Шымкент қаласы самал мөлтек ауданындағы учаскелердің орналасуының электрондық картасы, жобасын құру



КІРІСПЕ

1 ДИПЛОМ АЛДЫ ІС.ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫ
2 «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ САМАЛ МӨЛТЕК АУДАНЫНДАҒЫ УЧАСКЕЛЕРДІҢ ОРНАЛАСУЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КАРТАСЫ» ЖОБАСЫН ҚҰРУ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Қазақстан Республикасында жаңа ғасырдан бастап компьютер технологиясына
көп көңіл аударылуда. Яғни Қазақстан Республикасының барлық аумағын
компьютерлендiру қолға алына бастады. Осы жұмыстардың нәтижесiнде Қазақстан
Республикасының азаматтары республиканың кез-келген нүктесінде тұруына
қарамай жаңадан келген жаңалықтармен таныс болып отырады. Тәжірибеден
білетініміздей уақтылы алынған информация - бұл өлшенбейтін байлыққа тең.
Осылардан келiп шығатыны информациялық технологияның дамыған ғасырында
компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін мемлекеттік және
коммерциялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары және т. б. көптеген салалар
кемде-кем деп айтсақ та болады.
Информациялық технологиялардың дамуы қолданбалы математиканы инженерлік
ізденістерде қолдануға кең жол ашып берді. Өмірімізге өндірістік,
технологиялық және инновациялық процесстермен бірге информациялар ағыны
кіріп келді. Кез келген маман экономиканың өтпелі кезеңінде, өз міндетін
жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін, информациялық технологиялармен
жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Қазіргі кезде информацияны
пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста.
Қазіргі таңда барлық алгоритмдік тілдер - объектке бағытталған
бағдарламалау әдісін қолдануда. Бұл әдіс алгоритмдік тілдің дамуының
жоғарғы эволюциялық сатысы болып есептеледі. Объектке бағытталған
бағдарламалау әдісі - басқа бағдарламалау әдістерінің жетістіктерін өз
ішіне ала отырып, бағдарламалау процессінде абстракттық құрылымдардан
пайдалана алады. Әдісте қолданылатын негізгі ұғым - объекттің үш қасиеті
бар. Осы қасиеттер негізінде, көп-теген абстракт объекттер құрылып, олар
библиотекаларда сақталуда. Пайдаланушы өз бағдарламасында сол объекттерді
шақырып, қажет болса, дамытады. Объекттің қасиеттерінің мағынасы
төмендегідей [1]:
▪ инкапсуляция
▪ мұрагерлік
▪ полиморфизм

Инкапсуляция - деп процедура мен деректерді біріктіріп, объект құруды
айтады. Объектте сипатталған процедураны - әдіс дейміз. Әдісте локал
айнымалылар мен процедуралар да енгізуге болады.
Мұрагерлік - деп ілгері анықталған объектті пайдалана отырып, жаңа
объект құруды айтады. Бұл объекттер бірлесе отырып, иерархиялық ағаш
құрайды. Ағаштың жоғарғы сатысындағы объектті - аналық, ал төмендегілерін -
мұрагер объект дейміз. Мұрагер объект аналық объекттің әдістері мен
деректерін пайдалана алады.
Полиморфизм - деп аналық және мұрагер объекттерде аты бірдей, бірақта
орындайтын жұмысы әр түрлі әдістерден пайдалануды айтады. Мұрагер объект
аналық объекттің әдісін пайдалана отырып, әдіске жаңа деректер мен локал
әдістер енгізеді.
Деректер қоры дегеніміз - құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған
берілген форматтағы файлдар жиынтығы болып есептеледі.
Деректер қорын Borland Delphi объектке бағытталған программалау
ортасында жасалыну себебi, өйткенi Borland Delphi объектiке бағытталған
программалау ортасы кез-келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез
қуатты тiлдердiң бiрi болуы және де басқа деректер деректер қорымен жақсы
байланысатын болуы.
Деректер қорын басқару жүйесi - деректер қорымен жұмыс iстеуге арналған
Borland Delphi ортасындағы программалар қатарына кiретiн тiлдердiң бiрi
Paradox тiлi болып табылады [2, 3].
Жоғарыда көрсетiлген жұмыс салаларының бiрi ретiнде Шымкент қаласы
Самал мөлтек ауданындағы участке иелері туралы мәліметтер, яғни аты-жөні,
туылған жылы, жұмыс орны, жанұясы, т.с.с. алуға болады. Осы мәліметтерді
өңдеуді Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасында деректер
қоры ретiнде жасау жұмыс барысын жеңiлдетедi.
Қарастырылған Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы участке туралы
деректер қорында Paradox программасында кестелердi құру және оны сақтау
үшiн, ал Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасы осыларды,
яғни құрылған кестелердi басқару үшiн қолданылған. Бұл проекттегі негiзгi
жұмыстар жиһаздарды iздеу, өңдеу, енгiзу болып табылады. Яғни, осы
программада кестелер өзара бiр-бiрiмен байланыстырылып жұмыс атқарады.
Программа барысында сұраныс беру арқылы өз шартымызды қанағаттандыра
аламыз.
Сонымен электрондық картаны жасауда екі программалау ортасынан
пайдаланылды:
▪ Borland Delphi - объектке бағытталған
программалау ортасы;
▪ Paradox - деректер қорын басқару жүйесі.

Мұндағы Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасын
қолдану себебiм, өйткенi ол Windows операциялық жүйесінде программалаудың
ыңғайлы құралы болып саналады. Онда көптеген операторларды пайдаланып
программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия
процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік
қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді
орындау мүмкіндігі бар.
1 Диплом алды іс–тәжірибенің мазмұны

Мен, Тайтелиева Сағила Садуақасовна диплом алды іс-тәжірибемді Шымкент
қаласындағы Жер ғылыми-өндірістік орталығының Оңтүстік Қазақстан еншілес
мемлекеттік кәсіпорны мекемесінде өткіздім. Мен онда 2008-шы жылдың 31-ші
март пен 3-ші мамыр аралығында іс-тәжірибеден өттім. Менің іс-тәжірибелік
жұмысым берілген мекеменің ақпараттарды қабылдау және өңдеу бөлімінде
өтілді. Мекемеде ақпараттық технологиялар көмегімен түрлі жұмыстар
жасалады.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Шымкент қаласы Самал мөлтек
ауданындағы учаскелердің орналасуының электрондық картасын жасау
болғандықтан, мен іс-тәжірибемді осы мекемеде өткіздім.
Бұл жұмысты Borland Delphi бағдарламалау ортасында MS Ассеss-ті
пайдаланып жазатын болғандықтан, маған іс-тәжірибе кезінде, деректер қорын
құру бойынша қиындықтар кездесті. Ол үшін, маған деректер қорымен жұмыс
істеуге тура келді. Сондықтан іс-тәжірибе кезінде Жер ғылыми-өндірістік
орталығының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнындағы Заңды
тұлғалардан ақпарат қабылдау және өңдеу бөлімінің заңды тұлғалар секторы
бөлімінің деректер қорын зерттеумен болдым.

31.03.08 күні жалпы жалпы Жер ғылыми-өндірістік орталығының Оңтүстік
Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны мекемесі құрамы мен қызметі туралы
таныстым. Бұл күні аталған мекеме туралы көптеген мәліметтерге қанық
болдым. Мысалы, қазіргі күнде жер учаскесіне кезекке тұрған, 10500 қала
азаматы тіркелген, оның ішінде заңды тұлғалар 1250, жеке тұлға 9085 санды
құрайды.
Мен іс – тәжірибемнің басталған күнінен бастап, жұмыс барысында
араласатын қызметкерлермен бір сыпыра танысып болғаннан соң, ең негізгі
жұмыс өзімнің іс- тәжірибем өтетін бөліммен, яғни Заңды тұлғалардан ақпарат
қабылдау және өңдеу бөлімінің қызметкерлермен танысу болды. Олар маған
жұмыстың қалай жасалуын, жұмыстың мақсатын толық түсіндірді және маған
жұмыс жасау үшін жеке компьютер бөліп берді. Мұндағы қызметкерлердің
негізгі жұмысының мақсаты: атқаратын қызметімен, жауапкершілігімен, жалпы
жұмыстың ережелерімен таныстыру. Мұндағы қызметкерлердің әрқайсысына өз
қызметіне сәйкес жұмыстар бөлінген.

01.04.08-03.04.08 күндері өзімнің дипломдық жұмысыма керекті
материалдарды жинақтап дипломдық жұмысыммен айналыстым. Диплом жетекшім
Сембиев Ордабай ағайдың кеңесі бойынша төмендегі әдебиеттермен таныстым:
• Климова Л.М. Delphi 7. Основы программирования. Решение типовых
задач. –М.: Кудиц-образ, 2004. -480 с.
• Пестриков В.М., Маслобоев А.Н. Delphi на примерах. –Спб.: БХВ-
Петербург, 2005. –496 с.: ил.
• Бен–Ари М. Языки программирования. Практический сравнительный
анализ. –М.: Мир, 2000. –208 с.

Деректер қорын Borland Delphi объектке бағытталған программалау
ортасында жасалыну себебi, өйткенi Borland Delphi объектiке бағытталған
программалау ортасы кез-келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез
қуатты тiлдердiң бiрi болуы және де басқа деректер деректер қорымен жақсы
байланысатын болуы.
Деректер қорын басқару жүйесi - деректер қорымен жұмыс iстеуге арналған
Borland Delphi ортасындағы программалар қатарына кiретiн тiлдердiң бiрi
Paradox тiлi болып табылады [2, 3].
Жоғарыда көрсетiлген жұмыс салаларының бiрi ретiнде Шымкент қаласы
Самал мөлтек ауданындағы участке иелері туралы мәліметтер, яғни аты-жөні,
туылған жылы, жұмыс орны, жанұясы, т.с.с. алуға болады. Осы мәліметтерді
өңдеуді Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасында деректер
қоры ретiнде жасау жұмыс барысын жеңiлдетедi.
Қарастырылған Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы участке туралы
деректер қорында Paradox программасында кестелердi құру және оны сақтау
үшiн, ал Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасы осыларды,
яғни құрылған кестелердi басқару үшiн қолданылған. Бұл проекттегі негiзгi
жұмыстар жиһаздарды iздеу, өңдеу, енгiзу болып табылады. Яғни, осы
программада кестелер өзара бiр-бiрiмен байланыстырылып жұмыс атқарады.
Программа барысында сұраныс беру арқылы өз шартымызды қанағаттандыра
аламыз.

04.04.08-05.04.08. Мекеменің бөлімдеріндегі компьютерлермен локалдық
желі арқылы байланысы бар жұмыс орындарымен танысу. Сол себептермен
бөлімдегі бір компьютерді толығымен шашып, қайтадан жинадық. Онда ең
алдымен барлық құрал саймандарды дайындап, біреуіміз ашып қалғандарымыз рет-
ретімен алынған құрылғыларды көріп шықтық. Мысал үшін аналық тақшадағы
құрылғыларды, атап айтатын болсақ, онда орналасқан микросхемалар,
винчестер, видеокарта, дыбыс картасы, жедел жады және микропроцессор. Бұл
құрылғылар компьютердің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

07.04.08-09.04.08. Компьютердің техникалық сипаттамасымен және Internet
желісімен танысу. Бөлімдегі қолданылатын компьютердің барлығы да соңғы
үлгідегі компьютерлер, қолданылатын бағдарламалардың санында шек жоқ.
Internet желісімен жұмыс істеу уақыты да, мүмкіндігі де өз қалауыңша.
Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған мыңдаған
компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден
өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті
қорлардағы, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді,
дыбыс клиптерін, бейнелерді және тағы басқа цифрлық түрге айнала алатын
барлық информацияны ала аласыз.
Интернеттің WWW (World Wide Web) қызметіндегі барлық гипермәтінді
құжаттардың жалпы бір қасиеті, олардың барлығы HTML тілінде жазылған. HTML
(HyperText Markup Language) –гипермәтінді белгілеу тілі мәтіндерді HTML-
құжат түрінде бейнелеуге арналған нұсқаулар жиынын анықтайды. Сонымен қатар
Web-құжатқа суреттерді, кестелерді түрлі түспен бейнелеу мүмкіндігін
береді. Web-құжаттар Интернеттің WWW қызметімен бірге дами отырып, оның
соңғы технологияларымен үнемі толықтырылып отырылады.

10.04.08-12.04.08. күндері жалпы мекеменің компьютерлік локалдық
желісімен, бағдарламаларымен және Интернет желісімен теориялық жүзінде
танысу күндері болды. Мұнда қазіргі заман талабына сай компьютерлік
бағдарламалары, бағдарламалық жабдықтары, түрлі компьютерлік жабдықтар мен
Интернет желісінде жұмыс және банктік программалармен қамтылған.

14.04.08-16.04.08 күндері компьютерлік вирусқа қарсы NOD32
программасын енгіздім. ИНИС, СГДС программаларында жұмыс істедім. Осы
программаларды жаңартуға, оларды қайта компьютерге енгізуге көмек
көрсеттім. Сондай-ақ осы күндері компьютерлер арасындағы желілерді қалпына
келтіруге көмектестім.
Сонымен қатар, мен онда диплом жұмысыммен айналыстым, Интернет және
HTML тілі туралы әдебиеттермен таныстым.
• Климова Л.М. Delphi 7. Основы программирования. Решение типовых
задач. –М.: Кудиц-образ, 2004. -480 с.
• Пестриков В.М., Маслобоев А.Н. Delphi на примерах. –Спб.: БХВ-
Петербург, 2005. –496 с.: ил.
• Бен–Ари М. Языки программирования. Практический сравнительный
анализ. –М.: Мир, 2000. –208 с.

Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасы MS Windows
операциялық жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы болып саналады. Онда
көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін
құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын
пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және
тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.
Borland Delphi-дiң негiзгi мәзiрi келесi мәзiр пункттерiнен тұрады:
• File (Файлдармен жұмыс);
• Edit (Редакциялау);
• Search (Iздеу);
• View (Информацияны көрiп шығу);
• Project (Жоба параметрлерi);
• Run (Жобаны iске қосу);
• Component (Компоненттер);
• DataBase (Берiлгендер қоры);
• Tools (Инструменталды құралдар);
• Help (Көмек).

17.04.08 күні мекемедегі жетекшіммен бірге Интернетте отырдық.
Интернет жайында бірер әңгіме айта кетсек: HTML тілінде жазылған
гипермәтіндік құжаттар браузер терезесінде ықшам түрде көрсетілгенімен,
HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсету тіліне жатпайды. Ол гипермәтіндердің
атқаратын қызметін анықтап, оларды тұтынушыға бейнелеп жеткізетін тіл болып
есептеледі. Web-құжаттар тұтынушы мониторының мүмкіндіктеріне қарап,
браузермен әртүрлі бейнеленуі мүмкін.

18.04.08-19.04.08 күндер аралығында осы мекеменің ЭЕМ–да орнатылған
бағдарламалармен, әсіресе көп жұмыс жасайтыны деректер қорымен жұмыс
жасадым. Мен мұнда жерге байланысты кадастрлық қызмет түрлерімен таныстым
және қабылданған ақпараттарға реестр жасадым.
Сенбі күні осыған дейін танысып, жұмыс жасаған бағдарламаларымды
қайтадан қарап шықтым, себебі мен оқитын жеріме барғанда менен есеп беруді
сұрайды.

21.04.08–23.04.08 Жер ғылыми-өндірістік орталығының Оңтүстік Қазақстан
еншілес мемлекеттік кәсіпорнындағы қолданылатын бағдарламалармен танысып
шықтым. Олардың көпшілігі маған таныс болып шықты, егер оларды айтып кетер
болсам, олар:
• Windows-98NTME2000XP2003 операциялық жүйесі;
• Microsoft Word-2000XP2003 мәтіндік процессоры;
• Microsoft Excel-2000XP2003 кестелік процессоры;
• Microsoft Access-2000XP2003 деректер қорын басқару жүйесі;
• Microsoft Paint графикалық редакторы;
• Microsoft PowerPoint презентация программасы;
• Internet Explorer 5.0 броузері;
• Outlook Express 5.0 электрондық пошта программасы;
• WinRar 3.0 архиваторы;
• WinZip 3.0 архиваторы;
• AVP, Norton AntiVirus, Dr Web программалары.

Бұл мекемеде көптеген компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасалады. Ол
бағдарламалардың кейбіреуі өз бағдарламалаушыларымен құрылған мекеменің
есеп беру кестесі, мекеме қызметкерлерінің, жер қорының деректер қоры және
сонымен қатар оффистік бағдарламалар MS Word, MS Excel, т.с.с. жұмыстар
жүргіздім. Мұндағы компьютерлерде броузерлердің жаңа үлгілері (Netscape
Navigator, Mozilla) орнатылған.

24.04.08-26.04.08 күндері өзімнің дипломдық жұмысыма керекті
материалдарды жинақтап, дипломдық жұмысыммен айналыстым. Дипломдық жұмысыма
қажетті әдебиеттермен таныстым және HTML тілінде бағдарлама құрдым:
• Бен–Ари М. Языки программирования. Практический сравнительный
анализ. –М.: Мир, 2000. –208 с.
• Савинков В.М., Бойко В.В. Проектирование баз данных. –М.: Мир,
2002. –216 с.
• Гринберг Ф., Гринберг Р. Самоучитель программирования на
входным языке СУБД dBase. –М.: Мир, 1989.

Borland Delphi ортасында компоненттер көп болғандықтан (200-ден астам)
олар орналасқан беттер экран бетiнде көрiнбеуi де мүмкiн. Беттердi
көрiнетiн ету үшiн компоненттер палитрасының оң жақ бұрышында солға және
оңға жылжу түймелерiн пайдаланылады.
Компоненттi форма бетiне орнату үшiн палитраның сәйкес бетiн ашып,
керек компоненттi таңдап, курсорды форманың қажет тұсына алып барып тағы
бiр рет шерту керек. Компонентке екi рет шерту арқылы да, оны форма бетiне
орнатуға болады. Форма бетiндегi қажетi жоқ компоненттi өшiру үшiн оны
таңдап, клавиатурадан Delete клавишiн басу жеткiлiктi.
Компонеттер палитрасы Borland Delphi-дiң жаңа нұсқасы шыққан сайын
толықтырылып, компоненттер саны артып отыратынын естен шығармау керек.
Borland Delphi-де программа мәтiнi программалық код деп, ол енгiзiлетiн
терезе программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады.
5-суретте көрсетiлгендей, Borland Delphi iске қосылған кезде ол форма
терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle
FormUnit командасының көмегiмен не клавиатурадағы F12 клавишiн басу арқылы
орындалады.

Код терезесiнiң сол жақ бөлiгiнде Code Explorer (Код Зерттеушiсi), ал
оң жағында программа мәтiнi терiлетiн жұмыс аумағы орналасқан. Код
Зерттеушiсiнде ағымдық проектiдегi объектiлер ағашы көрiнедi. Ондағы кез
келген элементке тышқан түймесiн шертсе, курсор ағымдық модульдегi
таңдалған элемент тұсына орналасады.
Редактор терезесiнiң тақырыбы ағымдық файл атауымен сәйкес келедi.
Терезенiң жұмыс аумағындағы программа коды синтаксистiк мағынасына қарай
түрлi стильде жазылып көрсетiледi. Мысалы, Object Pascal тiлiнiң кiлттiк
сөздерi (мысалы, type, class, т.с.с.) қалың шрифтпен, ал түсiнiктемелер
(мысалы, {Private declarations}) көк түстi көлбеу (курсив) шрифтпен
жазылған.

28.04.08–29.04.08 күндері дипломдық жұмысының негізгі беттерін
жасадым.
Деректер қоры – құрылымы арнайы тәсiл бойынша ұйымдастырылған берiлген
форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негiзiнен кесте түрiнде дайындалады.
Кестелердi дайындау, жылдам түрде олардан қажеттi жазулар тобын таңдау
(шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оны сақтау, жазуларды редакциялау,
жолын алып тастау, кестенi басып шығару сияқты орындалатын iс-әрекеттер -
күрделi жұмыстар. Бұрын, мысалы, Турбо Паскальда ДҚ кестесi деректер файлы
ретiнде құрылып, онымен жұмыс iстеу үшiн программаға арнайы процедуралар
мен функциялар енгiзiлетiн. Соңғы кездерде кестелерден тұратын деректер
қорын құрып, оларды өңдейтiн көптеген программалар жүйесi дайындалған.
Оларды деректер қорын басқару жүйелерi деп атайды.
Алғашқы кездерде қолданылып жүрген dBase-тiң түрлi варианттары, FoхPro,
Paradox, т.б. жүйелер MS DOS операциялық жүйесiнде жұмыс iстейтiн және
программалауды да қажет ететiн. Программалаудың кiшi бизнестiк сияқты шағын
мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгiлi. Осы себептi, соңғы жылдары
қолдан программалауды қажет ете бермейтiн Microsoft Office (Windows)
құрамына кiрiстiрiлген Access сияқты жан-жақты мүмкiндiктi деректер қорын
басқару жүйелері жарық көрдi.
Кестеде деректер адресi жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады.
Бағанды өрiс деп, жолды жазу деп те атайды.

30.04.08 - 31.04.08 аралығында Microsoft Word бағдарламасын
пайдаланып, есеп жаза бастадым.
Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімдегі екі тараудан, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде қаралып отырған мәселенің өзектілігі және қажетті теориялық
білімге қысқаша шолу беріліп отыр. Кіріспеде аталған Borland Borland Delphi
объектке бағытталған программалау ортасы мен Paradox деректер қоры
программасын білу жұмысты түсінуге көмектеседі.
Бірінші тарау объектке бағытталған программалау технологиясыны арналған.
Бірінші бөлімде Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасының
интерфейсі, негізгі формасы, оқиғалары, қасиеттері сипатталған. Екінші
бөлімде деректер қорын құрудың негізгі DataBase Desktop утилитасы жайында
айтылған. Деректер қорын құру мысалдармен, жобаның деректер қорының
өрістері, олардың типтері, кестені толтыру мәселелерімен түсіндірілген.
Үшінші бөлім SQL – сұраныстар тiлiне арналған. Деректер қорына сұраныс құру
мәселелері, сұраныстар құруға арналған арнайы тiл SQL және оның
операторлары қаралған.
Екінші тарауда Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы учаскелердің
орналасуының электрондық картасы жобасын құруға арналған. Бірінші бөлімде
көпкестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру әдістері қаралады.
Borland Delphi программалау ортасының формасында Paradox программасында
толтырылған деректерді объекттермен байланыстыру қарастырылған. Келесі
бөлім деректер қорының объекттері мен қолданылатын визуалды компонентерге
арналған. Borland Delphi жүйесiнде деректер қорымен жұмыс iстеуде қажетті
келесi құрал - саймандар жабдықтарының жиыны сипатталған.
2 Шымкент қаласы Самал мөлтек ауданындағы учаскелердің орналасуының
электрондық картасы жобасын құру

Borland Delphi объектке бағытталған программалау тiлiнде басқа деректер
қорымен байланыстыру жолдары қарастырылған. Осындай Деректер қорын басқару
жүйесi (ДҚБЖ) - Деректер қорымен жұмыс iстеуге арналған Delphi ортасындағы
программалар қатарына Paradox, Access, FoxPro, dBase т.б. жатады.
Database Desktop утилитасының құрамына жататын Paradox программасы ең
қолайлы және ең көп тараған программа. Paradox программасының Paradox1,
Paradox2, Paradox3, Paradox4, Paradox5, Paradox6, Paradox7 сияқты бiрнеше
нұсқалары бар [7].
Деректер қорында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 1 шілдедегі қорытындылары туралы АҚПАРАТ
Құбырдың материалы
Қызылорда облысының экономикалық потенциалы
Көлік жүйесін өңірлік дамыту
Сорғыштың толық тегеуріні
Ғимаратқа қолданылған құрылымдық шешімдер
Туризм инновациясы
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Жерге орналастыру кезінде
Сарыағаш атауының топонимиясы және ауданның физикалық-географиялық ерекшеліктері
Пәндер