Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Индустрияландыру экономикалық өсудің негізі
1.2 Инновация . елдің бәсекелестілік қабілетін арттыратын басты фактор

2 ЭКОНОМИКАНЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ
2.1 Экономикалық дамудың құрылымдық шегі (Қ.Р. индустриялық саясаты
2.2 ҚР экономикасының ғылыми.технологиялық дамуы: аналитикалық талдау
2.3 Индустриялық.инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мәселелері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің “Экономика және
бизнес” факультетінің “Экономикалық теория” кафедрасының “экономикалық
теория” мамандығы бойынша бітіруші Абдукаримова Жансаяның “Қазақстан
Республикасының индустриялық-инновациялық стратегиясы: мәні, мақсаты және
күтілетін нәтижелері” тақырыбындағы бітіру жұмысы.
Бітіру жұмысының көлемі
Осы жұмыстағы негізгі сөздер
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының Индустриялық-
инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік
стратегиясының еліміздің шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін
экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол
жеткізіп, ұзақ мерзімді жоспарды сервистік-технологиялық экономикаға өту
үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарды анықтап, оларға тоқталып өтіп, талдау,
сондай-ақ бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа
бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету салаларының
орнықтырылуын анықтау.
Диплом жұмысы ҚР-ның индустриялық-инновациялық даму стратегиясының
қазіргі кезеңдегі орындалуы, оның негізгі бағыттары, іске асырылуы және
теориялық мәселелерін зерттеуді көздеген. Жұмыс екі тараудан, кіріспе және
қорытындыдан тұрады.
• Бірінші бөлімінде – индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына
сәйкес экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның
индустрияландыруының тездетілуі, машина жасаумен өнеркәсіп
жабдықтарын шығару жолға қойылуға тиісті мәселерінің теориясы
қамтылған.
• Екінші бөлімінде – еліміздегі экономиканы индустриялық-
инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары,
индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру
мәселелері қарастырылады.
Индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі атқарылуға
тиісті міндеттер:
-елдегі индустриалды-инновациялық күштерді қалыптастыру, нығайту.
-мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриалды-инновациялық дамудың
мақсаттарына сәйкес қайта құру.
- индустриалды-инновациялық дамуда халық арасында насихаттау.
Дүние жүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу
арқылы әлемдік шаруашылық жүйесіне және өңірлік экономикаға ықпалдасуды
үдету болып табылады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Индустрияландыру экономикалық өсудің
негізі ... ... ... ... ... ...
2. Инновация – елдің бәсекелестілік қабілетін арттыратын басты
фактор ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
2. ЭКОНОМИКАНЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ
1. Экономикалық дамудың құрылымдық шегі (Қ.Р. индустриялық
саясаты) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. ҚР экономикасының ғылыми-технологиялық дамуы: аналитикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Жұмыс тақырыбының өзектілігі: қазіргі кезде әлемде көптеген елдердің
алдында тұратын өзекті мәселелердің бірі, ол – индустриалды-инновациялық
процестер негізінде тұрақты экономикалық өсуге жету, яғни ұлттық
экономиканың тұрақты дамуына және еліміздің әлем таныған алдыңғы қатарлы
елдер санатына қосылуына ең басты қажетті индустриялық – инновациялық
қызмет екені даусыз.
Осындай экономиканың тұрақты дамуына өте тиімді, шығынды көп қажет
ететін шикізаттық бағыттағы экономикадан бас тартуға жағдай жасайтын
сервистік – технологиялық экономикаға өтуіміз керек. Сондықтан еліміз 2003-
2015 жылдарға арналған индустриялық – инновациялық стратегиясын қабылдап,
оны іске асыруда өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге
қабілетті және экспотрқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатының басты
нысанасы болып табылады.
Осы оң шараларды жүзеге асыру үшін, ең алдымен ұлттық инновациялық
жүйенің қажеттілігі туып отыр. Міне осы себептен соңғы 3-4 жылда
инновацияға деген көзқарас өзгерді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық
акедемия ғалымдарымен кездесуінде атап өткендей, “елімізде ұлттық
инновациялық жүйе құратын уақыт жетті” деп атап көрсетті.
Бұл жүйеге инновацияны жүзеге асыру үшін оны мемлекеттік қолдайтын
құқықтық актілер, инновациялық қызметтердің іске асуы, оны қамтамасыз
ететін қаржылық институттар және нақты түрде қызмет ететін мекемелер, ҒЗТКЖ
ұйымдары кіреді. Стратегияның негізгі мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын,
импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер
құрып, қызмет көрсету саласын орнықтыру.
Индустриялық – инновациялық даму бағдарламасына сәйкес экономиканың
шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетілуі,
машина жасаумен өнеркәсіп жабдықтарын шығару жолға қойылуға тиіс, яғни
инновация индустриялық-инновациялық стратегияның орындалуының негізгі
қозғаушы күші болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында индустриалды
– инновациялық саясаттың негізгі приоритеті – барлық потенциалды бәсекеге
қабілетті, оның ішінде экспортқа бағытталған өндірістер мен қызметтер болып
табылады. Сонымен қатар елімізде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттемелерді
шешу мақсатында ғылыми жабдықталған және жоғары технологиялық өндірістердің
дамуы үшін жағдай жасауға аса назар аударуда. Сонымен бірге экономикамызда
кейбір сыртқы факторлардан сақтау үшін елімізде технологиялық өндірістің
деңгейін жоғарлатуымыз керек. Оның басты бағыттары Елбасының Қазақстан
халқына жолдауындағы индустриалды-инновациялық стратегияда көрсетілген.
Мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын, экспорттауға бағытталған тауар шығаратын
өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын дамыту болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Басты мақсаты – шикізаттық бағыттан
бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің
тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарды сервистік-технологиялық
экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Бұл мақсат келесідей міндеттерді шешуді көздейді:
- өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық қарқынын 8-8,4 % мөлшерінде
қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін
кемінде үш есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын екі есе
төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды
ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық
институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты
өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа
негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- елдің экспорттық әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен
қызметтердің мүддесіне қарай әртараптандыру;
- сапаның әлемдік стандарттарына көшу;
Дүние жүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу
арқылы әлемдік шаруашылық жүйесіне және өңірлік экономикаға ықпалдасуды
үдету болып табылады.
Диплом жұмысының негізгі мазмұны:
Жұмыстың негізгі бөлімдерінде мақсатты бағытты түрде қойылған
міндеттер шешіледі.

1 Бөлім. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Индустрияландыру экономикалық өсудің негізі

Жиырмасыншы ғасырда қоғамда эволюциялық даму үдерістері пайда болды.
ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында индустриалды-аграрлық қоғам қалыптасып, 1920
жылдан бастап индустриалды қоғамның негізі құрылды. Сөйтіп, тек ғылымда
ғана емес, нақты тәжірбиеде КСРО-ң сан және сапа көрсеткіштерінің өсу
қарқынына ерекше мән берілді. Негізгі салалар бойынша дерективті көрсеткіш
ретінде қоғамдық өнім өндірісінің өсімшесі саналады және ол қатаң түрде
қадағаланып отырды. Елімізде қысқа мерзімде экономикамызды индустрияландыру
үрдісі жүргізілді. Содан кейін соғыс жылдары қираған шаруашылық қалпына
келтіріліп, өндірісті техникалық реконструкциялау қолға алынды. Бір
салалардағы өндірісті ұлғайту жөніндегі жоспарлардың орындалу дәрежесі
басқалардың дамуына кедергі келтіріп отырды. Себебі сыртқы экономикалық
байланыстардың нашар дамуы жағдайында басқаша болу мүмкін емес еді.
Сөйте тұра, өзінің тұтынуынан артық өндіріс өсімшесінің көбеюі
экспортты арттыра отырып, импортқа төлеу үшін қаржы табуға көмектесті.
Нарықтық қатынастарға тосқауыл қойылып, оның орнына экономикалық
үдерістерді басқаруда қатаң билеп төсеуші тетіті қолданған тоталитарлық
экономика қалыптасты.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында бұл жүйе таратылып, нарықтық
экономикаға көшуге байланысты постиндустриялық немесе индустриялық қоғамнан
кейінгі қоғамға көшу басталды. Бұл транзиттік экономика жағдайында
әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамудың үлгісін жасауды талап етті. Жалпы,
индустриялық қоғам туралы ілімнің пайда болуы француз социологы Реймон
Аронның атымен тығыз байланысты екені белгілі. Ол әртүрлі елдерді
индустрияландыру үдерістері нәтижесінде біртұтас индустриялы қоғам құруға
болады деген. Оның түрлеріне кеңестік және батыста қалыптасқан индустриялық
даму жүйелері жатады. Келесі автор француз ғалымы Эминель техникалық
прогресс тек экономикалық заңдардың қолданылуын жетілдіріп қоймайды,
сонымен қатар заңдардың мазмұнына өзгерістер енгізеді, меншіктің маңызы
жойылады, ірі корпорациялар экономикалық билікті өз қолына алады,
мемлекеттің көмегімен бай және кедей деген екіге бөліну болмайды деген
пікір айтады.
Ал, постиндустриялық қоғам тұжырымдамасын ең бірінші болып американ
социологы Даниел Белл дайындаған. Онда индустрияландыруды аяқтағаннан кейін
қоғамда болатын өзгерістер туралы мәселелер қарастырылған және
постиндустриялды қоғамның бес белгісін анықтаған.
1) Экономикалық тауар өндіруден қызмет көрсету сферасына өтуі;
2) Жұмыскерлер арасында білікті мамандар мен техниктер санының артуы;
3) Теориялық білімнің маңызды рөлге ие болуы;
4) Технико-экономикалық ортаның технологияны бақылауға бейімделуі.
5) Жаңа интелектуалды технология туралы шешім қабылдау үрдісін дамыту.
Жаңа индустриялды қоғам теориясы американ экономисі Джон Гелбрейттің
бірқатар еңбектерінде соның ішінде жаңа индустриялдық қоғамда (1967 жыл)
қарастырылған. Онда жаңа капиталистік қоғамдағы экономикалық жүйе екі
түрлі сектордың жиынтығынан тұрады делінген. Біріншісіне бағаға емес, қоғам
мен мемлекетке билігі жүретін ірі корпорациялар әлемі, екіншісіне, ұсақ
фирмалар жойылып бара жатқан қолөнер кәсібі, қызмет көрсетуі жататындығы
айтылған. Негізінен, индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге
түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін
кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған
шаралар кешенін білдіреді.
Әлемдік экономикадағы индустрияландырудың бірнеше негізгі сатыларын
атап өтейік. Алғашқы саты жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін ұласып,
индустрияның дамуымен сипатталады. Экономиканың жағдайын қуатты базалық
салалар, яғни тау-кен өндірісі, металлургия, энергетика дамыды. Келесі
сатыда индустриалды дамыған елдер болып тұтынушылық сипаты бар өнім
өндіруші болып саналады. Оларға телевизордан бастап автомобильге дейін өнім
өндіретін мемлекеттерді жатқызуға болады.
Үшінші кезең жоғарғы технологиялар дайындаумен байланыста болады.
Индустриалдық даму стратегиясының кезеңдерін Ресей ғалымдары
Д.Львов, В.Дементьев 4 кезеңге бөлген.
Бірінші кезеңде ұйымдастыру – экономикалық сипат алатын шараларды
жүргізу басты орын алады. Ол жаңа салаларда мамандар мен шикізаттардың көп
жинақталуын қамтамасыз ете отырып, машина жасау өнеркәсібінің технологиялық
ядросын күшейтуді, ондағы жинақталған резервтерді жұмылдыруды қажет етеді.
Ол үшін ішкі нарықтық тұтынушылығын қанағаттандыруға қабілетті өндіріс
қуаттарын барынша пайдалану, осы салалардың құрал-жабдықтармен
жабдықтаушылармен байланысын кеңейту, отандық машина жасаудың ұдайы
өндірістік базасын жаңартуды қарастырады.
Екінші кезеңнің негізгі міндетіне базалық салаларда ресурстарды
үнемдейтін технологияға көшу арқылы оның құрылымын жетілдіру және оны
экономиканың басқа салаларына тарату жатады.
Үшінші кезеңде жаңа технологиялар өндіру үшін отандық өндірістік
жаппай қалпына келтіру, сөйтіп Ресей өнеркәсібінде кешіккен индустриалдық
модернизацияны аяқтау үшін жоғары технологиялық тұтынушылықты қалпына
келтірудің ауқымдары анықталады.
Төртінші кезеңде экономикалық дамуының инновация үлгісіне өту
перспективасы бар салалардың салыстырмалы артықшылықтарын қалыптастыру
негізінде жүргізілуі тиіс.
Мұндай экономиканың даму стратегиясын жүзеге асыру үшін Қазақстанда
барлық жағдай бар деп есептеуге болады.
Қазіргі кездерде елдерде аграрлық және индустриалық бөлу өзінің
өзектілігін жоғалтуда, оның орнына индустриялды-шикізатты және
индустриялдық-технологиялық деп бөлу қажеттігі туды. Себебі, әлемдегі
елдерді аграрлық және индустриалдық тетігін жіктеу өнеркәсіптік төңкерістен
кейін өндірісте ірі машиналық дәуірдің басталуына байланысты болады. Әйтсе
де аграрлық және индустриялық деп бөлудің қажет болмауын ауыл
шаруашылығында машиналы, автоматтандырылған жүйелерді, кешенді
механикаландырылған еңбекті пайдалану, жоғары технологиялардың жаңа
үлгілерін енгізумен түсіндіруге болады. Соңғы уақытта индустриялық дамыған
елдер арасында бір градациялар пайда болып, индустриаландыру деңгейін
анықтауды қажет етеді. Біреулерінде аграрлық сектор басым болса,
екіншісінде өнім өндіру, үшіншісінде өңдеу өнеркәсібі үстем болады. Елдер
экономиканың ілгері дамуына, көп жағдайда олардың климаттық, географиялық
орналасуы, шикізат базасының және ресурстардың көлемі және т.б. көптеген
факторлар ықпалын тигізетіні белгілі.
Осыған байланысты соңғы кезде ғылыми әдебиеттерде индустриалды
шикізатты және индустриалды технологиялық деп бөлуге үлкен мән беріліп жүр.

Ұлттық шаруашылық шикізатты өндіруде техникалық жаңа үлгілерін
пайдаланып автоматтандырылған, механикаландырылған еңбекті қолданса,
индустриаландырудың бірінші түріне жатқызуға болады. Ал, шикізатты өңдеуден
өнім өңдеуге, содан келген тұтынушыға дайын өнімді жеткізуге дейін барлық
технологиялық тізбектілік жаңа техникаға, технологияға, алдыңғы қатарлы
инновациялық жетістіктерге негізделсе, онда оны индустриаландырудың
индустриалды – технологиялық түріне жатқызуға болады.
Қазір әлемде нашар дамыған, артта қалушы және даму жолына енді
түскен елдер үшін индустриалды – шикізатты бағыт ете алса, ал дамыған елдер
индустриалды – технолгиялық сипатқа ие болады. Әрине, аралық жағдайда
қалған елдер де бар. Оларды өндіру мен өңдеу секторларының арақатынасы анық
емес, тұрақсыз, әр түрлі өзгерістерге бейім келеді. Кеңестік дәуірі кезінде
макроэкономикалық артықшылық ауыр өнеркәсіп кешенінде болуына байланысты
кеңестік экономикада индустриалды – технологиялық деңгей басым болғаны
сөзсіз. 1960 жылдарда шаруашылықта шығынды жүйенің басым болуына қарамастан
жоғарыда аталған индустриалды – технологиялық деңгейі жоғары болады.
Әрине, экономикалық жүйенің түбегейлі өзгеруі, қайта құру
үдерістері, тоқырау мен дағдарыстар, жекешелендіру мен мемлекет меншігінен
алу үдерістерінде болған қарама-қайшылықтар ТМД елдерін индустриалды-
технологиялық державадан индустриалды-шикізаттық деңгейге түсірді. Себебі,
бұрын шикізатты сатудан түскен валюта түсімінің 60-70 % индустриалды
технологияны сатып алуға бағытталған еді. Яғни, ол өндіргіш күштерді
дамытуға, жаңа өндірістер ашуға, жұмыс орындарын техникамен жарақтандыруға,
модернациялық жұмыстарын жүргізуге пайдаланатын.
Нарықтық экокномикаға өтуге байланысты меншік түрлерін өзгерту,
жекешелендіру шараларын жүргізу, бүкілхалықтық меншікті кең ауқымда қайта
құру индустриаландыру үрдістерін баяулатты. Өнеркәсіп кәсіпорындарын еңбек
ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдікпен беру және
тұрғын-үй купондарына сату арқылы іске асырылды. Мемлекет меншігінен алу
және жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
концерндер, корпорациялар, бірлестіктер, одақтар ерікті түрде құрылды. Бұл
1991-1992 жылдары жүргізілді. Сөйтіп оның бірінші кезеңі анықталды.
Екінші кезеңде (1993-1995 жылдар) 200-500 мыңға дейін адам жұмыс
істейтін орташа кәсәпорындарды жаппай жекешелендіру, ірі және бірегей
кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру жұмыстары жүргізілді.
Үшінші кезеңде (1996-1998 жылдары) мемлекеттік меншіктегі ірі және
өте ірі кәсіпорындар басқаруға қазақстандық Жезказганцветмет АҚ,
Кармет АҚ, Соколов-Сарыбай ТӨК, Донской ТӨК, Феррохром АҚ және т.б.
кәсіпорындар беріледі. Меншік нысандары бойынша өнеркәсіптік өндірістің
құрылымында 2000 жылы жекеменшік - 83 %, басқа мемлекеттердің мешігі - 14 %
мемлекеттік меншік – 3 % құрады.
Жекешелендіру үдерістерін жүргізуде кешенді түрде әзірлеген
бағдарламаның болмауы, кейбір субъективті факторлардың орын алуы
экономикалық түбірін құрайтын өнеркәсіптің технологиялық құрылысының
ыдырауына ықпалын тигізді.
Технологиялық құрылыс жөнінде А. Қанатшынова мынадай анықтама берген
– Бұл – ресуртарды өңдеудің барлық сатыларын қамтитын макроэкологиялық
ұдайы өндіріс контуры және оған сәйкес өндірістік емес тұтынушылардың түрі.
Әрбір келесі құрылыс алдыңғыға қарағанда тиімді болмақ. Бір құрылыстан
екіншіге өту өндіріс ауқымының өсуімен, еңбек өнімділігінің артуымен,
шаруашылық байланыстар мен қатынастардың күрделенілуімен ілесе жүреді және
макро деңгейде экологиялық эволюция урдісін белгілейді.
Экономикалық жүйеде болған күрт өзгерістер, меншіктің жаңа
нысандарының пайда болуы мен жекешелендіруге қатысты болған құрылымдық
қайта құру шаралары технологиялық құрылысты қайта құруды талап етеді.
Тұтас өндіріс бөліктерін жүйелі түрде өзгертетін әртүрлі
кезеңдердегі макро жүйені қалыптастыратын технологиялық құрылыс жөнінде
технологиялық кластерлер бойынша дайындамалар бар. Экономикалық
әдебиеттерде индустриалды және басқа да дәуірлерде бес негізгі
технологиялық құрылысқа сипаттама берілген.
Онда әлемдегі басым технологиялық құрылыс 1950-1960 жылдардағы тұтас
ұдайы өндірістік жүйе ретінде қалыптасса, 1970 жылдары құрылымдық
дағдарыстан кейінгі дамыған елдердегі экономикалық өсудің технологиялық
базасын құрған. Бұл технологиялық құрылыстың анықтаушы компоненті ретінде
микроэлектроника, бағдарламамен қамтамасыз ету, есептеуіш техника,
ақпаратты өңдеу, өндіріс пен басқарудағы үдерістерд автоматтандыру,
космостық байланыстың жаңа түрлеріне жету болып саналады. Болашақта
технологиялық құрылыстың компоненттеріне биотехнология, жасанды интеллект
жүйесі, ауқымды ақпараттық жүйе, жоғары жылдамдықтағы тасымалдадың кешенді
түрлері және т.б. жатады. Технологиялық құрылыстағы өзгерістердің болуы
әкімшілдіктің эволюциялық теориясында елеулі орын алады.

2. Инновация – елдің бәсекелестілік қабілеттілігін арттыратын
басты фактор

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты
дамуға қол жеткізе алмайды. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің
мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді.
Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы тәуелді етіп, шикізатты аз
қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің
күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін
түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірғана жолы бар, ол – жоғары
технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның
өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік
экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу,
ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және
экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық
әлеуетін тиімді түрде пайдалану – Қазақстан-2030 стратегиясының маңызды
мәселерінің бірі.
2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы
Заңы Республиканың ғылыми саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс
әкелетін жаңалық болды. Мақсаты - отандық өндірістің инновацияларға
сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер
құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы
ел экономикасын ары қарай дамыту.
Инновациялық қызмет – технологиялық жаңа идеялармен (әдетте ғылыми
зерттеулер мен әзірлемелердің немесе басқа ғылыми техникалық жетістіктердің
нәтижелерін) түрлендірулерге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа
енгізілген жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе
жетілдірілген технологиялық әдістер немесе практикалық қызметте
пайдаланылған өндіріс қызметтерінің тәсілі.
Инновациялық қызмет ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық,
қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды., атап айтқанда
өздерінің жиынтығында олар инновацияға әкеледі.
Технологиялық инновациялық рынокта енгізілген жетілдірілген өнімдер
немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процестер түрінде
іске асырылатын инновациялық қызметтің немесе практикалық қызметте
пайдаланылатын өндіріс қызметтері тәсілінің түпкілікті нәтижесін көрсетеді.
Егер инновация рынокқа немесе өндіріс процестеріне енгізілсе, онда ол
жүзеге асырылады деп саналады.
Инновациялық өнім – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге
ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:
- жаңа (қайта енгізілген) – радикалдық өнімдік инновация;
- жетілдіруге ұшыраған бұйымдар, инкременталды өнімдік инновация;
- жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған
бұйымдар, өзге де инновациялық өнім.
Статистика кәсіпорындардың ұқсас жөнелтілген өнімдердің қосылған
құнына салық салынбаған және акцизсіз жіберу бағасындағы инновациялық
өнімдердің көлемін ескереді.
Инновациялық-белсенді кәсіпорындар - әзірлемелерді және жаңа немесе
жетілдірілген өнімдерді немесе қызметтерді, технологиялық процестерді
немесе қызметтерді өндіру тәсілдерін енгізуді жүзеге асыратын кәсіпорындар.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни зерттелетін
кәсіпорындардың жалпы санына қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен
қамтылған инновациялық белсенді кәсіпорындар сандарының қатынасы ретінде
анықталады. Сондай-ақ инновациялық қызмет нәтижелерін өлшеуге негізделген
көрсеткіштер пайдаланылады.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал – кез-
келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет
көркеюінің негізгі жолы – ғылыми-техникалық инновациялық салада лидер болу.
Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-
техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін жоғарылатады.
“Инновация” сөзі 1440 ж. француз тіліндегі “жаңғыру және жаңа” әлде “зат
жасаудың жаңа жолы” деген мағынаны білдіретін “innovacyon” сөзінен пайда
болған. Инновация дегеніміз – бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық
қасиеттерге ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа және жақсартылған
технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар. Сондай-
ақ, инновация ұғымы ағылшынның innovation сөзімен ұғымдас және
жаңалықтар енгізу деген мағынаны білдіреді. Бұл терминге Оксфордтың
түсіндірме сөздігінде төмендегіше ауқымды мағына берілген:
Конструкциялаудың, тауар өндірісі немесе оны өткізудің кез-келген жаңаша
әдісі, бұны енгізген инноватор немесе компания қандай да бір бәсекелік
артықшылыққа ие болады. Патенттерді қолдана отырып табысқа қол жеткізген
инноватор уақытша монополист болғанымен, қандай да бір мерзімнен кейін
бәсекелестер де табысты нарыққа кірудің әдісін табады. Кейбір компаниялар
өнімнің жаңаша түрін қалыптасқан сұранымға қарай бейімдесе, басқалары жаңа
нарықтар құрай алатын технологялық жаңалықтар енгізіп отырады.
Егер қандай да бір салада бір өнімді басқа өнім тез алмастырып
отырса, онда фирмалар өзінің техникалық артықшылықтарын сақтап қалып, өз
өнімдерін бәсекелестерге қарағанда шапшаң енгізу үшін ҒЗТКЖ-на көп уақыт
пен қаржы жұмсап отыруы тиіс, яғни инновациялық стратегияларды ұстанып
отыру фирмалардың нарықтағы өміршендігін анықтайды. Сонымен қатар саладағы
тәжірибе қисығы жоғары болса, жаңа өнімді ең алғаш енгізіп, басым нарықтық
үлеске қол жеткізген фирмалар өндіріс шығындарын төмендетуге негізделген
бәсекелік артықшылықтарды да қолдана алады.
Ноу-хау мен технологиялардың ақпараттық тұйықтығы саладағы бәсеке
интенсивтілігіне ықпал ете алатын мықты фактор болып саналады. Ерекше
технологияларға патенттер мен біліктілігі жоғары деңгейдегі персоналдың
болуы салаға жаңадан енгісі келетін және басқа да бәсекелестерге мықты
тосқауыл бола алады. Әр фирма ерекше бәсекелік артықшылықтар беріп отырған
технологиясын қорғап отыратындықтан, бақталастардың мүмкіндіктері
техникалық жағынан бәрібір толыққанды бәсекеге түсе алмайды.
Технологиялық инновацияларға өндірістік аяда ең алғаш рет зерттеу
жүргізген ғалым Й.Шумпетер еді.Ол өзінің іскерлік белсенділік циклдері
Ілімінде экономикалық дамудың қозғаушысы кәсіпкердің инновациялық
әрекеттері деп көрсетті. Яғни кәсіпкер экономика мен экономикалық өсімнің
бәсекелік тұрғыдағы құрылымдық өзегерісінің қайнар көзі. Жалпы
инновацияларды өнім өндірудің кез-келген кезеңінде енгізуге болады.
Инновациялық өзгерістер технологиялық процестерден басқа жабдықтар мен
құралдардың жаңаша түрлерін енгізу мен тұтынушыларға тауарды сатуға дейін
және сатудан кейін қызметтің ерекше, жаңашыл түрін көрсете отырып,
дифференцияланған бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізудің басты шарты.
Инновацияларды шартты түрде екі деңгейде қарастыруға болады:
1. Өндіріске алғаш рет енгізіліп отырған жаңалықтар, идеялар – ал
бұларды енгізіп отырған инноватор жоғарғы деңгейдегі бәсекелік
артықшылықтарға қол жеткізе алады.
2. Имитатор – фирмалар енгізіп отырған қайталанбалы ноу-хау немесе
жаңалықтар.
Бірінші деңгейдегі инновациялар мекемелердің барлығында жаппай
қолданыс таба алмауы ықтимал. Екінші қатаң бәсеке талаптарына төтеп бергісі
келетін фирмаларда қолданыс табуы керек.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары-ғылым мен
инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл
әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда
құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон
аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары
технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия,
Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару
жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады. Жаңа
автокөлік Жапонияда бір айдан кейін шықса, АҚШ-та – төрт, Еуропада екі
айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге
жеткізу үшін төрт ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш он бір ай.
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен
1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды парктер) айналысады.
Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан
қарқынды жылдамдықпен игерілді. ҒТИП қармағына әр түрлі саладағы ғылыми
одақтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды,
ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамасыз
етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға “қолайлы орта”
жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инноваияны дамытып отырғанын
ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. 1991ж.–2587 ,
1992ж. – 9678, 1996ж. – 13722, 200ж. – 20796. Ал Корея Республикасының
Оңтүстік Корея ғылым мен техниканы соңғы елу жылда өте қарқынды дамытты.
Екінші жүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып,
соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және
космостық салаларға бағыттады. Корея республикасы ғылыми-техникалық
саясатын өткен ғасырдың 60- жылдарының ортасында қолға алды. 1967ж. басты
міндетті ғылыми-техникалық саясаттты жобалау және жүзеге асыру болып
табылатын Ғылым және технология Министірлігі құрылды және Ғылым мен
техниканы қолдау туралы заң қабылданды. Осыдан кейінгі дамуы бес жылдық
кезеңдерге жоспарланған.
Финляндия 1991 жылға дейін экпорттың жартысын КСРО-ға жіберетін.
КСРО тарап кеткеннен кейін және 90 жылдардағы экономикалық дағдарыс
Финляндия экономикасына да жағымсыз әрекет етті. Мысалы, жұмыссыздық
деңгейі 1991ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан
шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады.
Оның міндеті – Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу. Осы бағдарламаны
жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновциялық жүйені құрды. Оның
міндетін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.
1990ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай
қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл
бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта
құрылу сияқты құрылымдық өзгеріске ұшырады. Мұның бәрінің себебі – нарықтың
қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс,
тиімсіз басқару, сын көтермес каржылық жағдай, және осы сынды мәселелер
аяғына шырмауық болып оралды. Еліміз экономикасы әлі де Кеңес Одағы үлкен
құрып кеткен шикізаттық негізде болып отыр. Ал дамыған елдердің қай –
қайсысын алып қарамасақ олар шығынды көп қажет ететін шикізаттық өндірісте
сервистік-технологиялық өндіріске өтіп кеткен, ал шикізаттық өндіріспен
даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы
атап өткендей, еліміз жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін және
экономикамыз шикізаттық өндіріске тікелей байланысты емес тұрақты
экономикалық өсу үшін реформалар жүргізіп және ұзақ мерзімді стртегиялар
міндетті түрде керек болды.
ҚР – инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғасырдың әлеуметтік
экономикалық дамуында ең бірінші ғылыми - техникалық дамумен байланысты
болып отыр. Елдің негізгі экономикалық дамуына, яғни ғылыми – техникалық
ресурстарды жоспарлау үшін инновациялық қызмет ең қажеттісі.
Нарықтық қатынас даму жағдайында индустриалды-инновацияны дамыту
еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі жақсартады. Бірақ,
нарықтық қатынасқа өтудің алғашқы кезінде экономикамыз елеулі өзгерістерге
ұшырады. Көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, тіпті қайта құрылу және
тағы басқа секілді құрылымдық өзгерістер болды. Мұның бәрінің себебі
нарықтық қатынасқа өтудің қатаң талабы еді. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп
икемсіз өндіріс, т.б. экономикалық мәселелер еліміздегі кәсіпорындардың
дамуына кедергі келтірді. Әйтсе де көптеген қиындықты бастан өткеріп,
бүгінгі күнге жеткен кәсіпорындар бәсекенің не екенін, оған төтеп берудің
жолдарын біршама меңгерген. Нарықтық қатынастың дамуын ескере отырып,
кәсіпорындар мықты позицияда тұрса да, индустриалды-инновациялық іс-
әрекеттер қолданбай, өз орындарын бәсекелес фирмалардан сақтап қала алуы
екіталай. Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде инновацияны нашар қолданып,
тиімсіз өндірістік әдіс-тәсілдерге сүйеніп жұмыс жасайтын кәсіпорындар
нарықтық жағдайда тұра алмайды. Егер индустриалды-инновациялық іс-
әрекеттердің толық пайдаланбаған жағдайда жаңалықтарды енгізуге кететін
шығындар өзінен-өзі зайып, табыс көбейеді деген алдамшы пікір пайда болуы
мүмкін. Бірақ, бұл бағытта жылжыған кәсіпорындар тез арада нарықтық
жағдайдың жолына ілесе алмайды. Нарыққа көшу процессі аяқталғаннан кейінгі
жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізат газ, мұнай, металл сатудан
түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда
қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ өсім шикізат сатудан тұскен
пайда есебіне, яғни “көзбояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық
танытып, елдің индустриалды инновация саясатын қолға алды. Қазақстанда
инновациялық дамудың ұлттық жүйесі біртіндеп қалыптасып келеді, және осыған
орай өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларын дамыту барысында кластерлер
желілерінің құрылуына көп қолдау көрсетілмек. Сонымен қатар құрылып жатқан
технологиялық парктерде инновациялық үрдістерді жолға қоюда шетелдік
әріптестерге айрықша орын бөлінуде. Осы орайда Елбасы Қазақстанның салық
заңнамаларының осындай басым бағыттағы жобаларға қатысуды табыстаған сәттен
бастап 5 жыл мерзімге жер салығынан босататынын атап көрсетті. 2002ж шілде
айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет” туралы Заң күшіне
енді.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айырмауға
тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60
ж.ж дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе осы болатын. Алайда, мемлекет
құқықтың-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып
немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың
қарқынды дамуы да екіталай
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновциялық процесстерді мемлекеттік
қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ірі лабораториялар қалыптастыру,
нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар
қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін
шешумен айналысады.
2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу
жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.
Негізгі қойлатын шарт – зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру,
алынған нәтижені ашық түрде жариялау.
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибие жүргізуге инвестиция
бөленген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Инновациялар саласындағы мемлекеттің екі қызметін атауға болады.
Мемлекет

Құқықтық- -норматив жағынан Бюджеттен немесе басқа көздерден
қамтамасыз ету қаржыландырады

Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.
Жапонияда инновацияларға ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін көңіл көп
бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың
негізін құрайды. Ал мемлекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізді.
Шағын кәсіпорындар бүкіл кәсіпорындарыдың 99% -ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі
үлесі 52%-ды құрайды. Мемлекет саясатын шағын және орта бизнестегі
кәсіркерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы
деректерді сәйкестендіру болып табылады.
Мемлекеттік деңгейдегі кәсіпорындарына мынадай қолдау көрсетеді:
1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер шағын инновациялық
кәсіпорындарға кеңес беретін коммисиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас
басқарма, региондық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын
инновациялық академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық
региноналдық орталық комитеті жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек
көрсетеді.
2. Қаржылық көмек беру мен қаржылық көмек көрсету
Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық
қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік корпорацияның
Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді
сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі
элементі – ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған
“Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңға дейін т.б заңдар
кешенін қамтиды.
Жапонияда орталық банктер кредиттерінің 47%-н, ал жергілікті
коммерциялық банктер 100% кредитті шағын және орта кәсіпорындарға береді.
Шағын инновциялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері
қолданылды. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен
алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады.
Ал Оңтүстік Кореяда инновация ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап
дамиды. Технологиялық саясат ең алдымен ішкі технологиялық базаны құруға,
шетел техникасын пайдалануға бағытталды. Сол мерзімде, яғни 1966 ж.
мемлекет құрылды KIST. Оның негізгі мақсаты – озық шетел технологиясын
үйрену, өндіріске қолдану болды.
70-жылдардың ортасынан бастаған келесі кезеңде капиталды көп қажет
ететін және технологиялық тиімді, машина жасау, кеме жасау, химия,
электроника және электро-эенргетика секілді салалар мемлекеттік қолдауға ие
болды.
Мамандарды даярлау ісі қолға алынып, көзделген бағытқа сәйкес келетін
ЖОО KAIST-Korean advances Institute of Science aqnd Technology ашылды.
Ол үкіметтің адам ресурстарын дамыту және кадрларды дайындау саясатын
жүзеге асыруға көмектесті.
80-жылдардың басында инновациялық саясатты дамытутдың және жүзеге
асырудың үшінші кезеңі аяқталды. Ол стартегиялық маңызды салаларға
шоғырланаған инвистицияларды бағыттауды қаржыландыру, инвестициялау және
кедендік бақылау салаларын либеризциялау көздеді, зерттеулер мен жобалаулар
саласында тұңғыш ұлттық бағдарлама жасалынды. Ғылымды, білікті мамандарды
даярлауды мемлекетте қаржыландыру күшейе түсті. Даэдок ғылыми қалашығы
құрылды. Бұл ғылыми қалашық мемлекетт тарапынан және жеке сектордан
қаржыландыратын оқу орындары, зерттеу орталықтарымен венчурлік фирмаларға
ғимарат беріп, олардың біріккен зерттеулеріне көмек көрсетті.
90-жылдарда экономика негізін – чевольдар – экономиканың әр саласында
істейтін компаниялар кіретін холдингтар құрады. Оның қаржыландыру көздері
мемлекетте кепіл қойып алатын мемлекеттік және шетел кредиттері еді.
1997 -2002 жылдарға арналған инновацияның бес жылдық жоспарымен
елдің 2025 –жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ мерзімді
жоспарында да, мемлекетің рөлі ерекше.
Шетелдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттік рөлінің
өте маңызды екеніне көз жеткіздік, енді елміздегі инновациялық үрдістерлі
дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетініне тоқталайық. Оны
"Инновациялық қызмет" туралы заңынан көруімізге болады. Оның негізгі
бағыттары келесідей:
1. Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламаларды
жасау.
2. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инновацияны
жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
3. Инновациялық инфрақұрылымды құру.
4. Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды
мақсатты қаржыландыру.
5. Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
6. Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновациялардың міндетті түрде
рынокпен қамтамассыз ету.
7. Отандық инновацияларды шетелге шығару.

1. Бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ ИНДУСТРИАЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ

1. Экономикалық дамудың құрылымдық шегі (ҚР индустриялық саясаты)
Шаруашылықтың қазіргі әлемдік жүйесі ресурстардың алғашқы
түрлерінің шектеулігіне байланысты оларды тиімді пайдалануға деген
қажеттіліктердің тереңдеуімен сипатталып отыр. Ресурстарды тиімді қолдану
ұлттық экономиканың әртүрлі секторлары мен құрылымдық деңгейлерінде
инновациялық процестермен іске аспақ. Қазақстан Республикасының халықаралық
еңбек бөлінісінің жүйесіне енуі мен жаһанды бәсекенің қысымына төтеп бере
алу мүмкіншіліктері инновациялық шараларды дұрыс ұйымдастырып, оны іске
асыра білуіне байланысты. Олай болмаған жағдайда бәсекеге қабілеттіліктің
барлық деңгейлерінде: тауарлық, фирмалық, салалық және мемлекеттік ауқымда
олар қосымша құны жоғары бәсекелік артықшылықтары бар өнім өндіруде
көптеген кедергілерге соқтығады.
Елбасы Н. Назарбаевтың 2004 ж. Қазақстан халқына жолдауында
инновациялық дамудың, яғни ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға
бағытталған жаңа экономикалық саясаты белгіленген. Республикамыздың 2003-
2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты
тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық
экономикаға көшіру мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялауға
негізделген. Яғни бұл мәселелерге ұлттық ауқымда көңіл бөліне бастады.
Үшінші мыңжылдықтағы ғылым айдарымен өткен халықарлық конференцияда
Елбасы: Жаңа Жүзжылдықтағы тұрақты даму стратегиясы отандық ғылым
жетістіктеріне ресурстарды үнемдейтін және экологиялық технологиялар
негізінде ғылыми сыйымдылығы жоғары және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге
байланысты екендігі күмәнсіз, деп атап өтті. Жетілген экономика деп жаңа,
әрі күрделі салаларда бәсекеге түсе алатын экономиканы атайды, ал бұндай
жетістіктерге тек инновациялық қарқынмен ғана қол жеткізуге болады.
Инновация ұғымы ағылшынның innovation сөзімен ұғымдас және
жаңалықтар енгізу деген мағынаны білдіреді. Бұл терминге Оксфордтың
түсіндірме сөздігінде төмендегіше ауқымды мағына берілген:
Конструкциялаудың, тауар өндірісі немесе оны өткізудің кез-келген жаңаша
әдісі, бұны енгізген инноватор немесе компания қандай да бір бәсекелік
артықшылыққа ие болады. Патенттерді қолдана отырып табысқа қол жеткізген
инноватор уақытша монополист болғанымен, қандай да бір мерзімнен кейін
бәсекелестер де табысты нарыққа кірудің әдісін табады. Кейбір компаниялар
өнімнің жаңаша түрін қалыптасқан сұранымға қарай бейімдесе, басқалары жаңа
нарықтар құрай алатын технологялық жаңалықтар енгізіп отырады.
Егер қандай да бір салада бір өнімді басқа өнім тез алмастырып
отырса, онда фирмалар өзінің техникалық артықшылықтарын сақтап қалып, өз
өнімдерін бәсекелестерге қарағанда шапшаң енгізу үшін ҒЗТКЖ-на көп уақыт
пен қаржы жұмсап отыруы тиіс, яғни инновациялық стратегияларды ұстанып
отыру фирмалардың нарықтағы өміршендігін анықтайды. Сонымен қатар саладағы
тәжірибе қисығы жоғары болса, жаңа өнімді ең алғаш енгізіп, басым нарықтық
үлеске қол жеткізген фирмалар өндіріс шығындарын төмендетуге негізделген
бәсекелік артықшылықтарды да қолдана алады.
Ноу-хау мен технологиялардың ақпараттық тұйықтығы саладағы бәсеке
интенсивтілігіне ықпал ете алатын мықты фактор болып саналады. Ерекше
технологияларға патенттер мен біліктілігі жоғары деңгейдегі персоналдың
болуы салаға жаңадан енгісі келетін және басқа да бәсекелестерге мықты
тосқауыл бола алады. Әр фирма ерекше бәсекелік артықшылықтар беріп отырған
технологиясын қорғап отыратындықтан, бақталастардың мүмкіндіктері
техникалық жағынан бәрібір толыққанды бәсекеге түсе алмайды.
Технологиялық инновацияларға өндірістік аяда ең алғаш рет зерттеу
жүргізген ғалым Й.Шумпетер еді.Ол өзінің іскерлік белсенділік циклдері
Ілімінде экономикалық дамудың қозғаушысы кәсіпкердің инновациялық
әрекеттері деп көрсетті. Яғни кәсіпкер экономика мен экономикалық өсімнің
бәсекелік тұрғыдағы құрылымдық өзегерісінің қайнар көзі. Жалпы
инновацияларды өнім өндірудің кез-келген кезеңінде енгізуге болады.
Инновациялық өзгерістер технологиялық процестерден басқа жабдықтар мен
құралдардың жаңаша түрлерін енгізу мен тұтынушыларға тауарды сатуға дейін
және сатудан кейін қызметтің ерекше, жаңашыл түрін көрсете отырып,
дифференцияланған бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізудің басты шарты.
Инновацияларды шартты түрде екі деңгейде қарастыруға болады:
3. Өндіріске алғаш рет енгізіліп отырған жаңалықтар, идеялар – ал
бұларды енгізіп отырған инноватор жоғарғы деңгейдегі бәсекелік
артықшылықтарға қол жеткізе алады.
4. Имитатор – фирмалар енгізіп отырған қайталанбалы ноу-хау немесе
жаңалықтар.
Бірінші деңгейдегі инновациялар мекемелердің барлығында жаппай
қолданыс таба алмауы ықтимал. Екінші қатаң бәсеке талаптарына төтеп бергісі
келетін фирмаларда қолданыс табуы керек.
Егер қандай да бір салада бір өнімді басқа өнім тез алмастырып
отырса, онда фирмалар өзінің техникалық артықшылықтарын сақтап қалып, өз
өнімдерін бәсекелестерге қарағанда шапшаң енгізу үшін ҒЗТКЖ-на көп уақыт
пен қаржы жұмсап отыруы тиіс, яғни инновациялық стратегияларды ұстанып
отыру фирмалардың нарықтағы өміршендігін анықтайды. Сонымен қатар саладағы
тәжірибе қисығы жоғары болса, жаңа өнімді ең алғаш енгізіп, басым нарықтық
үлеске қол жеткізген фирмалар өндіріс шығындарын төмендетуге негізделген
бәсекелік артықшылықтарды да қолдана алады.
Ноу-хау мен технологиялардың ақпараттық тұйықтығы саладағы бәсеке
интенсивтілігіне ықпал ете алатын мықты фактор болып саналады. Ерекше
технологияларға патенттер мен біліктілігі жоғары деңгейдегі персоналдың
болуы салаға жаңадан енгісі келетін және басқа да бәсекелестерге мықты
тосқауыл бола алады. Әр фирма ерекше бәсекелік артықшылықтар беріп отырған
технологиясын қорғап отыратындықтан, бақталастардың мүмкіндіктері
техникалық жағынан бәрібір толыққанды бәсекеге түсе алмайды.
Технологиялық инновацияларға өндірістік аяда ең алғаш рет зерттеу
жүргізген ғалым Й.Шумпетер еді.Ол өзінің іскерлік белсенділік циклдері
Ілімінде экономикалық дамудың қозғаушысы кәсіпкердің инновациялық
әрекеттері деп көрсетті. Яғни кәсіпкер экономика мен экономикалық өсімнің
бәсекелік тұрғыдағы құрылымдық өзегерісінің қайнар көзі. Жалпы
инновацияларды өнім өндірудің кез-келген кезеңінде енгізуге болады.
Инновациялық өзгерістер технологиялық процестерден басқа жабдықтар мен
құралдардың жаңаша түрлерін енгізу мен тұтынушыларға тауарды сатуға дейін
және сатудан кейін қызметтің ерекше, жаңашыл түрін көрсете отырып,
дифференцияланған бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізудің басты шарты.
Инновацияларды шартты түрде екі деңгейде қарастыруға болады:
5. Өндіріске алғаш рет енгізіліп отырған жаңалықтар, идеялар – ал
бұларды енгізіп отырған инноватор жоғарғы деңгейдегі бәсекелік
артықшылықтарға қол жеткізе алады.
6. Имитатор – фирмалар енгізіп отырған қайталанбалы ноу-хау немесе
жаңалықтар.
Бірінші деңгейдегі инновациялар мекемелердің барлығында жаппай
қолданыс таба алмауы ықтимал. Екінші қатаң бәсеке талаптарына төтеп бергісі
келетін фирмаларда қолданыс табуы керек.
Қазіргі кезде экономикалық байланыстармен қатар ақпараттар мен
технологиялардың да жаһандық сипатқа ие болуы ішкі нарықтағы бәсеке мен
халықаралық бәсекеге де сәйкесінше өзгерістер енгізіп отыр. Мұны төмендегі
тенденциялардан байқауға болады:
- бір текті өнім ұсынып отырған жабдықтаушылар сыбайлас мекемелермен
өндірістік байланыстарын нығайта отырып, шығындарын барынша
азайтуға ұмтылысы;
- нарықтағы бәсеке интенсивтілігінің күшеюіне байланысты өз
фирмаларының мүдделерін қорғауға бағытталған стратегиялық
альянстардың және диверсификация негізінде құрылған
конгломераттардың көбеюі;
Біздің пікірімізше, ұлттық экономикадағы инновациялық белсенділік қана
өнеркәсіптің жетекші факторы бола алады. Бұл мәселе жөнінде ресейлік
экономистердің дұрыс пайымдауынша ресейлік экономиканың бәсекеге
қабілеттілігінің көп факторлы мәселелері жан-жақты бағытта қарастырылуы
тиіс. Бұл факторлардың шінде жетекші орында инновациялық факторлар тұр,
өйткені дәл осы факторлардың ықпалымен экономиканы құрылымдық түрде
өзгертуге болады.
Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен экономикалық өсімінің мықты
көрсеткіші алғышарттарын алдыңғы технология мен инновацияның,
жұмыскерлердің кәсіпқойлығының артуы қамтиды. Брақ бұл процесс
мемлекетімізде инновациялық әлеуеттің болуына қарамастан нарық субьектілері
тарапынан толық қолданыс таппай отыр.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай
ұлттық ресурстарды мақсатты түрде дұрыс шоғырландыру, инвестициялық
ресурстарды стратегиялық бағытта қолдану ьәсекелі ортаны қалыптастырып,
фирма қызметінің тиімділігін арттыруға, инновациялық белсенділігін
жеделдетуге және олардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін
арттыра отырып, мемлекеттің инновациялық бағыттағы тұрақты өсімін арттыра
алады. Республикамызда инновациялық белсенділікті арттыруға кедергі болып
отырған негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады:
• бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
• банктердің несиелік мөлшерлемелерінің жоғарылығы;
• Тапсырыс берушілердің төлем қабілетсіздігі сияқты макроэкономикалық
факторлары.
Салық кодексіндегі кемшіліктер кіші бизнестің дамуының басты
кемшіліктерінің бірі болып, инновациялық процестердің тежеуішіне айналды.
Оған қоса Қазақстанның экономикалық дамуының өндірістік қуатының артуына
байланысты шетелдік бәсекелестер де өздерінің инновациялық өнімдерін
әлемдік нарыққа, оның ішінде біздің елімізге экспорттауда
контрстратегияларын күшейтіп отыр.
Соңғы кездері ҚР статистика агенттігінің ақпараттық – талдау
мәліметтері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге бөлінетін
мемлекеттік бюджет қаржыларының көлемі артып келеді(1 кесте).
2004 жылы мемлекетімізде ғылыми зерттеу және өңдеу жұмыстары 295
ғылыми ұйымдарда жүргізіліп, орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың
көлемі 18.5 млрд. теңгені құрады (2 кесте).
Жалпы технологиялық инновацияларға жұмсалған барлық шығындар –
26933,1 млн. теңгені құрап, оның ішінде инновациялық жобаларды
инновациялауға жұмсалған мекемелердің қаржыларын – 95,8 пайыз,
республикалық бюджеттен – 0,1 пайыз, шетелдік қаржылар – 0,9 пайыз және
басқалары – 1,6 пайыздан тұрады.
Республикамыздың нарықтық қатынастағы даму жолындағы ұлттық
экономикамыздың стратегиялық маңызы бар өзекті мәселелеріне отандық ғылыми
сыйымды өндірістер мен дамушы салаларды дамыту, ұлттық бәсекеге қабілетті
өнім шығаруға негізделген және мемлекетіміздің ғылыми-техникалық өндірістік
әлеуетін сақтау және дамыту арқылы ұлттық бәсекеге қабілеттілік пен
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Постиндустриалды кеңістікте технологиялық прогрестің маңызды
факторларының бірі – мемлекеттің инновациялық саясаты болып отыр. Бұны
экономикасы мықтап дамыған технологиялық дамудың жоғары сатысында тұрған
мемлекеттері нарық субьектілерінің инновациялық белсенділігі мен
экономикалық өсім арасындағы шартты байланыс дәлелдеп отыр. Ұлттық
экономикада ғылыми сыйымдылығы жоғары және жоғары технологиялық салалардың
болуы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустриялық-инновациялық даму. Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының қаржылық қызметіне талдау жасау
Индустриалды-инновациялық даму
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Қазақстан Республикасының инновациялық саясаттарының бағыттары
Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы
ҚР Ұлттық қоры
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы
Пәндер