Экономиканы қаржыландыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Мемлекеттік шығыстардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Бірыңғай бюджеттік сыныптама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2. Экономиканы қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Облыстық және аудандық бюджеттің шығыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

3. Әлеуметтік.мәдени шараларға жұмсалатын шығындар ... ... ... ... ... ... ... .19
3.1 Мәдениетке кететін шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.2 Әскерге кететін шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

4. Мемлекеттік шығыстарының статистикалық мәліметі ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Мемлекеттік шығыстардың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Бірыңғай бюджеттік
сыныптама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2. Экономиканы
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...17
2.1 Облыстық және аудандық бюджеттің
шығыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... .18
3. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын
шығындар ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.1 Мәдениетке кететін
шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1
3.2 Әскерге кететін
шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..24
4. Мемлекеттік шығыстарының статистикалық
мәліметі ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе
Жалпы алғанда мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн
операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi
бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге
жатпайтын жиынтық бюджет. Ал жергiлiктi бюджет - облыстық бюджет,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) бюджетi болып табылады. Негізінен бекiтiлген бюджет -
тиiстi қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламентi немесе
тиiстi мәслихат бекiткен бюджет екендігі баршамызға айқын.
Мемлекетттік шығыстардың шығыстары негізінен бекітілген бюджеттің
негізінде қайтарымды негізінде бөлінген қаржы ретінде есептеледі.
Мемлекеттік шығыстар мынадай бағыттарда құрылады: яғни экономика салаларын
қаржыландыру үшін және де әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету үшін, әрі
ұлттық қорғанысты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ т.б. Әрине еліміздің
әлеуметтік-экономикалық саламыздың барынша жақсы қарқынмен дамуына ерекше
ықпал ету мақсатында осы сәуір айында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік
басшылық органдарының қызметкерлерімен және еліміздң қаржыгелерімен
кездесіп, алдарына үлкен міндеттер қойды. Бұл кездесуде атап айтылғандай
көзделген басты мақсат, елбасымыздың биылғы жылғы жолдауында атап айтылған
алдыңғы қатарлы экономикасы дамыған елу елдің қатарына ену. Яғни осы
мақсатқа жету барысында, елбасымыздың қаржыгерлерге қойып отырған талабы,
еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы барысында түрлі экономика
саласының даму қарқынын жақсарту, әрине мұнда әсіресе білім, денсаулық
сақтау, мәдениет саласын, сонымен қатар егеменді еліміздің аспанының ашық
болып,
Курстық жұмыстың басты көздеген мақсаты –мемлекеттік шығыстардың мәнін аша
отырып, олардың бюджеттің құрылымыжәне оның сыныптамасына жан-жақты тоқтала
отырып қарастыру болып отыр.

Курстық жұмыстың міндеттері :
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні туралы түсінік беру.
2. Бюджеттік ұйымдардың шығыстарының есебін ұйымдастыру.

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге тусетін оқшауланған сфераларды бөліп керсетуге
болады. Меселен, мемлекеттің шаруашылық жургізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
"мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке
ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән:
бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге
асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынаста-рына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты
емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді жөне одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік
емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық- заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында-бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор- бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен
бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу жене
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының ор-талықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет
қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың Қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық
категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес,
сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді
реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен,
мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары-салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға
жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы
ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы
жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын,
қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің
қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының
көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық
бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттпік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі
болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заң).
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған
жөн .
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең
алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қол-дау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға
бағытталуы тиіс. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен
инвестицияларды реттеудің жоне ынталандырудың, өндіріс тиімділігін
арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және
өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің
ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып,
бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене
байланысқан.

1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың
барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде
аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық
бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды
және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды
қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің
жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды
тендестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара
қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен
байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет
құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мсмелекеттің құрылысына,
аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы
мемлекеттің басқа айрықша белгілсріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жуйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттсрінің, сонымен бірге бюджет процссі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйссі үш буыннан тұрады:
мемлекегтік бюджет немесе федералдық бюджет немссе орталық мемлекеттің
бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та - штаттардың, ГФР-да-жерлердің
(ландтардың), Канадада- провинциялардың, Рессйде -федерация субъектілерінің
бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады:
орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі
жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы
мүмкін, бірақ, әдеттегідсй, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды
орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша
белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджст жүйесі бюджет құрлымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланылатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын жәнс дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жұмыс істейді :
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалык, маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
ауданнын, (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтеншс мемлекеттік
бюджеттін әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлексттік бюджеттсрі сияқты, КСРО-ның мемлекетгік
бюджетіне кірді, онда ол аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың
республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында
болды.
Бюджет кодексінс сәйкес, мемлекеттік бюджет- араларындағы өзара өтелетін
операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге
жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-
келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табылады. Бюджет-мсмлекеттің қажетті атрибуты және оның
егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және
муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бүл қорлар олардың жалпы
маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етсді, мсмлекеттік билік пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың
қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса
ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру
мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажст.

1.2 Мемлекеттік шығыстардың құрылымы
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелтiн операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн,
талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық
бюджет.
Мемлекеттiк шығындар мәні сонда, яғни ол мемлекеттiк саясатты iске асыру
мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған)
өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк
органдардың ақы төлеуi ретінде айқындалады.
Бюджеттің құрылымы жан-жақты қарастырылған. Бюджеттiң шығыстары, жалпы
алғанда, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздар бойынша
негiзгi борышты өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.
Бюджет кодексі бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) кiрiстер:
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттiк кредит беру:
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
6) бюджет тапшылығы (профицитi);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
Жалпы алғанда бюджет шығындары негізінен қайтарылмайтын негiзде
бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.
Ал мемлекеттік шығындары мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты
шығындар;
3) мемлекеттiк тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттiк саясатты iске
асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған)
өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк
органдардың ақы төлеуi;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегi үшiн ақшалай
төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларға ақшалай
нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып
табылмайтын шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғаларды өтеусіз және
қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;
7) мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға арналған шығындардың өзге де
түрлерi.

1.3 Бірыңғай бюджеттік сыныптама
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың анықтамасы төмендегідей болмақ;
1. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет түсiмдерi мен шығыстарын
сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық,
ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып
табылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi
бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi.
2. Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттiк сыныптама негiзiнде жүзеге
асырылады.
3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттердiң барлық деңгейлерi үшiн
бiрыңғай және мiндеттi болып табылады.
4. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган әзiрлейді.
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама:
1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы
1. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар
бойынша Қазақстан Республикасының бюджетіде негiзделген топтамасы бюджет
түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, iшкi
сыныптан және ерекшелiктен тұрады.
Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыру болып
табылады. Сыныптар мен iшкi сыныптар түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi
бойынша топтастырады. Ерекшелiк бюджетке төленетiн төлем немесе түсiм түрiн
айқындайды.
Ал бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
1. Мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттiк саясатты
iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша
бюджеттiк қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi
бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық
сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай
деңгейлерден:
функционалдық топтардан;
функционалдық iшкі топтардан;
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнен;
бюджеттiк бағдарламалардан және iшкi бағдарламалардан тұрады.
3. Функционалдық топ - бюджет шығыстарын салалық белгiлер мен
функционалдық бағыт бойынша бiрiктiру.
Функционалдық iшкi топ бюджет қаражатының функционалдық топ iшiнде
жұмсалу бағытын нақтылайды.
4. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшілерiн, функционалдық топтармен бюджеттiк
бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет
шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн. Әлбетте
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы Негізінен бюджеттiк
бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын
операцияларды бейнелейтiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет
шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып
табылады.
2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан,
сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.
Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады. сынып пен
iшкi сынып шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың
негiзгi түрлерi бойынша топтастырады. Ерекшелiк бюджеттiк бағдарламаны iске
асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.
Ал барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк
органдар мен олардың мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Президентiнiң қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз ететiн органдардың
шығыстарын сыныптау
Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар
мен олардың мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз ететiн органдардың шығыстары шығыстардың
экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгі бойынша көрсетiле отырып, бiр
функционалдық топ, ағымдағы бiр бюджеттiк бағдарлама және бiр бюджеттiк
даму бағдарламасы бойынша сыныпталады.

2. Экономиканы қаржыландыру
Жалпы алғанда қаржыландыру - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты
бөлу деген ұғымды білдіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржының, оның есебiнен шығыстар
қаржыландырылуға тиiс және өзге түсiмдер есептелуге тиiс бюджет деңгейiн
белгiлеуге жол берiлмейдi.
Жекелеген ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн
республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген бюджеттiк алып қоюларды
(бюджет субвенцияларын) есептеу кезiнде ескерiлмейтiн сомалар шегiнде
жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн ресми трансферттер
ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер мемлекеттiк, салалық (секторлық) немесе
аймақтық бағдарламалардың iс-шараларын орындауға ғана, сондай-ақ қаржы жылы
iшiнде әкiмдердiң өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе
облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаржыландырылатын iс-
шараларға ғана берiледi.
Әлбетте басқа да бағыттар негізге алынып отырылады:
- облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерiне берiлетiн ресми трансферттер;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің орны толтырылмаған залалдарын
өтеу;
- үкiметтiк борышқа қызмет көрсету және оны өтеу;
- мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергiлiктi мемлекеттiк
басқару органдарының көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да
қаржыландырылады.
Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнен қаржыландырылатын
жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан
Республикасының Yкiметi бекiтетiн штат санының жалпы лимитi және заттай
нормалар негiзiнде жоспарланады

2.1 Облыстық және аудандық бюджеттің шығыстары
Ал облыстық бюджеттiң шығыстары мынадай негізде құқықтық жағынан
қорғалық аса бір ыждахатпен назар аударыла отырып, ескеріледі. Сөйтіп
шығыстар түрлі бағыттар негізінде жүзеге асады.
Облыстық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:
- облыстық деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс
icтeуi;
- облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын орта мерзiмдi жоспарлау;
- облыс деңгейiнде бюджеттiк жоспарлау;
- облыстық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
- облыстық коммуналдық меншiктi басқару;
Ал аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен:
1) қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн
қамтамасыз етуге;
2) бюджеттiк инвестициялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы банктер тарапынан қаржыландыру
Зерттеудің мақсаты
Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері
Ақша-несие саясаты
Экономиканы дамыту шығындары
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының бақылау және реттеу агенттігінің сипаттамасы
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері
Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері
Пәндер