Қазақстан Республикасы мен грек Республикасы арасындағы қатынастар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ГРЕК РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАР
Жоспар :
- Жалпы мәліметтер
- Саяси қарым-қатынастар
- Сауда-экономикалық байланыстар
- Шарт-құқықтық база
Жалпы мәліметтер
1992 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы және Грек Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.
1997 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасында Грекия Республикасының Елшілігі ашылды.
2005 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің №1511 жарлығымен Грекиядағы Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы шешім қабылданды.
2009 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің №814 жарлығымен Грекиядағы Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын Елшілік ретінде қайта құру туралы шешім қабылданды.
2009 жылғы ақпаннан бері Қазақстан Республикасындағы Грекия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Евагелос Денаксас.
2009 жылғы шілдеден бері Грекия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртаев (оның алдында Алмас Хамзаев болған) .
Саяси қарым-қатынастар
Қазақстан және Грекия арасындағы екі жақты қарым-қатынастар халықаралық мәселелердің көпшілігі бойынша қарама-қайшылықтардың жоқтығымен сипатталады. Бұл ретте грек-түрік қарама-қайшылығын, соның ішінде кипр мәселесін де атап өткен жөн. Бұл тұрғыда Қазақстанның көзқарасы бейтарап, БҰҰ мен басқа халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сай келеді.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Грекияға мемлекеттік сапары (2001 жылғы шілде) және Грекия Республикасының Президенті К. Стефанопулостың Қазақстанға сапары (2002 жылғы шілде) екі жақты байланыстардың аса маңызды оқиғаларына жатады. Орын алған келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар өздерінің саяси және экономикалық көзқарастарының жақындығын және қатынастарды жемісті дамытуға ереулі потенциал бар екендігін атап көрсетті. 2004 жылғы тамызда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Олимпиадалық ойындардың ашылу рәсіміне қатысуы үшін Грекияға сапары өтіп, оның барысында Грек Республикасының Премьер-Министрі К. Караманлиспен кездесу ұйымдастырылды.
2009 жылғы 18-20 мамырда Афинада ЕҚЫҰ-ның Экономикалық-экологиялық форумының миграция мәселелеріне арналған екінші сегменті өтіп, оған ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Қ. Әбдірахманов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Аталған іс-шара шеңберінде ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық қызметінің координаторы офисінің, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басқарушы және негізгі құрамымен, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК-ның көліктік бөлімшесінің аға-басқарушы тұлғасы Р. Новакпен келіссөздер өткізілді.
2009 жылғы 1-2 желтоқсанда Афинада ҚР мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев Грекия төрағалығымен өткізілген ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 17-ші отырысына қатысып, бұл іс-шара 2009 жылғы грек төрағалығын қорытындылауға және төрағалықты Қазақстанға ресми түрде тапсыруға арналды.
Қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы аталған отырыстың жұмысына ЕҚЫҰ Төрағалар үштігінің өкілі ретінде қатысып, СІМК-нің үшінші пленарлық сессиясын ЕҚЫҰ-ның болашақ әрекеттегі төрағасы ретінде басқарып, форумның жабылуында сөз сөйлеп, Грекия мен Финлиндиядан келген әріптестерімен бірлескен қорытынды баспасөз мәслихатын өткізді.
Сонымен қатар ЕҚЫҰ СІМК шеңберінде ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаевтың іс-шараға қатысушы бірқатар мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесулері өткізілді.
Парламентаралық қатынастар. Екі мемлекеттің парламенттерінде достық топтары құрылған. ҚР Парламенті Мәжілісінде қазақстан-грек достық тобының жетекшісі депутат, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі С. Тоқпақбаев болса, Грекия Парламентіндегі грек-қазақстан достық тобының жетекшісі биліктегі «ПАСОК» партиясынан депутат К. Ровлиас болып табылады.
2008 жылғы 18 қыркүйекте ЕО - Орталық Азия форумы барысында екі елдің сыртқы істер министрлерінің кездесуі орын алып, оның шеңберінде тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының және аталған ұйым шеңберінде Қазақстан мен Грекияның бірлескен жұмысының мәселелері бойынша ой-пікір алмасты.
2009 жылғы 9-12 қазанда Афинада ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күздік отырысының жұмысына қатысып, оның шеңберінде Грекия парламенті төрағасының міндетін атқарушы Д. Сиуфаспен кездесті. Ассамблеяның күн тәртібіндегі негізгі тармақ «Энергетикалық қауіпсіздік пен қоршаған орта» атты конференция болып, оның барысында энергетикалық нарықтар мен экологиялық жобалардың даму перспективалары туралы жанды пікірталас орын алды.
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаев «Адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» атты сессияда Қазақстанның көпвекторлы энергетикалық стратегиясына, қоршаған ортаны қорғауға қатысты қабылданған нақты шаралар бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ Афинада болу барысында Қ. Тоқаев Грекия Президенті К. Папульяспен кездесті.
Сауда-экономикалық байланыстар
ҚР кедендік статистикасының мәліметтері бойынша Қазақстан және Грекия арасындағы тауар айналымы 2009 жылы 557, 3 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт - 544, 8 млн., импорт - 12, 5 млн. ), ол алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7, 17% жуық ұлғайған (2008 жылы 520 млн. долл. құрады) . Қазақстанның сыртқы тауар айналымы көлеміндегі Грекиямен сауданың үлес салмағы 0, 8% құрады.
2010 жылғы қаңтар-наурызда қазақстан-грек тауар айналымы 272, 5 млн. долл. құрады (экспорт - 268, 8 млн., импорт - 3, 7 млн. ) . Әлемде орын алған қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан бұл көрсеткіш 2009 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда (123 млн. долл. ) екі жақты сауданың 121, 5% артқанын қуаттайды.
Қазақстаннан Грекияға дәнді дақылдарды, тұз, күкірт, топырақ, тас, гипс, асбест, цемент, мыс, мыстан жасалған өнімдерді және т. б. экспорттайды.
Қазақстанға Грекиядан органикалық химия өнімдерін, хош иісті майлар мен шайырларды, сабын, жасанды май-шамдар, желім, энзим, әр түрлі химиялық өнеркәсіп өнімдерін, пластик және пластикалық өнімдерді, тондар мен теріден жасалған өнімдерді, жасанды тері, синтетикалық немесе жасанды өнімдер, дайын киімдер, сондай-ақ тоқыма заттарды, аяқ киім, шойын, темір және болат өнімдерін, механизмдер мен жабдықтар, электр заттарын, жеңіл автокөліктерді, сүйрегіш ауыр көліктерін, велосипед және басқаларын импорттайды.
Инвестициялық ынтымақтастық Грекиямен өзара ықпалдастықтың ұзақ мерзімді басымдықтарына жатады. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банктің мәліметтері бойынша Қазақстан экономикасына салынған шетел инвестицияларының жалпы көлемі 140 млрд. АҚШ долл. асты, оның ішінде грек инвестициялары - 16, 6 млн. долл. Шетелде салынған қазақстандық инвестициялардың жалпы көлемі 95, 8 млрд. долл. жуық, оның ішінде Грекияға - 436, 1 млн. долл. жұмсалды (портфельдік инвестициялар - 262, 6 млн., басқалары - 10, 4 млн., резервтік активтер - 163, 1 млн. ) .
Қазақстан-грек ынтымақтастығының басым бағыттары ретінде энергетика, Еуропа және Азия арасында көліктік-транзиттік байланыстарды дамыту, кеме жасау, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, білім және туризм облыстарындағы өзара ықпалдастық қарастырылады.
2008 жылғы мамырда инженерлік технологиялар мен телекоммуникацияға маманданған «Германос» ірі грек компаниясының делегациясы Қазақстанда болып қайтты. Грек делегациясының Астанада болу барысында индустрия және сауда министрлігінің, «Қазақстан Инжиниринг» и «Қазақтелеком» компанияларының басшылығымен кездесулер ұйымдастырылды.
Мұнай-газ саласы. Грекия Бургас (Болгария) - Александропулис (Грекия) мұнай құбырының құрылысы және «Оңтүстік ағым» жобасының жүзеге асырылуы мәселелеріне зор маңыз береді, бұл туралы 2009 жылғы 9-11 қазандағы ЕҚЫҰ ПА отырысының жұмысына қатысу үшін Афинаға келген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ. Тоқаевпен кездесу барысында Грекия президенті К. Папульяс хабарлады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz