Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті

Мазмұны

Кіріспе

1 бөлім. Еңбек ақының теориялық негізі

1. 1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелер . . . 6

  1. Ұйымның өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама . . . 13

1. 3 Ұйымның есеп саясаты . . . 19

2. Жұмыскерлер мен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі

2. 1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі . . . 26

2. 2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі . . . 37

2. 3 Жұмыскерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен

аударымдар . . . 56

  1. Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің аудиті

3. 1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары . . . 54

3. 2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті . . . 63

3. 3 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау . . . 70

Қорытынды . . . 77

Қолданылған әдебиеттер . . . 81

Кіріспе

Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.

Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып табылады. Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір жағынан жұыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін көтеру, басқа жағынан - өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады.

Елдің әлеуметті және экономикалық дамуындағы өзгерістеріне сәйкес нарықтық шаруашылықта шаруашылықтану жүйесіне ауысу жағдайында еңбекақы төлеу салалырының саясаты да және жұмыскерлердің әлеуметтік қорғауда жеке қолдауы да өзгереді. Осы саясаттың жүзеге асырылуы бойынша мемлекеттің көптеген функциялары тікелей кәсіпорынға беріледі, яғни өз еріктерімен еңбекақының мөлшері мен жүйесін, оның нәтижесін материалды ынталандыруды бекітеді.

Еңбек және еңбекақы есебі - жұмысшылар санынынң өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориялары, өндірістік шығын сияқты мағлұматар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.

Нарықтық қатынасқа көшу ақшалай табысты алудың жаңа көздерін туғызады, кәсіпорын мүлігіне еңбек ұжымының мүшелеріне салымдар мен акциялар бойынша төлемдерді аударылған (дивиденттер, пайыздар) сомалар болып табылады.

Сөйтіп, әрбір жұмыскердің еңбек табысы жеке үлесі бойынша анықталады, кәсіпорыннның жұмыстарының соңғы қорытындысын қосқанда, салықтармен реттеледі және максималды салықпен шектелмейді.

Еңбек есебі мен еңбекақы бойынша есеп айырысу кәсіпорындағы барлық есеп жүйесіндегі ең ірі және маңызды саласы болып табылады.

Жаңа шаруашылықтанудың шарттарындағы маңызды міндеттер мыналар: еңбекке ақы төлеу бойынша кәсіпорын персоналдармен есептесудің белгіленген мерзімінде орындау, жалақыға аударылған сомалардың өнімдердің өзіндік құнына дұрыс қосылуы және дер кезінде, басшылық үшін жалақы төлемі мен еңбек бойынша көрсеткіштерді біріктіріп, жинау және қажетті есеп беруді құру, сондай-ақ зейнеткерлік қорлармен есептесу.

Кәсіпорынның тиімді дамуы үшін бақылауға рационалды жүйені жетілдіруі керек, басқарушылық және ақпараттық жүйені құрып, ішкі аудиттің орны мен ролін анықтау қажет. Бұл фирма жетекшілеріне буындарды, кәсіпорындарды тиімді басқауға көмектеседі.

Еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі мен аудиті бухгалтерлік есеп аспектілерінде ең маңыздылардың бірі, сондай-ақ бұл шығындар кәіпорында үлкен орынға ие. Сондықтан да бұл шығындарға арнап ішкі бақылауды үлкейту керек.

Осы тақырыпты таңдап алудағы негізгі міндеттер:

  • еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
  • Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
  • Ұйымның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:
  • Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
  • Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5 -бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ал еңбекақы мөлшері «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71 -бабына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен аз болмауы керек.

Бұл диплом жұмысының мақсаты - зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.

1. ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелері

Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысандары еңбек ақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Жалақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады.

Кесімді еңбек ақы - жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.

Жеке кесімді еңбек ақы жүйесі. Мұндай жүйеде еңбек ақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты. Оны белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.

Бригадалық кесімді еңбек ақы жүйесі. Жұмысшылардың еңбек ақысын біржүйеде бригада учаске жұмысшының нәтижелері бойынша анықтайды.

