Қан кету және оны тоқтату



Мазмұны

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.Қан кету дегеніміз не?
2.Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік.
3.Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама.
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымданған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырлуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал. Қан кетудің түрлері: Зақымданған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1)Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
2)Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.Қан кету дегеніміз не?
2.Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік.
3.Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама.
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымданған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырлуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал. Қан кетудің түрлері: Зақымданған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді.

3
1.Қан кету дегеніміз не?

Қан кету (лат. Haemorrhagia compensatio - қан кету, ағу) деп қанның тканьдерде жиналуын айтады. Оның түрлері гематома, геморрагиялық сіңбе, қан сүйелері, петехия, экхимоздар. Қан тканьдерде жиналады деген ұғым бойынша қанның ішке құйылуы, қанның кілегей қабықтарға құйылуы деп айтады. Дұрысында қан кілегей қабықтың астында, эпидермис астында жиналады.
Қан жүйесінің маңызы. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қан атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің "сары ауруы" деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді.
Лейкоциттер. Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер.
Қанның құрамы мен қасиеттері. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі:

4
оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық
заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады.

5
2. Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік.

Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары әр түрлі жарақатты туғызады. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған және таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлық жаралар ластанған болады.
Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) және терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін. Адам денесінің ішкі қуыстарына -- кеуде және бас сүйегі ішіне еніл кеткен жаралар аса қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін. Жаралар оқ тиген (оқтық , жарыкшақтық және т.б.), тесіп өткен (оқ немесе жарықшақ тіндерді тесіп өтіп, кірер жөне шығар тесік жасаса) немесе соқыр (оқ немесе жарықшақ тіндерде қалып қойса, яғни денеде жаттекті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі -- бұл кезде ірі қан тамырлары, нервтер, сүйек жөне буындар, ішкі куыстар (кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар) жараланғанда енген (өткен) зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен (күйік, сөулелену ауруы жөне т.б.) қабаттасып келеді.
Кез келген жаралану кезінде әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары жараланса, нәтижесінде, міндетті түрде қан кету байқалады, ол кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету кезінде жедел жүрек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге өкеп соқтыруы ықтимал. Ауқымды закымданулар -- жаралар, сыну, күйік кезінде зардап шегуші шок деп аталатын ауыр жағдайға түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну тітіркендіргіштері, қан кету және баска да себептерге байланысты нерв жүйесінің қозуы нәтижесінде пайда болады.
Қан кетуден басқа әрбір жара үшін ең қауіптісі -- жараға микробтардың түсуімен байланысты туатын асқынулар мүмкіндігі.
Микробтар жараға жаралану кезінде (алғашқы инфекция) немесе алғашқы көмек, ем көрсету кезінде асептика ережелерін бүзу (екіншілей қайталанған инфекция) салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің туғызатын ұшыну процесі дамуы мүмкін (іріңтекті микробтар стафилококтар, стрептококтар), ал кейде тілме ушығуы жүреді (қалшылдау, дене ыстығыньщ көтерілуі, жара айналасының қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің анық байақалуы).
Соғылған және мылжаланған тіндері бар жараларда және топырақ пен ластану кезінде газды гангрена туғызатын газды инфекция пайда болуы мүмкін (оттек жоқ жерде дамитын микробтардың көбеюінің, яғни анаэробты инфекцияның көрінісі -- тіндердің тез өлі еттене бастауы). Жараның инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын тағы бір

6
қауіпті ауру -- сіреспе (жараның сіреспе таяқшасы бар топырақпен
ластануы). Клиникалық тұрғыда сіреспе бұлшық еттердің тырысып қалуы, тыныс алу мен жүрек жұмысының бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы, тыныс алу мен кіші дәретке отырудың қиындығымен сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға және сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.
Жаралану кезіндегі алғашкы көмек көрсеткенде, қан кетуді тоқтату, жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта ұстау үшін дененің зақымданған бөлігін иммобилизациялау (тұрақтандыру) жұмыстарын жүргізу керек.
Қанды уақытша тоқтату -- алғашкы медициналық жәрдем көрсету кезіндегі маңызды шаралардың бірі және қан кетудің түріне байланысты оның тәсілдері таңдалады.

7
3. Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама.
Зақымданған қан тамырынан қанның қүйылуы (шығуы) қан кету деп аталады. Зақымданған тамыр сипатына сәйкес : артериялык, веналык, капиллярлык және паренхиматозды қан кету деп бөлінеді.
Артериядан қан кету ірі артерияның зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті қанның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне қауіп төндіреді.
Венадан қан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан қою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардың ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне әкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды.
Капиллярдан қан кету ұсақ қан тамырларының жаралануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі -- жараның жоғарғы бетінен қан ағады.
Паренхиматозды органдардың (бауыр, көк бауыр) зақымдануы кезінде байқалады және ол көбіне аралас болып келеді.
Қан ағу (құйылу) орнына байланысты қан кету: сыртқы (қан терінің жарасы мен шырышты қабыкшасы арқылы сыртқа ағады) және ішкі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш қуысы жараланған кезде аралас болуы мүмкін.
Байқалу уақытына сәйкес қан кету: алғашқы (жараланғаннан кейін бірден қан кету) және екіншілей (зақымданғаннан соң бірнеше уақыттан кейін) болып бөлінеді.
Капиллярлар мен кішкене тамырлардан кеткен қан таяу арада зақымданған тамыр маңында, егер қанның ұю дәрежесі төмен болмаса (сәуле ауруы -- гемофилия), қанның қоюлануы нәтижесінде өзі тоқтауы мүмкін (қанқатпа -- қанның ұюы нәтижесінде). Қан кеуіп кеткен жағдайда қолма-қол әрекет жасалады.
Мұрыннан қан кету - көп жағдайда тұмау кезінде мұрынға тамызатын сұйықтарды шектен тыс пайдаланудың әсерінен болып жатады. Себебі дәрі әсерінен мұрынның шырышты қабығы кеуіп кетеді. Мұндай жағдайда сіз аскорбин қышқылы мен аскорутин дәрумендерін қабылдаңыз. Сонымен қатар жатардың алдында зәйтүн немесе шырғанақ майына (облепиховое масло) шыланған мақтаны мұрыныңызға тығып жатыңыз. Егерде балаңыздың мұрынынан қан кетсе: Бала орындықта отырса, басын сәл еңкейтіңіз. Әйтпесе баланың ауызына қан кетіп, оны жұтып қоюы мүмкін. Бұл қауіпті жағдай. Егер бала төсекте жатқан болса, оны бір жақ қырымен жатқызып, басын төмен түсіріңіз. Қан кету кезінде сіңбіруге немесе мұрынды орамалмен қысып, жатып алуға болмайды. Дәке не матаны шиыршықтап алып, ақырындап мұрын қуысына тығып қойыңыз. Сондай-ақ мұрынды шұқуға болмайды, себебі қан кету одан әрі күшеюі мүмкін. Басы мен

8
маңдайына суық суға шыланған орамал қойыңыз. Сондай-ақ желке тұсына да қою қажет. Бұл әрекеттер қан ағуды баяулатады. Сондай-ақ мұрынға 1-2 тамшы лимон шырынын тамызу арқылы қан кетуді тоқтатуға болады. Егер қан кету 10 минуттан артық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан кету. Қан ағуын тоқтату
Қолдан және аяқтан кеткен қанды қысқа уақытқа, уақытша және тұрақты тоқтату әдістері
Қан кету және электр жарақаттары
Жаралану, қан кету кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату, таңғыш салу құралдары мен түрлері
Есінен танған адамға, жарақаттанған кездегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Косметикалық операция кезінде болатын қан ағудың түрлері, тоқтату жолдары Косметикалық операция жарақаттарына тігіс салу ерекшеліктері
Мұрыннан қан кету
Есінен танған адамға, жарақаттанған кездегі алғашқы жәрдем және диагностикасы.Қан кету кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы. Травмалық шок кезіндегі алғашқы жәрдем
Алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ұғым
Алғашқы жәрдем
Пәндер