Ортаңғы класс



Кіріспе
Негізгі бөлім
1Неліктен Қазақстанға ортаңғы класс керек
2Ортаңғы класстың қоғамдағы маңызы
3 Дамыған елдердегі ортаңғы класстың дамуы(АҚШ)
Қорытынды Қолданған әдебиет

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
“Ортаңғы класс”
План
Кіріспе
Негізгі бөлім
1Неліктен Қазақстанға ортаңғы класс керек
2Ортаңғы класстың қоғамдағы маңызы
3 Дамыған елдердегі ортаңғы класстың дамуы(АҚШ)
Қорытынды

Кіріспе
Ортаңғы класс. Осы терминмен АҚШ-ты сипаттасақ жөн болар. Шынында да,
көптеген ғалымдар класстық стратификацияның принциптері түгелдей дерлік
жүзеге асқан мемлекетке мысал келтірсе, бірінші орында АҚШ-тың болуы айдай
анық. Егер Еуропада ХХ ғасырдың басына қарай сословиелік бірлестіктердің
қалдығы қалса, АҚШ-та класстық қоғамның пайда болуы жаңа парақтан басталған
болатын. Өйткені, бұл мемлекетті әр елден келген эмигранттар құраған
болатын, олар өздерімен бірге ақшаны, үй заттарыды, білім мен ғылымды,
тіпті дәстүрін әкелсе де, стратификация жүйесін әкеле алмағандай еді. Олар
жаңадан пайда болды.
Ортаңғы класс деп – жоғарғы және төменгі орынды алатын қоғамдағы статустық
позицияны атаймыз. Көп жағдайда, осы класс социалдық топтың ең көбін
құрайды, қоғамды реттеуші және мамандырылған жұмыс күшін береді.

1Неліктен Қазақстанға ортаңғы класс керек?

Оның пайда болуы және саны жүргізіліп жатқан реформалардың позитивті
екендігіне дәлел болады. Егерде жан-жақты дамыған қоғам өзінің күшіне
сентін болса, Қазақстанның экономикасына салынған ақша бекер кетпейтіне
кәміл сенемін. Және де “оқу-мамандық-табыс-статус” деген қағида әр адамның
ойына “арманға әкелетін жол” болып санасына жазылар.
Әлеуметтік тұрақтылықтың құпиясы оп-оңай: әр адам өзінің тәжірбиесі арқылы
мемлектте жасаған істерінің жемісін жей алатындығына көз жеткізу керек.
Қазақстанның қалыптасуына үлес қосатындар келешекте осы істің жақсы
жақтарына қол жеткізе алады. Ортаңғы класстың Қазақстанда көп болуы –
көпшіліктің алда келе жатқанына мысал бола алады және жақсы реформалардың
жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Сондықтан реформалардың ортаңғы классқа
тигізетін әсері өте үлкен.
Қай заманда болмасын ортаңғы класс өзіне не керектігін жақсы білген: табыс
пен тұрақтылық. Егерде қоғам осы классты қанағаттандырса – ортаңғы класс
елдің қорғайды және елдің табысын бірнеше есеге көбейткендей еді. Керсінше
болған жағдайда - мемлектті құлатқандай еді.
Тәуелсіз Қазақстан өмірін жаңадан бастап келе жатқанда ортаңғы класстың
жағдайы жақсы болған – мамандығының жоғары деңгейі мен табатын табыстың тең
болуы. Бәрімізге белгілі, ортаңғы класс әлуметтік теңсіздік кезінде қиын
қалыптасады.
Ортаңғы класстың еңбегінің арқасында әлем байлықтарына қол жеткізе алдық.
Ол арқылы Батыс Еуропа елдерінің, Оңтүстік Азия елдерінің өмір деңгейі
өскен болатын. Ал қазіргі кезде Қазақстанда отаңғ класстың жағдайы өте
мүшкіл. Гидденс былай деген екен: Жаңа заманға бейімделе алмаған және қиын
жағдайда керектіқадамдар жаса алмайтын еңбекшілер жоғарғы класстың
ойыншығына айналары сөзсіз.
Мықты және көп санды ортаңғы класстың жоқ болғандықтан Қазақстан энергиялық
өндірістен ғылымды қажет ететін өндіріске қол жеткізуі қиын. Бірақ ештеңке
өзгермейді деген тұжырымнан алшақ болайық. Қазіргі кезде мемлекеттің
қоғамға деген көз қарасын өзгерту керек.
Америка эконмика стагнациясы пайда бола бастағанда, олар басқарудың жаңа
бағыттарын іздей бастады. Экономикалық политиканың Этатистско –корпоратив-
ті моделі АҚШта І Дүниежизілік соғыс кезінде және ХХ ғасыр-дың 30-
жылдарында жақсы нәтижелерге жеткен болатын. Бұл кезекте АҚШ нарықты,
монополияны қадағалауға, жалақыны көбейтуге, халықты жұмыспен қамтамасыз
етуге үлкен көңіл бөлген. Егерде АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойы либералдық-
нарықтық тәжірбиесімен нарықты басқаруды ауадай қажет деп санаса, жаңадан
нарықтық қатынасқа енді кірейін деп жатқан Қазақстан туралы не айта аламыз?
Бұрынғы КСРО қармағында болған елдерді зерттейтін шет елдердің эксперттері
былай дейді: Социализмдегі артықшылықытарды капитализмнің артықшылығымен
өзгертпей-ақ, тезірек экономикалық реформалар жасау керек. Тіпті алда келе
жатқан Батыс елдері аралас эконмиканың өз елдерінде болғанын қалайды.
Қазіргі кезде экономикалық бірлестіктердің қолына күш бергеніміз жөн болар.
Өйткені тек эконмикалық корпорациялар қиын заманнан құтқаратын бірден-бір
жолы болатын еді. Келеңсіз жағдайлар орын алып жатса, өкімет көмектесіп,
қадағалап тұруы тиіс. Жеке меншіктік қатынастың дамуы мемлекетпен тығыз
қарым-қатынаста жүруі тиіс. Ал бұл – ортаңғы класстың өсудің және
қалыптасудың бір амалы.
Қазақстанға сабақ ретінде Оңтүстік-Шығыс Азия елінің ортаңғы классы бола
алады. Олардың байсалдығына қарамастан, олар тек 20-30 жыл ғана өмір сүрген
болатын. Шығыс елдерінің көпшілігі бірнеше жылдарға созылған диктатураға,
авториторизмге жол бергені үшін қазіргі кезде қиын кезеңді басынан кешіріп
жатыр. Мысалы Кореяның ортаңғы классы мемлекетке көмектесуі үшін соңғы
әшекей бұйымдарын сатады, ал Қазақстандықтар жақсы реформа жүргізу үшін
бірігіп көмек көрсете алмайды. Бұрынғы КСРО елдерінің ортаңғы классы қазір
әрең жеке меншік иелеріне айналса, Батыс елдің ортаңғы классы бұл статусқа
туа біте иеленеді. Қазақстанның ортаңғы классы өзінен өзі көтерілмейді,
өйткені көбінің шамасы жоқ. Ортаңғы класстың көтерер бірден бір жолы – адам
білім алады, өз мамандығы бойынша жұмыс істейді, өзі бизнес ашады немесе
карьерасын көтереді. Сосын ғана ол үлкен статусқа ие бола алады.