Еңбек ақы жөніндегі бағалар жекелей (әрбір жеке кәсіп үшін) және кешенді (бригаданың бүкіл ұжымы үшін) болуы мүмкін. Жекелеген бағаларды қолданғанда әрбір жұмысшы еңбек ақысының жұмыс үшін белгіленген бағаларды бүкіл бригада (учаске, цех) болып дайындалған бұйымдардың санына көбейту арқылы табылады. Кешенді бағаларды қолданғанда жұмысшы еңбек ақыны былай анықтайды. Алдымен кешенді бағаны бүкіл ұжым болып дайындаған бұйымдардың санына көбейту арқылы бүкіл ұжымға (бригадаға, учаскеге) тиісті еңбек ақысын есептеп шығарады.

Есептеп шығарған еңбек ақыны әрбір жұмысшының жұмыс істеген уақытына және оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес ұжым мүшелеріне бөлінеді. Оны бөлгенде қосымша еңбек ақының коэффициенттері, коэффициент сағаттар немесе коэффициент күндер пайдаланылады. Қосымша еңбек ақы коэффициентін анықтағанда ұжым құрамына енетін әрбір жұмысшының сағаттық немесе күндік төлем мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де оның тарифтік мөлшері бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін бүкіл ұжымның кесімді еңбек ақысын тарифтік төлем мөлшеріне бөліп, бригаданың еңбек ақысының орташа коэффициентін табады. Әрбір жұмысшының тарифтік еңбек ақысын еңбек төлемін қосымша еңбек ақы коэффициентіне көбейту арқылы әрбір жұмысшының нақты кесімді еңбек ақысы анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік коэффициенттерді қолданғанда да еңбек ақысын бөлу жөніндегі есеп айырысуды осылай жасайды. Жанама кесімді еңбек ақы жүйесі - мұнда көмекші және басқа жұмысшылардың еңбек ақысын қызмет көрсетіп отырған учаскенің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлеміне шаққан пайызбен анықталады.

Еңбек ақының кесімді-сыйлықтық жүйесі - өндірілген өнімнің (жұмыстың) санына төленетін төлемнен өзгеде жұмысшыға белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін (өндірістік жоспарларды, нормаланған тапсырмаларды өндірім нормаларын орындағаны үшін және асыра орындағаны өнім сапасын арттырғаны үшін шикізаттарды, материалдарды, отындарды үнемдегені үшін жабдықтың техникалық жұмыс режимін сақтағаны үшін) сыйлық төлейді.

Үдемелі кесімді еңбек ақы жүйесі бойынша - еңбек ақының бұл жүйесінде кесімді жұмысшылардың белгіленген нормалардан артық өндірген өнімі үшін көтермелеу көзделеді. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін проогрессивті үдемелі бағалар бойынша есептейді.

Еңбек ақының аккордтық жүйесі - бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек ақысын жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды, онда нормаланған тапсырма (уақыт, өндірім нормалары) және баға алдын-ала анықталған. Еңбек ақының бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригаданы, бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімін қысқартуда олардың материалдық ынталылығын күшейту мақсатымен қолданылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт өндірім нормалары) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда осындай жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалармен бағаларды шығарып белгілейді.

Еңбек ақының бұл жүйесі бойынша тапсырма мерзімдерінің қысқартылғаны үшін сыйлық беру тәртібін енгізуге болады.

Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың даму, жұмысшылардың мамандықтары жетіліп еңбек ақысында нақты сараланудың кемуі нәтижесінде кесімді жүйенің қолданыс аясы қысқарады да, ал жұмысшылардың еңбек ақысының мерзімдік-ұжымдық және мерзімдік сыйлықтық жүйесімен алмастыратын болады.

Қарапайым мерзімді еңбек ақы. Еңбек төлемін сағаттық, күндік, айлық, тарифтік төлем мөлшері немес айлық еңбек ақы бойынша есептейді. Оның көлемін жұмыс істеген уақыт санына белгіленген тарифтік төлем мөлшеріне көбейту арқылы анықтайды. Бұл жүйені негізінен басшы қызметкерлердің, мамандардың, кіші қызмет көрсететін адамдардың еңбек төлемі үшін қолданылады.

Еңбек ақының мерзімдік - сыйлықтық жүйесі - бұл жүйеде еңбек төлемін еңбек ақының қарапайым мерзімдік жүйесіндегідей жасайды, бірақ жұмыс істеп жүргендер сыйлықты белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін алады.

Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру еңбек ақы қорынан мынадай және тұтыну қорынан мынадай көрсеткіштер (ережелер) бойынша жүзеге асырылады: өндірістік тапсырмалар және жеке тапсырмалардың, техникалық тұрғыдан негізделген өндірім нормаларының, нормаланған тапсырмалардың орындалуы және асыра орындалуы, еңбек өнімділігінің, өндірімнің өсуі, бұйымдардың нормаланатын көп жұмыстылығының төмендеуі өндірім (уақыттың және қызмет көрсетудің) жаңа нормаларының игерілуі өндіріс бригадасының учаскесінің, цехының шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелерінің жақсартылуы және т. б. Сыйлықтардың мөлшері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері мен топтары бойынша сараланып белгілейді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленілетін қаражат мөлшеріне бригаданың әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі.

Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне өнімнің өзіндік құнын төмендеуіне және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек ақысы жұмыстың соңғы нәтижелерімен қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестерімен анықталуға тиіс және ең көп мөлшерімен шектелмейді.

Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі төлем - қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін істелген жұмыстардың немесе берілген баға немесе айлық еңбек ақы бойынша өндірілген өнімнің саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақысы

Қосымша төлем - еңбек туралы заңға сәйкес қызметкерлерге кәсіпорында жұмыс істелген уақыты үшін есептелетін еңбек ақысы. Оған кезекті демалыстар төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді және т. б. орындалғаны үшін берілетін төлемдер, түнгі немесе мерзімнен тыс уақыттарда істегені үшін төленетін төлемдер, және т. б жатқызылады. Экономиканың барлық салаларындағы және меншіктің барлық түрлеріндегі шаруашылық субъектілеріндегі еңбек төлемінің негізінен тарифтік төлем мөлшері алынады. Олар қызметкерлердің мамандық топтары бойынша сараланған. Экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің бірыңғай тарифтік кестені құруға тарифтік төлем мөлшерін және қызмет орындарының айлық еңбек ақыларын есептеуге тұтастай республика бойынша заң жүзінде белгіленген жалақының ең аз мөлшері негіз болып табылады. Ол 2006 жылы 9200 теңгені құрайды. Еңбек ақы төлемі ақшалай немесе заттай есептеліп төленуге тиіс.

Ақшалай еңбек ақы - еңбек ақысының қолданыстағы жүйесіне сәйкес есептелген сомалар.

Заттай еңбек ақы- төлем ретінде заттай берілген өнімнің құны, тегін немесе төмендетілген бағамен тамақтандыру, қызметкерлерге берілетін немесе қоғамдық жолаушылар тасымалының үшін қосалқы шаруашылықтардан бөлінетін өнімнің жұмыстың және көрсетілген қызметтік баға айырмашылығына орнын толтыру және т. б.

Еңбек ақының құрамына қызметкерлердің дивиденттер мен проценттер түріндегі табыстары енгізілмейді. ҚР-сының 2000 жылдың 1 қаңтарында жүзеге асырылған Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы 10-12 № 493 «Еңбек туралы заңы» (2001 жылғы 06. 12. № 260 ІІ) ҚР Заңымен енгізген өзгертулер мен толықтырулармен азаматтардың ҚР-дағы еңбек бостандығына Конституциялық құқығын іске асыру процесіндегі туындайтын еңбек қатынастарын реттейді. Сондай-ақ ҚР-сының «Еңбек туралы» конституцияға негізделеді және осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер конституцияда заңда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе осы Заңның күші ҚР-сының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Және де әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Егер де шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар өздерінің еңбек қатынастарын Қр-сының аумағында жүзеге асырса және заңда конституцияда, ҚР бекіткен халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе еңбек қатынасына қатысушыларға мемлекеттің араласуын шектеп көптеген бостандықтар беріледі.

