Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі
Жоспар
1) Балалық шағы
2) Жасөспірім кезі
3) Баянауылға оралуы
4) Шәкірттік кездегі өлеңдері
1) Балалық шағы
2) Жасөспірім кезі
3) Баянауылға оралуы
4) Шәкірттік кездегі өлеңдері
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы - 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) - ақын, ағартушы. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 - 13 жылдар аралығында "Оқып жүрген жастарға","Тәліптерге"("Шәкірттерге "),"Ендігі беталыс","Оқудағы мақсат не?","Анау-мынау","Мағынасыз мешіт","Жарлау","Досыма хат","Шығамын тірі болсам адам болып","Түсімде","Жазғы қайғы","Қымыз","Кешегі түс пен бүгінгі іс", т.б. өлеңдерін, "Зарландым" атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста "Қамар сұлу" романын жазуды бастады.
1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров "Айқап" журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, "Өлең һәм айтушылар", "Ауырмай есімнен жаңылғаным", "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?"]], т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын
1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін "Шоң серіктігі" деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен "Ләнет бұлты шатырлап", "Алтыаяқ" сияқты өлеңдер жазған. "Ендігі беталыс", "Тұрмысқа", "Бір адамға", "Туған еліме", "Сымбатты сұлуға", "Қыз сүю", "Гүләйім", "Өмірімнің уәдесі", "Жан қалқам", "Гүл", т.б. өлеңдерін, "Кім жазықты?" атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді.
1916 - 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. "Шәкірт ойы" өлеңінде "Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды", "Мұздаған елдің жүрегін жылытуды" армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.
1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, "Алаш ұранын" жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап,
1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.Ц. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып,"Шал мен қызға","А, дүние","Жас жүрек","Сарыарқаның жаңбыры","Адасқан өмір","Кедей","Айтыс", т.б. өлеңдерін жазды.
Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 - 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz