Қоршаған ортаға әсерді бағалау


Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімі

а) . Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi;

б) . Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде есепке алынуға тиіс әсерлердің түрлерi;

в) . Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттамасы

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қоршаған ортаға әсерді бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім.

Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізудi әдістемелік қамтамасыз ету:

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде тиісті жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсерді бағалауды әзірлеу процесінде қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Қолданыстағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшеліктерi егер объектіні жобалау процесінде қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілмеген не табиғат пайдалану жағдайлары жобада көзделген жағдайлардан айтарлықтай өзгеше болған жағдайда, қолданыстағы объектілер үшін мұндай бағалау жүргізілуге тиіс. Қолданыстағы объектіге бастапқы жобада көзделмеген реконструкция жүргізілген кезде оның қоршаған ортаға әсерін бағалау жекелеген материалдар түрінде немесе объект бойынша тұтас алғанда қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарына өзгерістер енгізу түрінде жүзеге асырады. Қолданыстағы объектінің қоршаған ортаға әсерін осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес бағалау қажет болғанда, мұндай бағалау экологиялық рұқсат алуға өтінім берілгенге дейін орындалуға тиіс. Трансшекаралық әсері бар объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi

Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады. Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерін бағаламай әзірлеуге және іске асыруға тыйым салынады. Әсерді бағалау нәтижелерін жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады. Жобаланып жатқан және жұмыс істеп тұрған объектілердің перспективалық қызметі осы Кодекстің талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады. Жобалардың тапсырыс берушісі (бастамашысы) мен әзірлеушісі қоршаған ортаға әсер етуге жүргізілген бағалау нәтижелерін ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтіретін нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті. Қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысының және құрылысты жобалаудың кезеңдері ескеріле отырып, дәйекті түрде жүзеге асырылады. Қоршаған ортаға әсерді бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:

1-кезең. Аумақты бағалау (қоршаған ортаның жай-күйін шолу), объектіні орналастыруға арналған учаскені оңтайлы таңдауды негіздеу үшін орындалады;

2-кезең. Инвестициялардың негіздемесіне (жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне) ілесе жасалатын қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау;

3-кезең. Әсерді бағалау, ол жобаны іске асырудың немесе шаруашылық және өзге де қызметті одан әрі жүзеге асырудың ықтимал әсерлерін толық және кешенді талдау, баламалы нұсқаларды негіздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзірлеу мақсатында орындалады;

4-кезең. Жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі, ол қоршаған ортаға қолайсыз әсерлерді болдырмау жөніндегі техникалық шешімдерді қамтиды;

5-кезең. Жобалаудан кейінгі талдау, ол шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін бір жыл өткен соң объектінің қоршаған ортаға қауіпсіздігін растау және табиғат қорғау іс-шараларына түзету енгізу үшін жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаға әсерді бағалау әзірленімін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуден алынған нәтижелердің дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде есепке алынуға тиіс әсерлердің түрлерi

Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:

1) тікелей әсер - объектіні орналастыру ауданында жоспарланып отырған негізгі және ілеспе қызмет түрлерінің тікелей тигізетін әсері;

2) жанама әсер - жобаны іске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейінгі) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;

3) кумулятивтік әсер - жобаны іске асыруға ілесе жасалатын, өткен, қазіргі немесе негізделіп алдын ала болжанатын іс-әрекеттерден туындайтын, үнемі ұлғаю үстіндегі өзгерістер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиіс.

Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу процесінде табиғи орта мен адам денсаулығына теріс және оң әсерлер есепке алынуға тиіс. Қоршаған ортаға әсерін бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша І, II, III, IV болып 4 санатқа бөлінеді. І санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жатады. II санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 3-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлері жатады. III санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 4-сыныбына жататын қызмет түрлері жатады. IV санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 5-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың барлық түрлері жатады. Әртүрлі санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуге қойылатын сараланған талаптар қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттамасы

Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттама:

1) шаруашылық және өзге де қызметке тапсырыс берушінің деректемелерін;

2) жоспарланып отырған қызметті іске асыру қажеттігі негізделген өтінішті (арызды, ниеті туралы декларацияны), инвестициялар негіздемесін, техникалық-экономикалық негіздемені (жобаны), жұмыс жобасының бекітілген бөлігін, түсіндірме жазбаны;

3) қоршаған орта компоненттерінің қызметті іске асырғанға дейінгі не қазіргі кездегі жай-күйінің сипаттамасын;

4) жобаның жазбасын, оған қоса:

Бүкіл жобаның мақсаты мен сандық сипаттамаларының және орналастыру ауданына құрылыс және пайдалану сатысы кезеңінде қойылатын талаптардың сипаттамасын; жоспарланып отырған қызметтің қоршаған орта элементтеріне ықтимал әсерлерінің түрлері қоршаған ортаға эмиссиялардың, тұтынылатын шикізаттың және алынатын ресурстардың көлемі мен оның қосындыларының құрамымен бірге көрсетіле отырып, пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың типтері мен санын қоса алғанда, өндірістік процестердің негізгі сипаттамаларын; қолданылатын технологияның ең озық қолжетімді технологиялармен және техникалық үлестік нормативтермен сәйкестігі, сондай-ақ техникалық регламенттермен және технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптармен сәйкестігі тұрғысынан талдауды; баламалы нұсқалар туралы ақпаратты және жобалық нұсқаны таңдаудың негізгі себептеріне нұсқауды; қызметтің қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға ықтимал әсерлерінің сипаттамасын; жобаланатын шаруашылық немесе өзге де қызметтің қоршаған ортаға беймәлім әсерлерін; экологиялық тәуекелді және халықтың денсаулығына төнетін тәуекелді бағалауды; экологиялық мониторинг жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді болдырмау, азайту үшін көзделетін шаралардың сипаттамасын; қоршаған ортаға эмиссиялардың жобалық нормативтерін және табиғи ресурстарды алып қою нормативтерін; өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негіздемесін; ықтимал тәуекелдерді және келтірілген залалдарды өтеуді ескере отырып, жобаны экологиялық-экономикалық бағалауды; хаттамалармен ресімделген және жоспарланып отырған қызметтің экологиялық аспектілерін қоғамдық талқылау нәтижелері жөніндегі қорытындыларды қамтитын қоғамдық пікірді есепке алу жөніндегі материалдарды; қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу кезіндегі кез келген қиыншылықтарды және ақпараттың жетіспеушілігін көрсетуді; қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалау нәтижелері жөніндегі негізгі қорытындыларды қамтиды. Жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық зардаптары туралы мәлімдеме әзірлеп, табыс етеді, ол осы қызметті іске асыруға болатыны туралы шешім әзірлеуге негіз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезеңдері
ҚОӘБ кезеңі
Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу ережелері
Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың мақсатары
Кәсіпорындарды экологиялық бағалауға кіріспе
Қоршаған ортаға әсерді бағалау және оның әдістері, міндеттілігі мен кезеңдері
Экологиялық сараптама түрлері
Төменгі жанақорған учаскесіндегі доломитті ашық әдіспен өндірудің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz