Аудит түрлеріне сипаттама



Мазмұны

Кіріспе
1 Аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылауының нысаны ретіне дамуы
1.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
1.2 Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері

2 Аудит түрлеріне сипаттама
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

3 Тәуелсіз қаржы бақылауының дамуы
3.1 Аудитті жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары
3.2 Аудиттық жоспарлаудың сатысы
3.3 Жалпы жоспар құрастыру мен аудит бағдарламасы

Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылауының нысаны ретіне дамуы
1.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
1.2 Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері

2 Аудит түрлеріне сипаттама
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

3 Тәуелсіз қаржы бақылауының дамуы
3.1 Аудитті жоспарлаудың мақсаты мен қағидалары
3.2 Аудиттық жоспарлаудың сатысы
3.3 Жалпы жоспар құрастыру мен аудит бағдарламасы

Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Кіріспе

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен
білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына
алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл
сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда тыңдаушы деген мағынада
қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде,
қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік
туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латын сөзінен шыққан, яғни ол тындап тұр деген мағынаны
білдіреді. Шаруашылық – жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе
бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ертен заманда аудитор -
тындаушы дегенді білдіретін, яғни қандайда да бір нәрсені тындайтын адам.
Ол адам қызмет барысында аудитоор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза
алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – лауазымды қызметкерлердің
қорытынды есебін тындауға тиісті қызметкерлерді аудитор деп атаған. Бір
қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің
жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені
кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп
түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші
өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: бет көрсе – жүз ұялады, - деген ұлы
сөзшің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден тындаушы мен саған
сенемін - деген, ал өз кезегінде есеп беруші сеніміңізді ақтаймын -
деген адамгершілік қасиет негізінде алынған деп тұжырымдауға болады.

1 Аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылауының нысаны ретінде дамуы

1. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері

Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын audio деген латын сөзінен
шыққан, аудармадағы мағынасы ол естиді немесе естуші дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған.
Оған оқытушы басқа оқытушыларды сабақта өткен материалдарды қалай
меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп
отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік
басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп
беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы
ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған,
сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да
жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез-келген құжатты қолдан оңай
түзей салуға болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тіке қарап тұрып
өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын, деп санаған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-
қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің
дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі ІV
мыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің
жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде
ұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет
өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс қазынаны толтыру және кіріс пен
шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның
ішінде аудит те бар. Мұндағы мақсат – қателіктерді азайту және шенеуніктер
тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол
уақытта Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету,
адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.

Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты
антикалық елдерде де болған. Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің дәуірімізге
дейінгі 3400-2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық
операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе
берілді, соның санын папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды
жүзеге асырған, ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің
немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған. Ресурстардың қозғалысы
мен болған оқиғалар бойынша операциялар қатаң тәртіппен құжатталып отырған,
тікелей орындаушылар мен қатысушылардан тәуелсіз жүзеге асырылатын
шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон
мемлекетінде пайда болған. Хаммурани заңы (біздің дәуірімізге дейінгі 2200-
2150 жж.) конгрестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға – мемлекеттік
есепшілікті жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп
саналған.
Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің
дәуірімізге дейінгі 1122-256 жж.) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде
барлық үкімет департаменттерінің мұқият әзірленген бюджеті мен аудиті
жүзеге асырылды. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі 700 жылы ол жақта негізгі
міндеті мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет
шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болып табылатын Бас аудиторлық
қызметі болған.
Афинада біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Халық жиналысы
мемлекеттің кірісі мен шығысын бақылады, ал оның қаржылық жүйесі барлық
лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі біткенше құжаттарын тексертіп үкімет
аудиторларын қамтыды.
Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда болуы арнайы ғылыми
білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңімен тығыз
байланысты. Бухгалтерлік есеп туралы алғаш рет ғылыми кітап жазған
италияндық ұлы математик Лука Пачоли (1445-1517 жж) арнайы бюрода тексеріп
және тіркеп отыратын көпес кітабының іс жүзіндегі пайдалылығын атап кеткен
болатын.
Шаруашылық қызметтің дамуы есептің саапсы мен есеп берудің
шындыққа жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді. Англияда
аудиторлық алғаш рет 1299 жылы пайда болды, ал 1324 жылдың 24-інші
наурызында король Эдуард ІІ, үш мемлекеттік аудиторды тағайындады.
Тағайындау туралы жарлықта аудиторды Оксфорд, Беркенхед, Уэльс
провинцияларындағы барлық есепшотты тексеруге, оларды тыңдауға, олардан
сұрауға және есепшоттарды жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға
міндеттейді.
ХІІ ғасырдан бастап Англия мен Шотландия, Италия, Франция және
Еуропаның басқа елдерінің Қазынашылық мұрағаттарында (архив) аудиторлық
қызмет туралы мағлұмат жиі ұшырасады. Мысалы, Ұлыбританияда екі типті аудит
жүргізілген:
1) аудит қалаларда елдің көзінше, яғни жария түрде – билеп
төстеуші лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылған, қазынашы
аудиторлық есеп беруді ауызша, яғни елге естірте оқитын болған;
2) ірі поместьенің қаржылық басқарушының төлем шотын
аудиторлық декларацияға орай дебет және кредит бойынша егжей-тегжейін
тексеру, яғни оны поместьенің қожайыны мен басқарушылар кеңесінің алдында
ауызша есеп берген.

Қалалардың, фабрикалардың өсуімен және сауда-саттықтың кеңеюімен
сипатталатын ХVІ-ХVІІ ғасырлар кезеңіндегі экономикалық өзгерістер есеп пен
аудиттің жаңа тәсілдемесінің пайда болуына итермеледі, яғни себепші болды.
Бұрыштың басына мүлікке деген меншік құқығы мен пайда және залалдың қатаң
калькуляциясы қойылатын болды. Аудит тыңдау процесінен жазбаша құжатты және
растаушы куәні зерттеуді ретімен талдаушыға айналды. ХVІІ ғасырдың аяғында
Шотландияда белгілі бір лауазымды тұлғаға қалалық аудитор ретінде қызмет
етуіне тыйым салу туралы алғаш рет заң қабылданды, осылай ету арқылы батыс
әлемінде сол уақыттан бері осы заманғы аудитордың тәуелсіздігі деген ұғым
енгізілді.
Мұндай аудиторлық озық тәжірибеге қарамастан, тек ХІХ ғасырдың
екінші жартысында ғана кәсіби аудит тұтас іскерлік әлем мен кәсіпкерлік
қызметтің маңызды құрамдық бөлігі болды. Бұл темір жолдарын салу мен
сақтандыру компанияларының, банктердің, акционерлік қоғамдардың өсуімен
байланысты. Ағылшындық темір жол және сақтандыру компаниялары мен басқа да
инвесторлар Солтүстік Америкаға аттанғанда, яғни бағыт алғанда олармен
бірге аса ірі ағылшын кредиторларының мүддесін қорғау үшін тәуекелсіз
аудиторлар да барды.
Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі
ағылшындық болып табылады және ХХ ғасырға дейін АҚШ-тың тәуелсіз аудиті
ағылшындық үлгімен құрылып келді. Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей-
тегжейлі зерттеуді ұйғарды. Роберт Х. Монттомери американдық аудиттің сол
кезеңін есепшоттық аудит деп атаған, өйткені аудитордың жұмыс уақытының
төрттен үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті. Аудит
рәсімі (процедурасы) жылдам ұлғайған американдық бизнеске бейімделе
бастағанда шектен тыс қаражатты талап ететін есептеу мен көшіруді
тексеретін британдық стиль біртіндеп американдық тестілік аудитке
өзгеріп, ауысады (трансформацияланады). Сонымен қатар аудиторлар тестілеу
әдісінен басқа операцияларды тексеру мақсатында бизнес бойынша серіктестен
фирманың қызметі туралы мәлімет жинауды іс жүзіне асыруға кірісті.
Инвесторлардың мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен
бәсеңдігін бағалауға, сондай-ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және
есепшоттарда көрініс табатын шаруашылық операцияларының нәтижелеріне де көп
назар аударатын болды.
ХХ ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық
ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің
ғаламдау (глобализация) тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби аудиттің
дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет (LASC – 1973ж.
негізі қаланған), Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы (NHTOCAN –
1953 ж.), Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (IFAC – 1977ж. құрылған),
БҰҰ-да 1979 жылы құрылған Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары
бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмысшы тобы (ISAR) сияқты халықаралық
және аймақтық ұйымдар қызметіінң маңызы айрықша. Осы жаңашылдықтардың
барлығы ендігі жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың кеңселік нақтылығын
тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының біртіндеп кең өріс алуын
көрсетеді. АҚШ және Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде тәуелсіз аудиттің
өзгеше жүйесі қалыптасқан. Оларды жетілдірудің қажеттілігі көптеген
кридиторлар, инвесторлар және басқа да мүдделі пайдаланушылар тарапынан
шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі туралы сенімді қаржылық ақпаратқа
сұраныстың өсуінен туындап отыр.

2. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері

Американдық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің
негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: Аудит
– бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің
бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін
алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі.
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін
маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай
қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген
жағдайларға байланысты артып отыр:
1. Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
2. ӨЗін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және
кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді
қамтаамсыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін,
пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға ммүкіндігі болмағандықтан
аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына
әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола
бермейді;
6. Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте
маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудиттер арқылы алатын ақпараттың
толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.
Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,
серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы
түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған
деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-
біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.
Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол
экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше
толықтырады.

Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру,
балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру біздің
ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында
аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының
рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В.Соколовтың
айтуынша, тексерудің мақсаты кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал
аудиттің мақсаты – кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.
Әкімшілікті құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын
тексерушіні клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды
клиент өз қалауымен таңдайды және олардың аарсындағы қарым-қатынас
деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының
аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын
тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты
оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да
әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның
ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берудіңлердің
жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды
пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің
табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір
түрі ретінде анықтама беруге болады.
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен
компаниялар іс-әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың
кең ауқымды мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.
Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен
шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы
мәліметтерді алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқамалар
310 Бизнесті білу атты аудиттің халықаралық стандартында ашып
көрсетілген. Алайды бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін
ұйымдастырудақолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр
түрлі салаларында оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда
өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы
арада бизнес аудитінің озық түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты
теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.
Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік,
материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың
тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа
мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да
органдар белсенді әсер етуі ммүкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі
салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті,
отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті
басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық жағдай тудыратын
мүмкіндіктері мен белгілі бір өкілеттіліктері болса да еелулі көмек көрсете
алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды
жақсартуға ықпалын тигізбейді. Бизнесті басқару жүйесін нарықтық
экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет.

2 Аудит түрлеріне сипаттама

2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі

Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің
түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Зандылыққ
тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және
бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы
түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.
Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен
жүргізіледі. Бүл жағдайда аудит тексеруінің көлешн және қойылатын талапты
кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған
шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орындары кәсіпорынға
аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің
кәсіпкершічігінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру
жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.
Нарықты қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттін атқаратын
рөлі өте үлкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінін атқаратын қызметі де,
тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын
орны да ерекше.
Жалпы аудит туралы. оның ішінде сьгртқы аудит туралы осыған
дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің
ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары
немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы
жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп
және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын,
шығарылғаңдығын дәлелдей, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру.
Осындай тиянақты тексеру жургізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық
субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап
олардың экономикасының даму бағышн көрсетіп, оның каржылық жағдайын
нығайту жолдарын айтып, каржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына
түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорыннын, қаржы
жағдаиының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы
қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.
Сыртқы аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері.
Сыртқы аудиттің мақсаты тадсырушының талабына сәйкес анықталады.
Тапсырушылар - кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік егелері.
Мемлекеттік құрылымының тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда
әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның
немесе кәсіпкерлердің, меншік егелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне
қатты көңіл белінеді. Оған себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді
жолмен жүргізсе, мемлекет-ке салық толемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде
мемлекеттің әлеуметтік қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады.
Шаруашылық субъектілеріне аудит тексеруін жүргізгеңде, оның
негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілу жағдайы, оның
көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына
сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.
Сыртқы аудит қызметін атқарушылар — жеке аудиторлар және
аудит фирмалары. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік
иесінің мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржы
қандай жағдайда іске асырылуда? - деген сүрақ ерекше орын алады. Сыртқы
аудит қызметін осы түрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері
бар. Біріншіден, кәсіпорын басшылары өзінің жэне кәсіпорын жұмысын. оның
қаржылық жағдайын тек кана жақсы жағынан, мүмкінділігі болса өсіріп
көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты,
нақты шаруашылық жағдайын білуге қүштар. Нарықты қатынас жағдайыңда
ешқандай фирма, кәсііюрынның нақты жағдайын білмей сыбайлас болып қарым-
қатынастыққа бармайды.
Сыртқы аудитттер өз жүмысын сол елдегі занды түрде қабылданған
аудит стандартына, бухгалтерлік ессп принциптеріне сәйкес жүргізеді.
Фирмалардың, кәсіпорындардың балансы басылымға, тек қана аудитор өз
корытындысын бергеннен кейін және балансқа морін басқаннан кейін ғана
шығады. Әрине, аудитор қорытындысы кәсіпорын ақпаратының дұрыстығын, қаржы
көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана корытынды бергеннен
кейін ғана баланс басылымға рұқсат алады. Ал осы процестердің басылымға
шыгуының үлкен мағынасы бар.

2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты

Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысьмың жүйесіне жатады.
Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз
қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит тәуелсіздігі сияқты
өте кажет жұмыс тәртібі. Сыртған қарағанда ішкі аудиттің төуелсіздік
сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы,
ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.
Аудит қызметі қалынтасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және
орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру
ерекшеліктері:
1) шаруашынық субъектілерінің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит
қажет деп тапқан жағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап,
аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;
2) аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары келісім-шарт жасасып:
а) аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды;
б) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының
міндеті наклы көрсетіледі;
в) аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы
анықталады.
Бұл келісім-шарттың зандынық қүқысы бар, осы орайда ескеретін
жағдай аудитор тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы
тапсырушыға тәуелді емес. Яғни, каржылану, толем мәселесі аудит қызметіне
ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін
жүргізуде, барлық озіне кажет молімет жинауда кәсіпорын бастыларынан
ешқандай қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит
тобының туәелсіздігі жоғарғы сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы
іске алады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жұмысы туралы тікелей жоғарғы
сатыдағы аудит құрылымына, директорлар қоғамынын комитетіне акпарат
тапсырып отырады. Сондықтан да ішкі аудит тобына тапсырушылар немесе басқа
әкімшілік құрылымы ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай
талап, міндет қоя алмайды.
Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы
құралған мәліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару
барысында қолданылатын мәліметтің шындыған, дұрыстығын қамтамасыз ету.
Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының
орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының
орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз
екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын
іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау
жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.
Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы
ақпаратын, информация күрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп
қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар
шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілік көрсеткіштеріне экономикалық
талдау жасап оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын
белгшеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру
тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар
талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы
сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі болып саналады. Кәсіпорын
шаруашынығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қомай ол есеп
саясатының орьғадалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.
Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушылық
жұмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған "Ереже"
талабына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның күрылымы,
аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары,
әдістемелік ереже-нүсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және
жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған
талаптардың құндылығына. кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты
боладьг Ішкі аудит хағдайы өз кезегінле "контракт" келісім-шарты міндетін
атқарады. Себебі, онда ішкі аудит тобының қүқысы, міндеті бір жағынан,
екінші жағанан кәсіпорын басшыларының қүқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі
аудит жағдайында оның негізгі максаты, жұмыс көлемі, іпш бақылауындағы және
анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.
Ішкі аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің
жауапты қызметкерлері қатысуы қажет. Біріншіден, экономика және қаржы
директоры, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының бастығы. Әрине, бүл
құжаттың жоғарш сатыдаш құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы
жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп
көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының
және директордың нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкідцігін анықтап
бекітуімен кепілдік алады.
Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс
процесі және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашынық субъектілерінін негізгі
шығыны осы көрсетілген шаруашылыққа тиісті. Оның ішінде .өндіріс барысының
шышны, әсіресе материал шығыны, өндіріс қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны,
табиғи және өндірістік қосалқы шыған, ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, таш
басқа шығындар кәсіпорын және олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе
ішкі бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты
қарастырылуы қажет. Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақылау және
тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар
барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жазынуын, әкімшілік тәртіптің
орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсілорын бойынша
шығарылған бүйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті. Онымен
қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушылық,
мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.
Ішкі аудит жалпы бақылау жоспарын жасайды, оның ішінде шаруашылық
іс-әрекеттеріне оперативтік, жедел бақылау-тексеруді жетілдіру, осіресе
сату барысы, ондіріс шығыны, таза табысты болжау, өндіріске негізгі күралды
енгізу, қаржыландыру, козш қарастыру мәселелерімен айналысады.
Аудитордың негізгі қызметі өндіріс бөлімдерін, сектордың
жұмысын тексеріп, оңдағы өндіріс шығынын, мөлшерден артық шығынын талдап
немесе жетістіктерін қарастырып оның қортындысын кәсіпорын басшынарына
уақтыны хабарлап отыру. Негізінде аудиттің мақсаты мен міндеті, оның
құрылымы және ішкі аудит тобының құрамы тапсырушы кәсіпорынның талабына
сәйкес анықталады. Ішкі аудит құрылымы келесі бірнеше топтан құралады:
- инвестицияның дұрыс және тиімді пайдалануы, кәсіпорын мүлкінің,
материалының түгелдігін, еңбек және ақша, қаржы ресурсын дұрыс пайдалану,
салық саясатын және салық сомасын дұрыс есептеуді бақылау тобы болып;
арнайы қаржы ақпаратын бақылау, арнайы тексеруші және тексеру тобы болып
бөлінеді. Аудит қызметі барысында бүл ішкі аудит топтары, тапсырушының
қойған міндетіне, татабына сәйкес жұмыс жасай береді. Әрине, мамаңдар
біліктілігіне байланысты, олар барлық саланың жұмысына әмбепап болғаннан
кейін аудит кызметінің саласы да, жоғары орындалуы да жедел боладьу
Арнайы топтарға түсініктеме және онда қызмет мамандарға
мінездеме берейік. Арнайы топтарға қызмет атқаратын мамандардың түрі: аудит
стандартының мамандары. Ішкі аудит қызметінің құрамында оздерінің арнайы
аудит стандарты мен қызметі жүргізіледі. Стандарт мамандары кәсіпорын
бухгалтерлік есебінде, есеп саясатының орындалу барысында аудит
стандартының дұрыс қолданылуын, оның тек түрі ғана сақталмай, негізгі
талаптарының орындалуын қадағалап. бақылау және тексеру жүргізеді.
Анықталған кемшілік болса оны тек қана кәсіпорын басшысына хабарлауға
міндетті; ішкі аудит тобының қызметкерлеріиің біліктілігіне жауапты адам.
Дербес, жеке біліктілігін көтеру бірнеше вариантта жүргізіледі: сырттан
мамандар шақырап, соның көмегімен оқыту арқылы оз тобының біліктілігін
арттыру; Әр аптада немесс ай сайын барлық мамандарды шақырып тексеру
материалдарын, талдауға түскен құжаттарды қарастыру арқылы мамандар
біліктілігін көтеру; мамандар біліктілігін арттыру үшін бухгалтерлік
жұмысқа. экономикалық кызметтерге жіберу немесе мамандар алмастыру
Әрине, бүл жоғарыда келтірілген әрбір тәсілдің өзіндік
ерекшеліктері бар, әрқайсысының өзіндік жақсы жағы да, кемшілігі де бар.
Ішкі аудит тобының басшысы өзі тиімді жолын пайдалануы қажет.
Келесі ерекше мәселе, ол ішкі аудит құрамына білікті мамандар
жинап алу. Қазіргі кезде бухгалтер мамандыш жеткіліксіз, ал білікті
аудитор одан да аз. Оған тағы бір себеп аудит қызметін өте тығыз уақытта
жүргізілу ерекшелігі. Қатал, қаурыт графикпен қызмет атқаруға кез келген
маман бере бермейді.
Ішкі аудит тобы шаруашылық субъектілерінің және филиалдарының
қаржынық ақпаратын нақты. жүйелі тексеріп отырады. Олар, сол кәсіпорынның
күрамында және еңбек ақысын сол жерден алып отырғандықтан өзінің қызметі
мен кәсіпорын сенімін ақтауға міндетті. Ішкі аудит қызметі, онын, берген
кеңесі, ұсынысы кәсіпорын қаржылық жағдайының, кәсіпкерлігінің
тұрақтынығын, тиянақтылығын қамтамасыз етеді
Ішкі аудит қызметі үлкен фирмаларда, Халықаралық корпорацияларда
қызмет көрсетуінің рөлі өте жоғары. Себебі. ондай ірі кәсіпорындарда
тексеру құрылымы болады, ал олардын, сол кәсіпорын бөлімдерінде тексеру
бөлімдері болады. Яғни. ондай кәсіпорындарда ішкі аудит тобы бухгалтерлік
есепті, күнделікті шаруашылық әрекеттерді, құжаттарды тексерудш орнына олар
сол кәсіпорынның экономикалық даму жолдарын қарастырып, кәсіпорынның
қаржылық жағдайының күшею жолдарын, табыстылықты көтеруді қарастырадш
Ішкі аудит оз қызметін талапқа сай орыңдап. онын ролін көтеру
үшін ол тек кана кәсіпорыннын, басшылық талабына сіай қызмет жасауға
міндетті. Сондықтан да шет елдерде, мысалы, неміс елінің кәсіпорындарында
ішкі аудит құрылымының бастығы сол кәсіпорынның жоғарғы басқару тобына
мүшелікке қосыларда өзінің дербестігін қамтамасыз етеді.
Ішкі аудит жалпы үлкен көлемді қызмет атқарады. Оның ішінде
кәсіпорын мүлкін тиімді пайдалануды тексеру, жұмысшылар күшін, еңбек ақы
төлемінің тиімділігін бақылау. Өндірістік кәсіпорындарда ішкі аудит жұмысы
өндіріс шышнын және дайын өнімді сату процесін тексеру. Материалдық және
еңбек шығынына экономикалық талдау жасап, оның тиімді, орынды болғанын
анықтап, төзу сомасын және басқару шығы-нын есептеуді, оның шығысқа
шығарылу есебінің дұрыстығын тексереді. Бүл тексерулер шаруашылық
субъектілерінің экономикасында ерекше орын алады, себебі, жоғарыда аталған
шығындар өндіріс өнімінің өзіндік құнының негізін құрайтын элементтер.
Олардың дұрыс есептелуін тексеру арқылы өндіріс өнімінің өзіндік қүнының
дұрыс анықталғанын, оны сату бағасымен салыстыру арқылы таза пайда
сомасының мөлшерін дұрыс анықтауға болады. Сондықтан да аудит туралы
басылымдарда, ғылыми зерттеулерде ішкі аудит — негізінде оперативтік ішкі
бақылау, тексеру деп тегін айтпасас керек. Өйткені, тек қана ішкі бақылау,
тексеру арқылы әндіріс шығынына нақты өндіріс саласында бақылау жүргізіліп,
іс жүзінде тексеру жасап жауапкершіліктегі мамандарға тікелей үкім беріледі
және жіберілген кемшіліктер оперативтік түрде тузетіледі. Содан кейін әрбір
өндіріс бөлімінің басшысына, өндіріс шығынының дұрыс есептелуіне
жауапкершілік бекітшеді.
Ішкі аудит қызметінде жабдықтаушылармен, сатып алушынармен
есеп айырысу, банк операциялары, қаржы, салық, әлеуметтік қамсыздындару
мекемелерімен, дебиторлармен, кредиторлармен есесптесу процесі тексеріледі.
Сонымен қатар күнделікті касса әрекетін бақылап, тексеріп отыру, құнды
қағаз әрекеттеріне тексеру жүргізеді. Осы орайда құнды қағаз әрекеттерінің
ерекше дамуына сәйкес ішкі аудит қызметінде құнды қағаз биржасындағы оның
бағасының толқуы, соған сәйкес құнды қағаз пакетін сатын алу немесе сату
барысына жүйелі бақылау жасап, кәсіпкерге өзінің ұсынысын жасап отырады.
Бүл өз бетінше ерекше экономикалық ізденіс болып табылады.
Әрине, ішкі аудиттің күнделікті жұмысы — ол кәсіпорындардағы
бухгалтерлік есептің ұйымдастыруын, күнделікті дұрыс жүргізілуін,
материалдармен және мамандармен қаматамасыз етуін бақылап, қадағалап,
тексеріп отыру. Ішкі аудиттің бухгалтерлік есеп тобы қолданылатын
бухгалтерлік есеп фирмасын, алғашқы есеп немесе бухгалтерлік құжаттау
барысын, есеп кестесін толтыру төртібін, екі жақты жасаудың дұрыстығын, Бас
кіталты жүргізуді, бухгалтерлік ақпарат жасауды тексеріп отырады.
Ішкі аудиттің жаңа бір ағымы ол, кәсіпорында басқару
жұмысының құндылығын, тиімдшгін анықтау. Осы тұрғыдан, кәсіпорынның басқару
жүйесі, қызметкерлердің міндетін бөлу, олардың жауапкершілігіне талдау
жасап, басқару құрылымын жақсарту, жетілдіру мақсатымен өздерінің ұсынысын
жасайды. Мамаңдар дайындауға олардың біліктілігін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиттің әдістемелік маңызы
Аудит: әдістемелік маңызы, түрлері
Аудит оның пайда болуы және дамуы
Аудитке ілеспе қызметтер
Аудиттің түрлері мен оларға сипаттама
Жоспарлы төлем тәртібі және есеп айрысудың синтетикалық есебі
Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
«Абди компани» ақ-ның қызметіне сипаттама
Windows 7 ОЖ-де мониторинг, оптимизациялау және аудит
«Қой шаруашылығындағы шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру» (Алматы облысының мәліметтері негізінде)
Пәндер