Мектепте оқушы мінезінің қалыптасу ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.3

І бөлім.
Негізгі мектеп оқушыларының мінез.құлқын қалыптастыру және іс.әрекетін ұйымдастыру әдістерінің педагогикалық.психологиялық теория негіздері.

1.1. Оқушы бойындағы мінез.құлық туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы мен қасиеттері ... ... . 4.9
1.2. Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері ... ... ... ..10.13
1.3. Қиын оқушылардың іс.әрекетін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... .13.19
ІІ бөлім.
Оқушылардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігі.
2.1.Дивиантты қылықтағы балаларды анықтауға арналған психологиялық тренингтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30.31

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-3

І бөлім.
Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерінің педагогикалық-психологиялық теория негіздері.

1.1. Оқушы бойындағы мінез-құлық туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы мен қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4-9

1.2. Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-1 3

1.3. Қиын оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... .13-19
ІІ бөлім.
Оқушылардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігі.

2.1.Дивиантты қылықтағы балаларды анықтауға арналған психологиялық тренингтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30-31

Кіріспе

Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасын айқындайды.
Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Оқушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу басты мақсатқа бағытталған іс - әрекет.
Қазақстан Республикасының "Ұлттық энциклопедиясында" адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: " Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы". Халықтың дүниетанымында мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекетерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сену, ар-ұятты сақтау, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық т.б.
Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы сезімдері мен мінез-құлықтың қарапайым белгілері қалыптасады. Балада қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста көзге түседі. Негізгі мектеп оқушыларында мінез-құлықтың, сана мен сезімнің жаңа түрлері одан әрі дамытылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Негізгі мектеп оқушыларының қоғамдық мінез-құлқын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- мінез туралы жалпы түсінік беру, мінездің құрылымы мен қасиеттерін қарастыру.
- мінез құлықпен іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін қолдану.
- ұлттық тәртіп пен мінездің ерекшеліктері және алатын орнын қарастыру.
- қиын оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі: негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлықын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастыру

1. Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерінің педагогикалық-психологиялық теория негіздері.

1.1 Оқушы бойындағы мінез-құлық туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы мен қасиеттері

Адам құдіреттілігіне ой жете бермейтін, саналылығының, даналығының, қабілеттілігінің шегі, теңі мен телісі жоқ, киелі де қасиетті, аса күрделі жаратылыс. Әлемдік кеңістікте жасампаз тіршілік иесі - адамзат, биоәлеуметтік шеңберде жеке тұлға. Сезімтал, пайымды, болжамды. Амалы мен тәсілі мың сан. Бүгінгісін ертең қанағат тұтпайтын талғампаз, ізденімпаз, талапты, қажетін таңдай білетін, жоғын таба, барын жаңарта, жасандыра, жетілдіре беретін жаһандағы баламасыз, ішкі жан-дүниесінің тылсымды рухани күші мен сыры әлі түгел ашылып үлгерілмеген жер жүзіндегі кемел кемеңгер.
Адамның дүние-өмір танымдық қуат көзі, нағыз адамдықтың негізі нәзік болмыс - ақыл, ес, ой - өріс, жад, түйсік және сезім. Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Ақыл мен мінез кісіліктің парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория.
Мінездің мәні мен мағынасы кең ұғымды. Өмір ағымының барлық кездері мен кезеңдерінде адамның ой-толғамына, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне, қам-қарекетіне тікелей қатысты және әсерлі, кісілік бейнесінің саралануына ықпалды. Бар болмысын, сезім серпінін, көзқарасын айна-қатесіз, қаз қалпында елестетер ша­райна.
Ел ішінде айтылатын "етпен бітіп, сүйекпен кетер" туабітті, өзгермейтін сіреу мінез болмайды. Сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының тектілік қасиеттеріне сәйкесті ата-ана үлгісінде, шаңырақтың мәде­ни-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында, өскен ортаның тәлім-тәрбиелік деңгейінде мінез-құлықтың негізі қаланады. Одан соңғы кезде адамдармен қарым-қатынастың, қоғамдық ортаның, еңбек жүйесінің, тіршілік талқысының, ізденіс пен талпыныстың, сәттілік пен ұтылыстың, тағы түрлі факторлардың әсерімен тұрақты мінез қалыптасады, сол қалыпта адам ғұмырбақи өмір сүреді. Кейде, әсіресе, жастық шақта үлгі тұтқан абзал азаматтарға еліктеушіліктен немесе тағдыр тәлкегінен тектілік мінезде жасандылық пайда болады. Бірақ табиғи бітімге терең сіңбейді. Жасандылықты туғызған жымысқы әрекеттер өзгерсе, ықпалын жойса жалған перде сыпырылып, мінез әу бастағы қалпына түседі.
Мінез көп тінді және көріністі. Біздің байқауымызша, жалпы сипаттылығы бір жүз онға тарта. Адамды әр қырынан танытатын осы көріністер шартты түрде екі бағытты: ақылмен астарлас келісті және қым-қиғаш қылықты теріскейлі. Көңіл шалқытар жадыралық, шабыт шақырар жарқындық, парасаттылықты демеу, игілікті қолдау, қабілеттілікті жебеу, ақиқатты қорғау, ісмерлікті ұштау, адами ажарды ашу, асаулықты басу мінездің келісті бағыттылығы. Теріскейлігі тұрлаусыз ауытқымалы, ала көңілді, шиелі, кінәмшіл, ойнақы, қырсыз, айтақшыл, қыңыр, тағы басқа жағымсыз қылықтылық.
Болмыста қанша мінезділік болса, адамдар да сонша мінезділікті. Бір кісіде кешенді мінез байқалмайды, екінші біреумен толық мінездестік те ұшыраспайды. Әркім өзіне тән табиғи қалыптасқан мінезімен ерекшеленіп, кісілігі танылады. Бір мағыналы мінезі жоқ және мінезсіз сөздері жиі қолданылады. Сөзді жүйелей және ойната білетін қазақ оларға екі түрлі мән беріп, ынжық, ез, ырықсыз кісіні мінезі жоқ деп кемітеді. Ашушаң, ызақор, ұрысқақ пендені мінезсіз деп жақтырмайды. Мінезділікті келістілікке балайды.
Мінездің әртүрлі мәнділігі жағымды-жағымсыз сөздермен ғана емес, адам бет-әлпетінің қилы құбылысы, дене мүшелерінің сыпайы не ебедейсіз ерсі қимыл-қозғалысы, сондай-ақ ашық, жайдары немесе түнерген, сазарған үнсіздік арқылы да түсініледі. Бұл да бір сырбаз ерекшелік.
Ақылға негізделген мінез оралымды, икемді, иі жұмсақ, іс-әрекеттің игілігіне себепші. Жақсылыққа бастамашы, "әттеген-айға" жол кесуші. Тіршіліктегі ұсақ-түйек кемшіліктерді байқатпайды, аңғарылса жуып-шаяды. Өзара қарым-қатынаста, аралас-құраласта әлде қалай тоңазыған көңілдің қырауын жібітеді. Өшіккен дау-дамайды басады. Төнген қатердің бетін қайырады, арандатпайды, асқындырмайды.
Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру ләзім.
Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық "адамның екінші табиғаты - әдетке" айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тіршіліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.
Көркем мінез - адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн. Қазақ халқының әдеп-қалпы көшпенділер мәдениеті­нің, салт-дәстүрінің уақыт ілгері жылжыған сайын кезеңімен өзгерген, әр дәуірде, әр қоғамдық құрылымда өмір елегінде екшеліп, талғамына сай сұрыпталып, ұлттық сипатын сақтай отырып жетілдірілген мінез-құлықтың ақ адал үлгісі.
Әдеп - мінездің анасы. Дүниедегі игіліктің, имандылықтың баршасы анадан, ана киесі мен қасиетінен бастау алып тарайтыны сияқты, рухани мінез әдептен, әдептіліктен өрбиді.
Әдептілік - ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Адамның есі кіргеннен, жастайынан даритын, ешкімнің ақыл-кеңесіне зәрусіз, жамандықтан ада табиғи қасиет. Мәдениеттіліктің, зиялылықтың, сыйластықтың, қадірлестіліктің шаршы төрі. Ең алдымен туған халқына, ұстанған дініне, ұлттық діліне құрмет. Кісіліктің көркі, этикалық нұсқасы, әсемдік өрнегі, адамның асқақ абыройы.
Педагогикалық ғылымда мәдениетке негізделген гуманистік әдептілік, қоғамдық мәнді демократиялық әдептілік және рухани бағыттағы діни әдептілік атаулы үш тармақты қисын бар. Бәрі өркениеттілікке, ағарту­шылыққа, руханияттыққа жол ашады. Дәйектемесі ғылымға негізделген көп тінді және әлемдік ауқымды болса да, біздің ұлттық мәдени, ахлақ әдептілігімізге сабақтас дерлік. Ол туралы әңгіме бөлек.
Әдептіліктің бір үлгісі биязы сыпайылық. Өмір қалпының тәлімді қарапайымдылығы. "Сары майдан қыл суырған" тазалық, пәктік. "Сыры кетсе де, сыны кетпес" сұлу сәнділік. Жан жаралар, бет жыртар бөгде сөзсіз "біз, сіз". Шашау шығармас сыр түйінділігі, ілтипаттық, тәртіптілік, құрметтілік. Көптің ортасынан орын тисе, төрге өңмендеп өрмелемес инабаттық. Үлкенге ізет, кішіні өмір шыңына шығарар ұлағаттық. Қатар-құрбыны оқшауламас, алаламас кеңпейілдік. Ұлықтықты армандамас сырлы кішілік. Барға қанағат, жоққа апшымас жайсаңдық. Жұпынылықты кемшін көрмеу, көңіл көзін суалтпау. Айтыс-тартыстан аулақ, астамшылыққа аяқ баспас адалдық.
Сыпайылықтың қазақы бір танымы, негізінен қыз-келіншектерге тән иба, ибалық. Кейбіреулер ойлағандай, бет моншағы төгілген ұяңдық, жасықтық, жалған ұялшақтық емес, өзін де, өзгені де қадірлей білер көргенділік. Ерен ұстамдылық, иманжүзділік, жылы лебіздік. Ишаратты түсіністік, келеңсіздікті жатырқау. Ұлттық таза ғұрыптылықтың, әдептіліктің және көркем мінезділіктің ерекше үйлесімділігі.
Ұят, ұяттық - арлы мінез. Адамның ойына, бойына, болмысына лайықсыз, адамгершілікке жат, ар-ождан нормаларына сыйымсыз, әдеп тінін сөккен зымияндықтан бұрқанған, сыртқа теппей, ішкі жан-жүйе ұшынатын нәзік сезімнің күйзелісі. Ұлы ойшыл Абай ұятқа екі түрлі мән берген. "Надандық ұят, - деген ғұлама, - жас баланың сөз айтуға ұялатыны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Шын ұят-абыройға, шариғатқа теріс, ақылға сыйымсыз сөлекет қылықтан ұялу. Бұл тек есті адамға тән қасиет. Ал біріншісі өзі істеген қатеден, нәпсіге еріп қылған қылығынан ұялу".
Данышпан Абайдың уәжіне тереңірек ой жүгіртсек, шын ұят дегеніміз, саналы адамның өз мінез-құлқына, іс-әрекетіне сыни қараудан туындайтын намысты сезім тебіренісі және соның әсерінен булыққан жан-дүние толғанысы. Анайылыққа қарсы серпін. Аламандықтан, көлгірсуден, дүниеқоңыздықтан безіну. Өз қылығының жосықсыздығынан, ерсілігінен жиіркену. Әбестілігін жазғырар халықтың налалы назарынан қаймығу. Ел, жұрт алдында азаматтық жауапкершілігін сезініп, жұғымсыз әрекеттерінен торығу, өзін-өзі айыптау. Надандық ұят - жаны жалған жанның ұялғансып, қысылып, қымтырылған түр танытып сызылып, тәлімсіп қылымсуы. Беті бүлк етпей көз ойнату, сырт айнала беріп мысқылды кейіпте мырс-мырс күлу. Бұл жалған, надандық ұяттың жымысқыланып, ашықтан ашық ұятсыздануы.

Ұят адамның рухани өміріндегі реттеуші күш. Ағаттықтан қорған, ізеттікке пана. Оғаштыққа жол бермес тежеу. Опықты іс-әрекетке бөгеу. Ақтық пен сақтықтың жоқшысы. Имандылықтың қабы.
Ұялу мен ұялту қосақты ұғым. Бірі ішкі әсердің қысымы, екіншісі сыртқы әсердің дүмпуі. Ұялу аңғарымсыздықтан, аңғалдықтан, қызбалықтан қозған ерсі әрекет салдары. Опық мінезі, анайы сөзі, арға тиер орынсыз әзіл-қалжыңы, уәдеден тайқуы үшін өзінен-өзі ұялу. Бұл ретте арлы кісі ұятына кешірім сұрап, қайталанбауына бекінеді.
Ұялту - ұлт қағидасын бұзған, әдептен аттаған, қоғамдық ортада тұрпайы мінез-құлық танытқан, кісі намысын қорлаған, жала жапқан, жалған сөйлеп өсек таратқан, сыпайылық шеңбердің шегінен шыққан, соның бәрін жөн көріп, қатесін мойындамаған адамды жанашыр жолдастарының, ағайын-туыстарының сыпайы сөздермен сипай қамшылап, қылған қылығының өрескелдігін, жағымсыздығын түсіндіріп, бір жағынан арын, намысын қыздырып, екінші жағынан мұқатпай, айыбын бетіне басып, тәубаға келтіріп ұялту. Кеңеске ұйып, ақылға көнген адам өкінеді, қапаланады, ұятсыздығын кешірудің амалын, ұятқа тасаланудың жолын іздейді.

Ұятсыздық адамға опа бермес жамандық. Тек ұятты кісі сиятты.

Намыс-мінездің айбыны. Адами кие мен қасиетке шаң жуытпас, кір жұқтырмас қайсарлық. Абыройға дақ түсіртпес өжеттілік. Адам құқы мен еркіндігінің оққағары, берік бақаны, тапжылмас тірегі. Шайпау, сумаң сөзге қытым. Кісілік құндылықтардың сақтық қоры. Өмір мәнділігінің өзегі. Өктемдіктен араша. Жосықсыз­дыққа айбар, осалдыққа жігер. Адамгершілік соты, әрі айыптаушысы, әрі қорғаушысы. Серттің семсері. Арсыздық тарамын қиып түсер алдаспан. Бір жағынан күйкі тіршілікке қорлану, озбырлыққа күйіну. Ездікке, ынжықтыққа қынжылу. Жігерсіздікке, босбелбеулікке, іске алғысыздыққа ызалану. Астамшылыққа, қол сұғанақтығына, әулекілікке ашыну. Мансапқорлыққа, жағымпаздыққа, жалтақтыққа шіміркену. Адамның еңсесін түсірер, абыройын төгер, кісілігін кемітер жалалы әрекеттерге, қарау қылықтарға кешірімсіздік.
Мұхаммед пайғамбар: "Ер жігіттің үш намысы бар. Бірі - иманы, екіншісі - Отаны, үшіншісі - отбасы" деп ар-ожданның руханияттылығын жоғары бағалаған. Осы ұғымды таратып пайымдасақ, "Малым жанымның, жаным арымның садақасы" дейтін қазақтың Жасаған Ие құдіретіне сенімді, ата мекен, өмір жаннаты туған елін, жарық дүниеге әкеліп өсірген, қанаттандырған ұясын ту көтерер намысты халықтың атаулы ұранына меңзегендей. Абыз бабалардың: "Малсыз болсаң да арсыз болма; әрлі болғанша арлы бол; арыңды жеме, барыңды же; ар жазасы бар жазадан ауыр; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы" деген өсиеті біздің заман адамдарына арналғандай. Тек маңызын түсіну абзал.
Намыс бір сырлы, көп қырлы: жеке бастық намыс, құқықтық намыс, кәсіптік намыс, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Аталуы әртүрлі болғанмен, бәрі адамдық қасиет пен мүдденің жыртысын жыртады, абырой мен беделді қорғайды. Бәрінің себебі мен нақтылы салдары, заңдамалығы мен рухтылығы бар.
Намысты қорғау азаматтық парыз. Оны кіршіксіздендірмеу үшін арлана білу, арсыздықтан түңіліп жиіркене білу шарт.
Маңғаздық біреулердің түсінігіндегідей паңдық, тәкаппарлық емес, адам жаратымына сирек даритын, терең ойлы кісіге тән байсалды, баянды мінез. Адами ірілік. Жасандылығы, жалғандығы жоқ тұрлаулы табиғи бітім. Елпең-селпеңдікке басу, батпан салмақтық. Мызғымас орындылық, тайсалмас табандылық. Асығыстыққа тоқтам. Аз сөйлеп, көп тыңдау. Байқамдылық, ұғымдылық. Ойлы көзқарас, жан-жақты танымдылық. Қалауына сәйкес адамның өзін-өзі тәрбиелеу жемісі. Зиялы қауымның таңдаулы тәлімділігі. Өмірдің сыры мен қырларын түбегейлі зерделеп, өнегесін болмысқа шақтап, әрлеп сіңірген әсемдігін, әсерлігін қадірлер салиқалық. Көрегенділік, ұстамдылық, абзалдық сымбаты. Талай-тағдырға тәуелсіз ғұмыр кешуге талпыныс. Қоғамдық ортада дербестікті, даралықты қалау. Тылсым күшіне, өмірдің жұмбақты сырына, құпиясына құмарлық, шиесін шешуге талаптылық.
Маңғаздық белгілі бір тұйықтық, түйсікті, түйінді тұйықтық. Сыр сандық құлпының беріктігі. Ой жинақтылығы. Жолдас-жора таңдауда талғампаздық. Қан жақындығынан жан жақындығының, сөзсайыстан пікірлестіктің, ойшылдықтың басымдылығы. Өз ісіне сенімділік.
Адамның санасы мен болмысына сіңген ғұмырлық құбылыс - көп қырлы мінездің тек төртеуіне: әдепті, ұятты намысты, маңғазды мінезділікке әдейі тоқталдық. Өйткені, олар мінездің мәйегі, қасиеттілік тұғыры. Адам қай кезде, қай жаста, қандай қызмет атқарса да ұдайы жеке бастың, тұрмыстық-әлеуметтік, жұмыс бабы жағдайына, қоғамдық орнына, замандастарымен қауымдастық деңгейіне тікелей қатысты және оң әсерлі, адамгершілікті куәландырар, ардақтар, дәріптер, мемлекеттік міндетті, азаматтық парызды мүлтіксіз атқаруда пәрменді рухани күш. Сондықтан қазіргі қауымдастар, әсіресе, іс басындағылар мен жастар әдеп­тілікке, ұяттылыққа, намыстылыққа, маңғаздылыққа баса назар аударар, ден қояр, ұстанымын кәдеге жа­ратар деп ойлаймыз.

1.2 Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.
Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты.
Цицерон Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. "Ең мәртебелі ой- толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ", -дейді Цицерон "Мемлекет туралы диалогінде". 2; 105 .
Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің , неміс философтарының да қосқан үлесі мол.
Орыс революционер - демократтары да көптеген құнды идеялар көтерді.
Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашғари т.б. еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған.
Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар жыраулар, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқау етті.
Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин , Абай шығармаларынан да байқауға болады.
Отаншылдық сезім - адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне , ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын , өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, - деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр.
Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.
Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін :әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып , тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген: С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова, т. б. ғылыми - педагогикалық, психологиялық, мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары төмендегідей мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.
Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбилеу -оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ . Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең патриотизм - Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік; екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. Осы бағытта Тараз Мемлекеттік педагогикалық иниститутында көптеген іс шаралар жүргізілуде. Соның бір айғағы жылда өткізілетін Халықтар достығы фестивалі.
Демек патриотизм - қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.
"Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек" - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.

1.3. Қиын оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары

Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы . Отан отбасынан басталады десек, адам тәрбиесі - Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: Тәрбие - баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде қиын оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономи калық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев Педагогика ғылыми еңбегінде жас бала - жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ деп түйін жасайды.
2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер ұжым ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз сенім бар жерде ғана,нағыз талашылдық ,еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың - болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін,мінез-құлығын,ақыл-ойы н дамыту үшін өзін-өзі басұаруды нығайтып,ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт,дене еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әракетті үйрету үйірмелері мен секцияларұйымдастырылады.Әр оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,яғни өзіндік менгің басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе,ұстазбен оқушының өзара түсіністігі ,оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы,тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау,ұстазбеноқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс - талас, даужанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата - ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез және оны тәрбиелеу
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Оқушыларының темпераменттерін тәрбиелеу жолдары
Мектептегі психологиялық оқытудың ерекшеліктері
Психиканың даму және қалыптасу заңдылығы
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық дамуының теориялық сипаттары
Балалар психикасының даму сатылары
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Пәндер