2Ортаңғы класстың қоғамдағы маңызы.

Ортаңғы класс қоғамда аса ерекше роль атқарады, оны адам баласының
омыртқасымен теңестіруге болады, ол тұрақты, әрі бір қалыптылығын сақтайды.
Бұл классқа кіретіндер көбінесе экономикалық тәуелсіздігі бар адамдар
немесе белгілі бір кәсіп иелері жатады. Және де бұл қасиеттер әрбір қоғамда
жоғары бағаланады.
Ғалымдар, молдалар, дәрігерлер, адвокаттар, менеджерлер,банкирлер, жеке
меншік иелері – социалдық негізін құрайды. Ортаңғы класс жоқ жердегі қоғам
тұрақсыз болып келеді.
Ортаңғы класс ұғымы XVII ғасырдың аяғында Англия жерінде мықты жер
иеленушілерге және өте кедей адамдарға қарсы болған жеке меншік иелердің
ерекше топтарын сипаттауға қолданған. Кейіннен бұл ұғым уақыт келе дамып,
біздің күндерімізге жетті.
Ортаңғы класс – дүниежүзілік тарихтағы тамаша құбылыс. Өйткені ол адамзат
тарихында болып көрмеген екен. Қоғамда өзіне тән қызметті атқарады.Ортаңғы
класс – қоғам реттеуші. Егер оның саны көбірек болса, төңкерістер,
ұлтаралық конфликтілер, социалдық катаклизмдер аз болады.
Бұл классқа өз өмірін өз қолмен жасағандар жатады, яғни адамдар осы өмір
осылай қалуына үлкен қызығушылық танытады. Ортаңғы класс екі үлкен полюс
түзеді – байлар мен кедейлер,және олардың бір-біріне қақтығысуына жол
бермейді. Егер де екі полюс бір-біріне жақындаса, үлкен қауіп төнеді және
керіснше.
Ортаңғы класс – ұсақ және орта бизнестің ең үлкен тұтынушысы болып
табылады. Осы класс көбірек болса, ұсақ бизнес аяғына нық тұрады.
Қоғамда орталықтың болуы бірте-бірте демократияға әкелетін жолдардың бірі.

3Дамыған елдердегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаян тәрізділер
Шaянтәpізділep класы
Шаянтәрізділердің әр түрлі өкілдері
Жалпақ құрттар туралы
Өсімдіктер мен балдырлар
Шаянтәрізділер класы-Crustacea
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Жапырақты сабақты мүктер
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - РLATHELMINTHES НЕМЕСЕ РLАТОDES
Консорция. түрлік консорция. популяциялық эндоконсорттар. эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы. биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану
Пәндер