Еңбекке қатысатын жас мөлшері, яғни жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ал жұмысқа қабылдаудың ең

төменгі шегі ата-анасының біреуінің келісімімен 14 жастан басталады. Сондай-ақ табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкіл күнтізбелік жылдан немесе айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызмкеткерлер болып танылады. Мұндай қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ белгіленбейді. Сондай-ақ жұмыс беруші мен өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды құрал-саймандармен тетіктерін пайдалана отырып жұмысты үйінде өз еңбегімен орындау туралы жеке шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге жатады.

Қызметкерлердің өзге де санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге осы заңға және қызметкерлердің жекелеген санаттарының айқындайтын өзге де заң актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру үнемі өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен атап айтқанда тарифтік жүйемен еңбекті нормалаумен және еңбек ақы төлеудің түрлерімен анықталады. Тарифтік жүйе еңбекті сапасына қарай бағалауға, нормалау жұмсалған еңбек төлемін есепке алуға ал тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе жұмысшыларға еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар жұмысшылардың біліктілігіне еңбек ақы төлеу түрлері мен маңызына тәуелді түрде құрылады.

Тарифтік жүйеге мыналар кіреді:

- Бір күнге немесе бір сағатқа төленетін еңбек ақыны анықтайтын тарифтік ставка

- Әртүрлі жұмыстармен біліктілігімен разрядтары арсында еңбек ақының қатынасын көрсететін тарифтік сетка

- Тарифтік сеткаға сәйкес жұмыс пен жұмысшының разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықталады.

Қарапайым жұмыстарды орындау 1-ші разрядты жұмысшының тарифтік ставкасы бойынша төленеді. Басқа разрядтағы жұмысшылардың ставкасы бұл көлемінен олардың еңбек біліктілігін деңгейіне былайша айтқанда тағайындалған тарифтік разрядқа немесе белгіленген тарифтік разряд әрбір өндірістік операцияға әрбір жұмысқы тағайындалады. Сондықтан тарифтік ставка орындау уақыт нормасын есепке ала отырып кесімді бағаларды есептеуге пайдаланады.

Кәсіпорындар еңбек ақы төлеу түрлерімен жүйелерін тарифтік ставкаларымен окладтарымен жүйесін құрудың негізі болып ҚР Үкіметі белгіленген «Ең төменгі еңбек ақы» есептеледі. Анығырақ айтқанда заң негізінде белгіленген орташа айлық жұмыс уақытының ұзақтығы мен ең төменгі еңбек ақыдан барып 1 разрядтың сағаттық тарифтік ставкасының ең төменгі мөлшері және орташа айдағы жалақы уақыты тарифтік ставканың ең төменгі мөлшерімен есептеледі. Тарифтік кестеде тарифтік еңбек ақының кесімді және мерзімді еңбек ақы деп аталатын еңбек ақының түрлері бойынша есептелетін жұмысшы қызметкерлерге қарастырған тарифтік еңбек ақы мөлшері 1 сағатқа белгіленеді. Ол уақыт мөлшеріне немесе өндірілетін өнім көлеміне және орындалатын жұмыс көлеміне қарай бағасын анықтауға пайдаланады.

Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша 1 сағатқа белгіленген еңбек ақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне немесе орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады.


1 - сурет. Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелерінің үлгісі

Еңбек ақының түрлері: Еңбек ақының түрлері
Кесімді еңбек ақы: Кесімді еңбек ақы
:
Мерзімді еңбек ақы: Мерзімді еңбек ақы
Жай мерзімді:

Жай мерзімді

Жай мерзімді: Сыйлықтық мерзімді
Жүйелері: Жүйелері
Жанама кесімді: Жанама кесімді
Жанама кесімді: Аккордтық жүйесі
Жанама кесімді: Үдемелі кесімді
Жанама кесімді:

Жай

кесімді

:

1. 2 Ұйымның өндірістік-экономикалық

көрсеткіштеріне сипаттама

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “САДУ” баспахана үйі Қазақстан Республикасының заңына сәйкестеліп құрылған, ұйымда қатысушының мүддесі мен мақсаты, өнім шығарудың сапасы мен табысына байланысты сәйкесті түрдегі баспахана қызметін көрсетеді.

Баспахана 1999 жыл ашылған. Серіктестіктің негізгі қызметтері:

Баспахана; редакция баспасы; жарнама ақпараттық қызметі; аудармашылық қызмет көрсету, жұмысты орындау.

Ішкі экономикалық қызметі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұйымдастырылған, Қазақстан Республикасының заңында тыйым салынбаған

басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

Баспаханада әртүрлі бөлімшерлері бар, соның ішінде ең негізгі 3 бөлімі бар: өндіріс бөлімі; бас механик қызметі; бухгалтерия;

  1. Өндіріс бөлімі екі цехтан тұрады: түптеу цехы және басып шығару цехы.

Түптеу цехы бірнеше учаскеден тұрады, соның ішінде крикадель учаскесі, ширпотреб учаскесі, бүктеу учаскесі, материал қоймасы, дайын өнім қоймасы.

Ал басып шығару цехында афиша учаскесі, дайын өнім учаскесі, басып шығару учаскесі, компьютер учаскелері жұмыс істейді.

Бас механик қызметіне саниетхникалық қызмет көрсету, электриктер, және құрал-жабдықты жөндеу цехы кіреді. Бұдан бөлек үш бөлімшелері бар, олар кіші қызмет көрсетушілер: асхана, күзетшілер және құрылыс учаскелері болып табылады.

  • Қажетті көлемде өнімді тиімді жолмен шығару үшін цехтар арасында, ал цех ішінде, учаскелер арасында белгілі пропорциялар болуы керек. Бұл пропорционалдыққа дұрыс құрылым арқылы жүзеге асырылады.
  1. Бухгалтерияда: бас бухгалтер; материалдық жағындағы бухгалтер; еңбекақы жөніндегі бухгалтер; қаржы жөніндегі бас мамандар жұмыс істейді.

Бас механик эксплуатациялық жұмыстар мен құрал-жабдықты, техникалық жабдықтарды қамтамасыз етіп, профилактикалық құралды жөндеп, жұмыс жоспарын тексеріп отыруды ұйымдастырады.

Бас бухгалтер өндірістегі бухгалтерлік есепті кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне және экономикалық материалды пайдалануға және қаржы ресурстарына бақылау жасайды. Қаржы түсімінің есебін есептеп, тауарлы-материалдың бағасы мен өнімді өткізуді есептеп отырады, сонымен қатар кәсіпорының қаржы шаруашылық нәтижесі, қаржылық есептеу мен несиелік операцияларын, кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекақысын есептейді, мемлекеттік сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік зейнетақы және басқа да қорларға есеп береді. Жалпы өндірістің шығарған өнімінің, пайдасы мен шығындарын, баланс активтеріне, банктің несие пайызын, салық төлемдерін, өндіріс орнын жалға беру жылу энергиясы, байланыс телефоны және басқа да салықтар мен төлемдерді төлеп, кәсіпорынның жалпы ақшалай қаражатына жауап беріп, қажетті мекемелерге айдың аяғында есеп беріп отырады. Және де тауарлы материалдық құндылығы мен қаржы жағдайының шығынын, ақшаның жетіспеушілігіне, кәсіпорын банкрот болып қалмауы үшін жауап береді.

Материалдық бухгалтердің міндеті - шығарылған өнімдерді, шығыны мен пайданы есептеп, есеп беріп отыруы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
Аудиттің мақсаты мен міндеті, берешек қарыздардың есебі
Нарықтық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi
Міндеттемелердің есебі және қарыз бойынша шығын
«Шымкент май» ақ еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен оны хқес -на сай жүргізу
Міндеттемелер аудиті
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер
Төлеу кезегінің аудиті
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиттің құжаттары мен аудит жүргізу көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz