Щедрин Родион Константинұлының шығармашылығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Щедрин Родион Константинұлының шығармашылығы

Әрбір халықтың ардақ тұтар айбыны мен ішкі әлемінің айдыны есепті ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын ұлттың өзімен бірге туындап, біте қайнасып келе жатқан киелі мұрасы бар. Адам жанының ішкі толқынысын, сезім шеруінің нөпірін таңғажайып үн, әуен, ырғақпен жеткізе білетін совет композиторларының шығармашылықтарын осындай мұра қатарына жатқызуға болады. Арғы тегі мен түп - тұңғиығына тереңдегісі келген жанның қай - қайсысы да осы музыка арқылы рухани әлемі мен жан сұлулығы, ерлігі мен өрлігі, даралығы мен дарындылығын, дархандығы мен даналығын сан алуан қасиет - қабілетін таниды, сезінеді, тебіренеді, тәрбие көреді деуге болады.

Ғасырлардан ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын музыканы, яғни бұл мұраны қастерлей білгеніміз жөн. Музыкалық әуен адам жадынан түспей бірге жасасып келуінде табиғилық басым болатындығында. Олай болатыны бізге жеткен әрбір әуеннің келбеті құбылыстар мен оқиғаларға тән, бұкіл жан дүниеңмен сезінгендей күй кешесің. Бейнелеп айтар болсақ, музыкадан аспан мен жер аралығындағы адам танып түсінер, табындарар іс - қимыл әрекеттердің түр - түрі орын алады.

Саналы өмірін хор музыка өнерінің даму, қалыптасу жолына арнаған Щедрин Родион Константинұлының шығармашылығы 50 - ші жылдарды қамтиды. Ұсынылып отырған «Я убит подо Ржевом» атты бұл керемет циклдың негізгі мақсаты - оқушылардың хор шығармашылығына деген сүйіспеншілік пен табиғи тегіне, тарихына деген адалдық, ғажайып мән - мағынасы мен мазмұнын, стиль және жанры жағынан ылайықты ой - пікірлермен музыкалық көзқарастарын қалыптастыру.

Родион Щедриннің хор шығармашылығы көлемі және жанры жағынан әр алуан. Мұндай a’ cappella хор шығармалары христиан және Рус мәдениеті мен дәстүрлерінде ұрпақтан - ұрпаққа кеңінен тарап келеді.

Родион Константинұлы Щедрин 1932 жылы 16 желтоқсанда Москва қаласында музыканттар отбасында дүниеге келген. Совет композиторы, пианист, РСФСР - дің халық әртісі, СССР мемлекеттік премияның лауреаты, көптеген опера, балет және симфониялардың авторы. Алғаш рет музыкалық білімін Орталық музыкалық мектепте бастаған, одан кейін А. В. Свешников жетекшілік еткен хор училищесін бітіріп, 1950 - 1955 жылдары П. И. Чайковскийдің атындағы Москва консерваториясында Ю. А. Шапориннің сыныбында композицияны, Я. В. Флиердің сыныбында фортепианоны аяқтаған. Осы 1955 - 1959 жылдары Москва консерваториясының аспирантурасын бітірген. Студенттік жылдары Щедрин өзінің алғашқы шығармашылық кезеңін бастады. Ол оркестр мен фортепианоға арналған бірінші концертін 1955 жылы Варшава қаласында өткен бүкіл дүние жүзілік жастар және студенттер фестивалінде алғаш рет орындап көптеген жетістіктерге жетті. Бұл шығармадан ұлы шеберлер Прокофьев пен Стравинскийдің тәжірибесі қолданылғанмен, өзіне тән ашық жарқын жазу үлгісімен және болашақтың шарықтау шыңына қол созу мақсатында тыңдаушының жүрегін жаулап алды деседе болады. Бұл қасиет өнерпаздың ең әуелі шығармашылық жұмыс кезінде орыс фольклорының аңызын үйренуі болып табылады, өйткені бірінші кезеңде қалжың өлең сияқты шығармалар жазған. Концерттің финалына қосылған қалжың әнін ойнағанда қатты толғануды көрсетеді. Щедрин бұл фольклорлық жанрдың бағыт - бағдарын өнерден өте көп жылдар бойы іздеп, болашаққа дегн талпынысын үзбеді. Қатты және нық интонациялық тіректі жинау, орыс халық - өлең шығармашылығындағы қайырма «Конек - Горбунок» (1955ж) балетінде кеңінен жарық көрді. Оған қоса бұл шығарма Щедриннің шығармашылық өнерінде бүкіл жан дүниелік бет - әлпетін анықтады. Кей - кезде композитор режисердың өнеріне ұқсап, сахнаның артында өнердің жаңа ағымына әрекет жасаған сияқты болады.

Студент болып жүріп - ақ ол Белорусия, Вологодский фольклорлық экспедицияның қатысушысы болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В. А. Стригоцкий-Пак – Е. Рахмадиевтің ізбасары
Әбдіжәміл Нұрпейісов
Суицид дерті, оның алу жолдары
Театр сәндік өнері
Жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай Құнанбаев
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов
Абай Құнанбаев - өмірі, шығармашылығы
Қазақ әдебиет
Ардақты Шәкәрім ата
Барокко және Классицизм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz