Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Ауыл шаруашылығының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3 Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ауыл шаруашылығын дамыту саясаты және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл
шаруашылығы
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Ауыл шаруашылығының
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2 Солтүстік Қазақстан облысының ауыл
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3 Ауыл шаруашылығын дамыту
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...12

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі
болып табылады.  Аграрлық  сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық
қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы
болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым
бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен
қорға ие.
Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық
жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы.
Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi.
Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта
экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм
көздерiнiң бiрi.
2006 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты
дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру
басталады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiптiк кешен салаларының
өнiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн өсiру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту
тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелiк
артықшылықтарын дамыту болады.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың 2006 -
2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын тиiмдi iске асыру үшiн 2006 - 2008
жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы әзiрленедi, мұнда
өңiрлiк мамандануды күшейту, пайдалылығы жоғары өндiрiстi дамыту, әрi iшкi
және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу
жолымен тиiмдi аграрлық бизнестi дамытуды және ауыл шаруашылығы өнiмдерi
нарығын кеңейтудi мемлекеттiк ынталандыру шаралары көзделедi.

1 Ауыл шаруашылығының ұғымы

Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық
жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы.
Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi.

Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта
экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм
көздерiнiң бiрi. Аграрлық сектордағы өрлеу - экономиканың сабақтас
салаларда өсуiнiң тетiгi. Тұтас алғанда, аграрлық сектордың дамуы мемлекет
үшiн экономикалық және ең бастысы әлеуметтiк аспектiде стратегиялық жағынан
маңызды.
Осы заманғы нарықтық экономикада мемлекет неғұрлым реттейтiн және
қолдайтын секторлардың бiрi аграрлық сектор болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң. артық қорлары сыртқы нарыққа шығарылады,
мұның өзі осы өнiмдерге әлемдiк бағалардың төмендеуiне алып келедi.
Басым көпшiлiгi әлемдiк нарықтар конъюнктурасына тәуелдi болып отырған
нашар дамыған елдер, iшкi өндiрiстiң. шектелуi, экспорттың азаюы және ұқсас
тауарлар импортының өсуi түрiнде залал шегедi.
Қазақстан жер ресурстарына бай. Алдын ала суландырмай -ақ егiн
шаруашылығына жаратуға болатын алқап 39 млн. гектарды құрайды.
Қазақстанның аграрлық  секторы  мынадай сипатқа ие:
-ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы – 222,6 млн. га, оның
ішінде 24 млн. га (10,8%) – егістік жерді, 5 млн. га (2,2%) – пішендік
жерді, 189 млн. га (85%) – жайылым жерді алып жатыр;
-ауыл тұрғындарының саны – 7,3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы
санының 47,2%-ын құрайды;
-топырақ және өсімдік жамылғысының тік және көлденең зоналары анық
белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және
шөлейт аймағында - 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда - 5%-ға жуығы жатыр;
-елдің барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның аздығымен
сипатталады – 150-320 мм.;
-теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай
қиындықтар тудырады;
-маусымаралық кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс еті, көкөніс пен
жеміс сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен
қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігі;
-солтүстік аймақтардың астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына
мамандандырылуы; суармалаудың айтарлықтай маңызы бар оңтүстік аймақтарда
өсірілетін дақылдардың (астық, майлы, жеміс-жидек дақылдары, көкөніс,
мақта) көбінше әртараптандырылған.

2 Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы

2008 жылы облыстың ауыл шаруашылық және қайта өңдейтін кәсіпорындары
агро өнеркәсіп кешенді дамытуда белгілі нәтижелерге жетті. 2008 жылға жалпы
өнім өндірісінің көлемі 193,8 млрд. теңгені (2007 жылы — 147,5 млрд. теңге)
құрады.
Жыл сайын 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр. Ауыл
еңбеккерлерінің материалдық жағдайын нығайтуға және олардың өмірлік
деңгейін арттыруға, аграрлық сектордың экономикасын тұрақтандыру жағдай
туғызды.
2008 жылға республикалық бюджет есебінен 4,8 млрд. теңге қаражат
бөлінді. Ал, өткен жылмен салыстырғанда, 1,8 млрд. теңгеге артық және олар
толығымен игерілді.
Облыстық бюджеттен 150,2 млн. теңге соммада жоспарланған тиесілі қаржы
игерілді.
Жалпы жарғылық капиталдың 316,6 млн. теңге сомасымен он үш кредиттік
серіктестіктер несие қаражаттарын береді.
Жылына олармен 2508 млн. теңге берілген, ол 2007 жылдың 1308 млн.
теңгеге артық. Үй шаруашылықтарын дамыту үшін, Ауыл шаруашылығын қаржылай
қолдау қоры АҚ облыстық филиалы 2008 жылы 208 млн. теңге соммаға (2007
жылға қарағанда 95 млн. теңгеге артық) 801 үй шаруашылығына несие берген
болатын.
Шағын кредиттеу ұйымдар жүйесін дамыту іс-шаралар жоспарына сәйкес,
ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу үшін мемлекеттің қатысуымен
алты ШКҰ ашық, олармен 132,7 млн. теңге соммаға 462 шағынкредит берілген
болатын.
Өсімдік шаруашылығын диверсификациялау бойынша оның іс бағыты
бәсекелестік қабілеттілігі бар және экспорттық нысаналы дәнді дақылдарды
өсіруге, облыста мақсатты және үнемі жұмыс жүргізіліп отырады.
2008 жылы тыңайған жерлердің айналымына тартылған нәтижесінде, ауыл
шаруашылық дақылдардың барлық егістік көлемдері 4146,1 мың гектарды құрады,
ол 2007 жылға қарағанда 399 мың гектарға артық.
2008 жылы дәнді дақылдардың көлемдері 3704,2 мың гектарға жетті, ол
өткен жылға қарағанда 376 мың гектарға артық. Майлы дақылдар 114 мың
гектарға орналасқан, ол 2007 жылға қарағанда 4 мың гектарға артық. Бидайдың
жалпы түсімі 5 млн. тоннадан астам құрады, өнімділігі барысында 13,5 цга,
майлы дақылдар 72 мың тонна.
Картоптың егістік көлемі 4,2 мың гектарға кеңейтілді және 25,9 мың
гектарды құрады, 4,7 мың гектар көкөніс дақылдары себілген, кеңейту 800
гектарды құрайды.
Облыс тұрғындары толығымен өзіндік өндірісімен картоппен және
көкөністермен қамтылған, олардың картоп көлемдері 406,5 мың тоннаны құрады,
көкөністер – 148,2 мың тонна. Жыл сайын ресурсты сақтайтын технологияларды
енгізу көлемдері кеңейтіліп келеді.
2008 жылы алдыңғы қатарлы технологиялар бойынша егілген егіс көлемі 2
млн. 51 мың га құрады, ол 2007 жылдың деңгейінен 2 есе артық.
19 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізілген. Бүгінгі күні
көрсеткіштердің сапалық тұқымдарына тексеріс жүргізілуде. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу
Қазақстан Республикасы егiн шаруашылығын дамытудың экономикалық мазмұны
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін құрал ретіндегі жер кадастры
Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын факторлар
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Кластерлік жүйе
Маңғыстау облысының экономикалық потенциалы
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық секторының дамуы
Пәндер