордың
немесе несие берушінің жағында бір емес, бірнеше тұлға (қатысушылар) болса,
онда көпшілік тұлғалармен міндеттеме пайда болады. Мысалы, мұрагерлікке
қалған жекешелендірілген пәтердің үш мұрагері оны ерлі-зайыпты адамдарға
сатты делік, сонда сатып алу-сату кезінде екі жақтан да көпшілік тұлғалар
пайда болады, бұл орайда сатушылар – үшеу, ал сатып алушылар – екеу.

2. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету.
2.1. Міндеттемені орындау ұғымы
Азаматтық құқықтын нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдай да
міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде
міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық.
Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер
деп аталатын арнайы шараларды көздейді.
Міндетемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей
емес арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне
бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында
қаралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық кодекстін талаптарына сәйкес,
сондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлікін алып қалу,
аманат[9], кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады. Қамтамасыз ету
әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады. Қамтамасыз
ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда
борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал
шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді. Екінші топтың әдістері несие
беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады (кепіл). Үшінші топтағы
қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші
жақтын да мүлкін өндіріп алуды қамтиды. Төртінші топқа біздің заңымызға
бұрын-сонда тән болмаған әдіс – борышқордың мүлкін ұстап қалу болып
табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол – заң несие берушіге борышқор өз
міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап
қалу құқығын береді.
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге
қосымша міндеттеме түрінде көрінді. Мысалы, сатып алу-сату шарты негізгі
міндеттеме ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемені орындау ұғымы мен принциптері
Азаматтық құқықтағы міндеттеме ұғымы
Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме
Міндеттеме бойынша тұлғалардың ауыстырылуы
Міндеттемелерді қамтамасыз ету
Міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері мен басқа азаматтық - құқықтық қатынастардан айырмашылығы
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері
Міндеттеменің ұғымы және тараптары
Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде
Міндеттемелік құқық туралы ақпарат
Пәндер